Облыс әкімінің 2023 жылы Т.Рысқұлов ауданынының тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша

 Облыс әкімінің 2023 жылы Т.Рысқұлов ауданынының тұрғындарымен кездесулерінде

берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша

 АҚПАРАТ

 

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

 

Орындалуы туралы мәлімет

Облыс әкімінің Құлан және Жаңатұрмыс ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

1.

Аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету орталығы ғимаратының жалпы алаңының жетіспеушілігіне байланысты, басқа ғимаратқа ауыстыру немесе жаңа ғимарат салу арқылы шешуді қарастыру

 

2024 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

          «Психологиялық-педагогикалық түзету» кабинеті  «Балдырған» бөбекжай бақшасымен бір ғимаратта орналасқан болатын. Бүгінгі күнге жалпы 147 бала түзету–дамыту кабинетіне қатынауда.

Ағымдағы жылы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ғимаратынан қосымша 4 кабинет қарастырылды.

Аталған кабинетте педагог-логопед, педагог-психолог,  педагог-дефектолог түзету–дамыту жұмыстарын жүргізуде.

 

2.

Шөңгер ауылының ағын және ауыз су мәселесін шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

2024 жылғы
ІІ тоқсан

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

       Шөңгер ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға қаржы 518,09 млн.теңге  бөлініп, мердігер «ТемірСтрой и Ко» ЖШС жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылға өтпелі, бүгінге 90% жұмыстар аяқталған, тек абаттандыру жұмыстары қалып отыр.

 

3

«Батыс - Қытай, Батыс - Еуропа» автодәлізінің бойында орналасқан елді мекендерге көлік жылдамдығын өлшеу құралдарын орнату

 

2024 жылғы
ІІ тоқсан

Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің бойында орналасқан елді мекендерге көлік жылдамдығын өлшеу құралдарын орнату бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалына, облыстық ЖК және АЖ басқармасына және облыстық ПД-не хат жолданды.

 

4

Ақыртөбе ауылы маңындағы таудан, құмнан келетін автожолдарға бейне бақылау камераларын орнату бойынша ұсыныс енгізу

 

2023 жылғы
30 қараша

Облыстық Полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

 

Т.Рысқұлов ауданы аумағында бейне бақылау камераларын орнату бойынша зерделеу жұмыстары нәтижесінде Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1233 қаулысы) 14.2 тармағына сәйкес елді мекендерді "Бейнебақылаумен толық қамту" (100 адамға 15 бірлік камера есебінен) бойынша 2024 жылға аудандық полиция бөлімінің ұсынысына сәйкес 20 жерге орнату жоспарланған.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Ақыртөбе ауылы маңындағы таудан және құмнан келетін автожолдарға бейнебақылау камерасын орнату бойынша ұсыныс берілді.     

 

5

Жаңатұрмыс ауылына таудан келетін ағын су мәселесін шешу жолдары қарастыру

2024 жылғы
ІІ тоқсан

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Жаңатұрмыс ауылына қарасты бетон каналы ККПТ 3,3 км толығымен КазСуШар мекемесінің балансында. Жаңатұрмыс ауылына таудан келетін ағын су мәселесі шешілген. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалық иелерінен ешқандай шағым жоқ.

 

6

Жаңатұрмыс ауылындағы бірқатар нысандарға (саябаққа, мәдениет үйіне және т.б.) атау беру мәселесін қарастыру

2024 жыл

Облыс әкімдігінің мәдениет және құжаттама басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Жаңатұрмыс ауылындағы бірқатар нысандарға атау беру мәселесі бойынша кезектен тыс аудандық жұмысшы тобының №3 отырысы 11.10.2023 жылы ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолданыстағы «Тарихи тұлғалар», «Жер су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінің қайта қарастырылуына байланысты, қайта атау беру жұмыстары республика тарапынан уақытша тоқтатылған.

