Облыс әкімінің 2023 жылғы 30 қыркүйекте Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

 

Облыс әкімінің 2023 жылғы 30 қыркүйекте Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында

көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел бағытындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының бойын сексеуілден тазалау

2024 жылдың             1-тоқсаны

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2023-2024 жылдары сексеуіл ағашын кесуге мораторий болуына байланысты тапсырманың орындалу мерзімі кешіктірілген. 2025 жылы мораторий алынып,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен автожолды күтіп ұстау жұмыстары аясында 8 га сексеуілді кесу үшін  4,7 млн. теңге қаражат қарастырылған. Мердігер анықталған. («Айша Т Жол» ЖШС). Тазарту жұмыстары а.ж. қаңтар айына жоспарлануда. Кесілген ағаштар әлеуметтік жағынан осал, мұқтаж азаматтарға тамызық отыны ретінде бөліп берілетін болады.

2

Күшаман ауылына шағын спорт ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, жол картасына сәйкес құрылысын жүргізу

2024 жылы ЖСҚ әзірлеу,

2025 жылы құрылысын салу

Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі

(жинақтау)

Күшаман ауылындағы шағын спорт үйірмесі нысанының ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,7 млн.теңге қаржы қарастырылып, жоба құны 218,9 млн.теңгені құрады. (Мердігер «NESIBE жоба» ЖШС.) Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Алайда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының халық саны жетіспеуіне байланысты келісім берілмеді.

Бүгінгі таңда 218,9 млн.теңге қаржы қарастырылып, мердігерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

3

№8 Мойынқұм колледжінің аттестатаудан өтуі және оның материалдық-техникалық базасын күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, колледж аумағындағы жатақхана ғимаратын мекеменің теңгеріміне өткізу

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, (жинақтау)

Мойынқұм ауданының әкімі

2024 жылдың 1 сәуірінде №8 Мойынқұм колледжі профилактикалық бақылау қорытындысына сәйкес аттестаттаудан өткен.

А.Ж.14 сәуірінде білім басқармасының Мойынқұм ауданы әкіміне (14.04.2025ж. №04-1565)жатақхана ғимаратын   №8 Мойынқұм колледжінің теңгеріміне қабылдауға келісім беріліп, қаржы басқармасына (09.04.2025. №04-1489) жатақхана ғимаратын  №8 Мойынқұм колледжінің теңгеріміне қабылдауға рұқсат беру туралы  хаттары жолданған. Жатақхана ғимаратын  аудан әкімдігінің теңгерімінен колледж теңгеріміне қайта беру туралы аудан әкімдігінің (28 сәуірде №116) қаулысы шығып, техникалық төлқұжатын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 30.06.2025 жылы өткізу-қабылдау актісімен жатақхана колледж теңгеріміне берілді.

4

Айдарлы ауылындағы №2 және Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстау

 

2023 жыл қараша

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі

Айдарлы ауылындағы №2 және Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың 31 тамызында аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға берілген.

5

Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу

2024 жыл

1 сәуір

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі

Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланып 15.06.2024 жылы Өскемен қаласындағы «Кербулак» ЖШС құрылыс компаниясы 5 954 219,71 теңгеге жеңімпаз болып анықталды. Мердігермен келісім шарт рәсімделіп, күрделі жөндеу жұмыстарымен бірге ғимараттың жертөлесіне күшейту жұмыстарын жүргізуге 1 млрд 459 млн 723 мың 800 теңгеге ЖСҚ әзірленді. Ағымдағы жылдың 5 мамырында облыстық басқармаға бюджеттік өтінім жолданған.

6

Көкжелек ауылының нақты мекен-жайын «Геолокация» жүйесіне енгізу

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі

Көкжелек ауылының нақты мекен-жайын «Геолокация» жүйесіне енгізу бойынша «Ұлттық кеңістік деректер қоры»  филиалының тарапынан топографиялық карталарға нақты орындары белгіленіп, түзету жұмыстары жүргізілген.

