Бекітемін
Жамбыл облысының әкімі
_______________Е.Қарашөкеев
«__» желтоқсан 2025 жыл
Облыс әкімінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген
сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
Аудандық орталық аурухананы реконструкциялау және жапсаржай салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу
|
2026 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)
|
|
2 |
Аудандық ауруханада орналасқан жеделсатының (лифт) техникалық жай-күйін тексеріп, 2026 жылдың наурыз айына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
2026 жыл 1 наурыз |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
|
3 |
Бесағаш ауылынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін «Қазақ ғылыми егіншілік шаруашылығы» ЖШС-нің 28 гектар жер телімі бойынша тиісті жұмыстар жүргізу
|
2026 жыл 1 маусым |
Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
|
4 |
«QazGazAymaq» АҚ-ның Жамбыл аудандық филиалы басшысының аудан тұрғындарымен кездесуін, газ тұтыну есептегіштеріне (счетчик) қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру
|
2026 жыл |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
|
5 |
Жамбыл ауданындағы елді мекендерде және Аса ауылында мобильді интернет мәселесін шешу. 2026 жылдың қаңтар айында тұрғындармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
2026 жылдың қаңтар айы |
Облыс әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
|
6 |
Ауданда тұрақты жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында инвестиция тарту жұмыстарын жандандырып, өндірістік және сервистік бағыттағы жаңа кәсіпорындарды ашу
|
тұрақты |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
|
7 |
Аса ауылында орналасқан «Амангелді ГӨЗ» ЖШС мұнай өңдеу зауытынан шығатын жағымсыз иісті болдырмау мақсатында экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес нақты шаралар қабылдау
|
тұрақты |
Жамбыл облысы бойынша экология департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-і, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)
|
|
8 |
Гродиково ауылдық округінің Қызылдихан елді мекенінде орта мектеп салу бойынша бюджеттік өтінім ұсыну
|
2026 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің құрылыс, білім басқармалары, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)
|
Облыс әкімі аппаратының басшысы Л. Ілебаев