Шу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Шу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

жоспарының орындалуы

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.    

 «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалы аудан әкімдігімен бірлесіп, «Шу–Қайнар» автожолындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарын бақылауға алып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау шараларын қамтамасыз етсін.   Сонымен қатар, ҚР Көлік министрлігімен бірлесіп, жол жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімнен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыру

 

Тұрақты

«Қазавтожол  ҰК» АҚ ЖОФ,

 (келісім бойынша)

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

 

«Шу - қайнар» 56 шқ «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының теңгерімінде. Қазіргі таңда, күрделі жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қайтадан мемлекеттік сатып алу порталына беріліп, «Шымкент Дор Строй» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. 

Алайда, жеңімпаз мердігер жұмыс кестесін уақытылы орындамағаны үшін тапсырыс беруші тарапынан айыппұл салынды.

 

Орындалу үстінде

2.    

Аудан аумағындағы тозығы жеткен магистральді және ішкі жылу желілеріне талдау жүргізіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жоспарға сәйкес ұйымдастыру

 

01.10.2025 жыл

Шу ауданының әкімі

Шу ауданы бойынша тозығы жеткен магистральді және ішкі жылу желілеріне талдау жүргізіліп, 2024 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қаражат сомасы 2,2 млрд теңге. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім өтікізіліп, қаражат күтілуде.

Орындалу үстінде

3.    

Аудан аумағындағы 8 трансформатор мен                   35 шақырым электр желілерін иесіз деп танып, аудан меншігіне алу жұмыстарын аяқтау

 

2026 жылдың

1-ші тоқсаны

Шу ауданының әкімі

Шу ауданындағы 8 дана трансформатормен 35 шақырым иесіз электр желілері туралы «Шу Өңірі» басылымына жарияланған. Алайда, иесінің болмауына байланысты жер таңдау актісі жасалынып, жерге орналастыру жобасы жасалнып, жер актісі мен төлқұжат алынды. Шу қаласы мен Төле би ауылдық округ әкімдерінің шешіміне сәйкес аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне тіркелді.

 

Орындалды

4.    

Ауданда қараусыз жүрген қаңғыбас иттердің көбею мәселесін оңтайлы шешу және оларды аулау бойынша нақты шаралар қабылдау

 

Тұрақты

Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы

(жинақтау)

Шу ауданының әкімі

Ағымдағы жылы қаңғыбас ит-мысықтарды  уақытша  ұстау тәлім бағын (питомник) салу бойынша 26.03.2025 жылы «Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» (бұдан әрі- Тапсырыс беруші) ЖК "МАСТЕР-МКА" (бұдан әрі- Орындаушы) «Строительство питомника по адресу Жамбылская область Шуский район Толебийского с/о Толе би пер Алтынсарина №1Б» болып тіркелген құжатқа сәйкес жалпы құны  29 957 516,00 теңгеге №45 келісім-шарт жасалған.

Қазіргі таңда, нысан бойынша құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Аталған нысан бойынша қабылдау актісі 15.05.2025 жылы жүргізілді.

Алдағы уақытта нысанның пайдалануға қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің атына хат жазылып, нысан ветеринариялық бөліміне берілетін болады.

Аудан бойынша қаңғыбас ит-мысықтарды ұстайтын тәлім бағы жоқ болуына байланысты стерилизация және кастрация жұмыстары жүргізілмейді.

Жыл басынан аудан бойынша кәсіпорынға 38 өтініш түсіп, 740 бас қаңғыбас иттер аулау мамандарымен  ауланған.

 

Орындалды

5.    

Аудан аумағындағы пайдаланылмай жатқан 13 000 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша нақты жұмыстар жүргізу

Жыл соңына дейін

ҚР АШМ ЖРБК Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті

(келісім бойынша)

Шу ауданының әкімі

2025 жылдың 9 айында аудан аумағында мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы 11 154,1 га  (о.і. 4909,4 га – егістік, 6242,0 га жайылымдық) жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Қалған 1 845,9 га жер учаскелерін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

 

Орындалу үстінде

6.    

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін өтетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жоғары деңгейде ұйымдастыру қамтамасыз етілсін. Жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, ақпараттық-түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізу

Жыл соңына дейін

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті

(жинақтау)

Шу ауданының әкімі

2025 жылғы ҚР Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бойынша 1 тамыздан 20 қазан аралығында заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер және жеке қосалқы шаруашылықтар үшін жалпы онлайн және офлайн форматта Sanaq.gov.kz порталы арқылы санаққа қатысты 29 сауалнамадан өткізу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, санақтың 1 кезеңінде 18 ауылдық округ және қала бойынша тіркелген 104 заңды тұлғалар, 4 553 ШҚ,ЖК онлайн санақтан әкімшілікте орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы санаққа жауапты мамандардың көмегі арқылы сауалнамадан өтті.