 

7

Көкжелек ауылында «Beeline» байланыс операторымен ұялы байланысты күшейту бойынша келіссөздер жүргізу

2023 жыл

15 қараша

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі

Көкжелек ауылында «Beeline»ұялы байланысы және «4G» интернет жылдамығымен  толық қамтамасыз  етілген.

 

8

Аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың негізінде құрылыстың         

1-кезеңіне жоспарланған қаражаттың қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау

 

 

2024 жыл

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Аудандық газ құбырлары жобасының 1 кезеңі  68,5 шақырым болатын трасса құбыры (Айдарлы, Бірлік, Биназар) жобалық құны 18 512 218,86 мың теңгені құрады. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы №19-0148/22 02.05.2023 жылы алынды.Аталған жобаны қаржыландыру бойынша өтінім беріліп,  «Инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды» алынды.Республикалық бюджетке берілген ұсыныстың негізінде құрылыстың 1-кезеңіне жоспарланған 2600,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.

9

Күшаман ауылдық округі аумағындағы жерлерінің жергілікті тұрғындардың пайдалану (үлесі) көрсеткіштеріне талдау жасап, ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу

2023 жыл

20 қараша

Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы (жинақтау),

Мойынқұм ауданының әкімі

Қызылотау ауылдық округіне тиесілі жердің жалпы көлемі 107 547,7 гектар, оның ішінде: ауылшаруашылығындағы жерлер    24 932,11 гектар, елді мекендердің жерлері       2 272 гектар, орман жер қоры 42 679,7 гектар, су қорының жері  89,7 гектар, босалқы жерлер 37 574,21 гектар.Елді мекендердегі жайылым жерлерді кеңейту мәселесі бойынша 24855 гектар жайылым жерлерді елді мекен жерлеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. 17 учаскеге арналған жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге 23 128 548 теңге қаражат бөлініп оның ішінде Күшаман ауылына 2000 гектар жайылым жер телімі қосылды.

10

Күшаман ауылындағы Амангелді Иманов атындағы орта мектептің шатырын ауыстыру жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың               1-тоқсаны

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

Күшаман ауылындағы Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебінің шатырындағы жарамсыз бөлігін ауыстыру жұмыстары бойынша облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып,   1 млн. 800 мың қаражат қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, нәтижесінде 1 млн. 200 мың теңгеге жеңімпаз ЖК «Сито» анықталды. Бүгінгі таңда шатырды жабу жұмыстары толығымен аяқталған.

11

Ағын су тапшылығына байланысты Бірлік ауылы «Байбарақ-Агро» АШК ұжымының сұранысына сәйкес «Ауыл аманаты» жобасы аясында алынған несиелердің төлем мерзімін ұзартуды қарастыру

2023 жылдың соңына дейін

«Тараз ӘКК» АҚ басқарушы компаниясы

(келісім бойынша)

Бірлік ауылдық округінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында құрылған «Байбарақ Агро» ауылшаруашылық кооперативі техникаларына төлем мерзімін ағын судың тапшы болуына байланысты қосымша 1-жыл жеңілдік (каникул) мерзімін ұзарту туралы сұранысына сәйкес, облысы әкімдігінің ауылшаруашылық басқарамасының басшысы Н.Жігітековке шығыс №8-1-228, 16.10.2023 жылы ұсыныс хат жолданып, сұранысы қанағаттандырылды. Яғни қосымша 1-жылға жеңілдік (каникул) уақытын ұзартты.  

12

Жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасына орнатылған трансформаторды, аудандық электр желілері мекемесі арқылы іске қосуға қолдау көрсету

2024 жыл

1 наурыз

Мойынқұм ауданының әкімі, аудандық электр желілері мекемесі (келісім бойынша)

Зерделеу барысында жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасында орнатылған трансформатор жоқ екендігі анықталды. Заң талаптарына сәйкес жеке тұлғаларды трансформатормен қамтамасыз ету қарастырылмаған.

