Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 16 қарашада өткен Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
Хабарламасы
2025 жылғы 16 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауданының Жамбыл ауылдық округ, Сарысу ауданының Тоғызкент ауылдық округі және Талас ауданының Қаратау қаласы әкімі сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Меркі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:
Жамбыл ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 6700 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 4211 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 35 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Әбу Дарын Тұрабекұлы үшін сайлаушылардың 341 дауысы берілді,
Досеке Тұрар Тұрсыналыұлы үшін сайлаушылардың 3403 дауысы берілді
Таттыбеков Ақәділ Наурызбайұлы үшін сайлаушылардың 427 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11.
Сайлау қорытындыларымен: Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Тұрар Тұрсыналыұлы Досеке сайланды. 1989 жылы туылған, Меркі ауданы мәслихат аппаратының басшысы, Жамбыл облысы Меркі ауданы Жеміс жидек ауылының тұрғыны.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/documents/details/923857?lang=kk
Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:
Тоғызкент ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 888 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 581 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 28 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жуматаев Усен Жусипбекулы үшін сайлаушылардың 56 дауысы берілді.
Жұмабай Жандос Жамаубайұлы үшін сайлаушылардың 423 дауысы берілді.
Исаев Руслан Базаралиевич үшін сайлаушылардың 83 дауысы берілді.
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 5.
Сайлау қорытындыларымен: Тоғызкент ауылдық округінің әкімі болып Жұмабай Жандос Жамаубайұлы сайланды. 1994 жылы туған, Сарысу ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ұ.Сыздықбаев ауылының тұрғыны.
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/documents/details/923874
Талас ауданы Қаратау қаласы әкімі сайлауы бойынша:
Қаратау қаласы бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 16525 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 9697 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 119 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Қаратау қаласы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Баймбетов Дархан Тобашович үшін сайлаушылардың 7386 дауысы берілді,
Оразымбетов Жаркынбек Усенгалиевич үшін сайлаушылардың 1363 дауысы берілді.
Өксікбай Ақниет Жомартұлы үшін сайлаушылардың 833 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 52.
Сайлау қорытындыларымен: Қаратау қаласы әкімі болып Баймбетов Дархан Тобашович сайланды. 1979 жылы туған, Қаратау қаласының әкімі, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/article/details/218077?lang=kk
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы