Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында

айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1.    

Меркі ауданының орталық көшесін кеңейту мақсатында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шараларды қабылдау

2025 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

2.    

Ауданішілік жолдарды күтіп ұстау мақсатында «Алатау Су-Жылу» мекемесінің қызмет көрсету аясын кеңейту бойынша жұмыстарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізу

2025 жылдың қарашасы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

3.    

«Ақшешек» обалы қорымы орналасқан жер учаскесінің заңсыз берілгені туралы мәліметті жан-жақты зерделеп, нәтижесі бойынша нақты ақпарат ұсыну

2025 жылдың қарашасы

Облыс әкімдігінің жер басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

 

4.    

Түркі ғибадатханасын ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларын қорғауды қажет ететін тарихи нысандар тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастырып, жүргізілген жұмыстар мен ұсыныстар жөнінде нақты ақпарат ұсыну

2025 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

5.    

Ауыл шаруашылығы саласында несие алуға қолдау көрсету мәселесіне қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастыру

2025 жылдың қазаны

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

6.    

Жауғаш батыр ауылындағы электр желісінің іске қосылу барысын бақылауға алу

2025 жыл ішінде

Меркі ауданының әкімі

7.    

Шекара маңындағы аумақты тұрақтандыру мақсатында Жауғаш батыр ауылының жанынан өтетін республикалық маңызы бар жол бойында жол сервистік кешенін ашу мәселесін пысықтап, іске асырылуына ықпал ету

2025 жыл ішінде

Меркі ауданының әкімі

8.    

Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға мемлекет тарапынан берілетін субсидияларды алуына ықпал ету.

Осы мақсатта «ҚазАгроҚаржы» мекемесімен бірлесіп, шаруалардың несиелерін төлеу кестесіне жеңілдіктер қарастыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

2025 жылдың қарашасы

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

9.    

Аспара ауылдық округінде жаңадан іске қосылған дәрігерлік амбулаторияның құрал-жабдықтарын аудандық орталық аурухана басшылығының алып қою дерегіне байланысты зерделеу жүргізіп, нәтижелері бойынша нақты ақпарат ұсыну

2025 жылдың қазан

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

 

 

 

Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
10 октября 2025