ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Облыстық мәслихаттың

 2020 жылғы «15» қазандағы

№50-7 шешімімен бекітілген

  

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА

 АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

МАЗМҰНЫ

I. ПАСПОРТ…………………………………………………………………...........................

3

II. Ағымдағы ахуалды талдау……………………………………….………..........................

7

1-бағыт: Экономика……………………………………….......................................................

7

1.1. Өңірлік макроэкономика…………………………………….....................................

7

1.2. Өнеркәсіп және инвестициялар ………………………..........................................

14

1.3. Агроөнеркәсіп кешені……………………………………….....................................

33

1.4.Шағын және орта бизнес………………………………………..................................

43

2-бағыт: Әлеуметтік сала…………………………………………..........................................

52

2.1. Білім ……………………………………………………….........................................

52

2.2. Денсаулық сақтау.........................................................................................................

56

2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ...................................................................

58

2.4. Мәдениет, спорт және туризм……………………………………………………..

61

2.5. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі……………………………………….

68

3-бағыт: Инфрақұрылым...........................................................................................................

76

3.1. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық...........................................

76

3.2. Экология және жер ресурстары…………………………………………………...

86

III. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары………………………………………………………………………………………...

93

3.1. Мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары ………..

94

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.ПАСПОРТ

 

Бағдарлама атауы

2016-2020 жылдарға арналған Жамбыл облысының даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №64 бұйрығы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Жамбыл облысының аумағы 144,3 мың шаршы шақырымды немесе республика аумағының 5,3%-ын құрайды және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батысы мен шығысы жағынан Түркістан және Алматы облыстарымен, солтүстік жағынан Қарағанды облысымен, оңтүстігінен Қырғыз Республикасымен шекаралас.

Қазақстан-қырғыз шекарасының Жамбыл облысы аумағындағы ұзындығы 716 шақырымды құрайды.

Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық маңызы бар қала – Тараз қаласы және аудандық маңызы бар 3 қала - Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бар.Әкімшілік орталығы – Тараз қаласы. 153 ауылдық округ, 367 ауылдық елді мекен.

2020 жылғы 1 тамызы жағдайға Жамбыл облысы халқының саны 1 135,4 мың адамды құрады, олардан экономикалық белсенді халық саны - 528,5 мың адам (70,6%).  Халықтың тығыздығы – 7,7 адам/шқ² (республика бойынша 5- орын).

Өз бағыты бойынша облыс индустриалды-аграрлық болып табылады.

Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2018 жылы ішінде 1417,5 млрд. теңгені (НКИ - 103,7%) құрады, бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2,4%-ын құрайды.

Бағыттар

·      Экономика

·      Әлеуметтік сала

·      Инфрақұрылым

Бағдарлама мақсаттары

Бағыт: Экономика

·       Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

·       Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, шикізаттық емес тауарлар экспортының өсуі, инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобаларды іске асыру;

·       Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау;

·       ШОБ субъектілерінің өсуіне жағдай жасау.

Бағыт: Әлеуметтік сала

·       Білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру;

·       Медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру;

·       Жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларының тиімділігін арттыру және азаматтарды қорғау үшін тиімді жүйе құру;

·       Халықтың мәдени-көпшілік бос уақытын, жаппай спортпен шұғылдануды дамыту үшін жағдай жасау, туристік қызметті дамытуды қамтамасыз ету;

·       Қоғамдық тәртіпті нығайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;

Бағыт: Инфрақұрылым

·       Тұрғын үй құрылысын дамыту, халықты сапалы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымымен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын дамыту;

·       Халықты сапалы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылыммен камтамасыз ету, автомобиль жолдарын дамыту;

·       Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау.

Нысаналы индикаторлар

Өңірлік макроэкономика

·     Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі;

·     Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім;

·     Өткен жылға еңбек өнімділігінің өсуі:

-        өңдеу өнеркәсібінде;

-        ауыл шаруашылығында;

·     Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны;

·     Бақыланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі;

·     Нақты ақшалай табыс индексі;

·     Үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына тұтынушы шығындарының құрылымы;

Өнеркәсіп және инвестиция

·     Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік өндіріс индексі;

·     Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі;

·     Шикізатемес тауарлардың экспорт көлемі;

·     Жүйе қалыптастырушы кәсіпорындардың тауар, жұмыс және қызметтер сатып алуда жергілікті қамту үлесі;

·     2016 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар;

·     Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде іске асырылып жатқан жобалардың жалпы санында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемені талап етпейтін жобалар үлесі.

Агроөнеркәсіп кешені

·     Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі;

·     Өңделген ауылшаруашылық өнімнің экспорт көлемі;

·     Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі;

·     Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі;

·     Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара және ұсақ мал басының үлесі.

Шағын және орта бизнес

·     Өңірлік жалпы өнімде шағын және орта бизнестің үлесі;

·     Экономикада орта кәсіпкерліктің үлесі.

Білім

·     PISA тестінің қорытындысымен мектеп білімінің сапасын бағалау:

-        математика бойынша;

-        оқу бойынша;

-        ғылым бойынша.

·     Қос тарапты оқумен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер оқушыларының үлесі;

·     Жұмыс істеп тұрған апатты және үш ауысымды мектептер саны;

·     Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту.

Денсаулық сақтау

·     Туғанынан ғұмырдың болжалды ұзақтығы;

·     Аналар өлімі;

·     Нәрестелер өлімі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·     Жұмыссыздық деңгейі;

·     Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар үлесі;

·     Ең нашар қамсыздандырылған 40% халықтың табыс үлесі (халықтың жалпы табысында);

·     Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылар меншіктік салмағы;

·     Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінен жұмысқа орналасқандар үлесі;

·     Мүгедектерге қолжетімді әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарының үлесі;

·     Мемлекеттік қызметкерлердің таза алмасушылығы (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету).

Мәдениет, спорт және туризм

·     1000 адамға шаққандағы мәдениет мекемелеріне келушілердің орташа саны (келім саны);

- кітапханаларға

- театрларға

- концерттік мекемелерге

- мұражайларға

·     Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі;

·     Өткен жылмен салыстырғанда өңірде орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

·     10 000 халыққа қылмыскерлік деңгейі;

·     Көшелерде жасалған қылмыстың үлес салмағы;

·     Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

·     1 тұрғынның тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;

·     Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

·     Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттарының жалпы алаңы;

·     Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум нысандарының үлесін төмендету;

·     Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілу:

-        қалаларда;

-        ауылдық елді мекендерде;

·     Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі;

·     100 адамнан асатын халқы бар ауылдық елді мекендердің қоғамдық көлікпен қамтылуы.

Экология және жер ресурстары

·     Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі;

·     Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан);

·     Зиянды заттардың атмосфераға шығарылу мөлшері;

·     Сарқынды суды тазартумен халықты қамту.

Қажетті ресурстар

2019 жыл – 71800,58  млн. теңге;

2020 жыл – 49343,12 млн. теңге.

* - бюджеттің нақтылануына байланысты қаржыландыру көлемдері өзгертіледі

 

 

 

 

 

 

  1. II. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

 

1-БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА

 

1.1. Өңірлік  макроэкономика

 

Жалпы өңірлік өнім

Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 2019 жылы 1712,9 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда номиналды тұрғыда 26,8%-ға, нақты – 7,6%-ға өсті. Өсім экономиканың негізгі салаларындағы өндіріс көлемдерінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

 

№1-сурет

2017-2019 жылдары жалпы өңірлік өнімнің өзгеру динамикасы,

(млрд. теңге)

 

 

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ облыс бойынша 2017 жылы 1210,0 мың теңгені, 2018 жылы – 1366,3 мың теңгені, 2019 жылы– 1518,8 мың теңгені құрады, бұл ретте орташа республикалық жан басына шаққандағы ЖӨӨ  2017 жылы – 3014,7 мың теңгені, 2018 жылы – 3382,5 мың теңгені, 2019 жылы - 3755,7 мың теңгені құрады.

Өңірлердің экономикалық дамуының көрсеткіш өлшемі болып табылатын халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша облыс республика өңірлері арасында 16 орынды алады. «Өңірлердің жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орташа республикалық деңгейге қатынасы» көрсеткіші бойынша ең төмен деңгей Жамбыл және Түркістан облыстарында қалыптасқан.

Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің ҚР-ның ЖІӨ-дегі үлес салмағы 2019 жылы 2,46%-ды құрады.

Жамбыл облысының жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің төмен үлес салмағы, сонымен қатар ЖӨӨ-нің төмен деңгейі өңірдің табиғи-өндірістік әлеуетімен, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтудың жоғары үлесімен (мұнда еңбек өнімділігін арттыру қиын), мұнай мен газдың ірі кен орындарының болмауымен (Маңғыстау және Атырау облыстарымен салыстырғанда) түсіндіріледі.