Аудан бойынша 4657 респондеттер, оның ішінде 104 заңды тұлғалар – 100%, 4 553 ШҚ,ЖК – 90%, ЖҚШ – 50% онлайн санақтан өту жоспары берілген болатын.

Ағымдағы жылдың 20.09.2025 жылғы қорытынды мәліметіне сәйкес 4215 респондеттер (90,5%), оның ішінде 97 заңды тұлға (93,2%), 4118 ШҚ,ЖК (90,4%)  онлайн санақтан өткізілді.

Қалған 354 респонденттер, яғни 7 заңды тұлғалар мен 347 ЖК/ШҚ санақтың 2 кезеңде 2 инструктор  мамандары арқылы үйме-үй аралау барысында сауалнамадан  өткізілді. Бүгінгі күнге көрсеткіш 100 % орындалды.

Аудан бойынша 20 қыркүйектен бастап Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының 2-кезеңінде үй аралау жұмыстарына ауылдық округ әкімі аппаратында келісім-шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер тартылып, жалпы аудан бойынша 24 интервьюерлер және 6 бақылаушы мамандары жұмыс атқарды.

Қазіргі таңда 20.10.2025 ж мәліметіне сәйкес оффлайн санақтан өтуге тиіс 10 257 үй шаруашылықтарының барлығы 100 пайызға араланып, Ұлттық ауыл шаруашылығы санақ жұмыстары ауданда толыққанды аяқталды.

 

Орындалды

7.    

Төле би ауылындағы С.Шәкіров атындағы және Шоқпар ауылындағы М.Дулатұлы атындағы мектептердің құрылыс жұмыстарын бақылауға алып, олардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету

Тұрақты

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

 (жинақтау)

 Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Шу ауданының әкімі

Төле би ауылы С.Шәкіров атындағы мектепке жапсарлас құрылыс нысаны бойынша мердігер «Аль Мансур» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың 05 тамызында бастады. Келісім-шарт құны 804 882,099 мың теңге.

2025 жылға РБ 440 000,0 мың теңге қарастырылған. Нысан 2025 жылдан 2026 жылға өтпелі. ҚМЖ жұмыстары 10 пайызға орындалды.

Шоқпар ауылындағы М.Дулатұлы атындағы мектепке жапсарлас құрылыс және мектепті қайта жабдықтау нысаны бойынша мердігер «Аль Мансур» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың 01 тамызында бастады. Келісім-шарт құны 427 668,03 мың теңге.

         2025 жылға РБ 290 000,0 мың теңге қарастырылған. Нысан 2025 жылдан 2026 жылға өтпелі. ҚМЖ жұмыстары 10 пайызға орындалды.

Екі нысан бойынша тапсырыс беруші облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы болып табылады.

 

Орындалу үстінде

8.    

Бірлік ауылындағы «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының жабылуына байланысты жағдайды жан-жақты зерделеу. Балабақша жабылған жағдайда, ондағы қызметкерлердің жұмыссыз қалмауын және тәрбиеленуші балалардың басқа балабақшаларға орналастырылуын қамтамасыз ету бойынша оңтайлы шешім қабылдап, нәтижесі туралы баяндау

 

15.08.2025 жыл

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, (жинақтау)

Шу ауданының әкімі


Бірлік ауылындағы «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы бүгінге күнге өз жұмысын тоқтатпады, жұмыс жасап жатыр және қызметкерлердің ешқайсысы қысқартылмады. Шу ауданы біліп бөліміне қарасты Алпамыс бөбекжай бақшасы жабылған жағдайда, сол ауылда орналасқан Амира Ханшайым жеке меншік балабақшасына толық тәрбиеленушілер мен тәрбиеші 3 вакант сол балабақшаға ауысатын болады.

 

Орындалды

9.    

Меркі – Шу – Бурылбайтал бағытындағы автожолда жол-көлік оқиғаларының жиі орын алу себептерін анықтап, жол ережесін сақтау мәселелері бойынша тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты

Жамбыл облысының

Полиция Департаменті

(келісім бойынша)

Шу ауданының әкімі

Меркі-Шу-Бурылбайтал бағытындағы автожол «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның теңгерімінде. 2023 – 2025 жылдар аралығында Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолы Шу қаласы С.Сейфуллин көшесімен өтіп, Бәйдібек ауылына дейінгі жол бөлігіне күрделі жөндеуден өтті.

