ПРЕСС-ЛИСТ Жамбылской областной территориальной избирательной комиссии

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

2020 жылдың 19 қараша күні Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы Жуалы ауданының №207 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2021 жылдың 10 қантарына тағайындалған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері және сайлау процесінің ерекшеліктері туралы ақпараттармен бөлісті.

  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/199 қаулысымен бекітілген «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі» нұсқаулыққа сәйкес дауыс беру рәсімі үшін сайлау учаскесін жарақтандыру,  мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайлар жасау және комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды Нұрлыкент ауылдық әкімдігімен бірлесе отырып атқаруды тапсырды.

Сонымен қатар, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезінде CОVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып комиссия мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесіне аса назар аударуды тапсырды.

ПРЕСС-ЛИСТ Жамбылской областной территориальной избирательной комиссии
Дата публикации
20 ноября 2020