Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
2020 жылдың 17 қараша күні Жамбыл облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 10 қантарына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов, комисся мүшесі Т.Жамалов, 3-ші басқарма басшысы Д.Көбеев, облыс прокуратурасының жұмыс тобының мүшелері, қала/аудан прокурорлары және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.
Семинар-кеңесте Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов алдағы сайлау науқанына дайындық бойынша баяндама оқыды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Барлық қала/аудан прокурорларына хаттамалық тапсырмалар берілді.