Жамбыл облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6 нысанда аудиторлық іс-шаралар өткізді. Қызмет бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік аудит нысандарында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталды.
Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 4 397 983,5 мың теңгені құрады.
Аудит барысында жалпы сомасы 535 032,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
Қаржылық бұзушылықтар: 25 280,6 мың теңге;
Процедуралық бұзушылықтар: 509 751,9 мың теңге.
Жалпы сомасы 15 894,1 мың теңге қаражат өтеліп, қалпына келтірілді.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша 6 шешім қабылданып, қаржы-шаруашылық және бюджеттік қызметті жақсарту бойынша 42 ұсыным берілді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 8 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың 4 дерегі бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.