 

7

Ауданға ірі инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізсін (жаңа жұмыс орындарын ашу)

 

тұрақты

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,0 млрд. теңгені құрап, 143,1%-ға орындалды (2023 ж.  6,3 млрд.теңге).

Жеке секторға тартылған инвестиция көлемі – 4,6 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылып, оларда 152 адам жұмыспен қамтылса, жыл басынан 1,8 млрд. теңгеге 40 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

1.     ЖК «Мустафа» қоғамдық монша құрылысы, жоба құны – 350,0 млн.теңге (жұмыспен қамтылғандар – 16 адам);

2.     «Мега Арзан» сауда орталығы жобалары. Құны 625,0 млн. теңге (жұмыспен қамтылатындар – 22 адам);

3.     ЖК «Елубаев Д.» 3 қабатты әмбебап «Ален» сауда үйінің құрылысы. Жоба құны – 728,290 млн.тг құрайды (жұмыспен қамтылғандар – 20 адам);

4.     ЖК «Tomy» көпбейінді «T.AIYA» сұлулық салонының құрылысы, жоба құны – 342,4 млн. теңге (жұмыспен қамтылғандар – 8 адам);

5.     «Golden Compass Capital» АҚ тау-кен өндірісіне арналған 2 дана буындалған және "шарнирлі самосвал. Жоба құны – 121,0 млн теңге (жұмыспен қамтылғандар – 18 адам);1 –кезең Модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, 2 - кезеңде статистикалық  есепке  алынады

6.     ЖК «Тушмаев» мейрамхана құрылысы, жоба құны –  458 млн.теңге, (жұмыспен қамтылатындар – 18 адам);

7.     Ақтоған» ШҚ-ның 300 басқа мал бордақылау алаңы, жалпы құны 450 млн. теңге құрайды (жұмыспен қамтылатындар  8 адам);

8.     ЖК «Абдыкадырова» әлеуметтік дүкен құрылысы, жоба құны – 121,0 млн. теңге (жұмыспен қамтылғандар – 12 адам);

9.     ЖК «Софи» «Qazaq oil» жанармай құю станциясы. Жоба құны – 550,0 млн. теңге (жұмыспен қамтылғандар – 8 адам);

10.       ЖК «Ихласова О.» 300 орындық мейрамхана. Жоба құны – 350,0 млн. теңге (жұмыспен қамтылғандар – 18 адам);

11.       ЖК «Бекназарова А.» Супермаркет. Жоба құны – 290,0 млн. теңге (жұмыспен қамтылғандар – 8 адам);

12.        Жекеменшік «Құмарық бөбекжайы». Жоба құны – 245,0 млн. теңге (жұмыспен қамтылғандар – 8 адам).

 

Одан бөлек, жыл соңына дейін қосымша жалпы құны – 16,2 млрд теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланып (жұмыспен қамтылатындар – 428 адам) отыр.

«Gakku Qus» ЖШС, инкубациялық жұмыртқа бағытындағы  құс фабрикасы және «Құрама жем зауытының құрылысы» 4,5 млрд.теңге;

«Жаңбырлатып суару машиналарын құрастыру және жасау цехы», (iPivot, Турция)-1 млрд.теңге;

ЖК «Мухиев», «Кірпіш зауытының құрылысы» - 4,2 млрд.теңге;

ЖК «Ағәділ», «Жеңіл автокөліктерге арналған тіркеме (прицеп) шығару цехы» - 300 млн.теңге;

МузТау» ЖШС-нің «Тоңазытқыш өндіру цехы»-300 млн.теңге;

«МузТау» ЖШС-гі аудандамызда мобильді бетон зауытының құрылысы-
100 млн.теңге;

«Хамза» ШҚ МТФ – «сүт  товарлы фермасын ашу, сүт өнімдерін өңдеу, мал сою алаңын салу»     - 2,0 млрд.теңге;

5000 бас бие (жылқы) малын сауып, сүтінен ұнтақ саумал алу техногиясы – 1,5 млрд.теңге;