Облыс индустриалды-аграрлық болып табылады, ЖӨӨ-нің құрылымында өнеркәсіп салымы 2017 жылы– 17,3%,  2018 жыл - 18,3%, 2019 жылы -19,2%, ауыл шаруашылығына (тиісінше 10,5% 10,1% және 10,3%) құрады.

 

 

 

 

№1 кесте. 2017-2019 жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнімнің құрылымы, %

 

 

2017 год

2018 год

2019 год

ВРП

уд.вес, %

ВРП

уд.вес, %

ВРП

уд.вес, %

Всего по области, млн.тенге

1 350 661,6

100

1 532 118,6

100

1 712 883,6

100

сельское хозяйство

142339,4

10,5

154045,6

10,1

177130,0

 

10,3

промышленность

233915,5

17,3

280115,2

18,3

328116,5

19,2

строительство

101608,7

7,5

116450,2

7,6

130549,8

7,6

торговля

158734,0

11,8

175473,9

11,4

180479,3

10,5

транспорт

238305,0

17,6

301459,1

19,7

324134,7

18,9

связь

8535,6

0,7

8607,9

0,7

10481,4

0,6

прочие

467223,4

34,6

495966,7

32,2

561991,9

32,9

 

Облыста жыл сайын халық санының артуы байқалады. Соңғы 3 жылда облыс халқы 12,9 мың адамға 1117, 2 мың адамнан 1130,1 мың адамға дейін өсіп, өңірлер арасында            7-орында. Бұл өсім 2017 жылмен салыстырғанда 2019 жылы ауылдарда халықтың 1,3% - ға өсуіне байланысты. 2017 жылмен салыстырғанда 2019 жылы қала халқының саны 1,0% - ға артқаны  байқалады.

Байзақ, Қордай, Шу аудандарында халықтың едәуір өсуі байқалады (2-кесте).

 

№ 2 кесте. 2017-2019 жылдардағы аудандар бойынша халық саны

 

 

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

барлық халық саны

Қалалық

ауылдық

барлық халық саны

қалалық

ауылдық

барлық халық саны

қалалық

ауылдық

Облыс бойынша барлығы, адам

1 117 220

443 896

673 324

1 125 442

447 007

678 435

1 130 099

448 133

681 966

Тараз қаласы

355 825

355 825

-

357 791

357 791

-

357 795

357 795

-

Байзақ ауданы

103 832

-

103832

105 948

-

105 948

108 787

-

108 787

Жамбыл ауданы

82 089

-

82 089

82 902

-

82 902

83 102

-

83 102

Жуалы ауданы

51 567

-

51 567

52 169

-

52 169

52 990

-

52 990

Қордай ауданы

142 816

-

142 816

143 817

-

143 827

145 007

-

145 007

Т.Рысқұлов ауданы

64 443

-

64 443

64 512

-

64 512

64 503

-

64 503

Меркі ауданы

84 505

-

84 505

84 760

-

84 760

84 639

-

84 639

Мойынқұм ауданы

32 753

-

32 753

32 539

-

32 539

32 079

-

32 079

Сарысу ауданы

44 056

22 110

21 946

44 184

22 364

21 820

44 205

22 701

21 504

Талас ауданы

54 818

29 835

24 983

55 117

30 204

24 913

54 793

30 403

24 390

Шу ауданы

100 516

36 126

64 390

101 693

36 648

65 045

102 199

37 234

64 965

 

Облыс бойынша көші-қон кемуі 2017 жылы 17,3 мың адамнан 2019 жылы 15 мың адамға дейін немесе 13,3% - ға есе кеміді. Бұл ретте 2017 жылмен салыстырғанда 2019 жылы келгендер саны 1,7 есеге, кеткендер саны 1,4 есеге өсті.

2019 жылы облысқа 51,9 мың адам келді, облыстан 66,9 мың адам кетті, көші – қон сальдосы-15 мың адамды құрай отырып төмендеді.

Елден тыс жерге кеткендердің ішінде қазақтар – 86,2%. орыстар 3,6%, дүңгендер - 2,7%,   келгендер – қазақтар – 87,7%,   орыстар - 2,4%,  дүңгендер - 2,5%,   басым.

2020 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 1130,1 мың адамды құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 0,4% - ға артты. 2020 жылдың басында урбанизация деңгейі 39,7% - ды құрады, ал ауыл тұрғындары қала тұрғындарының санынан асып  60,3% - ды құрады.

Ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде мемлекет Басшысы 2018 жылғы                             5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту және өңірлерде еңбек идеологиясын ілгерілету міндетін қойды.

«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде ауылдарда халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдай жасау жоспарлануда, ол бойынша республикалық бюджеттен                   2019-2021 жылдарға 90,0 млрд.теңге, оның ішінде 2019 жылға 30,0 млрд. теңге мөлшерінде қаржы бөлінді. 2019 жылы облыстың 3 ауданында 2,7 млр.теңгеге 108 жоба іске асырылды.

2020 жылы облыстың 7 ауданында (29 ауылда) 7,4 млрд.теңге 109 жоба іске асырылмақ, қаржы қаражаты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, кәріз, газ, жылу, электрмен жабдықтау нысандары), әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт нысандары), инженерлік-көліктік инфрақұрылымды (кентішілік және ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын болады.1,2 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту Жол картасы аясында 61,2 млрд.теңгеге 831 жобаны іске асырылмақ, онда 19 мыңнан аса жұмыс орнын құру жоспарлануда.

2017 жылы облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға жоғары қалыптасты – 107,2% (ҚР – 107,1%), 2018 жылы орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға төмены - 105,2% (ҚР - 105,3%), 2019 жылы орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға төмен- 105,3% (ҚР - 105,4%).

 

№3 кесте. 2017-2019 жылдардағы тұтыну бағаларының индексі

Тұтыну бағаларының индексі, %

о.і.

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Жамбыл облысы

ҚР

Жамбыл облысы

ҚР

Жамбыл облысы

ҚР

107,2

107,1

105,2

105,3

105,3

105,4

азық-түлік тауарлары

106,4

106,5

105,2

105,1

109,5

109,6

азық-түлік емес тауарлар

108,9

108,9

106,6

106,4

105,1

105,0

ақылы қызметтер

106,5

105,9

103,8

104,5

100,3

100,7

 

3 жылда азық – түлік емес тауарларына тұтыну бағаларының индексі төмендегені байқалады: 2017 жылы – 108,9%, 2018 жылы – 106,6%, 2019 жылы -105,1%, ақылы қызметтер: 2017 жылы – 106,5%, 2018 жылы-103,8%, 2019 жылы-100,3%.

2020 жылғы маусымында инфляция деңгейі 2019 жылғы желтоқсанға 4,2% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 7,2%-ға, азық-түлік емес тауарларға-3,0%-ға, ақылы қызметтерге -1,2% - ға өсті.

Инфляцияның өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Азық-түлік нарығын реттеу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ бағалардың маусымдық ауытқуларын ұстау үшін азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын пайдалану бойынша жұмыстар жалғасуда. Нарықты отандық тауарлармен толықтыру үшін жанар-жағар май, тыңайтқыштар, асыл тұқымды жұмыстарды сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау арқылы отандық өндірушілерді қолдау қамтамасыз етіледі.

 

Еңбек өнімділігі

Еңбек өнімділігі - бұл тек өңір ғана емес, жалпы ел экономикасының тұрақты ұзақ мерзімді өсуінің негізгі қозғалтқышы.

Сонымен, Жамбыл облысының экономикасындағы еңбек өнімділігі (бұдан әрі- ЕӨ) 2017 жылы 2321,7 мың теңге/адам 2018 жылы 2625,1 мың теңге/адам дейін ұлғайды, 2019 жылы 2895,6 мың теңге/адам жетті.Еңбек өнімділігінің индексі 2017 жылы өткен жылға – 104,7%, 2018 жылы – 102,5%, 2019 жылы – 105,9% құрады.

2019 жылы ЕӨ көлемі бойынша ҚР Алматы және Түркістан облыстарын оза отырып, облыс Қазақстан өңірлерінің арасында 15 орын алады (3 график).

 

№3 график. Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде 2019 жылғы

еңбек өнімділігінің көлемдері мен индексін салыстыру,

млн. теңге/адам және өткен жылмен салыстырғанда %

 

   

 

2019 жылы ауыл шаруашылығында (8,6%-ға), өнеркәсіпте (8,5%-ға), құрылыста (19,4%-ға), саудада (8,4%-ға), көлікте (0,8%-ға) еңбек өнімділігі көлемінің ұлғаюы есебінен экономикада ЕӨ өсімі 5,9%-ға жетті.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір қызметкерге 6210,6 мың теңгені, индексі – 78,1% құрады. 2018 жылы 5,8%-ға (8044,6 мың теңге/адам), 2019 жылы – 11%-ға (9891,9 мың теңге/адам) артты (4 график).

