Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Шу ауданы Бірлік, Жаңақоғам ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Шу ауданы Бірлік, Жаңақоғам ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

 

Берілген тапсырмалардың барлығы: 11

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 9
  • орындалу үстінде – 2
  • орындалмағаны - 0

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

1.     

Бірлік ауылына дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу үшін ЖСҚ әзірлеу

 

2024 жылдың мамыр айы

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

«Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры тарапынан  Бірлік ауылындағы (келісім-шарт құны – 170,5 млн. теңге.) ангар типтегі спорт нысандары құрылыс жұмыстары аяқталып, а.ж. I тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.

2.     

Бірлік ауылы тұрғындарын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында 4,8 шқ құрайтын «Бірлік» каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ әзірлеу

 

2024 жылдың    мамыр айы

«Қазсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша),

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

2026-2028 жылдар аралығында Ислам даму банкі несиесі арқылы құны 67,8 млрд. теңгеге Шу ауданы Тасөткел су қоймасынан бастау алатын 43 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Каналдар аудан теңгеріміне алынып, ЖСҚ әзірленіп, (Құрылыс басқармасы арқылы 178 млн.теңгеге аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан берілген) оң қорытындысы алынған.

Бірлік ауылы тұрғындарын ағын сумен қамтамасыз ету, аталған жобаның тізбесіне енген.

 

3.     

Бірлік ауылында орналасқан мұнай базасының экологиялық әсерін зерделеп, нәтижесін ауыл тұрғындарына хабарлау

2024 жылдың

 ақпан айы

Шу ауданының әкімі

Бірлік ауылында ауаның ластануы және ауаға шығарылған зинды заттардың алдын алу, шу деңгейін анықтау мақсатында Шу ауданды эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан а.ж. 14-15 ақпан күндері аралығында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде шекті рұқсат етілген мөлшерден аспайтындығы туралы хаттама толтырылып, ауыл тұрғындарының назарына жеткізілді.

4.     

Бірлік ауылында табиғи газ кірмеген көшелерге газ құбырын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеп, газ тарату мекемелерімен бірлесіп жұмысты ұйымдастыру

 

2024 жылдың              1 сәуірі

Шу ауданының әкімі

Газ қысымының жетіспеушілігіне байланысты, газ жүргізу жұмыстары тоқтап тұр. Жоспарға сәйкес 2026 жылы АГРС құрылысы аяқталған соң, газбен қамту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

5.     

Барлық елді мекендердегі ауыл шетінде орналасқан, инфрақұрылым тартылмаған тұрғын үйлерге зерделеу жүргізіп, нәтижесін баяндау

 

2023 жылдың соңына дейін

Шу ауданының әкімі

Аудан бойынша 35 елді-мекенге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, елді-мекен аумағынан шалғай орналасқан 17 тұрғын үй анықталған. Зерделеу нәтижесіне сәйкес аталған тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады.

6.     

Бірлік ауылындағы «Бастау» дүкенінде алкогольдік сусындар сатудың заңдылығын зерделеу

 

2023 жылдың соңына дейін

Шу ауданының әкімі

 

Бірлік ауылындағы «Бастау» дүкеніне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, заңсыз алкогольдік сусындар сатқандығы анықталды. Осы орайда, Шу аудандық сотына материалдар жолданды. Нәтижесінде, 2024 жылдың 15 ақпанындағы Шу аудандық сотының қаулысымен Меруерт Калиевна Кырманбаева ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 200 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 844 (жиырма бес мың сегіз жүз қырық төрт) теңге сомасында айыппұл салынды. Бүгінгі күнге айыппұл төленіп, сот қаулысы толық орындалды.

Бүгінгі күнге ДҮКЕН жұмысын тоқтатқан.

7.     

Ауылдық елді мекендерде жедел жәрдем көліктерінің қажеттілігін зерделеп, нақты шаралар қабылдау

 

2024 жылдың ақпан айы

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

(жинақтау),

Шу ауданының әкімі

Тозығы жетуіне байланысты 9 жедел-жәрдем автокөлігіне қажеттілік анықталды.

2024  жылы 3 санитарлық автокөлік берілді. (Баласағұн, Балуан Шолақ, Белбасар дәрігерлік амбулаторияларына).

2023 жылы 5 санитарлық автокөлік берілген:

-          Шу аудандық орталық ауруханасына 3

-          Шу қалалық емхана мен аруханасына 2

 

8.     