«Бай Алғабас» ШҚ – «Мал бордақылау алаңы»-200 млн.теңге;

«Сарым» ШҚ –«Тау бөктеріндегі туризм бағытындағы демалыс орыны» -
165 млн.теңге;

«Шалқар ШҚ» - «1500 бас мал бордақылау алаңы»   - 680 млн.теңге;

«ERA GROUP» Кешенді отбасылық мейрамхана және тойхана –
500 млн.теңге;

Балық шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда «NOMAD AQUA INVEST» ЖШС құрама жем шығару зауыты- 700 млн.теңге.

 

8

Суармалы жерлерді тиімді пайдалануды қолға алу

 

тұрақты

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

         Суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 2024 жылы ауданда  4 ұңғыма (2023 жылы 7 ұнғыма қазылды, 300 га қамтылды) қазылып, қосымша 250 га (жалпы 2876 га жетіп отыр) жер суармалы алқапқа айналды.

         2025 жылға бірқатар шаруашылықтар (Шалқар, Қайқы, Мақсат және т.б.) бұл жұмыстарды жандандыруды жоспарлап отыр.

        Су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында 2024  жылы 3253 га алқап суарылды, (оның ішінде 2028 га алқап жаңбырлатып, 1225 га тамшылатып).                   Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

         Сонымен қатар, АШТӨ-не су үнемдеу технологиясын енгізгенде заңға сәйкес төленетін субсидиялар мен жеңілдіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

        Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы 4 су қойманың жобасын  дайындау үшін «Жалын» ЖШС-мен келісім шартқа қол қойылып, жұмыстар аяқталып, мемлекеттік сараптама қарауына жолданып, қаралуда (жалпы құны 58,3 млн теңге, 1 жобаның құны 14,5 млн теңге).

Дайындалған жобалар:

 1. Құлан ауылдық округіне қарасты «Сұлутөр жер қоры» жерінен;

 2. Тереңөзек ауылдық округіне қарасты «Бекболат жер қоры»;

 3. Көкдөнен ауылдық округіне қарасты «Ақжол жер қоры»;

 4. Өрнек ауылдық округіне қарасты «Алғабас жер қоры»;

Қарақыстақ ауылы округі «Қарақыстақ су қоймасы» жобалық сметалық құжаттамасын дайындау үшін 16,2 млн.теңге бөлініп, жеңімпаз «Азия Тур Проек» ЖШС-і анықталып, келісім шартқа қол қойылды.

 

9

Әр ауылдық округ әкімдері жаңа өңдірістерді ашу, кіші және орта бизнесті дамыту бағытында жұмыстарды жүргізу

 

тұрақты

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Өткен жылы ауылдық округтерде 1,2 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылып, нәтижесінде 107 жұмыс орны ашылды.

Атап айтқанда:

Құлан ауылдық округі бойынша

- Дүкен құрылысы 245 млн. тг. 13 жұмыс орны, 2 уақытша.

- Ойынсауық орталығы 250 млн. тг. 12 жұмыс орны, 2 уақытша.

Луговой ауылдық округі бойынша

-  Халыққа қызмет көрсету кешені 25 млн.тг. жұмыс орны 3

-Құм блоктармен өрнектас өндеу 280 млн. тг. 20 жұмыс орны

Ақниет ауылдық округі бойынша

-Асхана жоба құны 15 млн. теңге 2 жұмыс орны.

Ақбұлақ ауылдық округі бойынша

- Техникалық жөндеу орталығы (СТО) 2 млн. тг. 2 жұмыс орны.

- Миниралды су құю зауыты 200 млн. тг., 15 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Абай ауылдық округі бойынша

-Кірпіш өндіру цехі 20 млн. тг. 6 жұмыс орны

- Техникалық жөндеу орталығы (СТО) 10 млн.тг  6 жұмыс орны.

