Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
2020 жылдың 18 қараша күні Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандық (қалалық) әкімі аппараттарының бас-есепшілері және аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының хатшыларымен семинар-кеңес өтті.
Семинар кеңестің күн тәртібінде 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізуге Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.
Семинар-кеңесті Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, Әкімдіктердің бас-есепшілеріне сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбек ақысы, мемлекеттік міндетті төлемдер, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналар, әлеуметтік төлемдер, міндетті медициналық әлеуметтік төлемдердің дұрыс жүргізілуіне аса назар аударуды, сонымен қатар сайлау науқанына бөлінген бюджет қаражатына қатысты іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.