Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың I жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың I жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспарын бекіту туралы

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және  «Қазақстан Республикасындағы    тіл    туралы»    Қазақстан    Республикасы    Заңының  25-6-бабының  2-тармағына  сәйкес:  

  1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың I жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жоспарды Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Басқарма бекітілген Жоспарға сәйкес мерзімді тексеруді жүргізуді және осы өкімнен туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің орынбасары С. Сәлемовке жүктелсін.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

Жамбыл облысы әкімінің

2025 жылғы « ____» қарашадағы

№_____ өкіміне қосымша

                                                                                                                                                                                                                                                                                           

 

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша

2026 жылдың І жартыжылдығына Жамбыл облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспары

 

№ р/с

Мемлекеттік органның атауы

Тексерілетін субъектінің атауы

Тексерілетін субъектінің (объектінің) орналасқан жері

Тексеру жүргізу мерзімдері

1

2

3

4

5

1.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Қордай ауданы, Степной ауылы, Тамаша көшесі, 25

2026 жылдың

І жартыжылдығы

2.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылы, Сарыарқа көшесі, 14

2026 жылдың

І жартыжылдығы

3.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Талас ауданы Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 2

2026 жылдың

І жартыжылдығы

4.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

«Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Шу ауданы, Төле би  ауылы, Төле би көшесі, 266

 

2026 жылдың

І жартыжылдығы

5.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Шу ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Шу ауданы, Төле би  ауылы, Егемберді көшесі,

2 «а»

 

2026 жылдың

І жартыжылдығы

6.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Байзақ ауданы, Сарыкемер  ауылы, Р.Медеулов көшесі, 33

2026 жылдың

І жартыжылдығы

7.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Байзақ ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Байзақ ауданы, Сарыкемер  ауылы, Қонаев көшесі, 117

 

2026 жылдың

І жартыжылдығы

8.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Мойынқұм ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм  ауылы, Б.Омаров көшесі, 71

 

2026 жылдың

І жартыжылдығы

9.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Жамбыл облысы,  

Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 57 «Б»

 

2026 жылдың

І жартыжылдығы

 

Ескерту:  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  25-6-бабының 10-тармағына  сәйкес тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасайды. Тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық нысандағы бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін тексерілетін субъектіге (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органда немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында қалады.

Дата публикации
27 ноября 2025