Облыс әкімінің Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.    

Жайылма және Маятас ауылдарында ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жоспарлы әрі сапалы атқаруды қадағалау

2026 жылдың ішінде

 

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика

және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

2.    

Елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын толық аяқтау бойынша қадағалау жұмыстарын жүргізу және мердігер тарапына қолданыстағы заң аясында қолдау тетіктерін іске асыру

2026 жылдың ішінде

 

Облыс әкімдігінің цифрландыру

және архивтер басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

3.    

Байқадам, Игілік, Жаңаталап және Жайылма ауылдық округтеріне қарасты тозығы жеткен            суару жүйелерінің мәселесін шешу жолдарын қарастыру

2026 жылдың ішінде

 

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау), «Казсушар» ШЖҚ РМК Жамбыл филиалы (келісім бойынша)

 

4.    

Талас өзенінің суын ауданға кедергісіз жеткізу мақсатында  Талас ауданының жергілікті атқарушы органдары және шаруашылық субъектілерімен кездесулер өткізіп, жағдайды реттеу

2026 жылдың ішінде

 

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау), Талас ауданының әкімі,

«Казсушар» ШЖҚ РМК Жамбыл филиалы (келісім бойынша)

5.    

Аудандық орталық аурухананың ұйымдастырушылық жұмысын жан-жақты қайта қарау және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді тиімді  үйлестіру, сондай-ақ пациенттермен қарым-қатынас мәдениетін            арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты

Облыс әкімдігінің денсаулық

сақтау басқармасы

6.    

Қамқалы және Жайлаукөл ауылдарының көшелерін асфальттау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру

2026 жылдың ішінде

 

Сарысу ауданының әкімі

7.    

Талас өзенінің Талас-Сарысу аудандары арқылы өтетін су арналарын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру               

2026 жылдың 

III тоқсаны

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау),  

Талас ауданының әкімі

«Казсушар» ШЖҚ РМК Жамбыл филиалы (келісім бойынша)

8.    

Тоғызкент ауылының жер асты су қойнауын зерттеген жер асты суларын барлау мекемесінің қызметіне заңнама талаптарына сәйкес тексеріс жүргізу және кемшіліктер анықталған жағдайда жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту

2026 жыл

1 наурызына дейін

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

9.    

Заңнама талаптарына сәйкес «Шабақты» өзенінің бойынан карьер ашқан мердігердің 47 га бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

2026 жыл

20 наурызына дейін

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасы (жинақтау),

облыс прокуратурасы (келісім бойынша)

10.        

Моноқалаларда аса тапшы мамандарға (реаниматолог, травматолог, рентгенолог) заңнама талаптарына сәйкес көтерме үстемеақы төлеу бойынша шараларды жүзеге асыру

2026 жылдың 

І тоқсаны

Облыс әкімдігінің денсаулық

сақтау басқармасы

11.        

Аудандық орталық аурухананың тозығы жетуіне және Түркістан, Үшбас ауылдарындағы апатты жағдайдағы дәрігерлік амбулаторияға ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлу мәселесін пысықтау

2026 жылдың 

І тоқсаны

Облыс әкімдігінің денсаулық

сақтау басқармасы (жинақтау),

 облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Сарысу ауданының әкімі

12.        

Байқадам ауылдық округінде ауыз су жүйесін             дамыту мақсатында 400,0 млн. теңге қосымша қаржыны кезең-кезеңімен бөлу мүмкіндігін               қарастыру

2026 жылдың 

І тоқсаны

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

13.        

Талас өзені суының 10 жыл бойы жетіспеушілігі жағдайында Жайылма ауылдық округінде ауыл шаруашылығы малдарының (ұсақ мал) сатылу (қырылу) фактілерін тексеру

2026 жыл

15 ақпанға дейін

Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы (жинақтау),

облыс әкімдігінің ауыл             шаруашылығы басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі

14.        

Заңнама талаптарына сәйкес науқастарға (6 адам) гемодиализ аппаратын сатып алу мүмкіндігін қарастыру

2026 жылдың

1-ші жартыжылдығы

 

Облыс әкімдігінің

денсаулық сақтау басқармасы

 

15.        

Аудан бойынша алимент төлеуден жалтарған тұлғалармен заңнама талаптарына сәйкес нәтижелі жұмыстар жүргізу  

2026 жыл

І тоқсан

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау), облыстың полиция

департаменті (келісім бойынша)

16.        

Ауданда қосымша әлеуметтік дүкендер ашу мәселесін шешу

Тұрақты

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау),  облыс әкімдігінің кәсіпкерлік

және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

«Тараз» ӘКК» АҚ

 

 

Облыс әкімінің Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
09 января 2026