Аталған жол бойында жеңімпаз мердігер тарапынан барлық жол белгілері қойылып, жол жолақтары және жол айрықтары сызылған. Сонымен қатар, аудан тұрғындарымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

 

Орындалды

10.         

Шу қаласы мен Төле би ауылы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жүзеге асырылуына кешенді талдау жүргізіп, оның нәтижесін баяндау

Тамыз айында зерделеу жүргізу.

Тұрақты.

Облыс әкімінің аппараты,

Шу ауданының әкімі

Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйегіндегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, аудан аумағында санитариялық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Таза Қазақстан экологиялық акция аясында Жамбыл обылысы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Мәдібектің төрағалығымен ағымдағы жылдың 24 тамызы мен 24 қыркүйек аралығында «Үлгілі ауыл» конкурсы жүргізілді. Шу ауданы бойынша Балуан Шолақ ауылы ұсынылды.

Жамбыл обылысы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Мәдібектің төрағалығымен  «Үлгілі ауыл» облыстық байқаудың жеңімпаздарын анықтау бойынша коммисия отырысының 24 қыркүйек күнгі ХАТТАМА нәтижиесімен Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы 1 орын жеңімпазы атанды. Жамбыл облысы бойынша «ең таза Үлгілі ауыл» атанды. Алдағы уақытта Балуан Шолақ ауылдық округ әкімін марапаттау болады.

Сонымен қатар, Шу қаласы бойынша «Үлгілі аула» байқауы жүргізілді. Шу ауданы Тұрғын үй инспекциясы тарапынан, байқауға Шу қаласындағы 3 көп қабатты тұрғын үй қатысып, Сәкен Сейфуллин көшесі №4Е көп қабатты тұрғын үй «Үлгілі аула» байқауының жеңімпазы болып анықталды.

 

Орындалды

11.         

Шу және Мойынқұм аудандарын жоғары қысымды газбен қамтамасыз ететін Шу ауданы, Қонаев ауылы маңындағы автоматты газ қысымын реттеу станциясының (АГРС) құрылысын мерзімінде аяқтау

2026 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

«Жамбыл облысының Шу ауданы «Шу» АГТС салу» жобада құрылыстың сметалық құны 2019-2020 жылдардағы бағаларымен қарастырылғанына және ағымдағы жағдайда ішкі нарықтағы құрылыс материалдарының едәуір қымбаттауына байланысты, аталған жобарға                      2023 жылы қайта түзету енгізілді.   

Бұл жоба облыстың Мойынқұм және Шу аудандарының тұтынушыларын жалпы саны 83 873 адамды тұрақты газбен қамтамасыз етеді.

Қаражаттың тапшылығына байланысты, құрылысты 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. АГТС – Шу жобасы бойынша екі шығу жолы қарастырылған: біріншісі Шу ауданы үшін – қуаты сағатына 80 мың м3, екіншісі Мойынқұм ауданы үшін – қуаты сағатына 80 мың м3.

 

АГТС-тің өткізу қабілеті – 160 000 нм3/сағ.

Іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдары.

Мердігер - "StroyGazCompany"  ЖШС.

 

Орындалу үстінде

12.         

Шу ауданының тұрғындарын арзандатылған мал азығымен (шөп, жем және т.б.) қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

15.09.2025 жыл

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

 

         2025 жылдың өніміне 22 419 гектар мал азығы орналастырылған. Оның ішінде 40 гектар біржылдық шөп, 20 659 гектар көпжылдық шөп. 1721 гектар табиғи шабындық шөп.

         Ауданда төрт-түлік мал басын қыстату үшін 164 400 тонна пішен, 7000 тонна пішендеме, 53000 тонна сабан, 40 000 тонна жем дайындалды. Осы көрсетілген мал азығы шаруа қожалықтарының қораларына жеткізіліп жиналды. Жиналған мал азығы қорының 10% көлемі 2025–2026 жылдардағы мал қыстату кезеңі үшін резервтік  мал азығы қоры есебінде дайындалды. Одан бөлек, азықтық жемге қажеттілігі бар шаруа қожалықтар тізімі облыс әкімдігінің АШБ-на жолданды.

         Қосымша арзандатылған азықтық жем бөлу мақсатында «Тараз ӘКК» басқармасына 15.10.2025 жылғы №09-400 шығыс хаты жолданды.

