Облыс әкімінің 2025 жылы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Облыс әкімінің 2025 жылы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.

Ауданда қыс мезгілінің ерекше
(жиі жауын-шашынды, аязды) өтетінін ескеріп, қар тазалайтын арнайы техника алу бойынша тиісті шараларды қабылдау

2025 жылғы

4 тоқсан

Жуалы ауданындағы  автомобиль жолдарын қысқы күтіп баптау мақсатында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 3 дана техникаға сұраныс берілді.  Бүгінгі күнге сұраныс нақтылануда.

2.

Шу ауданында іске қосылатын тері өңдеу цехына Жуалы ауданынан мал терісін өткізу мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізу

 

2026 жылғы

2 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Алдағы уақытта Шу ауданында тері өңдейтін цехтің ашылатынын ескере отырып, аудандағы мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3.

Темір жол өткелінің (тесік көпір) құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтау үшін қажетті қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз ету  

2026 жылғы

2 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Аталған жоба бойынша ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге мердігер анықталып, тиісті жұмыстар басталды. Жұмыстар 2026 жылға өтпелі.  

 

4.

Облыстық мәндегі Бауыржан Момышұлы - Қошқарата бағытындағы автожолды қыс мезгілінде қар басып қалу салдарын азайту үшін қар ұстайтын кедергілер қою мәселесін қарастыру

2025 жылғы

4 тоқсан

Аудан аумағында орналасқан облыстық мәндегі Б.Момышұлы-Қошқарата-Қызтоған бағытындағы автомобиль жолындағы Ақтасты және Қызтоған ауылдарының аралығына қар тосқауылын орнату мақсатында тиісті жер теліміне  мемлекеттік  жер таңдау актілері (гос акт) әзірленіп, тіркеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге аталған жолдың теңгерім иесі облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қар тосқауылын орнатуы бойынша сұраныс хат жолданды.

 

5.

«Боралдай» көмір кен орнын облыстық жобалар тизеріне енгізіп, инвестор табу мәселесін қарастыру

2026 жылғы

1 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі, Көлтоған ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан. Көмір шығару кен орыны 1962 жылға дейін жұмыс істеген. Бүгінгі күнге, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және  «Zhambyl Invest» ЖШС мен аталған кен орынына әлеуетті инвестор іздестірілуде. Одан бөлек Жуалы ауданында 2025 жылы инвестиция бағытындағы жұмысты дамыту жөніндегі Жол картасына енгізілді.

6.

Бауыржан Момышұлының ескерткішін Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойына көшіру

2025 жылғы

4 тоқсан

Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойына Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті орнату мәселесі облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібіне енгізіліп қаралды, комиссияның оң шешімімен тарихи – мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның 2025 жылға арналған монументтік өнер нысандарын орнату жоспарына енгізу ұсынылды.

7.

Рысбек батыр ауылында
100 орындық мектеп құрылысын бастау үшін тиісті шаралар қабылдау

2025 жылғы

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Рысбек батыр ауылында 100 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес бұл жобаның құрылысы 2026 жылға жоспарланған. Келесі нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілетін болады.

 

Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

 Жауапты орындаушылар

ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

1.            

Билікөл ауылдық округінде орналасқан 4 елді мекенді (Қарабастау, Дарбаза, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу

 

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Билікөл ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенге (Қарабастау, Дарбаза, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ) магистралды газ тарту және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы жұмыстары толығымен жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған елді мекендердің  тұрғын үйлеріне газ құбыры және есептегіштер орнатылуда.

 

2.            

Б.Момышұлы ауылындағы «Тесік көпір» аталып кеткен өткелдің жанынан екі жолақты жол салуды қарастыру

2024 жылдың

қыркүйек айы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Аталған жоба бойынша ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге мердігер анықталып, тиісті жұмыстар басталды. Жұмыстар 2026 жылға өтпелі.  

 

3.            

