Облыс әкімінің 2024 жылы Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Облыс әкімінің 2024 жылы Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

 

Орындалуы туралы ақпарат

1.     

Ауданда туризм саласын дамыту үшін нақты шаралар қабылдап, ұсыныс енгізу     

2024 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің туризм басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

 

     2024 жылы Меркі ауданы аумағында спорт туризм оның ішінде альпинизм бағыты бойынша 1 іс шара өткізілді. Сонымен қатар Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Меркі тау шатқалдарына 3 күндік экспедиция ұйымдастырылды. 

     Аталған іс-шара аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің  қатысуымен өтті. Нәтижесінде түрлі БАҚ көздерінде  «Меркідегі мәңгі мұз» «Әулие көл» атты және т.б. мақалалар мен видеороликтер көрсетілді.  

     Меркі тау шатқалында экотуризмді дамыту мақсатында аумағы 86 632 га құрайтын «Меркі» мемлекеттік өңірлік паркін құру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні парктің техникалық-экономикалық негіздемесі экологиялық сараптамадан 2025 жылдың 6 мамыр күні өтіп, оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда, парк құрылып, қаулысы шыққан.

     Парктің жобалық құжаттамаларына сәйкес парк аумағында әкімшілік ғимараты, келушілер орталығы мен мұражайы бар саябақ дирекциясының ғимаратын салу жоспарланған.

     Бүгінгі таңда әкімшілік ғимараттар мен имараттар құрылысын жүргізу үшін жер телімі нақтыланған, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

2.     

Көктемгі дала жұмыстарына қаржы институттарынан қосымша қаржы алу мүмкіндіктерін қарастырып, ұсыныс енгізу

2024 жылдың наурызы

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы 8 млрд. теңге қаржы қарастырылған.

     Меркі ауданы бойынша «Кең дала - 2» бағдарламасы аясында 657,6 млн. теңге қаражатқа өтінім түсіп, 151,5 млн.теңгесі берілді.

Сонымен қатар 506,1 млн. теңге қаражат қаралымда тұр.

3.     

Ауданға жеке инвесторларды тарту арқылы, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жүргізу 

Тұрақты

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Меркі ауданында инвестиция тарту мақсатында, аудандық инвестициялық пул тізімі жасақталып, инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

     2025 жылға 31,6 млрд. теңге инвестиция тарту межесі бекітілді. 2025 жалғы жоспарға сәйкес 3,1 млрд.теңгеге мемлекеттк бюджет есебінен (16 жоба), 6,6 млрд. теңгеге ауылшаруашылық саласындағы инвестициялық жобалар (14 жоба), 9,3 млрд. теңгеге кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар (8 жоба), 3,8 млрд. теңгеге  туризм саласындағы инвестициялық жобалар (5 жоба) жүзеге асыру көзделген.

     Сондай-ақ жалпы аудан бойынша 2025-2027 жылдар аралығында 59,3 млрд. теңгені құрайтын 49 жоба іске асырып, 813 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

4.     

4.1. Ауданда жол мәселесіне қатысты (Меркі, Сарымолдаев, Т.Рысқұлов ауылдары) туындаған проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу, ЖСҚ әзірлеу.

 

 

4.2. Меркі-Бурылбайтал көлік дәлізі бойындағы жөнделген жолдың сапасына тексеру жүргізіп, өтініш білдірген азаматқа жазбаша ақпаратын жолдау (жол сапасын жақсарту бағытында қандай шаралар қабылданғандығы туралы)

(Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Б.Жақсылықбаевтың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың
1 сәуірі

 

 

 

 

 

 

2024 жылдың
4 наурызы

 

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазавтожол» РКК (келісімі бойынша

 

 

     Меркі ауданы аумағындағы Ә.Исмаилов, М.Маметова, Сарымолдаев көше жолдарын ағымды, орташа жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

     Сонымен қатар республикалық, облыстық мәндегі автомобиль жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

     Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» 7-273 шқ. автомобиль жолының Меркі ауданы аумағы арқылы өтетін Iб - техникалық санаттағы  «Меркі-Шу»
7-90 шқ аралықтарында қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, 2024 жылдың соңында 4 жолақты қозғалыс ашылды.

     Бүгінгі таңда аталған жол «Қазавтожол» АҚ ЖО филиалының теңгеріміне берілген, күтіп ұстаушы Меркі аудандық бөлімшесі.

 

5.     

«Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алуға өтінім берген азаматтардың тиісті несиені алу үшін заң талаптары аясында жан-жақты қолдау көрсету, тұрғындардың табысын арттыру бағытында жұмысты белсендіру

 

Тұрақты

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК

 

     «Ауыл аманаты» бағдарламасының 5 бағыты бойынша әр ауылдық округ әкімдері ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ауданымыздан жалпы 1,6 млрд. теңгеге 189 жобаға несие алуға ниет білдірді. 20.12.2024 жылғы «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» басқармасының мәліметінде Меркі ауданында 572,9 млн. теңгені құрайтын 73 жоба толық құжаттарын өткізіп, қаржыландыруды күтуде. Оның ішінде, бүгінгі күнге 139,8 млн. теңгеге 18 жоба қаржыландырылды (демалыс кешені, кондитерлік цех, саңырауқұлақ өсіру, ТЖО, робототехника кабинеті т.с.с).