 

Орындалды

13.         

Шу ауданында орналасқан Тасөткел су қоймасының қазіргі күнгі нақты су көлемі (сиымдылығы) туралы деректерді анықтау мақсатында арнайы мамандандырылған сараптамалық жұмыстар жүргізу

 

Жыл соңына дейін

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалы

(жинақтау)

Шу ауданының әкімі

 

Тасөткел су қоймасының қазіргі күнгі нақты су көлемі (сиымдылығы) туралы деректерді анықтау мақсатында, «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалымен 101 кіші бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 59,999 млн.теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу порталына 27.03.2025 жылы енгізілді. Бірақ, камералдық бақылаудың тарапынан келген хабарлама бойынша Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жарияланған көп факторлы сараптама жүргізу лоты тоқтатылды.

         Көрсетілген кемшіліктер түзетіліп, 25.04.2025 жылы қайта Мемлекеттік сатып алу веб-порталына жарияланды. Жеңімпаз «Uni project» ЖШС мердігері анықталып, 05.06.2025 жылы №107 келісім шарты жасалды. Келісім шарт сомасы – 41 999 300,0 тенгені құрайды.

         Ағымдағы жылдың шілде-қазан айлары аралығында батиметриялық түсірілім жұмыстары жүргізіліп, қорытыныды әзірлеу сатысында. Келісім шартқа сәйкес көп факторлы сараптама қорытынды беру мерзімі – 45 күн.

 

Орындалды

14.         

Шу ауданындағы «Благовещенск», «Чапаев», «Фурманов» гидропосттарын және 85 дренаждық ұңғыманы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалы

(жинақтау)

Шу ауданының әкімі

 

ҚР Су Ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітовтің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудандағы 85 вертикалды дренаж ұңғымаларының техникалық жай-күйі анықталып, зерделеу жұмыстары жүргізілген.

85 дренаж ұңғымаларының, 10 дренаждық ұңғыма бүгінгі күнге жұмыс жасауда. (Ескі-Шу - 2, Жаңажол – 1, Қорағаты - 3, Төле би - 4) Анықтама үшін: аталған округтердегі 5 ұңғыма қазіргі таңда аудандық «Ауыз су» мекемесінің теңгерімінде және 1 ұңғыма аудандық ЖКХ бөлімінің теңгерімінде.

      63 ұңғыма істен шыққан және 12 ұңғыма картада көрсетілмеу себебінен орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады (Қонаев-8, Қорағаты-4).

         Ұңғымаларды қалпына келтіру бойынша ҚР Су Ресурстары және ирригация министрі Н.М.Нұржігітовке,  «КАЗСУШАР» ШЖҚ, РМК Жамбыл филиалы бойынша директорының м.а. Қ.Амановқа 15.01.2025 жылғы №01-33 хаты жолданған.

         Бүгінгі күнге, сұраныс қанағаттандырылмаған.

 

Орындалмаған

15.         

Шу ауданы, Алға ауылдық округіне кіре берісіне қосымша мал өткелін салу, тиісті жол белгілерін орнату, сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында мал қоршау жұмыстарын жүргізу

Жыл соңын дейін

 

«ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы,

Жамбыл облысы полиция департаменті,

(келісім бойынша)

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

 

Аудан тарапынан ағымдағы жылы Алға ауылы кіре беріс аудандық мәндегі 2,01 шақырымына орташа жол жөндеуге жобалық-құжаттама әзірленуде. Сараптама жыл соңына дейін күтілуде. Аталған жоба аясында жол белгілері жобада қарастырылған.

 

Орындалу үстінде

16.         

Шу ауданы аумағында қиыршық тастарды өңдеу, кірпіш зауыттарын салу бойынша жобаларды іске асыру үшін               инвесторлармен келіссөздер жүргізу

Тұрақты

 Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

(жинақтау), 

Шу ауданының әкімі

 

 

         Қиыршық тас өңдеу және кірпіш өндіру бағытындағы өндіріс орындарын ашу мақсатында инвесторлармен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.

         Нәтижесінде, ЖК «Шу-бетон» компаниясы аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың құрылыс жұмыстарына қажетті негізгі құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған жобасының дайын екендігін мәлімдеді.

         Қазіргі уақытта, «Шу-бетон» компаниясы аудан аумағынан құм-шағал және құрылыс тастарын өндіруге рұқсат алу мақсатында Жамбыл облысы әкімі Е.Қарашөкеевке ағымдағы жылдың 21 қазанында шығыс хаты жолданған.