- Макорон цехы 50 млн. тг. 3 жұмыс орны.

Қайыңды ауылдық округі бойынша

- Техникалық жөндеу орталығы (СТО) 10 млн. тг.3 жұмыс орны

Көгершін ауылдық округі бойынша

- Техникалық жөндеу орталығы (СТО) 2 млн. тг. 2 жұмыс орны

- Шаштараз 1,2 млн. тг. 1 жұмыс орны

Өрнек ауылдық округі бойынша

- Тұшпара(пельмен) өңдеу цехы және нан өнімдер 12 млн. тг. 3 жұмыс орны.

- Тау-Кымыз емдеу орталығына (Спорт залы) 30 млн. тг. 2 жұмыс орны.

Құмарық ауылдық округі бойынша

- Көлік жуу 20,3 млн.тг. 2 жұмыс орны.

- Жихаз цехы 5,8 млн.тг. 1 жұмыс орны.

Қарақыстақ ауылдық округі бойынша

-Тігін цехі 0,3 млн. тг 2 жұмыс орны

Тереңөзек ауылдық округі бойынша

- Автожол қызметі "Кемпинг" 8 млн. тг. 2 жұмыс орны

Ақыртөбе ауылдық округі бойынша

«Көліу жуу орталығы» 5 млн. тг. 2  жұмыс орны.

- Дәмхана құрылысы 30 млн. тг. 2 жұмыс орны.

Қорағаты ауылдық округі бойынша

- Шаштараз 1,2 млн. тг. 1 жұмыс орны тұрақты.

 

10

Т.Рысқұлов ауданына бөлінетін қайтарымсыз грант санын ұлғайту бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу

2023 жылғы

30 қараша

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

 

Ауданға бөлінетін қайтарымсыз грант санын ұлғайту бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылға 80 адамға (2024 ж 70 адам алды) қаржы бөлінді. Қосымша 30 адамға қаржы бөлу жөнінде хат жолданды қайтарымсыз

 

11

Құлан ауылын 2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасына енгізу бойынша ұсыныс енгізу

 

2023 жылғы

30 қараша

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс беріліп, 2024 жылы жалпы аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасының 5 бағыты енгізліп, жалпы 1,3 млрд.теңгеге 133 жоба анықталды.

           

12

Құлан ауылы орталығындағы саябақты абаттандыру мәселесін қарастыру

 

2024 жылғы
ІІ тоқсан

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Құлан ауылы орталығындағы саябақты абаттандыру бойынша демеушілер тарапынан 13,5 млн теңгеге

- 11,0 млн.теңгеге жаяу жүргіншілер жолы;

- 1,0 млн.теңгеге арка;

- 1,0 млн.теңгеге стрит воркаут;

- 500 мың теңгеге 5 дана орындық (скамейка) орнатылды.

Аудандық бюджеттен 9,3 млн теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

- 2,0 млн.теңгеге «Белгісіз сарбаз» монументі қайта жаңғыртылды;

- 4,5 млн.теңгеге саябақтың кіре-берісіне арка;

- 1,8 млн.теңгеге жаяу жүргіншілер жолы;

- 1,0 млн.теңгеге қоршау жұмыстары жүргізілді.

                                                 

13

«Дулат баба» кесенесінің аумағын абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру

 

2024 жылғы
ІІ тоқсан

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

«Дулат Баба» кесенесінің аумағын абаттандыру бойынша 2,2 млн теңге қаражат бөлініп, электр шамдары жаңартылды қосымша шамдар мен түрлі түсті жарық түсіргіш шамдар, 3 дана орындықтар,               3 дана қоқыс салатын урнолар орнатылды. Кесененің бүлінген жерлері қалпына келтіріліп, ақтау-сырлау жұмыстары жүргізілді.