6.     

Андас батыр ауылдық округі Гранитогорск елді мекеніндегі мектеп-интернатын қажетті жиһаздармен қамтамасыз ету

(Медиатор А.Тоғысбаеваның өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 
1 қыркүйегі

Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

     2024 жылы Гранитогорск елді мекеніндегі мектеп-интернатына мектеп жиһаздарын алуға 28 млн.теңге қаржы қарастырылды.

Бөлінген қаражатқа 112 дана 2 орынды парта орындығымен,               20 дана орындық, 15 дана компьютерлік орындық, 11 дана меркерлік тақта, 150 дана төсек матрасымен, 2 дана тоңазытқыш, 20 дана кілем, 300 дана кілемше, 30 дана шкаф, 150 дана стол тумба, 3 дана бейне бақылаудың жады дискісі, 3 дана қоқыс контейнері алынған.

7.     

Гранитогорск ауылындағы мектеп-интернатының жатақханасын күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу, бюджеттік өтінім енгізу

(Медиатор А.Тоғысбаеваның өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

1 шілдесі

Облыс әкімдігінің құрылыс, білім басқармалары

 

 

     Гранитогорск ауылындағы мектеп-интернатының жатақханасын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 11,1 млн. теңге қарастырылып, жобалық-сметалық құжаттаманы мердігер «BAITAU ARCHITECT» ЖШС-гі дайындады (келісім шарт №61 15.07.2024ж). Келісім шарттың талаптарына сәйкес мердігер жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізуі тиіс. Алайда мердігер жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізуге қосымша қаражат талап етуіне байланысты және келісім шарт талаптарын орындамауына байланысты мектеп-интернаты Шымкент қаласының арнайы мамандандырылған экономикалық сотына 2025 жылдың 6 қаңтарында талап арыз жолдады. Бүгінде іс қаралып, тапсырыс беруші соттан жеңілген.

8.     

Жамбыл ауылдық округі Жеміс-жидек ауылындағы саябақты мемлекеттің меншігіне алу жұмысын аяқтау  (аудан әкімі Ж.Баубековтің тамыз айында аяқталады деген баяндамасы назарға алынсын). 

(С.Дәулетовтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың тамыз айы

Меркі ауданының әкімі

 

 

     Жамбыл ауылдық округіндегі ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш жанындағы жерлер ҚР «Жер кодексінің» 84-бабына және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №119 қаулысымен халықтың ортақ пайдаланатын паркін орналастыруға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мәжбүрлеп иеліктен шығару процесі басталған.

      Аудан әкімдігі ҚР Жер кодексінің 84-бабы, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63, 64-баптарында көрсетілген, оның ішінде меншік иелеріне хабарлама және шарт жобасын тапсыру жөніндегі барлық әрекеттерді қабылдаған.

     Меншік иелерінің жер учаскелеріне тәуелсіз бағалаушы тарапынан есептеу жүргізіліп, бір меншік иесі жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Алайда екінші меншік иесі Л.Абитаева жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулымен және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт талаптары бойынша келіспегендіктен, аудан әкімі жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мақсатында талап қоюмен Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

     Барлық сатыдағы сот процестері аудан әкімінің жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюын қанағаттандырып, сот сарапшысының 25.09.2024 жылғы қорытындысымен жер учаскесінің нарықтық құны  14 684 689 (он төрт миллион алты жүз сексен төрт мың алты жүз сексен тоғыз) теңге өтеу мөлшері айқындалған.

     Бүгінгі күнге жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, меншік иесіне жер учаскесінің нарықтық құны өтелетін болады.

9.     

Аудандық орталық ауруханасының кәріз жүйесі мәселелерін заңнама талаптары аясында шешу және тиісті бюджеттік өтінімдерді енгізу, бұдан бұрын салынған кәріз жүйесінің заңдылығын тексеру

(С.Дәулетовтің өтінішіне сәйкес)

 

Ауруханадағы медициналық қалдықтардың заңда көзделген орындарға шығарылу мәселесін шешу

(Қ.Илиповтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі 

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

     Меркі аудандық орталық ауруханасының мәліметіне сәйкес кәріз суларын сүзу алаңының тозуына байланысты, кәріз суларының сүзу алаңында топыраққа сіңбей, жердің бетінде жиналуын жою үшін, аурухана тарапынан алдын-ала шара қабылданған. Атап айтқанда, атқарылатын жұмыс көлемі анықталып, ақаулық актісі әзірленген. Мемлекеттік сатып алу порталында 2024 жылдың 05-12 қаңтары аралығында баға ұсыныстарын сұрату әдісімен конкурс амалдары жүргізіліп, жеңімпаз болып ЖК «Income» анықталып, 2024 жылдың
16 қаңтары күні №16 екі жақты келісім-шарт жасалған. Келісім-шартқа сәйкес тиісті жұмыстар толық аяқталған.

     Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан тексеру барысында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Меркі ауылы, К. Сарымолдаев көшесі,                    148 мекенжайы бойынша аудандық орталық аурухана үшін сүзгі алаңдарын салу ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына сәйкес орындалмағаны анықталды.

     Тексеру нәтижесінде Меркі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары М. Алмабаевқа қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 316-бабы 1-тармағына сәйкес, жоғарыда аталған нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттамасыз немесе белгіленген тәртіпте сараптамадан өтпей құрылысын жүргізгендігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

     Жіберілген бұзушылықтар бойынша құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарға яғни, Заңның-68-бабының талаптарын бұзғандығы үшін жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалмауы бойынша Кодекстің 462 бабы                             3 тармағына сәйкес, Меркі аудандық сотымен, аудандық ауруханасының бас дәрігері М.Дәрменовке әкімшілік айыппұл салынды.

     Нұсқамаға талаптарын орындау мақсатында «Меркі аудандық орталық ауруханасының кәріз суларына арналған септикпен сүзу алаңын орнату» ЖСҚ дайындау бойынша мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «DosStroyProject» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып (№124 келісім-шарт 06.05.2024ж.), ЖСҚ әзірленді.
     Нысанның жұмыс жобасы 2024 жылдың 12 қыркүйегі №990240002176/240228/00 шарт негізінде мемлекеттік сараптамадан өтуге ұсынылды. Сараптаманың қорытындысы 2024 жылдың 20 қарашасына дайын болуы тиіс еді. Алайда, мемлекеттік сараптама тарапынан ЖСҚ қайта толықтырылып, пысықтауға жіберілді. Қазіргі таңда жобаны толықтыру және пысықтау жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өтуге қайта ұсынылды. Сараптамадан өту үшін 2025 жылдың 21 қаңтарында №1-0095 келісім-шарт жасалды, сараптама қорытындысын бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылдың 2 сәуірінде теріс қорытынды шыққан..

     Мәселені шешу үшін, Алматы қаласындағы «Эйкос» ЖШС-мен байланыс орнатылды.

     «Эйкос» ЖШС технологиялық схемаларды әзірлеу, жабдықтарды жобалау және өз зауытында дайындау, өнеркәсіптік және коммуналдық сарқынды суларды тазарту жөніндегі кешендерді жинақтау, монтаждау және пайдалануға беру, т.б. жүзеге асыратын ұйым.

     2025 ж. сәуір айының басында «Эйкос» ЖШС-нің өкілдері Меркі АОА сүзу алаңының жағдайымен танысып, сүзу алаңына қандай жабдықтар орнатылатыны, қандай жұмыстар орындалатыны және қанша қаражат қажет болатынын есептеу жұмыстары жүргізген.

 

     «Кәріз суларын тазартатын қондырғыларды» Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сатып алу басқармасында Жеткізушіні анықтау үшін 30.09.2025ж. мемлекеттік сатып алу порталында   80144456-ОК2 лотта конкурс хабарланған болатын.

     20.10.2025ж. комиссия қарауының нәтижесі бойынша, конкурсқа қатысқан әлеуетті Өнім берушілердің/Жеткізушілердің  конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты, «Кәріз суларын тазартатын қондырғыларға» мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылды.

            21.10.2025ж. «Кәріз суларын тазартатын қондырғыларға» мемлекеттік сатып алу порталында қайта конкурс жарияланды, хабарландыру нөмірі 15573515-1. Қорытынды 24.10.2025 ж. шықты. Бүгінгі күнде 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу порталында комиссия мүшелерінің қаралуында.

            «Кәріз суларын тазартатын қондырғыларды» орнатуға қаражат облыс бюджетінен 2025 жылдың соңына дейін игеру үшін бөлінген болатын. Қондырғыларды дайындау, жеткізу, орнату және іске қосу жұмыстарына кемінде 90 күн уақыт қажет болады. Жеткізушіні анықтау мерзімі созылуына байланысты, қондырғыларды 2025 жылдың соңына дейін орнатып алу қиындық туғызуда.

     Медициналық қауіпті қалдықтарды шығару және жою/өртеу/көміп тастау үшін аурухана мен «ЭКО РБК» ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу порталында 2024 жылдың                 8 қаңтарында №1 келісім-шарты жасалған. Медициналық қауіпті емес қалдықтарды шығару үшін аурухана мен «ЭКО Групп» ЖК арасында мемлекеттік сатып алу порталында 2024 жылдың              17 қаңтарында №21 келісім-шарт жасалған, жұмыстар тиісті деңгейде атқарылуда.

10.  

Меркі ауылының кәріз жүйесінің құрылысы бойынша бюджеттік өтінім енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 мамыры

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

     «Меркі ауданының кәріз тазарту құрылыстарын салу» жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалаушы мекеме «Регион-Сервис KZ» ЖШС-мен        26,9 млн. теңгеге келісімшарт жасалды.