 

4 график. 2017-2019 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі,

 млн. теңге/адам және өткен жылға %-бен

 

 

 

Өңдеу өнеркәсібіндегі ЕӨ арттыру – ҚР индустриялық-инновациялық дамыту Мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі-ИИДМБ) басым бағыттарының бірі, оны дәйекті іске асыру Жамбыл облысында жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және сауықтыру жолымен жүргізілуде. 2010 жылы бағдарлама іске асырыла бастағаннан, 175,3 млрд. теңге инвестиция салынған 64 жаңа инвестициялық жоба енгізілді.

2019 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі ЕӨ индексінің өсуі мына салалардағы еңбек өнімділігіне тікелей байланысты: мұнай өнімдерін өндіру (7,6%-ға), жеңіл өнеркәсіп                    (1,1 есе), машина жасау (1,2 есе), құрылыс индустриясы (1,4 есе), металл бұйымдары                   (1,8 есе), сусындар (2,4 есе), резеңке және пластмасса бұйымдары (7,8 есе) (4-кесте).

 

№4 кесте. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторларындағы

еңбек өнімділігінің динамикасы

 

Еңбек өнімділігі

2017жыл, мың АҚШ долл.

/адам

Өткен жылға индексі, %

2018 жыл, мың АҚШ долл.

/адам

Өткен жылға индексі, %

2019жыл, мың АҚШ долл. /адам

Өткен жылға индексі, %

Тамақ өнімдері

35,6

62,2

22,7

64,5

20,6

96,0

Химия өнеркәсібі

26,9

100,7

39,7

131,3

40,6

97,3

Металлургия өнеркәсібі

20,2

114,8

50,8

142,8

31,2

64,8

Өзгеде металл емес өнімдер өндірісі

21,9

82,0

27,1

109,4

40,3

141,7

Жеңіл өнеркәсіп

5,6

130,2

5,6

118,4

6,2

113,7

Машина жасау

3,4

82,9

3,4

105,3

3,3

117,6

Мұнай өнімдерінің өндірісі

8,7

39,6

25,3

105,6

18,7

107,6

Фрамацевтика өнімдері

6,7

50,8

3,8

55,6

1,8

51,6

 

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің төмендігі және оның тұрақсыздығы тікелей облыстағы жұмыспен қамту құрылымымен, атап айтқанда – өз бетінше жұмыспен айналысушылар санының басым болуымен байланысты.

2017 жылы жеке қосалқы шаруашылықтарда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының 2016 жылғы 48,2 мың адамнан 2017 жылы 77,7 мың адамға дейін өсуіне байланысты ауыл шаруашылығындағы ЕӨ индексі бір адамға 3,1%-ға 957,4 мың теңгеге дейін төмендеді.

Облыста Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында жыл сайын еңбек өнімділігі қарқынының негізгі өсу көзі болып табылатын ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру артуда. Мал басының өсуі, малдың барлық түрлері мен асыл тұқымды малдардың өнімділігі, майлы, көкөніс және жем-шөп дақылдарының егіс алқаптары және олардың өнімділігі есебінен 2018 жылы  ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 105,6%-ды құрады. Жеке қосалқы шаруашылықтарда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 65,6 мың адамға дейін азайды.Нәтижесінде 2018 жыл бойынша ауыл шаруашылығында ЕӨ 4,4%-ға өсіп, 1024,7 мың теңге/адамды құрады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ЕӨ индексі 8,6%-ға 1201,1 мың теңге/адам дейін (60,0 мың адам) артты (5-кесте).

 

5 график. 2017-2019 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі,

млн. теңге/адам және өткен жылға %-бен

 

 

           

Облыс бюджеті дотациялық болып табылады. Бюджеттің кіріс бөлігінің 80%-дан астамын республикалық бюджет трансферттері құрайды.

 

№5 кесте. Трансферттер мен бюджеттік кредиттердің түсімі, млн. теңге

 

2017ж. нақты

2018ж. нақты

2019жг. нақты

РБ-тен трансферттер

189 740,8

192 887,4

261 169,2

Бюджеттік кредиттер

4 941,0

9 527,9

24 435,5

 

2017 жылы облыс бюджетінің кірісіндегі меншікті кірістер түсімінің үлесі 23,3% құрады, 2018 жылы – 23,2%, 2019 жылы – 20,5%. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемінде 90,0%-дан астамы салықтық түсімдерден құралады.

 

№6 кесте. Мемлекеттік бюджетке түсімдер серпіні

 

 

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

млн.тг.

өткен жылға %

млн.тг.

өткен жылға %

млн.тг.

өткен жылға %

Барлығы

81414,9

114,3

85831,3

105,4

98 223,4

114,4

РБ

30141,6

99,4

27505,9

91,3

30 739,1

111,8

ЖБ, о.і.

51273,3

125,3

58325,4

113,8

67 450,2

115,6

салықтық

45683,4

120,1

51279,3

112,1

56 120,5

109,4

салықтық емес

1997,2

98,6

2524,2

126,4

2 410,1

95,5

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3592,7

421,9

4521,9

125,9

8 919,6

197,7

 

Жамбыл облысында жалпы ішкі өнімдегі бақыланбайтын экономиканың үлес салмағы 2017 жылы 0,83% - ды, 2018 жылы - 0,83%-ды, 2019 жылы - 074% - ды құрады.

ЖІӨ-де облыстың қадағаланбайтын экономикасының елеулі өсуі көлік-логистикалық салада 2017 жылы 0,22% - дан, 2018 жылы – 0,24% - ға дейін тіркелген. 2019 жылы үлестің  0,21% - ға дейін төмендеуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы секторында жалпы шығарылым көлеміндегі  қадағаланбайтын өндіріс үлесі 2018 жылғы 0,13% - дан 2019 жылы 0,14% - ға дейін өсті.

2017 жылы ЖӨӨ – дегі көлеңкелі экономиканың ЖҚҚ үлесі 33,42%,                                         2018 жылы -33,49%, 2019 жылы-30,04%, құрады.

Өмір сүру деңгейінің ең маңызды жалпылама көрсеткіштерінің бірі халықтың табысы болып табылады.

Сонымен, халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы соңғы                 3 жылда 2016 жылы 48057 теңгеден 2018 жылы 61301 теңгеге дейін өсті. 2019 жылғы                      4 тоқсанда 74921 теңгені құрады. 2018 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны атаулы ақшалай табыстар бойынша 115,8% - ды және нақты ақшалай табыстар бойынша 109,9% - ды құрады.

 

№7 кесте. Халықтың ақшалай табыстарының серпіні

 

Атаулы ақшалай кірістер, теңге

2017 г.

2018 г.

2019 г.

(4 тоқсан)

2020 г.

(1 тоқсан)

55548

61301

74921

77413

номиналды мәнде, %

115,6

112,2

115,8

117,3

нақты мәнде, %

107,6

106,0

    109,9

111,0

 

Жамбыл облысы жалақы деңгейі төмен өңірлерге жатады, бұл бірінші кезекте жалдамалы жұмыспен қамтылғандар санының ең көп үлесін – 43,8% - ын жалақысы тіркелген білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету салалары ұйымдарының қызметкерлері құрайды.

2017-2019 жылдары облыстың бір қызметкерінің орташа айлық жалақысы 100 536 теңгеден 127 043 теңгеге дейін өсті, атаулы көріністе 104,7% - дан 116,1% - ға дейін  өсті, нақты 97,5% - тен 110,3% - ға дейін.

2019 жылы бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 127043 теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,1% – ға, нақты – 10,3% - ға өсті.   Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында байқалады, ол 351103 теңгені құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 1,8 есе артық (186815 теңге). Оның көлемі Түркістан облысындағы ең төмен - 123853 теңгені құрайды, бұл ел бойынша деңгейден 33,7% - ға төмен.

Еңбекақы төлеудің ең жоғарғы шамасы қаржы және сақтандыру қызметінде –220776 теңге, ең төменгі мөлшері – ауыл, орман және балық шаруашылығында –88349 теңге.

2020 жылдың 2 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 28,1% -ға, нақты - 19,9% -ға өсіп, 161994 теңгені құрады.

                6-график.  ҚР өңірлері бөлінісінде 2019 жылы 1 қызметкерге орташа айлық жалақы көлемі мен индексін салыстыру, млн. теңге және өткен жылға % - бен

 

 

Өсім– 16,1%

2019 жылы

2018 жылы

 

 

 

 

 

 

 

Адам өмірін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани құндылықтарды сатып алуға арналған нақты шығындар тұтыну шығыстары мен тұтынуға тікелей байланысты емес шығыстарды қамтитын үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын анықтайды. Үй шаруашылығы бюджетінің шығындары ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Өз табысын пайдалана отырып, отбасы тауарлар мен қызметтер нарығын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді.

Үй шаруашылығы шығыстарының құрылымы азық-түлікке жұмсалатын шығыстар басым үлесті иеленетінін көрсетеді. Қызметтерге шығындар үлесі үнемі өсуде.

Облыс бойынша азық - түлік тауарларына тұтыну шығындары 2017 жылы - 56,2%,   2018 жылы - 59,6%,  2019 жылы – 51,8% құрады.