 

13

Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған клуб ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

2024 жыл              20 наурыз

Мойынқұм ауданының әкімі

Күшаман ауылынының тұрығындарының сұранысына сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған ғимарат демеушілер есебінен ағымдағы жөндеуден өткізілген.

14

Күшаман ауылына кіре берісіндегі автомобиль жолына жүргізілген жөндеу жұмыстарында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру

2023 жылдың соңына дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

Күшаман ауылына кіре беріс автомобиль жолындағы кемшіліктер «АлКонСер ЛТД» ЖШС-гі тарапынан толығымен қалпына келтірілген.

 

 

15

Күшаман ауылы ауыз су жүйесіне жаңа су сүзгіш (мембрана) қондырғы орнату

2024 жыл  

20 ақпан

Мойынқұм ауданының әкімі

Күшаман ауылында ауыз су жүйесіне су сүзгіш (мембрана) қондырғысын орнату үшін, ауыз су сынамалары алынып, 13.03.2023 жылғы №2230001011041846 хаттамасының қорытындысына сәйкес ауыз су ішуге жарамды, су сүзгіш қажет етпейтіндігі анықталған. 

16

Көмір бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

Мойынқұм ауданы бойынша көмір бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында Мойынқұм ауданы аумағында көмір түсіретін темір жол тұйығы жоқ болуына байланысты,  көршілес  Шу ауданының кәсіпкерлік субъектілері Мойынқұм ауданына «Шұбаркөл», «Қаражыра» тас көмірлерін Шу қаласында орналасқан темір жол тұйығынан тоннасы 21000-22000 тенгеден тасып алынып Мойынқұм ауданына (жол шығындары, жанар-жағар май шығындары, салық шығындары, жұмыс күші шығындарын қоса алғанда)

тоннасы 27000-28000 теңге аралығында аудан тұрғындарына өткеретіндігі анықталды. Шу ауданының кәсіпкерлеріне көмір бағасын қыстық жылыту маусымында негізсіз көтермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

17

Күшаман ауылы тұрғындарына жедел жәрдем қызметінің уақытында көрсетілуін қамтамасыз ету

2023 жылдың соңына дейін

 

 

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Аудан бойынша дәрігерлік амбулаториялар бірнеше елді мекендерді біріктіре отырып құрылған. Себебі дәрігерлік амбулатория құрылуы үшін халық саны 1650-ден асуы қажет. (Күшаман ауылының халық саны – 651)Күшаман, Көкжелек және А.Назарбеков ауылдары Көкжелек дәрігерлік амбулатория құрамына кіретін болғандықтан, осы елді мекендегі жауапты фельдшерге жүгінеді.

18

Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын қаржыландыру үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың мерзімінде қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау

2024 жыл

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

«Радай» өзеніндегі көпір құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын жобалаушы болып «Лидер Проект Дизайн» ЖШС-гі анықталып, жобалық-сметалық құны 626,4 млн теңгені құрады. Мемлекеттік сараптамадан №19-0390/21, 27.09.2021 жылы оң қорытындысы шығып, жобаны қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім ұсынылған. 2024 жылы Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын жүргізу үшін жоба құны 626 млн теңге,       ( 555,5 млн. (ҰҚ-400,0 млн, ОБ-100,0 млн. АБ-55,5 млн)теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурс жарияланды. 512,5 млн теңгеге жеңімпаз  «ЖБИ-С» ЖШС анықталып, келісім шарт жасалды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары   90 пайызға орындалған.

19

Күшаман ауылының ветеринарлық пунктіне жаңа қызметтік көлік алу мүмкіндігін қарастыру

2024 жылдың               1-тоқсаны

Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы

Күшаман ауылының ветеринарлық пунктіне қызметтік автокөлігі толық техникалық жөндеуден өткізілді.

Бүгінгі таңға қызметтік автокөлік тұрақты қызмет көрсетуде.

 

Облыс әкімінің 2023 жылғы 30 қыркүйекте Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
23 января 2026