     Жобалау жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
2024 жылы жобалау тапсырмасына өзгерістер енгізіліп, қосымша тапсырмалар берілген. Бүгінгі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылатын болады.

11.  

Интернет желісінің елді мекендерде қолжетімділігіне талдау жүргізіп, мобильді операторлар басшыларымен кеңес өткізу

2024 жылдың

7 наурызы

 

 

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы (жинақтау), аудан әкімдері және Тараз қаласының әкімі

 

 

 

     2025 жылдың 29 ақпанында облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен мобильді байланыс операторлар өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында байланыс операторлар өкілдеріне «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасына енген облыстың елді мекендерін сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету қажеттілігі ескертілді.

     Елді мекендерде жүргізілген талдау нәтижесі:

     Бүгінгі таңда 353 елді мекеннің 39-ы (12,5%) – 2G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен қамтамасыз етілген.

Байзақ ауданы – 2 елді мекен (Қайнар рзд., Көкөзек);

Жамбыл ауданы – 2 елді мекен (Әулиекөл, Еңбек);

Жуалы ауданы – 8 елді мекен (Қазбастау рзд., Ақтоған, Шақпақ ст., Күркіреусу ст., Әбдіқадыр, Амансай, Қаратас, Жүрімбай);

Қордай ауданы – 2 елді мекен (Көкадыр, Күнбатыс 1);

Меркі ауданы – 9 елді мекен (Шемен рзд., Тасөткел рзд., Жауғаш батыр, Ақкөз-Қайнар, Беларық, Аққайнар, Аралқыстақ, Қазақдихан, Талдыбұлақ);

Сарысу ауданы – 5 елді мекен (Кіші Көкдала, Үлкен Көкдала, Ақтам,  Майлыкөл, Қамқалы);

Талас ауданы – 1 елді мекен (Ақтөбе);

Т.Рысқұлов ауданы – 10 елді мекен (Құмарық ст., Сұңқайты, Тайқұдық, Аққайнар, Әбілқайыр, Мамыртөбе, Қорағаты ст., Мамай-Қайыңды, Тасшолақ, Көкарық);

 

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында мобильді операторлардың жоспарына сәйкес 2024 жылы 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етілетін елді мекендер

 

№

Байланыс операторы

Аудан атауы

Елді мекен саны

1

Билайн

Байзақ

2 (Жаңатұрмыс, Көкөзек)

2

Билайн

Жуалы

2 (Қаратас, Жүрімбай)

3

Билайн

Қордай

4 (Көкадыр, Күнбатыс, Қалғұты, Алға)

4

Теле2/Алтел

Жуалы

2 (Шақпақ ст., Күркіреусу ст.)

5

Теле2/Алтел

Меркі

5 (Қайыңдысай, Аққайнар, Қазақдихан, Талдыбұлақ, Аралқыстақ)

6

Теле2/Алтел

Т.Рысқұлов

3 (Қорағаты ст., Тасшолақ, Көкарық)

7

Кселл

Т.Рысқұлов

3 (Алғабас, Қарақат, Құмарық ст.)

8

Кселл

Сарысу

3 (Шығанақ, Жайлаукөл, Арыстанды)

9

Кселл

Мойынқұм

1 (Ұланбел)

ЖАЛПЫ

 25 ЕМ

 

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында жергілікті атқарушы орган есебінен антенна-діңгек құрылысымен және электр желісімен қамтамасыз еткен жағдайда 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етілетін елді мекендер

№

Аудан атауы

Елді мекен саны

1

Байзақ

1 (Қайнар рзд.)

2

Жамбыл

1 (Әулиекөл)

3

Жуалы

5 (Қазбастау рзд., Ақтоған, Әбдіқадыр, Майбұлақ, Амансай)

4

Меркі

5 (Шемен рзд., Тасөткел рзд., Жауғаш батыр, Ақкөз-Қайнар, Беларық)

5

Т.Рысқұлов

5 (Сұңқайты, Тайқұдық, Аққайнар, Әбілқайыр, Мамыртөбе)

6

Сарысу

5 (Кіші Көкдала, Үлкен Көкдала Ақтам,  Майлыкөл, Қамқалы)

7

Талас

1 (Ақтөбе)

ЖАЛПЫ

23 ЕМ

12.  

Ақарал ауылында интернеттің қуатын арттыру бойынша атқарылатын жұмыстар туралы өтініш иесіне жазбаша ақпарат жолдау

2024 жылдың

7 наурызы

Меркі ауданының әкімі

 

 

     2025 жылдың 29 ақпанында облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен мобильді байланыс операторлар өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында байланыс операторлар өкілдеріне «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасына енген облыстың елді мекендерін сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету қажеттілігі ескертілді.

13.  

