Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 18 қаңтарда Жамбыл облысында өткен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
Хабарламасы
2026 жылғы 18 қаңтарда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі және Мирный ауылы әкімі сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Қылышбай ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 495 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 317 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –12 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Қылышбай ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Асанбаев Сарсен Ерманатович үшін сайлаушылардың 20 дауысы берілді,
Ермек Арман Ермекұлы үшін сайлаушылардың 17 дауысы берілді.
Исабеков Ардак Омарович үшін сайлаушылардың 238 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 19.
Сайлау қорытындыларымен: Қылышбай ауылдық округінің әкімі болып Исабеков Ардак Омарович сайланды. 1982 жылы туған, «Сұңқар» ШҚ жетекшісі, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының тұрғыны.
Мирный ауылы бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 264 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 189 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 3 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Мирный ауылы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абдалиев Даулет Абулакапович үшін сайлаушылардың 14 дауысы берілді,
Бейсенбек Нұрислам Қосанұлы үшін сайлаушылардың 11 дауысы берілді.
Оспанкулова Айжан Елжановна үшін сайлаушылардың 152 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4.
Сайлау қорытындыларымен: Мирный ауылы әкімі болып Оспанкулова Айжан Елжановна сайланды. 1977 жылы туған, Мирный ауылы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мирный ауылының тұрғыны.
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/documents/details/954867
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы