Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 ақпанға ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

  Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 8 ақпанға ауылдық округтер әкімдері

сайлауын тағайындау туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2026 жылғы 8 ақпанға Меркі ауданының Сарымолдаев ауылдық округі және Мойынқұм  ауданының Шығанақ ауылдық округі әкімдері сайлауы тағайындалды.

2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдері сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/76075?lang=kk&parentId=9110

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
31 декабря 2025