БЕКІТЕМІН
Облыс әкімі
____________Е.Қарашөкеев
2025 жылғы «____»______
Облыс әкімінің Тараз қаласы тұрғындарымен
кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Әулиеата ауданы мен Жібек жолы ауданы аумағында тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, қоғамдық қолайлы орта қалыптастыруға, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға және инвестиция тартып, өндіріс қуатын арттыруға бағыталған кешенді шаралар қабылдасын. Сонымен қатар, тұрғындармен кері байланыс орнатуды күшейтсін. |
2026 жылғы 1-тоқсанның қорытындысымен облыс әкімінің төрағалығымен өтетін кеңесте есеп беру |
2026 жылдың 1-тоқсаны |
Әулиеата ауданының әкімі Б.Төреханов, Жібек жолы ауданының әкімі Қ.Аралбекова, Тараз қаласы әкімінің аппараты (жинақтау) |
|
2. |
Интернет-алаяқтықтың алдын алу, оны жою, жалпы қала бойынша құқық бұзушылық деңгейін азайту бағытында тиісті шараларды қабылдау |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
тұрақты |
Облыстық полиция департаментінің бастығы Қ.Сұлтанбаев, қалалық полиция басқармасының бастығы А.Мадимаров, (келісім бойынша) Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
|
3. |
А. Асқаров көшесіне қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін, жоспарға сәйкес аялдамаларды толық орнату |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков |
|
4. |
П.Нахимов көшесіне асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков |
|
5. |
«Кірпіш зауыты» алабы, Завод көшесінің 2-ші бұрылысына асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков |
|
6. |
Сыпатай батыр көшесі бойындағы әскери бөлім артындағы алқапты электр энергиясы және көше жарығымен қамтамасыз ету |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков |
|
7. |
«Қант зауыты» алқабындағы Сорокин көшесінің 2,3,4 бұрылыстарының тозығы жеткен ауыз су құбырларын ауыстыру |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков
|
|
8. |
Жамбыл даңғылы 9 «А» мекенжайында ойын алаңшасын салу |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Әулиеата ауданының әкімі Б.Төреханов |
|
9. |
№28 қоғамдық көліктің жүру кестесін қайта пысықтап, ретке келтіру |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылғы 1 ақпанға дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков
|
|
10. |
«Түрксіб» алабына балалар ойын алаңшасын салу |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков |
|
11. |
«Ұлы Дала» шағынауданы №28 үйді күтіп-ұстау мақсатында Басқарушы компаниялармен келісім-шарт жасауды қарастыру
|
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылғы 1 ақпанға дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков
|
|
12. |
№37 орта мектептің асханасы ғимаратының жағдайын зерделеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша нақты ұсыныс енгізу |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылғы 1 ақпанға дейін |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
|
13. |
№5 қалалық емханадағы жеделсатыны (лифт) іске қосу |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
|
14. |
М. Жүзбаев көшесінің тұйығына түнгі жарықтандыру жүргізу |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков |
|
15. |
«Дорожник», «Шайқорық» алабтарының электр энергиясы мәселесін шешу |
Облыс әкімі аппаратына есеп |
2026 жылдың соңына дейін |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков |
Облыс әкімі аппаратының басшысы Л. Ілебаев