Ақарал ауылы маңынан өтетін жол бойынан жаяу жүргіншілер үшін жол салу (тротуар) мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Меркі ауданының әкімі

 

     Ақарал ауылы, Асубай көшесінің солтүстік жақ бетіне жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға ЖСҚ жасау жоспарлан.
     2025 жылға бюджеттік өтінім берілді.

14.  

Ақарал ауылындағы дәрігерлік пунктке жаңа жедел-жәрдем көлігінің берілуін шешу (бұрынғы көліктің жарамдылығын тексеру)

 

2024 жылдың 1 мамыры

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Меркі ауданының әкімі

 

     24.01.2024 жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің КММ-не жалпы соммасы 28 392 857, 14 теңгені құрайтын 2 дана «Lada Niva travel» «медициналық қызмет» маркалы санитарлық автокөлікті сатып алуға №372613 өтінім келісуге жіберілді. 11.03.2024 жылы аталған ұйым өтінімді растады. 20.03.2024 ж. №11903318-1 лоты бойынша ашық конкурс жарияланды. Ашық конкурстың аяқталу мерзімі 04.04.2024 ж. Конкурсқа қатысушы болмағандықтан, аталған конкурстың күші жойылған.

     10.07.2024 ж. Жамбыл облысы денсаулық басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2 дана «Lada Niva travel» «медициналық қызмет» маркалы санитарлық автокөлікті сатып алуға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қайта хабарлама берілген. Бұл автомобильдерді сатып алу Ақарал ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету мақсатында жоспарлануда. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған ашық конкурс ойнатылып келісім шарт жасалынып, «LADA NIVA Travel» жедел жәрдем көлігі дәрігерлік амбулаторияға берілді.

15.  

«Ауыл аманаты» жобасы аясында («Тәтті 24» шаруа қожалығы) ауыл шаруашылығы техникаларын алу барысында туындаған мәселелерді заң талаптарына сәйкес шешу

(Б.Шайхыбековтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

1 мамыры

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша),

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     «Ауыл аманаты» жобасы аясында («Тәтті 24» шаруа қожалығы) ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша мәселе 2024 жылдың қаңтар айынан бастап несие алу ережелеріне өзгерістер енгізіліп, заң талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы техникаларына қаражат берілмейтін болып шешілген.
     «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 2023 жылы пилоттық ауылдық округтерде 38 кооператив құрылды. Оның ішінде
2023 жылдың бірінші тоқсанында «Ауыл Аманаты» жобасы шеңберінде облыстың 33 ауылдық округке жалпы сомасы
1,0 млрд. теңгені құрайтын 64 бірлік өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Сонымен қатар, аталған кооперативтерге жалпы сомасы 600 млн. теңгеге 139 бірлік аспалы және тіркемелі жабдықтар сатып алуда.
     Осыған орай, 2023 жылы 3 қарашада облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен «Ауыл аманты» жобасынның барысы туралы өткен кеңестің хаттамасында «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландырылып жатқан округтердің тізбесіне 3 ауданнан 5 округ (Қордай ауданы бойынша Сарыбұлақ, Қақпатас а/о; Талас ауданы бойынша Саду Шәкіров а/о, Меркі ауданы бойынша Кеңес, Тәтті а/о) енгізілді.
     Жобаға қосылған 38 кооперативтермен ауылдық округ тұрғындарымен бірнеше рет кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер кезінде жоба аясында құрылатын  ауыл шаруашылығы кооперативтерін техникамен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен әр кооперативке 100 млн теңгеге дейінгі, пайыздық мөлшерлемесі 2,5% болатын несие берілетіндігі, жалпы көлемі 3,3 млрд теңге қаражат бөлінетіндігі жарияланды. Алайда, 2023 жылдың екінші жартыжылдығында қосымша қосылған 3 ауданнан 5 округ (Қордай ауданы бойынша Сарыбұлақ, Қақпатас а/о; Талас ауданы бойынша Саду Шәкіров а/о, Меркі ауданы бойынша Кеңес, Тәтті а/о) бойынша жергілікті бюджеттен қосымша қаражат қарастырылмады.

16.  

Ойтал ауылы маңынан өтетін темір жолдың үстінен аспалы көпір соғу мәселесі үшін бюджеттік өтінім беру

ЖСҚ әзірленген мемлекеттік сараптамаға ұсынылған

(Д.Қосымовтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

маусымы

Меркі ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

     Ойтал ауылы маңынан өтетін темір жолдың үстінен аспалы көпір соғу үшін 2025 жылға облыстық бюджеттен 157,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 92 млн.теңге қаражат қарастырылған, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер болып «Меркі жолдары» ЖШС-гі нақтыланған, келісім-шарт құны 457,8 млн.теңгені құрап отыр.

     Құрылыс-монтаждық жұмыстары 2025-2026 жылдарға өтпелі, аяқталуы 2026 жылдың маусым айына жоспарланған.

17.  

