БЕКІТЕМІНЖамбыл облысының әкімі ___________ Е.Қарашөкеев «____» _________ 2025 жыл
|
Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында
айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Құлан ауылындағы К.Бекебаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғыртудан өткізу үшін қаржыландыру мәселесін қарастыру |
2026 жыл |
Облыс әкімдігінің құрылыс, дене шынықтыру және спорт, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
|
2. |
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің 398 шақырымындағы (Көкдөнен ауылының айналма жолы) көпірдің бүлінген жерін қалпына келтіру үшін тиісті министрлікке ұсыныс енгізу |
2026 жыл, қаңтар айы (әрі қарай тұрақты бақылауға алу) |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
|
3. |
«Дулат баба» кесенесі аумағында орналасқан кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру мәселесін қарастыру |
2026 жыл |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
|
4. |
Аудандық орталық ауруханасын тіс дәрігері (ургентный) маманымен қамтамасыз ету |
2026 жыл, І-тоқсан |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
|
5. |
Жеке кәсіпкер «Cұлтанов Сәбит» тауық жұмыртқасын терең өңдеу (меланша өнімін өндіру) зауытын салу жобасын іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары аясында несие беру мәселесін қарастыру |
2026 жыл |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), «Тараз» ӘКК» АҚ (келісімі бойынша), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
|
6. |
Д.Қонаев есімін білім беру мекемелеріне, көше, парк, сквер немесе басқа да мекемелерге беру мәселесін қарастыру |
2026 жыл |
Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
|
7. |
Ауданда белсенді ұзақ өмір орталығын ашу мәселесін қарастыру |
2026 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
|
8. |
Жақсылық ауылы маңындағы өзеннен суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында науа (лоток) салу арқылы тау суын жеткізу мәселесін қарастыру |
2026 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау), «Қазсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша) |
|
9. |
Осал топтарындағы азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлердің құрылыс сапасына тексеру жұмыстарын жүргізіп, заң аясында тиісті шаралар қабылдау |
2026 жыл, І-тоқсан |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Жамбыл облысы әкімі
аппаратының басшысы Л.Ілебаев