         Мақұлданған жағдайда, кәсіпорын өз жұмысын бастайтын болады.

 

Орындалды

17.         

Шу ауданында ауданаралық бейімдеу орталығын ашу мәселесін зерделеп, нәтижесін баяндау

 

04.08.2025 жыл

Облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

(жинақтау)

Облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

 Шу ауданының әкімі

 

Шу ауданы Жамбыл облысының ірі аудандарының бірі болғандықтан, аумағымызға басқа елді-мекендерден тұрғылықты мекен-жайға немесе уақытша келуші азаматтар саны өте көп. Соның ішінде өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарда аз емес. Басқа аумақтан келген және ақыл-есі кем  азаматтарға уақытша тұратын, тамақтанатын және де әлеуметтік, медициналық, құқықтық мәселелерін шешу үшін бейімдеу орталығын ашу қажет. Себебі, жол жүру уақытында әр-түрлі себептермен біздің ауданымызда азаматтар қалып кету фактілері анықталуда.

Осыған орай, Шу ауданында  бейімдеу орталығын және отбасын қолдау орталығын ашу жоспарланған. Алайда, қаржының тапшылығына байланысты бейімдеу орталығы бүгінгі күнге ашылған жоқ.

Бірақ, Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мекемесін құру туралы 2025 жылдың 15 қыркүйек күні  Шу ауданы әкімдігінің №496 қаулы бекітілді. Бүгінгі күнге Әділет органдарына Ереже бекітіліп, орталық ашу үшін ары-қарай жұмыстар атқарылуда.

Аталған орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйел-аналар мен олардың балаларын уақытша жататын орынмен қамтамасыз етіледі.Орталық қызметінің мақсаты әлеуметтік-осал жағдайдағы өмірлік қиын жағдайға тап болған және көмекке мұқтаж адамдарға (отбасыларға) барлық аспектілердегі отбасы институтының қолдауымен әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педогогикалық, білім беру, консультациялық және өзге де ақпараттық қызметтер көрсетіледі.

 

Орындалу үстінде

18.         

Шу қаласы Жайсан мөлтек ауданындағы №5,6,7, 7А тұрғын үйлерінің маңындағы аялдаманы тұрғындарға қолайлы орынға орнату жолдарын қарастыру

 

Жыл соңына дейін

«ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ ЖОФ

(жинақтау)

Шу ауданының әкімі

 

«КазАвтожол» АҚ филиалына аудан тарапынан күрделі жөндеуден өтіп жатқан Шу қаласы С.Сейфуллин көшесімен өтіп, Бәйдібек ауылына дейінгі бөлігі қазіргі таңда аяқталды.  Жобаға сәйкес, аялдамалар орнатылған. Орындарын ауыстыру бойынша аудан тарапынан хат жолданды.

 

Орындалу үстінде

19.         

Шу қаласы, Жайсан мөлтек ауданына жаңа  футбол алаңшасын орнату және ескі ойын алаңшасын қайта жаңғырту жұмыстарына  жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу

 

Жыл соңына дейін

Шу ауданының әкімі

 

2026 жылға Жайсан массивіне жаңа футбол алаңшасын орнату жоспарымызда бар. 2026 жылға Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім тапсырылады. Ал тозығы жеткен футбол алаңшасы қайта жаңғыртуға 5 млн. теңге бөлініп, толықтай қалпына келтірілді.

 

Орындалды

20.         

Тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдеріндегі электр жабдықтары, ауыз су жүйелерінде пайдаланылмаған мүлікті жинақтап, ұрлықтың алдын алу мақсатында қауіпсіз жерде сақтау және қажеттілігіне қарай тиімді пайдалану шараларын қабылдау

 

тұрақты

Шу ауданының әкімі

 

       Шу қаласы «Оңтүстік-батыс» тұрғын аумағы 258,7 га, Төле би ауылы «Батыс» тұрғын аумағы 147,9 га және Алға ауылы «Оңтүстік» тұрғын аумағы 25 га тұрғын алқаптарына электрмен жабдықтау, көше жолдары, сумен жабдықтау және газбен қамту жұмыстары жүргізіліп, аудан әкімдігінің Шу ауданы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің теңгеріміне өткізілген.

        Нысан мердігер «Шұғыла-2002» ЖШС тарапынан жүргізіліп, 25.10.2019 ж. пайдалануға қабылданып, 02.11.2022 жылы қабылдап-өткізу актісі негізінде Шу ауданы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің теңгеріміне берілген.

