Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының
2025 жылдың ІIІ тоқсанында
көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
2025 жылдың ІIІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО-мен
3 138 133 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 247 (жеке тұлға – 241, заңды тұлға – 6) қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.
2025 жылдың IІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
2025 жылдың ІІІ тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 418 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Атап айтқанда Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері, басқармалар және олардың бағынысты мекемелері әлеуметтік желілерде
1 219, облыстық және аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 63 мақала жариялады және тұрғындар арасында 136 насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың ІІІ тоқсанында ЖАО-ның
22 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының
2025 жылдың IІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары бойынша
қысқаша есебі
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес ішкі бақылау қызметтерімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың ІІІ тоқсанында 24 бақылау іс-шарасы (13 жергілікті атқарушы органдарда және
11 ведомстволық бағынысты ұйымдарда) жүргізілді (24 нысан).
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 929 заңбұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
16 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 634 фактісі;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 8 фактісі;
- көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмаудың 2 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауының 26 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдармен (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың, фотоматериалдардың көшірмелері) есептің және талдамалық анықтаманың болмауының 56 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 203 фактісі анықталды.
Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 79 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.