Аудандық орталық ауруханаға халық кіру үшін батыс беткейдегі есікті ашып беру мәселесін зерделеп, жауабын өтініш иесіне жолдау

(Д.Қосымовтың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 15 наурызы

Облыс әкімдігінің денсаулық басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Меркі аудандық орталық ауруханасы ғимаратының бір бөлігін литер «А» қабылдау бөлімінің құрылысымен қайта жаңарту жүргізілуіне байланысты қабылдау бөлімі батыс беткейге көшірілді. Аурухана аумағындағы батыс беткейдегі есік қабылдау бөліміне келушілерге ыңғайлы болу үшін тәулік бойы ашылды.

18.  

Мүгедектерге бөлінетін коммуналдық, санаторлық жеңілдіктер және гемодиализге тасу мәселесі бойынша өтініш берушіге нақты жауап берілсін.

(Ақарал ауылынан С.Бегасиловтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 15 наурызы

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

     Мәселе бойынша ақпарат Меркі аудандық орталық ауруханасы тарапынан өтініш иесі С.Бегасиловқа жолданды (16.04.2024 ж. №1101).

     2023 жылдың қазан айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетілетін гемодиализ қызметтеріне тарифтерді қайта қарауға қатысты сұрау салуды жариялады.
     ҚР ДСМ және гемодиализ орталықтары қауымдастықтарының өкілдері гемодиализ қызметтерін алатын науқастарды тасымалдаумен және тамақтандырумен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қосу қажеттігі туралы мәлімдеді.

     Тариф белгілеу мәселелері жөніндегі жұмыс органы пациенттерді көлік қызметтерімен қамтамасыз етудің, сондай-ақ гемодиализ қызметтерін алатын пациенттерді тамақтандырумен қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізіп, пациенттерді гемодиализ қызметтеріне тасымалдауға арналған шығыстарды тарифтерге қосу және кейіннен қаржыландыру орынды емес екендігі анықталды.

     Пациенттерде I топтағы мүгедектік болған жағдайларда көлікпен қамтамасыз ету және сүйемелдеуді әлеуметтік қызметтер жүзеге асырады. Сонымен қатар, гемодиализ қызметтерін көрсететін пациенттерді тамақтандыру мәселесіне қатысты Кодекске өзгерістер енгізу қажет, оң шешім қабылданған жағдайда мәселе республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылды.

19.  

Суретші, гобеленші, Бәтима Заурбековаға «Облыстың Құрметті азаматы» атағын беру және облыста суретшінің көрмесін ашу мәселелері туралы

(Ш.Мамасерікованың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі 

 

Облыс әкімі аппараты,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау),

облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

     Суретші, гобеленші, Бәтима Заурбековаға «Облыстың Құрметті азаматы» атағын беруге аудан тарапынан ұсыныс хат а.ж. 11 сәуірде №0108455 жолданды.

     Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тарапынан суретші, гобеленші Бәтима Заурбековаға Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде арнайы экспозиция жасақталған, экспозицияға суретшінің суреттері мен еңбектері қойылған. «Облыстың Құрметті азаматы» атағы берілген жағдайда Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде орналасқан «Жамбыл облысының құрметті азаматтары» интерактивті тақтасына цифрлық ақпараты енгізілетін болады.

20.  

Меркі ауданындағы қызылша егетін шаруалармен (ірі, орта, шағын) «Меркі қанты» ЖШС базасында кездесу өткізу.

Қызылша егетін шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету

 

2024 жылдың 7 наурызы

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

     Меркі ауданындағы қызылша егетін шаруалармен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ә.Тамабектің және қант қызылшасын өсірушілер ассоциясының төрағасы С.Манаповтың және Меркі қант зауыты ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен қант қызылшасын егетін шаруашылықтармен кездесу өткізілді.

     2024 жылы ТОО «СНEK POINT», TOO «EXPLANTA» және  TOO «AGRO TIMES» тұқым жеткізуші компанияларымен келісімшарт жасалды. Аталған егістік жерге 4050 себу бірлік қант қызылшасы тұқымымен шаруалар қамтамасыз етілді.

21.  

Мойынқұм ауданының
2023 жылғы құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларына өтемақы беру мәселесін қарастыру

 

Ауыл шаруашылығы саласына берілетін субсидиялар мәселесі туралы өтініш иесіне хабарлау

(М. Татиевтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 7 наурызы

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

     Жамбыл облысында қалыптасқан қуаңшылық жағдайына байланысты 2023 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің №131-р «Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» өкімімен                  6 ауданда (Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас) табиғи төтенше жағдай жарияланды. Осы орын алған жағдайға байланысты зардап шеккен 358 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келтірілген шығынды өтеп беру үшін 2023 жылғы 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №834 Қаулысымен төтенше резервінен 2,8 млрд теңге қаражат төленді.

     Мойынқұм ауданы әкімдігі тарапынан өңірде төтенше жағдай жариялануы туралы облыстық әкімдікке ұсыныс хат түскен жоқ. Сондықтан Мойынқұм ауданының шаруаларына өтемақы беруге мүмкіндік жоқ. Сонымен қатар, М.Татиевке ауыл шаруашылығы саласында берілетін субсидиялар туралы түсіндірілді (Мыңжасар Татиев Мойынқұм ауданының тұрғыны)

22.  