        Алға ауылы «Оңтүстік» тұрғын аумағы 25 га тұрғын алқабын электрмен жабдықтау жұмыстарын жүргізген мердігер «Энергосервис» ЖШС-не облыстық ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолданды. Талап арызда: 35кВ қосалқы станцияға электр желілерін қосу, темір бетон бағаналарға ілінген электр сымдарын қалпына келтіру,  траверсыларды түзету сұратылды.

         Нәтижесінде,  2025 жылдың 13 қаңтарында сот шешімі шығып, бөлімнің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Яғни, “Энергосервис” ЖШС-ін: 28 аралықтағы сымдардың салбырауын түзетуге және 16 дана траверстің қисаюын жоюға міндеттеліп, кемшіліктер түзетілді.

         Аталған аумақтарда тұрғын үй құрылысын салып, жерлерді игеру көрсеткіші төмен.

        Атап айтқанда, Төле би ауылында 8 меншік иесі, Шу қаласы 27 меншік иесі және Алға ауылынан 31 меншік иесі жер телімдерін игеру жұмыстарын бастаған.

        Осыған орай, ҚР Жер Кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес, құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, жер учаскелерін заңнамада көзделген тәртiппен алып қою жұмыстары жүргізілетін болады.

       Қазіргі таңда, Шу қаласы 258,7 га тұрғын аумағындағы электрмен жабдықтау нысаны басында электр сымдары және электр бағандарының ұрлану фактілері орын алып отыр.

       Осыған орай, Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қызметкерлері тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жалпы шығын құны 13 693 809,2 теңгені құрап отыр. Осыған орай, нысан басында ішкі істер қызметкерлері тарапынан тергеу жұмыстары жалғасуда.

 

Орындалды

21.         

Шу қаласындағы С.Сейфуллин мен Қ.Сатпаев көшелерінің қиылысында орналасқан жеке кәсіпкердің ғимаратына (дүкен) кіріп-шығуына қолайсыздық тудыратын екі жолақ сызықты  алу немесе ауыстыру мүмкіндігін қарастыру

15.08.2025 жыл

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жамбыл облысының полиция департаменті,

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

 

Шу қаласындағы С.Сейфуллин мен Сатпаев көшелерінің қиылысында орналасқан жеке кәсіпкердің ғимаратына (дүкен) кіріп-шығуына қолайсыздық тудыратын екі жолақ сызықты алу бойынша Шу аудандық ПБ бөлімінің ұйғарымына сәйкес, сызу жұмыстары жүргізілді.

Орындалды

22.         

Шу ауданында жүріп жатқан «ПУИД-2» жобасының  қысқа мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету және құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстау

 

 

 

 

Тұрақты

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалы

 (жинақтау)

Шу ауданының әкімі

 

Аудандағы 5172 гектар суармалы егістіктерді қалпына келтіру мақсатында 2019 жылдың қыркүйек айында ПУИД-2 ирригациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы бойынша жұмыстар басталған.

Жоба бойынша жалпы ұзындығы 94,9 шақырым құрайтын 15 канал мен 2 коллектор қалпына келтіріледі. Жобалық суарылатын жер – 5172 га, суармалы каналдардың  ұзындығы – 69,699 км, КДЖ  ұзындығы – 25,325 км, су құрылғылары – 360 дана, бақылау ұңғымалары – 63 дана, пайдалану жолдары – 62,109 км.

Каналдардағы 245 тіреу құрылыстары (сооружение,подпор) қойылып, көрсеткіш 100% орындалып отыр. Қосымша барлық каналдар бойынша дефектілік акт жасалынып, анықталған кемшіліктер мердігер тарапынан 1 жыл кепілдік мерзімінде толығымен орындалатын болады

Орындалды

23.         

Облыстық маңызы бар Төле би - Шоқпар тас жолы, Шу қаласы С.Сейфуллин көшесі, Жаңажол-Бірлікүстем-Қонаев ауылдары бағытындағы автожолдар арқылы ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу мүмкіндігін қарастыру

Тұрақты

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жамбыл облысының

полиция департаменті

 (жинақтау)

Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы

(келісім бойынша)

Шу ауданының әкімі

 

Облыстық маңызы бар «Төле би-Шоқпар» тас жолы, Шу қаласы С.Сейфуллин көшесі Жаңа жол-Бірлікүстем-Қонаев» жолдары арқылы  жүріп жатқан ауыр жүк көліктер Жаңажол ауылына кіре беріс жол арқылы қатынауда. Аудан тарапынан Жаңажол ауылына кіре беріс жолдарға салмағы            8 тоннадан аспайтын жол белгілері орнатылған. Сонымен қатар, аудан тарапынан «Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына шара қолдану үшін бірнеше рет хаттар жолданған.