 

1.2. Өнеркәсіп және инвестиция

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп Жамбыл облысы экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады, ол төрт негізгі салалық кешенді қамтиды – тау-кен өндіру және өңдеу, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау (1-кесте).

 

№1 кесте. 2017-2019 жылдары өнеркәсіп өндірісінің

экономикалық қызмет түрі бойынша динамикасы

Атауы

2017жыл

2018жыл

2019жыл

Облыс өнеркәсібі, млрд.теңге

374,0

421,1

477,0

Өткен жылға, НКИ%

103,6

101,8

106,8

- кен өндіру өнеркәсібі және карьерлрді қазу

43,6

49,3

57,8

НКИ

112,8

105,3

114,5

- өңдеу өнеркәсібі

257,6

301,6

352,1

НКИ

102,1

103,8

107,1

-электрмен жабдықтау, газ,

бу беру және ауа баптау

69,5

66,3

62,9

НКИ

101,7

90,5

99,3

- сумен жабдықтау; кәріз жүйесі,

қалдықтардың жиналуын және

таратылуын бақылау

3,3

3,9

4,2

НКИ

100,9

112,7

106,7

 

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең үлкен үлесті өңдеу өнеркәсібі шамамен 74,0%, кен өндіру – 12,0%, электрмен жабдықтау – 13,0%, сумен жабдықтау – 1,0% алады.

Жалпы республикалық көлемдегі облыстың өнеркәсіп өндірісінің үлесі облыстар арасында ең төмендерінің бірі болып табылады, 2017 жылы -1,6%, 2018 – 1,5%, 2019 – 1,6%.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс өнеркәсіп көлемі мен НКИ бойынша Қазақстан өңірлерінің арасында сәйкесінше 16 және 8 орынды алды, НКИ бойынша ҚР                  9 аймағының алдында (1-график).

 

1 график. 2019 жылы ҚР өңірлері бойынша өнеркәсіп көлемдерін және НКИ салыстыру, млрд. теңге және өткен жылға %-бен

 

 

 

2019 жылы өнеркәсіп өндірісі алдын-ала мәлімет бойыншаоблыстың жалпы өңірлік өнімінің 19,2% құрайды. Онда 41,3 мың адам жұмыспен қамтылған немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының шамамен 8,1%-ы. Салаға негізгі капиталға салынған инвестициялардың 45,2%-ы немесе 134,0 млрд. теңге бағытталды. Өнеркәсіп өндірісінің негізін жұмыс істеп тұрған 410 кәсіпорын құрайды.

Өнеркәсіптің өсуіне өнеркәсіп салаларының серпінді дамуы, оның ішінде ұсақ ұнтақталған фосфат шикізатын, тас көмірді, түсті металл кендерін, тұзды өндіруді; тамақ өнімдерін өндіруді, химия, құрылыс индустриясы мен машина жасауды ұлғайту айтарлықтай әсер етті.

2019 жылы өңір Республикада сары фосфор (99,0%), фосфор тыңайтқыштары (94,3%), қант (64,0%), портландцемент (16,2%) шығару бойынша маңызды позицияларды иеленеді.

Аумақтық бөліністе облыстың өнеркәсіптік дамыған өңірлері Мойынқұм ауданы және 1-2 ірі кәсіпорынның жұмыс істеуі есебінен - Сарысу, Талас, Жамбыл, Қордай және Шу аудандары болып табылады. Байзақ, , Жуалы, Т. Рысқұлов, Меркі аудандарының өндірістік бағыты негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен қамтамасыз етіледі.Негізгі ірі өнеркәсіп кәсіпорындары Тараз қаласында шоғырланған, облыс өндірісінің жалпы көлеміндегі өнеркәсіп үлесі шамамен 59% құрайды (2-кесте).

 

2 - кесте. 2017-2019 жылдары аудандар мен Тараз қ. бойынша өнеркәсіптің динамикасы және олардың облыс көлеміндегі  үлесі

 

Атауы

2017

жыл

Аудандардың жалпы облыс көлеміндегі үлесі, %

2018жыл

Аудандардың жалпы облыс көлеміндегі үлесі, %

2019

жыл

Аудандардың жалпы облыс көлеміндегі үлесі, %

Облыс, млрд.теңге

374,0

100,0

421,1

100,0

477,0

100,0

Тараз қ.

230,4

61,6

240,1

57,0

280,8

58,9

Байзақ

2,8

0,7

3,9

0,9

4,9

1,0

Жамбыл

8,7

2,3

19,9

4,7

16,3

3,4

Жуалы

6,6

1,8

8,4

2,0

10,9

2,3

Қордай

16,4

4,4

14,8

3,5

15,6

3,3

Т.Рысқұлов

8,1

2,2

7,5

1,8

11,5

2,4

Меркі

17,3

4,6

14,5

3,4

5,9

1,2

Мойынқұм

45,1

12,1

66,3

15,7

71,7

15,0

Сарысу

19,1

5,1

20,6

4,9

23,3

4,9

Талас

14,3

3,8

17,1

4,1

22,6

4,7

Шу

5,2

1,4

8,0

1,9

13,5

2,8

 

ИИДМБ екінші кезеңі аясында 2015-2019 жылдары инвестиция көлемі 52,0 млрд. теңгеге 31 кәсіпорын іске қосылды, 2,0 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Енгізілген кәсіпорындардың 66,7%-ы ауылдық жерлерде, 33,3%-ы Тараз қаласында іске асырылды.

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Экономика салаларын цифрландыру» бағыты бойынша «Алтыналмас» АК» АҚ базасында бірыңғай ақпараттық кеңістікке интеграциялаумен компанияның барлық процестерін автоматтандыру бойынша «Цифрлық кеніш» жобасы іске қосылды, ол шығындарды 15%-ға дейін азайтуға және еңбек өнімділігін 10,0%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Қазфосфат ЖШС компаниясы SUP ақпараттық жүйесін, америкалық «Honeywell», жапондық «Yokogawa» және неміс «Siemens AG» компанияларының - әлемдік көшбасшылар өндірісін автоматтандыру жүйелерін енгізді. IT-индустрия технологияларын орнатуға 458,5 млн.теңге инвестиция салды.

«Үшбұлақ» кен орнында мәрмәр шығару бойынша геодезиялық жұмыстар жүргізу үшін - LeikaTS06 электрондық тахометрлері қолданылуда. «Оргстрой» ЖШС алмазды форсункаларды пайдалана отырып тас кесу әдісін, сандық және бағдарламалық басқарылатын автоматтандырылған станоктарды, ағынды суларды тазалауға және қожды жоюға арналған итальяндық технологиялық жабдықтарды енгізді.

2020 жылдың басында аймақта COVID-19 пандемиясына байланысты шектеулі карантиндік шаралардың әсерінен өндірістің нақты көлемінің индексі төмендеді – бұл экономика салаларының төлем қабілеттілігінің қысқаруы, сыртқы және ішкі көлік ағындарының төмендеуі және халықаралық және аймақтық ортада өзін-өзі оқшаулау қажеттілігі.

Алайда, карантиндік шаралардың қысқарту аясында мамыр айынан бастап өнеркәсіп салаларының қарқынды қалпына келуі байқалады. Бұдан басқа, 2020 жылға арналған ҚР Кешенді жоспары негізінде облыстағы экономикалық белсенділікті қалпына келтіру мақсатында Жамбыл облысының 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуін қалпына келтіру бойынша Кешенді жоспар қабылданды, ол экономиканың әрбір саласы бойынша нақты шараларды қамтиды.

Нәтижесінде 6 айдың қорытындысы бойынша негізгі салалар есебінен өнеркәсіпте 1,5% өсімге қол жеткізіліп, көлемі 237,5 млрд. теңгені құрады. Өндіріс өсімі Меркі (1,3%-ға төмендеген), Мойынқұм (3,6%-ға) аудандарынан басқа облыстың 8 ауданында байқалды. Тараз қаласында нақты көлем индексі 2019 жылдың тиісті кезеңі деңгейінде 100%-ды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

Сала негізінен фосфориттер, газ, көмір, құрамында алтыны бар кендер, қорғасын концентраттар, мыс кендерін, құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізат және техникалық қызмет көрсетумен ерекшеленеді.

Облыста барланған және игерілетін кен орындарының болуы тау-кен өндіру кешенін дамытудың негізі болып табылады, ол 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін орта есеппен тиісінше 43,6-дан 57,8млрд.теңгеге дейін 110,9 пайыздық тармаққа өсті (2-график).

 

2 график. 2017-2019 жылдардағы облыстың кен өндіру өнеркәсібі

және карьерлерді қазу динамикасы, млрд. теңге

 

 

 

 

 

Кен өндіру өнеркәсібінің ЖӨӨ құрылымындағы үлесі жыл сайын өсіп, 2019 жылы 2,8%-ға жетті. Инвестиция көлемі 9,6 млрд. теңгені құрады. Аталған секторда 10,5 мың адам жұмыспен қамтылған немесе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 25,4%.