Бірлік ауылындағы «Алпамыс» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу

 

2024 жылдың

1 сәуірі

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

(жинақтау),

Шу ауданының әкімі

Аталған мәселе облыстық білім басқармасының даму жоспарына сәйкес 2027 жылға жоспарланған болатын, алайда ғимаратты сараптамадан өткізу барысында күрделі жөндеуге жарамсыз екендігі анықталды. Жаңа ғимарат салу қажет.

Ғимарат 1963 жылы 60 балаға арналып салынған. Көлемі 273 шаршы метр. Қазіргі таңда 3 топта 60 бала тәрбиеленіп отыр. Ғимараттың тозығы жеткен. Бүгінгі күнге дейін ғимаратқа ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізілмеген.

Білім басқармасы мәселені елді мекен аумағында                    2015 жылы салынған М.Х.Дулати атындағы 600 орындық мектеп ішінен шағын орталық ашу арқылы мәселені шешпек.

 

9.     

Алға ауылдық округіндегі «Некс-Агро» ЖШС иелігіндегі жерлердің мақсатты пайдалануын заң аясында қарау

2024 жылдың

30 сәуірі

Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы,

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

2023 жылғы 16 қазаннан бастап 1 жыл мерзімге Алға ауылдық округіндегі «NEXAGRO корпорациясы» ЖШС-не  тиесілі кадастрлық нөмірі 06-096-058-113  көлемі 107,5 га және кадастрлық нөмірі 06-096-057-079  көлемі  1454,4 га жайылымдық ауыл шаруашылығы жер учаскелеріне қатысты шектеулер (обременение) қойылды.

Сонымен қатар, аталған жер телімдері бойынша ағымдағы жылдың 8 сәуірінде «Мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» аудан әкімінің №126 қаулысы қабылданды. 2024 жылдың 3 маусымында «Корпорация NEXAGRO» ЖШС-не тиісті хабарлама жолданып, ұсынылған қаржылай өтеммен және тең дәрежелі көлемдегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жер учаскесіне келіспейтіндігі мәлім болды. Заңмен белгіленген мерзімдерге сәйкес, 18.07.2024 жылы жер учаскелерін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтару туралы талап арызбен Жамбыл облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгініп, 31.07.2024 жылы сұхбаттасу жүргізілді.

Жамбыл облысының мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотының 02.05.2025 жылғы №3115-25-00-2/187 шешімі заңды күшіне енуіне байланысты «Корпорация НЕХАGPО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде болған Шу ауданы, Алға ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты «тауарлы ауыл шаруашылы өндірісі үшін»  жалпы ауданы 1883,4 га жер учаскесінің (кад. № 06-096-057-079)  1454,4 га жайылымдық алқабының бөлігіндегі 274,939 га жайылымдық жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтару туралы  қаулы жобасы әзірленуде.

Сонымен қатар, 1454,4 га жайылымдық алқабының (кад. № 06-096-057-079) тағы бір басқа бөлігінде  орналасқан асфальт бетон зауыты бойынша апелляциялық сот шешімінің нәтижесі бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілетін болады.

10.  

Көктөбе ауылындағы құрылысы жүріп жатқан ауыз су жүйесінің құрылыс сапасын қатаң бақылауға алып, мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету

2023 жылдың  30 желтоқсаны

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

Ауыз су бойынша бүгінгі күнге құрылысы толық аяқталған. 515 ауланың барлығымен келісім-шарт жасалынып, бүгінгі күнге барлық аулаға су кіргізу жұмыстары жүргізілген.

11.  

Шу өзені және магистралды каналдардың бойына суғару кезеңінде су сорғы насостарының заңсыз орнатылуына жол бермеу шараларын атқару

 

Тұрақты

 «Казсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша),

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

 

2024 жылы 74 145 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Аудан әкімінің 2024 жылғы 25 маусымдағы №457-ө н/қ өкімімен жұмысшы топ құрылып, егістік алқаптарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде:Аудан бойынша 201 су сорғы насос құрылғылары анықталды. Оның ішінде 46 насос заңдастырылып суармалы егістік жер телімдеріне, ал қалған 155 насос тәлімдік егістік жер телімдеріне орналасқан. Шу, Ақсу өзендерінен рұқсатсыз су алып пайдаланған 5 шаруа қожалық иелеріне Шу-Талас бассейіндік инспекциясы тарапынан айыппұл салынған.

Шаруа қожалық иелеріне тәлімді егістік жерлерін суармалы егістікке ауыстыру бойынша нұсқама берілді. Шаруалар тәліми жерді толыққанды заңдастыру жұмыстарын жүргізген.

 

 

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Шу ауданы Бірлік, Жаңақоғам ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Дата публикации
21 января 2026