Облыс әкімінің 2025 жылы Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған
ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1. |
Меркі ауданының орталық көшесін кеңейту мақсатында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шараларды қабылдау |
2025 жыл ішінде |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
Меркі ауданы аумағында орналасқан Ә. Исмаилов атындағы орталық көшеге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2024 жылдың 15 тамыз күні мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Жобалау - сметалық құжатаманың жалпы құны 4 млрд. 299 млн. теңге, жасалатын жолдың ұзындығы 7,7 шақырым, ені 14 метрді құрайды. Салалық министрлікке 2026 жылға бюджеттік өтінім қайта берілді. |
|
2. |
Ауданішілік жолдарды күтіп ұстау мақсатында «Алатау Су-Жылу» мекемесінің қызмет көрсету аясын кеңейту бойынша жұмыстарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізу |
2025 жылдың қарашасы |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан ішілік жолдарды күтіп ұстау мақсатында «Алатау Су-Жылу» мекемесі тарапынан Ақермен, Аспара, Тәтті ауылдық округтерімен келісім-шарт жасасып, бүгінгі таңға қысқы күреу және тазалау жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың қараша айында әр ауылдық округпен қелісім-шарт жасалған, шарт құны 500,0 мың теңгені құрайды. |
|
3. |
«Ақшешек» обалы қорымы орналасқан жер учаскесінің заңсыз берілгені туралы мәліметті жан-жақты зерделеп, нәтижесі бойынша нақты ақпарат ұсыну |
2025 жылдың қарашасы |
Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімі
|
29.07.2024 жылы «QAZAQ ARCHAEOLOGY» ЖШС-і «Ақшешек қорымы» ескерткішінің тарихи-мәдени құндылығын анықтау мақсатында сараптама жасап, ескерткіштің архитектуралық құрылымы сақталмаған және нысанның ескерткіш ретіндегі тарихи-мәдени құндылығы жоқ деп қорытындысын ұсынды. 2024 жылғы 1 тамыздағы «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының» №30-н бұйрығына сәйкес Меркі ауданы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізімінен «Ақшешек обалы қорымы» алынып тасталды. |
|
4. |
Түркі ғибадатханасын ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларын қорғауды қажет ететін тарихи нысандар тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастырып, жүргізілген жұмыстар мен ұсыныстар жөнінде нақты ақпарат ұсыну |
2025 жыл ішінде |
Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімі |
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңның 10-бабының 8)-тармақшасына сәйкес уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастырады. Меркі ауданында орналасқа Меркі – түркі ескерткіштері Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен енгізлген. |
|
5. |
Ауыл шаруашылығы саласында несие алуға қолдау көрсету мәселесіне қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастыру |
2025 жылдың қазаны |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімі |
2025 жылдың 11 қарашасында аудандағы шаруа қожалық өкілдеріне ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік және қаржылық қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін кездесу өткізілді. Аталған кездесуде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, |
|
6. |
Жауғаш батыр ауылындағы электр желісінің іске қосылу барысын бақылауға алу |
2025 жыл ішінде |
Меркі ауданының әкімі |
Меркі ауданы, Жауғаш батыр ауылындағы электр желісінің іске қосылу барысы аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомобиль жолдары бөлімнің қатаң бақылауында. Бүгінгі таңда 170 дана бағана орнатылып, электр сымдары тартылуда. |
|
7. |
Шекара маңындағы аумақты тұрақтандыру мақсатында Жауғаш батыр ауылының жанынан өтетін республикалық маңызы бар жол бойында жол сервистік кешенін ашу мәселесін пысықтап, іске асырылуына ықпал ету |
2025 жыл ішінде |
Меркі ауданының әкімі |
Кеңес ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр ауылының жанынан өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің бойынан жолдың екі бетінен а.ж. мамыр айында шағын тамақтану орнымен азық түлік дүкені іске қосылған.
|
|
8. |
Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға мемлекет тарапынан берілетін субсидияларды алуына ықпал ету. Осы мақсатта «ҚазАгроҚаржы» мекемесімен бірлесіп, шаруалардың несиелерін төлеу кестесіне жеңілдіктер қарастыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет. |
2025 жылдың қарашасы |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімі |
Меркі ауданы бойынша «ҚазАгроҚаржы» тарапынан 2023-2024 жылға 31 доңғалақты трактор алынды. Шаруа қожалықтар бүгінгі күнге дейін мемлекеттен тиісті субсидиялар түспеген, алайда өтінім қабылданып, резервте тұр. Меркі аудандық әкімдік тарапынан бірнеше рет хат жолданған.
|
|
9. |
Аспара ауылдық округінде жаңадан іске қосылған дәрігерлік амбулаторияның құрал-жабдықтарын аудандық орталық аурухана басшылығының алып қою дерегіне байланысты зерделеу жүргізіп, нәтижелері бойынша нақты ақпарат ұсыну |
2025 жылдың қазан |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімі |
Аудандық көп бейінді орталық аурухана мамандарының тарапынан Аспара ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрал-жабдықтарына байланысты зерделеу жүргізілді, қажетті құрал жабдықтар жеткізілді. Аспара дәрігерлік амбулаториясында пайдаланылмай бос тұрған кейбір медициналық құрал-жабдықтарын аурухананың бөлімдеріне және басқа дәрігерлік амбулаторияларға қажетіне сай берілді. |