Ұсақ ұнтақталған фосфат шикізатын өндіру көлемі 18,1%-ға, тас көмір – 1,8 есе, түсті металлдар кендері – 7,7%-ға, тұз – 14,3%-ға өсті. Сонымен қатар, ұсақталған фосфат шикізатын өндіру –4,6%-ға, әктас және гипс – 5,7%-ға, шағал мен ұсақталған тас 2,9%-ға азайды.

Саланың 40,0%-ға жуық негізгі үлесін Сарысу ауданының кәсіпорындары, 20,0%-ын –Мойынкұм және Талас аудандарының кәсіпорындары, 10,0%-ын  Қордай және облыстың қалған 7 өңірінің жиынтығы құрайды.

Кен өндіру секторында «Казфосфат» ЖШС «Шолақтау» ТӨК және «Қаратау» ТӨК –фосфоршикізатын өндіру, «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС – ұсақталған фосфат шикізатын өндіру, «Алтыналмас» АК» АҚ – құрамында алтыны бар кендерді өндіру, «Жамбылгипс» АҚ - гипс өндіру, «АмангелдіГаз» ЖШС – табиғи газ және газ конденсатын өндіру, «Кордай-Тау» ЖШС - гранит тасын өндіру және өңдеу және т.б. ірі кәсіпорындары жұмыс істейді.

2017 жылы индустрияландырудың 2 кезеңінде инвестиция көлемі 600,0 млн. теңгеге, 150 жаңа жұмыс орны құрылған блоктарды жарусыз жаңа технология бойынша гранит өндіру және жаңғырту бойынша «Оргрстрой» ЖШС кәсіпорны іске қосылды.

Өңдеу өнеркәсібі

Өнеркәсіпте өнеркәсіптік өндірісті әртараптандырудың негізі және өңірдің басым саласы өңдеуші өнеркәсіп болып табылады.

ИИДМБ-да индустриялық-инновациялық жобаларды дәйекті іске асырудың арқасында 2017 жылдан бастап 2019 жыл аралығында сала жылына орта есеппен 104,3%-ға тиісінше 257,6-дан 352,1 млрд. теңгеге дейін өсті (3-график).

 

3-график. 2017-2019 жылдары облыстың өңдеу өнеркәсібінің  динамикасы,

млрд.теңге

 

 

ИИДБағдарламасының 2-кезеңінде іске асырылған 31 инвестициялық жобалардың ішінде инвестиция көлемі 51,3 млрд.теңге болатын 30жобалар өңдеу секторында, онда 1,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде ЖӨӨ, өнеркәсіп құрылымында саланың үлесі өсуде. 2017 жылы ол 11,3%-ды, 2018 жылы – 12,4%-ды, 2019 жылы–14,1%-ды құрады.

2019 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі мен НКИ бойынша Қазақстан өңірлері арасында 12 және 9 орын алды,НКИ бойынша ҚР 8 өңірлерінің алдында (4-график). Бұл ретте, оның республикадағы өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі 4,1%-ды құрады.

 

4-график. 2019 жылы ҚР өңірлері бойынша өнеркәсіп көлемдерін және НКИ салыстыру, млрд. теңге және өткен жылға %-бен

 

 

 

Өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің негізгі бөлігі өңдеуші салаларда шоғырланған-өнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтіндердің шамамен 57,0%-ы немесе 23,5 мың адам, инвестиция ағыны өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемінің 27,5%-ыннемесе 2019 жылы 36,8 млрд.теңгені құрады.

Облыстың өңдеу өнеркәсібі негізінен 7 негізгі саламен ұсынылған, олардың жалпы көлемдегі үлесі 94,0%-ға жуық құрайды(5-график).

 

 

 

 

 

 

 

5 график. Өңдеу өнеркәсібі салаларының құрылымы

 

 

 

2019 жылы өсім тамақ өнімдерін өндіру (103,3%), химия өнеркәсібі (115,6%), өзге де металл емес минералдық өнімдер (108,0%) және машина жасау (105,2%) көлемі есебінен қамтамасыз етілді (3-кесте).

 

№3 кесте. 2017-2019 жылдары өңдеу өнеркәсібінің

негізгі экономикалық қызмет  түрлерінің динамикасы

Атауы

2017

жыл

НКИ,

%

2018жыл

НКИ,

%

2019

жыл

НКИ,

%

Өңдеу өнеркәсібі, млрд.теңге

257,6

102,1

301,6

103,8

352,1

107,1

из нее:

 

 

 

 

 

 

- химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

92,7

145,8

121,8

123,2

162,9

115,6

- тамақ өнімдерінің өндірісі

76,4

82,7

54,4

74,9

59,9

103,3

- металлургия өнеркәсібі

34,7

109,5

54,2

119,2

53,9

85,8

- өзге де металл емес минералды өнімдер өңдірісі

29,4

112,2

35,7

98,0

38,9

108,0

- машина жасау

8,6

134,4

9,4

116,3

9,9

105,2

- кокс  және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

4,4

49,6

14,8

114,7

11,4

94,1

- жеңіл өнеркәсіп

3,2

110,1

3,7

124,7

3,5

74,2

 

2020 жылы ИИДМБ бойынша өңдеу секторында инвестиция көлемі 5,1 млрд.теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске асырылуда, 657 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Химия өнеркәсібі - салалар арасында жетекші және оның облыс өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі 34,2%, өңдеу секторында – 46,3% құрайды. ҚР химия өнеркәсібіндегі өңірдің үлесі – 34,3%.

Облыста химиялық өнімнің негізгі өндірушісі «Қазфосфат» ЖШС Компаниясы болып табылады, өз меншігінде кен өндіруден және оларды өңдеуден бастап, тұтынушыға жеткізгенге дейін сапалы бәсекеге қабілетті өніммен әлемдік нарыққа шығатын толық желісін иеленеді.

Оның құрамында фосфориттер өндіретін ірі өндірістер жұмыс істейді – бұл «Қаратау» ТКӨК және «Шолақтау» ТКӨК, фосфориттерді қайта өңдейтін – Жаңа жамбыл фосфор зауыты, «Минералды тыңайтқыштар» зауыты өндірістік бірлестіктері, онда 6,0 мыңнан астам адам еңбек етеді.

«Казфосфат» ЖШС тек облыста ғана емес, республикада да әлемдік нарыққа химия өнімдерін экспорттаушылардың бірі болып қала береді. Дайын өнімнің 80,0%-дан астамы шетелге, атап айтқанда сары фосфор Ұлыбританияға, Германияға, Данияға, Үндістанға, Италияға, Польшаға, АҚШ–қа, Чех Республикасына, Швейцарияға; минералды тыңайтқыштар – Бельгияға, Кореяға, Латвияға, Испанияға, Қытай, Нидерланды, Норвегия, Түркия, Финляндия, Швеция, Қырғызстан; натрий триполифосфаты - Германияға, Қытайға, Чех Республикасына, Украинаға; ортофосфор қышқылы - Бразилияға, Ұлыбританияға, Германияға, Қытай, Корея, Чех Республикасы, Швейцарияға өткеріледі.

Химия саласы көрсеткіштерінің 3 жылдағы серпіні өсу үрдісіне ие.

2017 жылы өндірілген өнімді апта сайын есепке ала отырып, облыстың ірі кәсіпорындарының қызметіне жүйелі мониторинг, мемлекеттік қолдау көрсету, кәсіпорындарды қайта құру және жаңғырту, ИИДМБ шеңберінде инвестициялық жобаларды пайдалануға беру арқасында 45,8% (92,7 млрд.теңге) өсімге қол жеткізілді.

2018 жылы сары фосфор өндірісінің – 32,6%-ға,натрий үшполифосфаты – 2,3 есеге және ортофосфор қышқылы – 71,0%-ға ұлғаюы есебінен көлем  23,2%-ға (121,8 млрд. теңге) артты. Сонымен қатар, салада азот тыңайтқыштарын өндіру – 11,1%-ға және фосфор тыңайтқыштарын өндіру – 13,8%-ға азайды.

2019 жылы 15,6% өсім (162,9 млрд. теңге) «Қазфосфат» ЖШС, сондай-ақ ИИДМБ шеңберінде енгізілген «Talas Investment Company» ЖШС есебінен қамтамасыз етілді. Сары фосфор өндірісі 5,4%-ға, азот және фосфор тыңайтқыштары – 1,5 есе, натрий цианиді – 1,4 есе ұлғайды.

2015-2019 жылдары ИИДМБ аясында салада құны 16,9 млрд. теңгеге 3 өндіріс іске қосылды («Қазфосфат» ЖШС-нің 3 жобасы – экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің технологиялық жүйесін қайта жаңарту, 1-кезең; коттрель сүтінің қатты қалдығынан түйіршіктелген фосфор-калий тыңайтқыштарын өндіру; 10:46 маркалы аммофос өндірісінің көлемін 500 мың тоннаға дейін арттыру, 2-кезең).