Ауданда құрылысы ұзаққа созылған Қайрат ауылындағы мәдениет үйі және Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені құрылыстарының сапалы аяқталуын бақылауға алып, өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған мердігерлерге заң аясында тиісті шаралар қабылдау

2024 жылдың

тамыз айы

Облыс әкімдігінің құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені мен Қайрат ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

 

 

4.            

«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағытын кеңінен насихаттау жұмыстары ұйымдастырылсын

 

Тұрақты

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша),

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Жуалы ауданында «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша тиісті насихаттау жұмыстары ұйымдастырылып, бүгінгі күнге 575,5 млн. теңгеге 79 жоба жоспарланып, оның «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан
66 кәсіпкерге 531,9 млн. теңге несие беріліп,
20 кәсіпкердің 241,8 млн. теңгені құрайтын құжаттары оң қорытынды алды.

5.            

Кадр мәселесін шешу мақсатында ауданға келіп жатқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету

Тұрақты

Жуалы ауданының әкімі

Жыл басынан бері 60 маманға аудандық бюджеттен 22,1 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы ретінде төленді (әр маманға
369 200 теңге)
. Аталған жұмыстар жалғасуда.

6.            

Спорт нысандары жоқ елді мекендерде білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануына беруді ұйымдастыру

2024 жылдың

15 ақпанына

дейін

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Білім мекемелерінің спорт залдарында кешкі мезгілде аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін, білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары және аудан әкімдігі арасында 3 жақты келісім жасақталып, тиісті кестелері әзірленді.

 

7.            

Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін реконструкциялау жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру

 

2024 жылдың

қазан айы

Жуалы ауданының әкімі

Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында бүгінгі күнге  жұмыстар
толығымен аяқталған. Нысан ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

8.            

Ауданда қыс мезгілінің қатаңдығын ескеріп, шынжырлы трактор (гусеничный) алу бойынша тиісті жұмыстар атқару

2024 жылдың

қазан айы

Жуалы ауданының әкімі

2024 жылы облыстық бюджеттен 1 дана
«КО-823» құрама жол машинасы сатып алынған.

9.            

«Билікөл» көлінің суының азаюына байланысты тиісті ғылыми мекемелерді тарта отырып, экологиялық апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы,

Жамбыл облысы бойынша экология департаменті (келісімі бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

2025 жылғы қыркүйек айында Ядролық физика институты тарапынан зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті шығындардың есебі ұсынылды. Есепке сәйкес, ағынды суларды радиациялық әдіспен тазарту технологияларын зерттеу және пысықтау үшін қажетті қаржы көлемі нақтыланды.

2026 жылға арналған тиісті бюджеттік бағдарламаларға ұсынылды.

 

10.         

«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолды асфальттау бойынша ұсыныс енгізу

2024 жылдың

1 наурызына

дейін

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі  (жинақтау)

«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолға асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.

 

11.         

Облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы 45-60 шақырым жол аралығын жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

2024 жылдың

наурыз айы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

Бүгінгі күнге облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы  автомобиль жолының (45-60 шақырымы) жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

 

 

12.         

Ауданда өндірістік кәсіпорындар ашу бойынша тиісті жұмыстар атқару

Тұрақты

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

Ауданда 9 сүт өңдеу цехы, 1 сухари, 1 мақсары майын өңдеуші кәсіпорындар тұрақты жұмыс жасауда. Биыл минералды сусындар шығаратын «Ақсай Жуалы» өндірісі, «МолДаму» сүт өңдеу цехы іске қосылса,
«ALI-KО SUT 2023» сүт өңдеу цехы кеңейту жұмыстарын жүргізді.

Аталған жұмыстар жалғасуда.

13.         

Рысбек батыр ауылынан 100 орындық мектеп құрылысын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

2024 жылдың

маусым айы

Облыс әкімдігінің білім, құрылыс, басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Рысбек батыр ауылында
100 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес бұл жобаның құрылысы 2026 жылға жоспарланған. Келесі нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілетін болады.

 

Дата публикации
06 ноября 2025