 

14

Құлан ауылындағы мал базарға баратын жолдың жарықтандыру мәселесін қарастыру (Қарақат ауылының бұрылысынан мал базарға дейін)

 

2023 жылдың соңына дейін

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Құлан ауылдық округі Қарақат ауылының бұрылысынан мал базарға дейін жол бойына 5,5 млн теңгеге жарық орнатылды.

 

15

Ауыл шаруашылығы бағытындағы субсидияларды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету

 

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Субсидия алу үшін әр шаруа қожалық «ГосАгро» порталы арқылы жеке кілттерімен кіріп, өтінім беруде.

Субсидия бюджеттен бөлінген жоспарға сәйкес уақытылы төленуде. Осы бойынша АШТӨ-не түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

16

Ақыртөбе ауылы маңындағы «Топ ағашқа» баратын жолға шағал тас төсеу мәселесін қарастыру (3 шақырым)

 

2024 жылы

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Т.Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан «Топағаш» деп аталатын, шипа іздеген адамдардың зиярат жасап келетін орнына 3 шақырымдық жол салу мәселесі бойынша облыс әкімдігінің ЖК және АЖ басқармасымен бірлесе зерделеу жүргізілді.    

Аумағы 1,5 га жерді құрайтын «Топағаш» шырақшы болып отырған Ғ.Ұзақбаевтың меншігінде екені анықталды.

Сондықтан, ол жерге қандайда болмасын инфрақұрылымын жүргізуге, жол салуға (облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарына жатпайтындықтан) бюджеттен қаржы қарастыру мүмкіндігі жоқ.

 

17

Тараз қаласы мен барлық аудандарда жеке және заңды тұлғаларға мемлекет тарапынан берілетін барлық көмек түрлері бойынша ақпараттандыру үшін бір типті жадынама әзірлеп, тиісті орындарға орналастыру (қайтарымсыз грант, атаулы әлеуметтік көмек, жеңілдетілген несие, ауыл шаруашылығы техникаларын алу және т.б.)

 

тұрақты

Облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ішкі саясат басқармасы

Биылғы жылы аудандық мансап орталығының әлеуметтік желісіне аудан  тұрғындары үшін арнайы 10 хабарландыру, қайтарымсыз мемлекеттік грант иегерлері бойынша 3 бейнеролик, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша 19 түсіндірме посттар, 3 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

 

 

18

Аудан тұрғындарын кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін зерделеп, аталған бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстау

 

2023 жылғы

30 қараша

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

      Ауыл тұрғындарын амбулаторлық деңгейде кепілдендірілген көмек көлемінде тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылға сұраныс қайта зерделеніп,  науқастардың жаңадан есепке алынуына байланысты қосымша сұраныс берілді.

       Дәрі- дәрмектер «ИСЛО» бағдарламасы арқылы ашық түрде базада тұр, базадағы қалдық арқылы табуға болады.

       Алыс елді мекендердегі тұрғындарды аудан орталығына қатынастырмай алу үшін елді мекенде орналасқан дәрігерлік амбулатория ұйымдары аға мейірбикелері рецептпен алып, жеткізуде.             

        Амбулаторлық деңгейде диспансерлік есепте тұратын пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 291 млн теңгеге, барлығы 32 382 рецепт жазылып, 29 525 адам дәрі алды.

 

19

«Казпочта» АҚ ЖОФ Т.Рысқұлов ауданындағы бөлімшесіне қатысты сын-ескертпелерді ескере отырып, көрсетілетін қызмет түрлері бойынша тұрғындарға қолайлы жағдай жасау

 

тұрақты

 «Казпочта» АҚ ЖОФ (келісімі бойынша),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан сын-ескертпе жоқ, тұрғындар үшін қызмет түрлері қолжетімді.

 

20

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға ықпал ету және тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

тұрақты

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

2024 жылдың басынан 1,4 млрд. теңгені құрайтын 73 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, аудандағы ауыл шаруашылығы техникасының паркі 18,7%-ға (жылдық жоспар 6,8%) жаңарды (2023 жылы 1,3 млрд теңгеге 128 техника сатып алынып, АШ техникасының паркі 13 пайызға жаңартылған).