Қаратау қаласында қуаты жылына 1,4 млн. тоннадан астам кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС-нің ірі жобасы іске асырылуда, 2021 жылы іске асырылу жоспарлануда. Инвестициялардың жалпы көлемі 356,5 млрд. теңгені құрайды, 2000 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Компанияның жоспарына сәйкес Жаңатас қаласында кен байыту комбинаты іске қосылды, онда 270-тен астам жұмыс орны ашылды. Жобаның бірегейлігі – ауыл шаруашылығының қажеттілігіне қарай әлемде белгілі кешенді тыңайтқыштардың барлық гаммасын шығаруға болады. Тыңайтқыштардың артығы ТМД елдерінің – Қырғызстан, Ресей және алыс шет елдердің – Қытай, Иран, Ауғанстан және т.б. нарықтарында сатылатын болады.

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында ірі компаниялардың жобаларын іске асыру жоспарлануда. Каустикалық сода және хлор; глифосат (гербицид) және үшхлорлы фосфор өндірісі; өсімдіктер мен микроқұрылымдарды қорғаудың биологиялық жүйелерінің кешені; табиғи газды терең өңдеу, сутегі тотығы, қант зауыты; минералды фосфор тыңайтқыштарын өндіру; автобустар мен жүк автомобильдерінеарналған тұтас қаңқасы бар радиалды шиналар бойынша 8 жобаны іске асыратын 7 қатысушы тіркелді. Инвестиция көлемі 661,3 млрд. теңгені құрайды.

Осы жобаларды іске асыру өңір экономикасына инвестиция тартуға ғана емес, сонымен қатар облыстың экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Металлургия өнеркәсібі –өңдеуші өнеркәсіптің құрамдас салаларының бірі. Металлургия секторының үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 15,3% және өнеркәсіпте – 11,3% тиесілі.

Өңірде алтын, күміс, қорғасын, мырыш, мыс, кварцит кен орындары барланған. Қазіргі уақытта Мойынқұм ауданының Ақбақай бассейнінде алтын және күміс кенін өндіру және байыту, металл балқыту, сондай-ақ металдан жасалған бұйымдар өндірісі жүзеге асырылуда. Шу ауданындағы Шатыркөл полиметалл кен орнында мыс кені өндіріледі. Алайда металлургияның ең маңызды секторлары ферроқорытпалар, алтын және күміс өндірісі болып қалуда.

Экономикалық қызмет бойынша металлургия өнеркәсібінің өндірісі 3 түрден тұрады – бұл қара металлургия, бағалы және түсті металдар өндірісі және металдарды құю.

2017-2018 жылдары 34,7-ден 54,2 млрд. теңгеге дейін немесе сәйкесінше 109,5% және 119,2% тұрақты өсім байқалады. Саладағы өндіріс көлемінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,2 есеге ұлғаюы қара металлургия өнімдерін шығарудың 24,7%-ға, бағалы және түсті металдарды шығарудың 14,6%-ға және металдарды құюдың 7,5%-ға өсуіне байланысты.

2019 жылы қара металлургия өндірісінің – 35,8%-ға («ТМЗ» ЖШС), бағалы және түсті металдардың – 4,8%-ға («Алтыналмас» АҚ) қысқаруы есебінен саланың көлемі 53,9 млрд. теңгені, НКИ-85,8%-ды құрады. Сонымен қатар, металл құю өндірісі 3,1 есеге артты («Запчасть» АҚ).

Жалпы алғанда, металлургия өнеркәсібі өндірісі көлемінің динамикасын талдау негізінен экспортқа бағдарланған кен өндірісінің елеулі үлесі кезінде жоғары қосылған құны бар шығарылатын өнімнің өте тар тізбесін көрсетеді.

Индустрияландырудың екінші кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша металлургияда құны 4,2 млрд. теңге тұратын 400 жаңа жұмыс орнын құрумен 2 инвестициялық жоба іске асырылды: «Golden Compass Capital» АҚ – құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша, «Ер Тай» ЖШС – өндірілетін қорғасын-мырыш кендерін қайта өңдеумен флотациялық-гравитациялық байыту фабрикасында Ақсу байыту фабрикасын жаңғырту және қайта жаңарту.

Өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісі. Облыста 13 өңдеу тастарының, 18 құрылыс тастарының, 12 – қаптау тастарының, 23 – құм-қиыршық тас қоспасының, 11–құрылыс құмының, 34 – кірпіш өндіруге қажетті саз балшықтың және басқа да кен орындары бар.

Өнеркәсіптегі құрылыс индустриясы өндірісінің үлесі 8,2%-ды, өңдеу өнеркәсібінде – 11,0%-ды құрайды.

2017 жылы сала 12,2 пайыздық тармаққа өсудің оң қарқынын көрсетеді, бұл тұрғын үй құрылысына, жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге және индустрияландыру шеңберінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға байланысты: Мойынқұм ауданындағы 2 цемент зауыты «Мыңарал Тас Компани» ЖШС, «ACIG» АҚ; Жамбыл ауданындағы темір бетон бұйымдарын өндіру және үй құрылысы комбинатын іске қосу бойынша 2 жоба «Бином Строй-Деталь» ЖШС; Байзақ ауданындағы - кірпіш өндірісі бойынша «База-Servis»  ЖШС; Тараз қаласындағы -алюминий радиаторларын өндіру бойынша «Арайстроймаркет» ЖШС. Сондай-ақ 2015-2019 жылдары инвестиция сомасы 11,8 млрд. теңгеге 6 жобаны пайдалануға беру: «Жамбыл Недр» ЖШС М400, М500 маркалы цемент өндірісі бойынша; «КазУпакТрейд» ЖШС – гипс және гипсокартон өндірісі бойынша; «Жамбылгипс» АҚ – өндірісті кеңейту және жаңғырту және жаңа цехтар құрылысы; «Қаратау ПРО» ЖШС – жұқа толтырғыштар өндірісі бойынша зауыт; «Alina Holding» ЖШС – гипс ұстастырғыш құрылыс материалдарының өндірісі бойынша зауыт; «Шақпақ Дорсервис» ЖШС– битум зауытын қайта жаңарту. 450 жаңа жұмыс орны құрылды.

Алайда, 2018 жылы құрылыс индустриясы өндірісінің көлемі 2,0%-ға төмендеп, 35,7 млрд.теңгені құрады, бұл тауарлы бетонның – 18,0%-ға, керамикалық кірпіштердің – 28,0%-ға төмендеуіне байланысты. Сонымен қатар бетоннан жасалған конструкциялар – 1,9%, цемент және бетоннан жасалған тақталар – 19,2%, портландцемент – 1,9%, өңделген тас – 2,7 есеге ұлғайды.

2019 жылы шығарылым 38,9 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 108,0% құрады. Портландцемент өндірісі 1,8%-ға, тауарлық бетон – 1,4 есеге, өңделген тас – 1,7 есеге артты. Сонымен қатар, құрылыс кірпіштерін шығару 11,2%-ға, бетоннан жасалған бұйымдар шығару – 10,6%-ға төмендеді.

2020 жылы кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша Тараз арматура зауыты» ЖШС құрылыс арматурасын өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда, инвестиция көлемі 2,2 млрд. теңге, қуаты жылына 200 мың тонна, 297 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Машина жасау шамалы үлеске ие өңдеу өнеркәсібі көлемінде 2,8%, өнеркәсіпте – 2,1%.

Машина жасау өнімі өндірісінің нақты көлем индексін талдау тұрақты динамиканы көрсетеді. 2017 және 2018 жылдары машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату ішкі салалардағы өндіріс көлемінің тиісінше 15,7 және 9,4 пайыздық тармаққа ұлғаюы есебінен 34,4%-ға (8,6 млрд.теңге) және 16,3%-ға (9,4 млрд. теңге) өсті. 2019 жылы өсім 5,2%                      (9,9 млрд.теңге). Саладағы өнімнің ұлғаюы Тараз локомотив жөндеу депосында,«Жамбылремсервис» ЖШС жөндеу бойынша қызметтердің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру өнеркәсіпте 2,4%-ды, өңдеу саласында 3,2%-ды алады. Өңірде газ өндіру және тасымалдау жүзеге асырылады, Қызылорда облысының Құмкөл кен орнынан импортталатын мұнай мен сұйытылған газдан мотор және дизель отыны, мазут отыны шығарылады.

Мұнай өнімдерін өңдеу 2017 жылы – 50,4% (4,4 млрд. теңге) құрады, бұл шикізат пен өнімді өткізудің болмауына байланысты «Амангелді ГӨЗ» ЖШС кәсіпорнында өндіріс көлемінің азаюына байланысты (кәсіпорын жыл сайын мемлекеттік тапсырыс алатын отандық мұнай өңдеу зауыттарының тізбесіне енбеген). 2018 жылы мазут отынын шығару 1,5 есеге арту есебінен, өсім 14,7%-ды (14,8 млрд. теңге) құрады.2019 жылы мотор отыны көлемінің 32,8%-ға, дизель отыны – 7,0%-ға, отындық мазут – 12,6%-ға төмендеуіне байланысты көлем 5,9%-ға (11,4 млрд. теңге) төмендеді.

