Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

БЕКІТЕМІН

Жамбыл облысының әкімі

___________ Е.Қарашөкеев

«____» _________ 2025 жыл

 

Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында

айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1.    

Құлан ауылындағы К.Бекебаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғыртудан өткізу үшін қаржыландыру мәселесін қарастыру

2026 жыл

Облыс әкімдігінің құрылыс, дене шынықтыру және спорт, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

2.    

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің 398 шақырымындағы (Көкдөнен ауылының айналма жолы) көпірдің бүлінген жерін қалпына келтіру үшін тиісті министрлікке ұсыныс енгізу

2026 жыл, қаңтар айы

(әрі қарай тұрақты бақылауға алу)

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

3.    

«Дулат баба» кесенесі аумағында орналасқан кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру мәселесін қарастыру

2026 жыл

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

4.    

Аудандық орталық ауруханасын тіс дәрігері (ургентный) маманымен қамтамасыз ету

2026 жыл,

І-тоқсан

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

5.    

Жеке кәсіпкер «Cұлтанов Сәбит» тауық жұмыртқасын терең өңдеу (меланша өнімін өндіру) зауытын салу жобасын іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары аясында несие беру мәселесін қарастыру

2026 жыл

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), «Тараз» ӘКК» АҚ (келісімі бойынша),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

6.    

Д.Қонаев есімін білім беру мекемелеріне, көше, парк, сквер немесе басқа да мекемелерге беру мәселесін қарастыру

2026 жыл

Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

7.    

Ауданда белсенді ұзақ өмір орталығын ашу мәселесін қарастыру

2026 жыл

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

8.    

Жақсылық ауылы маңындағы өзеннен суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында науа (лоток) салу арқылы тау суын жеткізу мәселесін қарастыру

2026 жыл

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау), «Қазсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша)

9.    

Осал топтарындағы азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлердің құрылыс сапасына тексеру жұмыстарын жүргізіп, заң аясында тиісті шаралар қабылдау

2026 жыл,

І-тоқсан

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі

 

 

Жамбыл облысы әкімі

аппаратының басшысы                                                                                                    Л.Ілебаев

Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
09 января 2026