Кеңес ауылына спорт кешенін салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

(Б.Байдәулетов Кеңес ауылынан келген өтініш иесінің ұсынысына сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Меркі ауданының әкімі

     Демеушілердің көмегімен Кеңес ауылына спорт кешенін салу бойынша жер телімі бөлініп қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

     Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2026 жылдың маусым айына жоспарланған. Алдағы уақытта спорт кешенін мемлекеттік меншікке алу жұмыстары қарастырылатын болады.

23.  

Кеңес ауылы маңындағы су қойманы тереңдету мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

(Кеңес ауылынан келген өтініш иесінің ұсынысына сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі 

 

Меркі ауданының әкімі,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

     «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің теңгеріміндегі «Кеңес-4» су қоймасында жөндеу жұмыстарын жүргізу 2025 жылдың  маусым-шілде айларына жоспарланған. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін, облыстық бюджеттен 12,4 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толық аяқталған.

24.  

«Жақсылық» шаруа қожалығының жерін егістік жерден суармалы бағытқа ауыстырудың заңдылығын қарап, өтініш иесіне жауап жолдау

(Бағдат Алагөзовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 15 наурызы

 

Облыс әкімдігінің жер басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Ақтоған ауылының тұрғыны Асқар Алакөзовке тәлімдік егістік жерін суармалы егістік алқап түріне ауыстыру бойынша заң талаптары түсіндірілді.

     ҚР Жер кодексінің 98-бабына сәйкес,  аудан әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі  №127, 128 қаулыларына сәйкес 150 гектар тәлімді егістік жер учаскелері суармалы егістік алқап түріне ауыстырылды.

25.  

Жамбыл, Меркі, Ойтал ауылдық округтеріне жаңадан ауыз су жүйесін жүргізу мәселесін қарастыру

(Б.Жылысбаевтың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 мамыры

 

Меркі ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

 

     Жамбыл ауылында орналасқан су құбыры желілерін қайта жаңарту үшін ЖСҚ әзірленіп, 2023 жылғы 23 тамыздағы № КСК-0017/23 мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес, жоба құны 2 224,369 млн.теңгені құрап отыр. 2025 жылы аталған жоба бойынша 333 333,0 млн. теңге қаражат қарастырылып, мердігерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жеңімпаз «Интеллект Азия» ЖШС танылды. Қазіргі таңда ҚМЖ жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

 

     Ал Меркі ауылы (5 528,625 млн.тенге) және Меркі бекеті              (3 672,485 млн.тенге) ауылдарындағы тозығы жеткен су құбырларын жаңарту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, оң сараптама қорытындылары алынып, салалық басқармаға бюджеттік өтінім тапсырылған. Басқарма тарапынан салалық министрлікке бюджеттік өтінім жолданып, қаржыландырылуы күтілуде.

26.  

Ауданға айналма жол салу бойынша ұсыныс енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 шілдесі

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Меркі ауданы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» мен облыстық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» жолдарын байланыстыратын айналма жолын салу бойынша 2021 жылы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аталған жолдың техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, жолдың ұзындығы 4,5 шақырым, ал ені 7 метр құрайды. Жоба құны  шамамен 5,1 млрд. теңгені құрайды.

     Осыған байланысты техникалық экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптама жүргізу жоспарлануда. Сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуіне жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілетін болады.

27.  

Тараз қаласындағы «ТарМУ» өңірлік университеті базасында жол саласы мамандарын оқытатын факультет ашу бойынша ұсыныс енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі  

 

«ТарМУ» өңірлік университеті (келісімі бойынша)

     Жол саласы мамандарын дайындау 6В07319 – «Автомобиль жолдарын салу және пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар жетіспеушілігіне байланысты 01.03.2024 ж. «Автомобиль жолдары» комитеті, «ҚазжолҒЗИ» АҚ және                ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерімен бірлескен ұйымдасқан «онлайн» жиналыс өткізіліп, жол саласы мамандарының тапшылығы туралы көптеген мәселелер қозғалды.

     6В07319 – «Автомобиль жолдарын салу және пайдалану» білім беру бағдарламасы В074 – «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламалар тобының ішіндегі бір мамандандырылуы болғандықтан осы білім беру бағдарламасына соңғы екі жылда талапкерлердің қызығушылығы төмен екендігі анықталды.

28.  

Ауданның орталық көшесін кеңейту бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алып бюджеттік өтінім тапсырсын

 

2024 жылдың 1 маусым

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Меркі ауданы аумағында орналасқан Ә. Исмаилов атындағы орталық көшеге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп,          2024 жылдың 15 тамыз күні мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Жобалау - сметалық құжатаманың жалпы құны 4 млрд. 299 млн. теңге, жасалатын жолдың ұзындығы            7,7 шақырым, ені 14 метрді құрайды. Салалық министрлікке 2026 жылға бюджеттік өтінім қайта берілді.