Саланы дамыту үшін ИИДМБ 2 кезеңі аясында 2018 жылы Меркі мұнай өңдеу шағын зауытын қайта жаңарту және жаңғырту бойынша «Са-Ба ЛТД» ЖШС инвестжобасы іске қосылды.

Жеңіл өнеркәсіп шикізаттыбастапқы өңдеуді де, дайын өнімді шығаруды да жүзеге асырады, өңір экономикасында аз ғана үлесті алып, өңдеу секторында шығарылатын өнімнің тек 1,0%-ын, өнеркәсіпте –0,7%-ын қамтамасыз етеді.

Экономикалық қызмет бойынша Сала 3 түрден тұрады – бұл тоқыма бұйымдарының өндірісі (таралған жүн, карбондалған жүн, төсек-орын жабдығы); киім өндірісі (сыртқы трикотаж киім, сыртқы ерлер мен әйелдер киімі); былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі (үлбір терілер, ІҚМ терісінен жасалған былғары, аяқ киім).

Кәсіпорындар шағын және орта бизнес субъектілерімен ұсынылған және тапсырыс берушілері қарулы күш құрылымдары, медициналық мекемелер, орта мектептер болып табылатын арнайы киім, арнайы аяқ киім шығаруды жүзеге асырады.

2017 жылы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,2 млрд.теңгеге дейін ұлғайды,                   НКИ-110,1%. 2018 жылы ірі қара мал терісінен жасалған былғары өндірісінің 3,1 есеге, аяқ киімнің – 1,3 есеге, төсек-орын – 1,5 есеге өсуі есебінен 3,7 млрд. теңге немесе 2017 жылға 124,7%. 2019 жылы – 3,5 млрд.теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 74,2%. Саладағы көлемнің төмендеуі «ТаразКожОбувь» ЖШС-де былғары өндірісі мен аяқ киім шығаруды 11,8%-ға тоқтатуына байланысты былғары өнімдері өндірісінің 32,3%-ға азаюына байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінің өзге  де салаларына дайын металл бұйымдарын, резеңке және пластмасса бұйымдарын, негізгі фармацевтикалық өнімдерді, жиһаздарды, қағаз өнімдерін өндіру сияқты салалар кіреді.

Өңдеу секторында дайын металл бұйымдарын өндіру үлесі 1,6%, өнеркәсіпте – 1,2%.Саланың динамикасы тұрақсыз 2017 жылы – 110,1%, 2018 жылы– 59,1% құрады. Көлемнің төмендеуінің себебі «ЖЗМК «Имсталькон» ЖШС, «Завод металлоконструкций и резервуаров» ЖШС негізгі кәсіпорындарының өнімдеріне сұраныстың азаюы болып табылады. Нәтижесінде құрылыс металл конструкцияларын шығару 47,7%-ға азайды.2019 жылы – 144,2%.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде, оның үлесі өңдеу өнеркәсібінде – 0,6%, өнеркәсіпте – 0,4%, 2017 жылғы НКИ-78,7%, 2018 жылы – 87,1%, 2019 жылы – 275,5% құрады.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінде өңдеу өнеркәсібінде оның үлесі – 0,4%, өнеркәсіпте – 0,3%, НКИ 2017 жылы – 102,4%, 2018 жылы – 80,1%, 2019 жылы – 294,3% құрады.

2019 жылы «Super-pharm» ЖШС - бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру зауытының өндірістік корпусы пайдалануға берілді, құны – 3,4 млрд. теңге, қуаттылығы – жылына 64 млн. дана, 108 жаңа жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда «Super-pharm» ЖШС COVID-19 пандемиясы кезеңінде бір реттік пайдалану жиынтықтары мен бинттерді шығара отырып, үлкен рөлге ие, нәтижесінде 2020 жылдың қаңтар-маусымында саладағы өндіріс көлемі 1,6 млрд. теңгені құрап, 8,4 есеге өсті. Бұдан басқа, 2020 жылы кәсіпорын Тараз қаласында қуаты жылына 15 млн. дана медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.

Жиһаз өндірісінде,  үлесі өңдеу өнеркәсібінде – 0,2%, өнеркәсіпте – 0,1%, НКИ 2017 жылы – 108,8%, 2018 жылы – 86,3%, 2019 жылы – 118,3%  құрады.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіруде үлесі өңдеу өнеркәсібінде – 0,07%, өнеркәсіпте – 0,05%, НКИ 2017 жылы – 87,9%, 2018 жылы–85,1%, 2019 жылы – 127,5% құрады.

Өңдеу секторында өндіріс көлемінің 59,0%-ға жуығын Тараз қаласының, 15,0%-ын – Мойынқұм ауданының, 4,9%-ын – Сарысу ауданының, 4,7%-ын – Талас ауданының, 16,4%-ын қалған 7 өңірдің шаруашылық субъектілері алады (4-кесте).

 

№4 кесте. 2017-2019 жылдары аудандар бойынша өңдеу өнеркәсібінің динамикасы

және оның жалпы өнеркәсіптегі үлесі

Атауы

2017

жыл

Жалпы сала көлеміндегі ауданның үлесі, %

2018жыл

Жалпы сала көлеміндегі ауданның үлесі, %

2019

жыл

 

Жалпы сала көлеміндегі ауданның үлесі, %

Облыс, млрд.теңге

257,6

100,0

301,6

100,0

477,0

100,0

Тараз қ.

170,2

66,0

183,3

65,2

280,8

58,9

Байзақ

2,5

1,0

2,7

1,0

4,9

1,0

Жамбыл

6, 9

2,7

9,6

3,4

16,3

3,4

Жуалы

3,2

1,2

3,5

1,2

10,9

2,3

Қордай

6,2

2,4

5,6

2,0

15,6

3,3

Т.Рысқұлов

6,3

2,5

5,1

1,8

11,5

2,4

Меркі

16,9

6,6

14,1

5,0

5,9

1,2

Мойынқұм

37,1

14,4

44,1

16,0

71,7

15,0

Сарысу

0,3

0,1

0,4

0,1

23,3

4,9

Талас

5,0

1,9

9,3

3,2

22,6

4,7

Шу

3,0

1,2

3,2

1,1

13,5

2,8

 

Өңдеу секторындағы басым бағыт Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетілетін экспортқа бағдарланған шикізат емес өнімдерді шығару бойынша өндірістерді дамыту болып табылады. Мәселен, уран, сары фосфор, тоқыма материалдары, тыңайтқыштар экспорты есебінен өңірде шикізаттық емес экспорттың ең үлкен жылдық өсімі 2017 жылы байқалды –724,7 млн. АҚШ долларына дейін немесе өткен жылға қарағанда 3,4 есеге артты. Шикізаттық емес экспорттың үлесі облыс экспортының жалпы көлемінің 96,0%-дан астамын құрады.

Алайда, 2018 жылы шикізаттық емес экспорт көлемі 62,3%-ға (273,6млн. АҚШ доллары)төмендеген. Басты себеп химиялық өнім экспортының тауарлық топтарының құрылымындағы және онымен байланысты саланың 2017 жылға қарағанда 3,4%-ға төмендеуі болып табылады, өйткені оның экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі 86,0%-ды құрайды. Экспортқа сары фосфор, натрий үшполифосфаты, минералды тыңайтқыштар сияқты өнім түрлерін жеткізу тоқтатылды.

Сондай-ақ, тауарлар топтамасы бойынша былғары бұйымдарының – 90,9%-ға, тоқыма бұйымдарының – 99,8%-ға, құрылыс бұйымдарының – 47,1%-ға және металл бұйымдарының – 3,0%-ға төмендеуі тіркелді. Алайда, минералдық өнімдердің экспорты 1,4 есеге артты, бұл экспорттың шикізаттық тәуелділігін көрсетеді.

2019 жылы шикізаттық емес экспорт 302,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2018 жылға қарағанда 10,6%-ға өсті. 2020 жылдың қаңтар-мамырында 51,7 млн. АҚШ долларын немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 71,9% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің салаларында өндірістің тиімді өсуі, экспорттық әлеуетті дамыту, импортқа тәуелділікті төмендету, сапалы және қауіпсіз өнімді және ішкі нарықта адал бәсекелестік үшін әкімдік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2018 жылы облыстың өңдеу секторының жұмыс істеп тұрған 439 кәсіпорнын аралап шықты.

Ағымдағы жағдайды толық бағалау және барынша егжей-тегжейлі мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдауға мұқтаж кәсіпорындардың деректер базасы құрастырылды және «облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың Жол картасы» бекітілді.Қаржылық қолдау, айналым және негізгі құралдарды толықтыру, сондай-ақ жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу және қаржылық емес қолдау (өткізуге жәрдемдесу, жетіспейтін шикізатты қамтамасыз ету, білікті кадрлардың қажеттілігі, жер учаскелерін алу, әкімшілік кедергілерді алып тастау, тарифтерді реттеу) қажет 99 кәсіпорын анықталды.