Соңғы 3 жылда аудан бойынша 3,7 млрд теңгеге 295 техника сатып алынып, ауыл шаруашылығы техникасының паркі 26,1 пайызға жаңарды.

 

21

Аудандағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы берілген көп қабатты тұрғын үйде кезектілікпен алған тұрғындардың өздері тұратындығын немесе тұрмайтындығы туралы мән-жайды зерделеп, тиісті ақпарат ұсыну

 

2023 жылғы
15 қазан

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Құлан ауылы «Арай» тұрғын үй алқабындағы көп қабатты 80 пәтерлі тұрғын үй Құлан ауылы әкімдігінің теңгерімінде. Кезектілікпен алған тұрғындардың өздері тұратындығын немесе тұрмайтындығы туралы мән-жайды зерделеу бойынша Құлан ауылдық округ әкімдігі және «Ақ жүніс» көп балалы аналар ұйымымен бірге зерделеу жұмыстары жүргізілді, заң бұзушылықтар анықталған жоқ

 

22

Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектеп директорын тағайындауды заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру

 

2023 жылғы

15 қараша

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарын бірінші басшылары мен  педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын негізінде биылғы жылдың 6 наурызы №12-Ж/Қ бұйрығымен Қаныш Сатпаев атындағы орта мектебіне Уалиев Ербол Серикбаевич директор лауазымына тағайындалды.

Негіздеме: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2024 жылдың 29 ақпандағы бос тұрған басшы лауазымына үміткерлермен өткізілген әңгімелесу отырысының №4 хаттамасы.

 

23

Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың жоспарына енгізу

 

2024 жылғы

30 қараша

Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Аудандық білім бөліміне қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары 65 пайызға орындалды. Шатырының жабындысы 50 пайыз. Ішкі қара сылақтары 85 пайызға аяқталды.

 

24

Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектебінің асхана мен акт залының жылыту жүйесін ретке келтіру

 

2023 жылғы

15 қазан

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

Қ.Сәтпаев атындағы мектебінің асханасы мен акт залына 4 дана радиатордан қойылды.

Сонымен қатар 2024 жылы Жаңатұрмыс мектебінің отқазандығы газға ауыстыру үшін аудандық бюджеттен 13,2 млн теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

 

25

Жаңатұрмыс ауылына 140 орындық мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

 

2023 жылдың соңына дейін

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

 

2024 жылдан 2025 жылға өтпелі АЕБ бағдарламасы аясында Жанатұрмыс ауылындағы 110 орындық мәдениет үйінің құрылысы (125,8 млн.тенге - Мердігері «Лидер-нс строй» ЖШС) жүргізілуде, ағымдағы жылы аяқтап, қолданысқа беру жоспарлануда.

 

26

Жаңатұрмыс ауылын 2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасына енгізу бойынша ұсыныс енгізу

 

2023 жыл

30 қараша

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Жаңатұрмыс а/о «Ауыл аманаты» бағдарламасына 2023 жылы енгізілген. Жоба аясында бүгінгі күнге «Тараз ӘКК-ге» 127 құжат (600 115,0 мың теңге) қабылданды (88,0 %). мақұлданған 80 (490 963 мың.тг.), кепіл шарт 41 (248 863,1 мың.тг.), төленгені 31 (202 063,1 мың.тг.).

 

27

Жаңатұрмыс ауылындағы «гемодиализ» ауруына шалдыққан азамат Е.Қалдыбектің еміне квота қарастырып, ем алуына көмек беруді заңға сәйкес қарастырсын

 

тұрақты, аралық ақпарат

2023 жылғы 15 қазанға дейін

 

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Жаңатұрмыс ауылы тұрғыны Е.Қалдыбек «ХПН, терминальная стадия» Тараз қаласындағы гемодиализ емін тұрақты қабылдауда. Е.Қалдыбек «ХПН, терминальная стадия» диагнозымен 2023 жылы жоспарлы түрде гемодиализ орталығында тұрақты ем қабылдады. Қазіргі кезде Туркия елінде ем қабылдауда. Бүйрек ауыстыру үшін донор қарастырылуда, донор органның сәйкестігіне тексерілу жүргізілуде.

