Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-қазандағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2020 жылдың қаңтар-қазанында 408,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 101,6%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 2,8%-ға (46,9 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 7,8%-ға (56,7 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер - 16,0%-ға (3,9 млрд. тенге) өсуі байқалады. Өңдеу өнеркәсібі көлемі 300,7 млрд. тенгені құрады немесе 100,0% өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейінде.
2020 жылы 1050 жаңа жұмыс орындары құрылатын, инвестиция көлемі
14,8 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда («Элнур Адил Групп» ЖШС – ұн тарту өнімдерін шығару өндірісін ұйымдастыру, «ДжонБан МеталлПром» ЖШС – қорғасын және мырыш қождары қалдықтарын қайта өңдеу зауытының құрылысы, «Тараз Арматуралық зауыты» ЖШС - құрылыс арматурасының өндірісі, ЖК «Империя» - балмұздақ цехының құрылысы, «GRAND FOODS PREMIUM» ЖШС – жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу цехының құрылысы, «Байтұр 2050» ЖШС - сүт өнімдерін өндіру зауыты, «Әмір және Д» ЖШС – өндірістік мақсаттағы фармацевтикалық кешенін салу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың қаңтар-қазанында 332,6 млрд.теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 104,4%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі - 212,9 млрд. теңге (НКИ - 106,3%), мал шаруашылығы –
119,0 млрд. теңге (НКИ – 101,4%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2020 жылы 22,8 млрд. теңге субсидия қарастырылған (оның ішінде республикалық бюджеттен -
13,1млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 9,7млрд. теңге). 2020 жылдың 1 қарашасына жалпы 17,8 млрд. теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен - 10,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 7,8 млрд.теңге) игерілді.
2020 жылдың 7 қарашасына 359,3 мың га дәнді-масақты дақылдар жиналды немесе жиналған алқап – 100%, ондағы өнімділік 22,8 ц/га құрады, майлы дақылдар 56,5 мың га (100%, 7,9 ц/га), картоп дақылдар 11,2 мың га (100%, 272,1 ц/га).
Шаруашылықтың барлық санаттарында 97,8 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2019 жылдың қаңтар-қазанына 101,9%, сүт - 280,5 мың тонна (101,9%), жұмыртқа - 117,9 млн. дана (102,7%).
МІҚ саны 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға өсіп, 437,4 мың басты құрады, қой - 6,2%-ға (2957,7 мың бас), жылқы - 10,3%-ға (141,6 мың бас). Құс саны 2,2%-ға төмендеді және 1682,5 мың басты құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2020 жылдың 1 қарашаға 68,9 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 97,7%-ды құрады.
2020 жылдың қаңтар - маусымында шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 193,6 млрд. теңгені (109,2%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны - 124,7 мың адамды (100,1%) құрады.
Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі 80,7%-ды құрады.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы 118,0 млрд. теңгені құрайтын 2099 жоба қолдау тапты.
Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 95,8 млрд. теңгені құрайтын 1193 жоба (2020 ж. – 7,3 млрд. теңгеге 152 жоба).
«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 6,8 млрд. теңгені құрайтын 522 жоба жүзеге асырылуда (2020 ж. - 1620,4 млн. теңгеге 96 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 14,5 млрд.теңгеге 111 жоба іске асырылуда (2020 ж. - 2884,1 млн. теңгеге 14 жоба).
«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 671,9 млн. теңге сомасына 271 жоба қаржыландыруға мақұлданды (2020 ж. -171,0 млн. теңгеге 49 жоба).
ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 110,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың қаңтар – қыркүйекке 41,1%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 42,0 млн. АҚШ доллары (30,7%), импорт – 68,1 млн. АҚШ доллары (51,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 26,1 млн. АҚШ доллары.
2020 жылдың қаңтар-қазанында бөлшек сауда айналымының көлемі 252,8 млрд. теңгені құрап, 2019 жылдың қаңтар - қазанымен салыстырғанда 1,6%-ға төмендеді. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 204,0 млрд. теңге сомасында қалыптасып - 3,5%-ға төмендеді.
Көлік. 2020 жылдың қаңтар- қазанында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 7,1%-ға төмендеп, 75,0 млн.тоннаны құрады, жолаушылар тасымалдау - 54,2%-ға (394,5 млн. адам), жолаушылар айналымы - 50,8%-ға (3390,8 млн. жолаушы км). Жүк айналымының көлемі 2414,2 млн.тн км құрады немесе 100,0% өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейінде.
Негізгі капиталға инвестициялар 255,0 млрд. теңгені құрап 7,8% - ға өсті. Өсім Байзақ ауданындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желілерінің құрылысына, Т. Рысқұлов ауданындағы алма бақ құрылысына, сондай-ақ Қордай ауданындағы өткізу пунктін қайта жаңартуға инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 129,7 млрд. теңгені немесе
2019 жылдың сәйкес кезеңіне 139,5% құрады. Өсім Байзақ ауданындағы су қабылдау құрылыстары мен су құбыры желілерін, Меркі ауданындағы «Мерке» ГТС және газ бұру құбырын салу, Мойынқұм ауданындағы Меркі - Бурыбайтал автомобиль жол учаскесін реконструкциялау есебінен қамтамасыз етілді.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 460,3 мың шаршы метрді құрап, 2019 жылдың тиісті деңгейіне 107,0%-ды құрады.
2020 жылдың қазан айында инфляция деңгейі 5,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары - 8,1%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 4,4%-ға, ақылы қызметтер - 2,4%-ға көтерілді.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР – 5,5%).
2020 жылдың қазан айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың қыркүйек айына 100,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша - 100,5%, азық-түлік емес тауарлары бойынша - 100,4%, ақылы қызметтер - 100,4%.
Азық-түлік тауарлары бойынша 2020 жылдың қазан айында жұмыртқа бағалары 5,7%-ға, қант 5,4%-ға, шәй 3,5% - ға, май және тоң май - 2,6%-ға (оның ішінде күнбағыс майы - 6,0%-ға), балық және теңіз өнімдері 1,6%-ға, ұн, макарон бұйымдары - 1,2%-ға, сүт өнімдері - 0,7%-ға (оның ішінде айран - 2,3%, шикі сүт - 1,0%, сүзбе - 0,4%), ет - 0,6% (оның ішінде жылқы еті - 0,3%-ға), жармалар - 0,5%-ға (оның ішінде ұнтақ жармасы - 1,6%-ға, арпа-1,5%-ға, сұлу, тары 0,3%-ға),1 сұрыптан жасалған нан - 0,3%-ға, күріш 0,1%-ға көтерілді.
Сиыр, шошқа және қой ет бағалары тұрақты болып қалыптасты.
Бағалардың жеміс-жидектер - 3,7%-ға, көкөністер –0,2%-ға төмендегені байқалады.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында жеке пайдалану тауарларына - 1,5%, жуғыш және тазалағыш құралдары - 1,0%-ға, тұрмыстық заттар және тұрмыстық техника 0,7%-ға, киім мен аяқ киім - 0,6%-ға көтерілді. Фармацевтикалық өнімнің бағасы - 1,2% - ға, дизель отыны - 0,5% - ға төмендеді.
Ақылы қызметтер бойынша үстіміздегі жылдың қазан айында кәріз тарифтері - 16,2%-ға, электр энергиясы - 5%-ға өскен. Жолаушылар әуе көлігінде жүру ақысы - 1,2% - ға қымбаттады.
Салықтар мен бюджет. 2020 жылдың қаңтар-қазанында мемлекеттік бюджетке 83,3 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 112,8%, оның ішінде республикалық бюджетке - 24,4 млрд.теңге (болжамға 116,3%), жергілікті бюджетке - 58,9 млрд.теңге (болжамға 111,4%).
2020 жылғы 1 қарашаға берешек сомасы 2,4 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 92,9%-ды құрады.
2020 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар 407,8 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 68,6 млрд.теңгені құрады.
2020 жылғы қаңтар-қазан айларынының бюджет кірістері 324,5 млрд. теңгеге (жоспар 318,6 млрд. теңге) немесе 101,9%-ға қамтамасыз етілді.
Меншікті кірістер 58,9 млрд. теңгеге (жоспар 52,9 млрд.теңге) немесе 111,4%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 53,0 млрд. теңгеге (жоспар–49,1млрд.теңге) немесе 107,8%-ға, салықтық емес түсімдер
1,5 млрд. теңгеге (жоспар – 1,3 млрд.теңге) немесе 113,1%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4,4 млрд. теңгеге (жоспар 2,4 млрд.теңге) немесе 184,6%-ға орындалды.
Бюджеттік шығындар 358,9 млрд.теңгеге немесе 99,7%-ға игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2020 жылдың қаңтар-қазанында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде және жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 49352 адам қамтылды. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына - 20558 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1554 адам, жастар практикасымен - 2450 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 13171 адам қамтылды.
2020 жылдың қаңтар-қазанында жаңадан 30621 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 19132. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 47019 адамның 40194-і жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2020 жылдың 3 тоқсанына 150414 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 17,7%-ға, нақты - 10,1%-ға артты.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
2020 жылдың 2 тоқсанында 78222 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға, нақты - 4,8%-ға өсті.
2020 жылдың 1 қарашаға 81,0 мың тұрғынға 6239,1 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 6129,8 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 73,1 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 36,2 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 185,7 млрд. теңге қарастырылып, 2020 жылдың 1 қарашасына 151,1 млрд. теңге немесе есепті кезең жоспарының 99,9% игерілді.
Білім беру объектілерін дамытуға 2020 жылы бюджет есебінен 9,6 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен - 0,5 млрд. теңге (АЕБ), жергілікті бюджеттен - 5,1 млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» аясында - 4,0 млрд. теңге).
2020 жылы Жамбыл ауданы Түрксіб ауылындағы 300 орындық, Шу ауданы Бірлікүстем ауылындағы 300 орындық, Алға ауылындағы 300 орындық орта мектептердің құрылыстары, сонымен қатар Тараз қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа, Т.Рысқұлов ауданы Қазақ ауылындағы орта мектепке, Жуалы ауданы Қоңыртөбе ауылы Пахомов атындағы орта мектепке спорт залының, Тараз қаласындағы №1 орта мектепке 300 орындық, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы спорт залының, колледж асханасының жапсарлас құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2020 жылы Қордай ауданы Қалғұтты ауылындағы 180 орындық, Күнбатыс-2 ауылындағы 150 орындық, Масаншы ауылында 600 орындық, Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық, Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орындық мектептердің құрылыстары жалғасуда. Сонымен қатар, ескі ғимараттарын бұзып Тараз қаласындағы 600 оқушыға арналған №22, 600 оқушыға арналған №2, 180 оқушыға арналған №4 орта мектептердің құрылыстары жалғасуда.
Оның ішінде, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Жамбыл ауданы Аса ауылындағы өнер мектебін қайта жаңарту жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Байзақ ауданы Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне спорт залы, акт залы, асхана және үш оқу сыныптары ғимараттарының жапсарлас құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы саңырау және нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» мектеп-интернаты үшін 80 орындық оқу корпусының жапсарлас құрылысы, Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінің Жамбыл ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысы, Меркі ауданы Гранитогорск ауылында 120 орындық мектеп құрылысы жүргізулуде.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 6 оқушыны құрайды.
Облыстың 442 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйелеріне қосылды. 403 мектепте 2604 интерактивті тақталар орнатылды.
2020 жылдың 1 қарашасына облыстағы 547 мектепке дейінгі ұйымдарда (411 балабақша, 136 шағын орталықтар) 56 мың бала немесе 91,2% (1-6 жас) тәрбиеленуде, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен
5,2 пайыздық тармаққа өсті.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 1 қарашасына
15,5 млрд. теңге бөлініп, 12,1 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 11,5 млрд. теңге бөлінді және 6,0 млрд. теңге игерілді.
Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,3 млрд. теңге (оның ішінде РБ – 3,8 млрд. теңге, ЖБ - 0,5 млрд. теңге) көзделген.
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 төсек - орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.
Есепті кезеңде қант диабеті, қан айналымы жүйесінің аурулары, туберкулез, жаңадан пайда болған қатерлі ісіктер, наркологиялық аурушаңдығы және сифилис ауруларының деңгейі төмендеді. Алайда, психикалық бұзылу ауруларының өсуі байқалады. Ана өлімінің 7 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 5 (оның ішінде 3 – COVID диагнозымен), Байзақ ауданында – 1, Шу ауданында - 1.