Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 1 наурызға ауылдық округтер әкімдері
сайлауын тағайындау туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2026 жылғы 1 наурызға Жамбыл ауданының Тоғызтарау ауылдық округі және Шу ауданының Бірлік ауылдық округі әкімдері сайлауы тағайындалды.
2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған ауылдық округтер әкімдері сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/77462?lang=kk
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы