Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 30 қарашада Жамбыл облысында өткен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 30 қарашада Жамбыл облысында өткен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

Хабарламасы

2025 жылғы 30 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас және Қарасай ауылдық округітері әкімі сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 Қақапатас ауылдық  округі бойынша:

 Сайлаушылар тізіміне 1949 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1377 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Рахимбаев Галымжан Серикбаевич үшін сайлаушылардың - 96 дауысы берілді,

Рахымжан Шеризат Сапарбайұлы үшін сайлаушылардың - 73 дауысы берілді,

Сейдуалы Ғалымжан Жұмабайұлы үшін сайлаушылардың - 1182 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 15.

Сайлау қорытындыларымен: Қақпатас ауылдық округінің әкімі болып Сейдуалы Ғалымжан Жұмабайұлы сайланды. 1978 жылы туған, Сарыбұлақ  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны.

 

 Қарасай ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2027 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 861 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 1, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 34 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Қарасай ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Алтымбеков Максат Бакытбекович үшін сайлаушылардың - 628 дауысы берілді,

Нургалиев Куанышбек Абдикадырович үшін сайлаушылардың - 46 дауысы берілді,

Нұрқияс Айдана Досымханқызы үшін сайлаушылардың - 39 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 109.

Сайлау қорытындыларымен: Қарасай ауылдық округінің әкімі болып Алтымбеков Максат Бакытбекович сайланды. 1984 жылы туған, Молдасейіт атындағы №2 балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубының басшысы, Жамбыл облысы Қордай ауданы Еңбек ауылының тұрғыны.

 Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

 https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/documents/details/930396?lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
01 декабря 2025