Орындалды

24.         

Шу қаласына облыстық деңгейдегі қала мәртебесін беру мүмкіндігін заңнама талаптарына сәйкес зерделеп, нақты ұсыныс енгізу

 

Жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

(жинақтау)

Шу ауданының әкімі

ҚР-ның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы ҚР-ның 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-XII Заңының 3 бабы 2 тармағына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады.

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты Шу қаласы ҚР Үкіметімен бекітілетін даму жоспарына енгізілмей, жергілікті бюджетке тәуелді.

Бүгінгі күні Шу қаласында 45 447 тұрғын бар (9406 аула).

Құрылған жылы: 25.06.1960 ж. Аумағы: 5 615,31 га. Қала 8 массивке бөлінген (Қант зауыты, Тоғай, Жанкулиев, Батыс, Горгаз, Жайсан, Жетісу, Қосқұдық).

«Өңірлерді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №990 қаулысына сәйкес, моноқала - кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала деп көрсетілген.

Бүгінгі күнге, Шу қаласында бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындар болмауына байланысты моно қала статусына сәйкес келмейді.

Орындалды

25.         

Шу қаласындағы өзекті мәселелердің бірі – жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көпқабатты тұрғын үйлер мен тұрғын массивтерін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жетілдіру. 2026 жылға Шу қаласында атқарылатын бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жоспарлап, нақты ұсыныстар енгізу

Жыл соңына дейін

Шу ауданының әкімі

 

Шу қаласында 2026 жылға атқарылатын жұмыстар жүйелі түрде жоспарланған. Қала бойынша дайын жобалар.

Ауыз су мәселесі бойынша: («Жанкулиев», «Жайсан», «Горгаз» мөлтек аудандарын сумен қамту жобасы);

Көше жолдары (Жалпы құны 615 млн тг құрайтын 42 көше жолдарын жөндеу және 20 көшеге шағал тас (ПГС) 2 тратуар жасауға ЖСҚ дайын);

Тұрғын үйлерді абаттандыру және модернизация бағдарламалары бойынша жөндеу (Абаттандыру бағдарламасы бойынша 8 үйге ЖСҚ дайын, жоба құны 227 млн., ал Модернизация бағдарламалары бойынша 6 үйге ЖСҚ дайын, жоба құны 163 млн теңге;

Электр желілері (5 көшені электр жүйелерімен қамту);

Көше жарығы (7 көшені жарықтандыруға ЖСҚ дайын)

Ойын және спорт алаңшалары (1 спорт алаңын жөндеуге, 2 ойын алаңшасын салуға ЖСҚ дайын);

Аялдама (3 аялдама салуға ЖСҚ дайын)

Орындалды

26.         

Шу ауданында «Арнайы халыққа қызмет көрсету» (СпецЦОН) орталығын ашу мәселесін қарастырып, ұсыныс енгізу

 

20.08.2025 жыл

«Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

(келісім бойынша)

Шу ауданының әкімі

Шу ауданы әкімі тарапынан ағымдағы жылдың 16 шілдесі күні №01-638 шығыс нөмірімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директорына Шу ауданында «Арнайы халыққа қызмет көрсету» (СпецЦОН) орталығын ашу бойынша ұсыныс хат жолданды.

 

Орындалды

27.         

Төле би ауылындағы А.Мамбетаев,                          Д.Қонаев, И.Панфилов көшелері бойында (бұрынғы аэропорт маңы) орналасқан тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарын ауыстыру мүмкіндігін қарастыру

Жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

 «ЖамбылЖарықСауда»-2030 ЖШС

(келісім бойынша)

Шу ауданының әкімі

Төле би ауылындағы А.Мамбетаев,                          Д.Қонаев, И.Панфилов көшелер бойында ескірген электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары үшін ағымдағы жылға қаражат қарстырылмады. Алайда, 2026 жылға жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, кезекті бюджеттік нақтылауға ұсыныс енгізілетін болады.

 

Орындалу үстінде

28.         

«Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС мекемесінің басшылығын Шу аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуін ұйымдастыру

 

А.ж. қыркүйек айына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Шу ауданының әкімі

(жинақтау)

«Жамбыл Жарық Сауда -2030» ЖШС мекемесінің басшылығмен Шу аудандық мәслихатының депутаттарымен кездестіру ұйымдастыру жұмыстары аудан тарапынан ағымдағы жылдың қараша айында жүргізілетін болады. Жиналыс қорытындысы қосымша баяндалатын болады.

Орындалмаған

29.         

Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі №199А мекенжайындағы жатақханада анықталған кемшіліктерді келісім-шарттағы кепілдік мерзімі ішінде толық қалпына келтіру

01.09.2025 жыл

Шу ауданының әкімі

 

Төле би ауылы,Балуан Шолақ көшесі №199А мекен-жайында орналасқан жатақханаға анықталған кемшіліктер  бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. ЖСҚ-ның дайын болу уақыты 4 ай. Тиісті құжаттар дайын болған жағдайда, заң талабына сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Орындалу үстінде

30.         

Шатыркөл кен орнына апаратын айналма жолдың техникалық жағдайын жақсартып, қажетті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу

01.10.2025 жыл

«Қазавтожол  ҰК» АҚ

(келісім бойынша),

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау),

Шу ауданының әкімі

Шатыркұл кен орнына баратын жол облыстық мәндегі жол болып табылады. Жамбыл облысы жол басқармасы мен Шатырқұл кен орындарының басшылар тарапынан меморандумға отырған. Меморандумда жолды кайта калпына келтірілуі туралы көрсетілген.

 

Орындалды

31.         

«Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келіссөздер жүргізіп, Алматы–Астана бағытындағы «Тальго» жолаушылар пойыздарын                         Шу станциясында тоқтату мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс енгізу

15.08.2025 жыл

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау),

«Қазақстан темір жолы» Жүк тасымалдау» АҚ облыстық филиалы,

(келісім бойынша)

Шу ауданының әкімі

«Қазақстан темір жолы» АҚ-на Алматы–Астана бағытындағы «Тальго» жолаушылар пойыздарын                         Шу станциясында тоқтату бойынша ұсыныс хат жолданды. Алайда, пойыздар өз бағыттары бойынша қатынауда.

 

 

Орындалды

32.         

Шу қаласының «Қант зауыты» және «Тоғай» мөлтек аудандарында тұратын 13 мыңнан астам тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында ескі Әділет басқармасы ғимаратында жаңа емхана ашу мәселесін қарастырып, ұсыныс енгізу

Жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

(жинақтау),

 Шу ауданының әкімі

 

Шу қалалық емханасы 40 376 тұрғынға қызмет көрсетеді. Қант зауыты мен Тоғай мөлтек ауданы тұрғындары Шу қаласында орналасақан қалалық емханадан қызмет алады (Қалалық емханадан Қанзауыты мен Тоғай м.а. дейінгі қашықтық –  10-12 шқ құрайды).

Осыған орай, аталған мөлтек ауданнан отбасылық дәрігерлік амбулатория ашу қажеттілігі бар (Аталған аудандарда тұратын халық саны – 15000. Қантзауыты – 10 369, Тоғай – 4 631).

Мәселені шешу мақсатында Шу қаласы, Қант зауыты мөлтек ауданындағы Автобазовская көшесі №1 және №2 мекенжайдағы ғимарат Шу қалалық емхананың теңгеріміне алынған.

Ақпарат үшін:

2024 жылы Шу қаласы, Қант зауыты мөлетек ауданындағы Автобазовская көшесі №1 мекенжайдағы бөлігі теңгерімге алынып, күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленген (Құны 29,5 млн.тг). Ал, Автобазовская көшесі №1 мекенжайдағы бөлігі ағымдағы жылдың ақпан айында теңгерімге алынған.

Бүгінгі күнге, толық ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу мақсатында Жамбыл облысы әкімідігінің қаржы басқармасына құжаттары ұсынылды.

 

Орындалу үстінде

33.         

Шу қаласының «Қант зауыты» мөлтек ауданындағы қараусыз қалған аллеяны қысқа мерзім ішінде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

Жыл соңына дейін

Шу ауданының әкімі

 

 

Қант зауыты мөлтек ауданындағы Қасымхан көшесі бойындағы аллеяны абаттандыру. Аталған аллеяның аумағы 1,8 га құрайды. Бүгінгі күнге жобалық сметалық құжаттамасы жасалып, мердігер аллеяның жұмыстарын бастап кетті. Жоба құны 79,9  млн. теңге құрайды. Жұмыстар ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

Орындалды

 

Шу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
Дата публикации
24 октября 2025