 

28

Жаңатұрмыс ауылындағы жағдайы төмен, көп балалы, мүгедек баласы бар отбасыларының үйлеріне тегін газ кіргізу мүмкіндігін қарастыру

 

2023-2024 жж.

 

 «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өңдірістік филиалы (келісімі бойынша),

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Ауылдық округтегі жағдайы төмен 2 отбасыға «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өңдірістік филиалы Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің тарапынан тегін газ кіргізілді. Қосымша жағдайы төмен, көп балалы, мүгедек баласы бар отбасылардың құжаттары зерделенуде.

 

29

Елді мекен жеріндегі жайылымдық жерлерді кеңейту жұмыстарын жандандыру

 

тұрақты

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

      Ауданда 9000 га жер мемлекеттік жер қорындағы жерлер. Аталған жер көлемін ауылдық округтерге бекітіп беру бойынша MПA базасынан келісім алынып, аудандық мәслихаттың қарауына ұсыну жұмыстары жүргізілуде.

       Бүгінгі күнге, халық қажеттілігі үшін «Қорағаты» ЖШС-нен 2604 га жер өз еркімен мемлекеттік жер қорына қайтарылды. «Қайнар-Агро» ЖШС-нен 45000 га жер сот арқылы қайтарылды.

      Қазіргі уақытта, мал басы тіркелмеген шаруақожалық жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізілуде, және анықталған жер көлемі мемлекет меншігіне қайтарылып, ауылдық округ теңгеріміне берілетін болады.

     2023 жылы мал жайылымдары бойынша жетіспеушілік 143 мың га құрады, бұл мақсатта шаруашылықтармен меморандумдар жасау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 234 мың га (163%) пайдалануға қол жеткізілді.

 

30

Аудан аумағындағы санитарлық-тазалық, абаттандыру (тал егу және т.б.) жұмыстарын жүргізіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстау

 

тұрақты

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Үстіміздегі жылдың 28 тамызында күзгі 2 айлық                          (1 қыркүйек-1 қараша) абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру туралы аудан әкімдігінің №266 қаулысы қабылданып,  іс-шара жоспары бекітілді.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес,

-   820 дана тал ағаштар отырғызу жоспарланып, 645 дана ағаштар отырғызылып, орындалуы 78,6%-ды құрады ;

-   35 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау жоспарланып, 27 шақырым тазаланып, орындалуы  77%-ды құрады;

-   230 шақырым көшелерді тазалау жоспарланып, 187 шақырымы тазаланып, орындалуы  81%-ды құрады;

-   1 400 шаршы метр саябақтар мен скверлерді тазалау жоспарланып, 1 180 шаршы метр тазаланып, орындалуы  84%-ды құрады;

-   225 тонна кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау жоспарланып, 190 тонна күл қоқыс шығарылып, орындалуы  84%-ды құрады;

Жалпы ауданда күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша 8 сенбілік ұйымдастырылып, сенбілікке жалпы 750-ден астам адам қатысты.

 

31.

Қыс мезгіліне мал азығын (жем-шөп) дайындау жұмыстарын жүргізу

 

2023 жылғы
1 қараша

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

2023-2024 жылғы мал қыстату науқанына 245 000 тн. Мал азығын дайындау тапсырылып, науқан кезінде аудан бойынша дайындалған мал азығы - 245 150 тонна болып, тапсырма 100,1 пайызға орындалды.  

 

 

Облыс әкімінің 2023 жылы Т.Рысқұлов ауданынының тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша
Дата публикации
28 октября 2025