 

29.  

Аудан тұрғындарына тұтынатын электр энергия тарифінің қымбаттауына байланысты аудандағы «бірыңғай операторды» қайта қарап, жергілікті электр энергиясын өндіруші компания басшыларымен кездесу өткізіп, мәселені заңнама аясында шешу

(Б.Рахымбаевтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі

 

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау),

«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-і (келісімі бойынша)

     Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жедел жою мақсатында министрлік электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы арқылы электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін әзірледі.

     2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 «Электр энергетикасы туралы» Заңына (әрі қарай – Заң) біршама өзгерістер енгізілген. Оның ішінде, Заңның 1-бабының     2.2-тармақшасына сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы деген ұғым пайда болды, яғни бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға.

     Аталған мәселені түсіндіру мақсатында Меркі ауданындағы тұтынушыларға және электр энергиясын өндіретін гидроэлектростанция басшыларымен, ҚР Энергетика вице-министрі Ж.Д.Нұрмағанбетовтің, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының, Меркі ауданы әкімдігінің және «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС басшыларының қатысуы мен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

30.  

Сарымолдаев ауылындағы №9 колледжге 120 орындық жатақхана салу мәселесін пысықтау

(М.Жұматаевтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Облыс әкімдігінің білім, құрылыс басқармалары, Меркі ауданының әкімі

 

 

     «Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылындағы №9 колледжі үшін 100 орындық жатақхана құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2024 жылғы 04 қазанында №PEKZ-0086/24 сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы сметалық құны – 1 848 974,0 мың теңгені құрады.

     Бүгінгі күні аталған нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру мақсатында белгіленген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім ұсынылған. Қазіргі уақытта тиісті қаражат бөлу күтілуде.

31.  

77, 32 га алқаптарындағы инфрақұрылымды аяқтауға тиісті қаражат мәселесін шешу

2024 жылдың 1 мамыры

 

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау

құрылыс басқармалары Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылындағы 32 га, 77 га тұрғын үй алқаптарының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (сумен жабдықтау) нысанын аяқтауға қажетті
93,0 млн. тг. 2024 жылға бөлінді. Құрылыс монтаж жұмыстары 11.06.2024 ж. аяқталды.

32.  

Сарымолдаев ауылындағы «ZETA» ЖШС-не электр бағаналарын мемлекеттік бағдарламалардың қаржыландыру тетіктерін пайдалана отырып қаржыландыру мәселесін қарастыру

2024 жылдың 1 мамыры

 

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     «ZETA» ЖШС-нің басшыларымен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда «ZETA» ЖШС-нің өндіріс цехтарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар
0,5 мгВт электр қуаты жүргізілді.

33.  

Кадр тапшылығы мәселесін толыққанды шешу үшін, келіп жатқан мамандарға, әсіресе жастарға әлеуметтік қолдау көрсету («Дипломмен ауылға» жобасының құралдарын пайдалану)

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі

     Дипломмен ауылға бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Тиісті салалар бойынша  2024 жылға арналған аудан әкімдігінің 2023 жылғы
28 желтоқсандағы №487 қаулысымен сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі қалыптастырылды. Бүгінгі күнге
19 маманға 7 014 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді.

34.  

Дәрігерлік амбулатория және спорт нысандары жоқ елді мекендерге тиісті нысандар құрылысын жүргізу мәселелерін пысықтау, бюджеттік өтінімдер әзірлеу.

Білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануын ұйымдастыру

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармалары

     Меркі ауданы бойынша 1 – ауылдық емхана, 1 – аудандық емхана, 1 – аудандық аурухана, 13 – дәрігерлік амбулатория,
8 –  фельдшерлік-акушерлік пункт және 19 – медициналық пункт жұмыс жасауда.

     Меркі ауданы білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мекемелерінің спорт залдары ауыл тұрғындарына қолжетімді. Әр ауылдық округтің әкімі мен мектеп басшыларының қолжетімділік кестесі бекітіліп, күнделікті кешкі сағат 20:00-ден 22:00-ге дейінгі мезгілде ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына беріледі.

35.  

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді назарға алып, кері байланыс орнату арқылы оларды ретке келтіру бойынша шаралар қабылдау.

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі

     Әлеуметтік желілерде және БАҚ-да күнделікті мониторинг жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде тұрғындармен кері байланыс орнатылып, тұрғындар көтерген мәселелер дер кезінде бақылауға алынады және тұрғындардың сауалдарына сапалы әрі мерзімінде жауап беріледі.

    Сондай-ақ, облыс әкімі мен облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына 2024 жылы Меркі ауданы тұрғындарынан 23 сұрақ түсіп, барлығына жауап берілді. Ал, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына 82 сұрақ түсіп, тиісті жауаптары берілді.

 

Облыс әкімінің 2024 жылы Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
19 января 2026