65 кәсіпорынмен 31,8 млрд.теңге (оның ішінде айналым қаражатына – 25,5 млрд. теңге, негізгі қаражатқа – 5,0 млрд. теңге, инфрақұрылымға – 1,3 млрд. теңге) көрсетілген, нәтижесінде 2018 жылдың мамыр айында Жамбыл облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Бәйтерек» холдингі «Өзара ынтымақтастық туралы» келісім жасасты, бүгінгі таңда «Даму» қорының желісі бойынша 484,2 млн. теңге сомасында 4 кәсіпорын қолдау тапты. 34 кәсіпорынға қаржылай емес қолдау қажет.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

2019 жылы саласы өнеркәсіпте13,2% құрайды. ЖӨӨ құрылымындағы саланың үлесі 2,1% құрады. Салаға негізгі капиталға салынған инвестициялар 72,9 млрд. теңгеге немесе өнеркәсіпке салынған инвестициялардың 54,4%-на жетті. Салада 4,9 мыңнан астам адам жұмыс істейді немесе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар санының 11,9%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша сала 2 өндірістен тұрады: электр және жылу энергиялары.

Динамиканы талдау салада құлдырау мен көлемнің өсуі және НКИ бар екенін көрсетеді.2017-2018 жылдары өндіріс көлемі 69,5-тен 66,3 млрд.теңгеге дейін төмендеді немесе өткен жылға қарағанда 101,7% және 90,5%. 2018 жылы электр (22,8%-ға) және жылу (4,0%-ға) энергиясын өндіру төмендеді. 2019 жылы – 62,9 млрд. теңгеге дейін немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді 7,4%-ға қысқарту есебінен 99,3%-ға дейін төмендеді (5-кесте).

№ 5 кесте. 2017-2019 жылдары

электр және жылу энергиясын өндіру динамикасы

Атауы

2017жыл

%

2018 жыл

%

2019 жыл

%

Электр энергиясын өндіру, млрд. кВт/сағ

3,0

104,4

2,3

77,2

2,4

102,7

Жылу энергиясын өндіру, млн. Гкал

1,9

100,9

1,8

96,0

1,7

92,6

 

Энергияның негізгі жеткізушілері белгіленген қуаты 1230 МВт «ЖГРЭС» АҚ, 60 МВт  - «ЖЭО» АҚ және жалпы белгіленген қуаты 269,7 МВт болатын 12 жаңартылатын энергия көздері объектісі (5 гидроэлектр станциясы – 14,75 МВт, 3 жел электр станциясы – 54,15 МВт, 4 күн электр станциясы – 200,75 МВт), оның ішінде Жуалы ауданындағы «Burnoye Solar» ЖШС Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы болып табылады. Меншікті көздерден өндірілетін электр энергиясы жалпы тұтынудың орта есеппен 45%-ын құрайды, қалған 55%-ын 1,2 Екібастұз ГРЭС жүзеге асырады.

2021 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері саласында жалпы белгіленген қуаты ~ 233,8 МВт болатын сомасы 118,0 млрд. теңгеден жоғары 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Өңір аумағында «КЕСОС» АҚ Шу 500 және Жамбыл 500 ұлттық станциялары орналасқан. Электр энергиясын тасымалдаумен және таратумен «Жамбыл Жарық Сауда» ЖШС айналысады.

Сонымен бірге, облыста энергия тапшылығы тақырыбы өзекті. Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі жұмыс режимдерінің ешқайсысында реттеуші энергия көзі ретінде пайдалану үшін қажетті күзгі-қысқы кезеңде ЖГРЭС генерациялайтын қуаттарсыз жүктемелерді жабуды қамтамасыз ете алмайды. Электр станциясы электр энергиясын өндірудің ең сенімді және іс жүзінде баламасыз көзі болып қалады. Алайда, негізгі энергия тасығыштар (табиғи газ және мазут) құнының өсуіне байланысты транзиттік желілердегі авариялар электр энергиясын өндірудің өзіндік құны едәуір артады, бұл тұтынушылар-халық пен өңір кәсіпорындарының бюджетіне теріс әсер етеді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

2019 жылы сала өнеркәсіпте тек 0,9%-ды ғана, ЖӨӨ құрылымындағы үлесі – 0,14%-ды құрайды. Негізгі капиталға 14,6 млрд. теңге немесе өнеркәсіпке 10,9% инвестиция салынды. 2,5 мың адам жұмыспен қамтылған немесе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар санының 6,1%.

2017-2019 жылдары қалдықтарды жинау, өңдеу және жою бойынша қызметтерінің сәйкесінше 1,2-ден 1,6 есеге дейін өсуі есебінен жұмыстар мен қызметтер өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейінен 0,9-дан 12,7 пайыздық тармаққа дейін немесе 3,3-тен 3,9 млрд.теңгеге дейін өсті.2019 жылы қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызметтердің 1,2 есеге өсуі нәтижесінде көлемдер 6,7%-ға (4,2 млрд. теңге) өсті.

В секторе водоснабжения задействованы такие предприятия как КГП «Жанатас-Су-Жылу» в Сарысуском районе, КГП МП «Игілік» в Таласском районе, КГП «Ауыз Су-Шу» в Шуском районе, КГП «Тараз Су» в городе Тараз.

Жергілікті қамту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы «Жергілікті қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» №366 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №554 қаулысымен ұйымдардың жаңа тізбесі бекітілді.

Жамбыл облысы бойынша бұл тізімге: «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС;  «Жамбылгипс» АҚ; «ТаразКожОбувь» ЖШС; «Та-Мак» ЖШС; «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС; «Talas Investment Company» ЖШС енді.

2017 жылы облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары бойынша сатып алу көлемі 14,4 млрд. теңгеге дейін жеткізілді (ЖҚ – 36,7%, оның ішінде тауарларды сатып алуда – 35,6%, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда – 100,0%). Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу сомасы 74,1 млрд.теңгені құрады, онда ЖҚ-дың тауарларды сатып алудағы үлесі – 7,4%, жұмыстарда – 24,8%, қызметтерде –16,5%.

«НАРМС» NADLoC» АҚ мәліметтері бойынша ұйымдар мен кәсіпорындар бойынша ЖҚ үлесі – 32,8%, оның ішінде тауарларды сатып алуда – 21,7%, жұмыстарды – 45,1%, қызметтерді – 32,9%.

Жергілікті қамтуды дамыту бойынша сомасы 77,8 млрд. теңгеге 196 меморандумға қол қойылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары бойынша сатып алу көлемі 15,7 млрд.теңгені құрады, ЖҚ үлесі – 70,1%, оның ішінде тауарларды сатып алуда – 69,4%, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда – 100,0%. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу сомасы 89,2 млрд.теңгені құрады, онда ЖҚ үлесі – 23,8%, оның ішінде тауарларды сатып алуда – 12,2%, жұмыстарды – 34,6%, қызметтерді – 21,6%.

«НАРМС» NADLoC» АҚ мәліметтері бойынша облыстың ұйымдары мен кәсіпорындары бойынша ЖҚ үлесі (мемлекеттік органдар, жүйе құраушы кәсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, тау-кен кешенінің кәсіпорындары) 34,6% құрады, оның ішінде тауарлар сатып алудағы ЖҚ үлесі – 36,6%, жұмыстар – 41,8%, қызметтер–26,2%.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен облыстың отандық тауар өндірушілерінің каталогы жасалды, ол республиканың басқа өңірлеріне, «NADLoC» АҚ-на, ірі компаниялар мен кәсіпорындарға жолданып, ИИДБ сайтында орналастырылған және үнемі жаңартылып, толықтырылып тұрады.

Жергілікті атқарушы органдармен отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға көмек көрсетілді. Сонымен, «Таразкожобувь» ЖШС-і «Казинжиниринг» АҚ және ҚР Қорғаныс министрлігімен күш құрылымдары үшін арнайы аяқ киім жеткізуге 2017-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімді;«Запчасть»АҚ – 2019 жылға дейін «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-мен тежегіш қалыптарын жеткізуге; «Super pharm» ЖШС -2022 жылға дейін «Фармация» СК» АҚ-мен бір реттік пайдаланатын медецина бұйымдарының 50-ден астам түрін жеткізуге; «Рысбаева и Ко» ЖШС – Бурный ірімшік зауыты» ЖШС-мен және «Тараз қант зауыты» ЖШС-мен этикетка дайындауға; «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-і, «Center Bitor Company» ЖШС-мен, «Алина Групп» ЖШС-мен, «Адия-2010» ЖШС-мен цемент жеткізу бойынша келісімшарт жасасты.

Облыстың моноқалаларында Әріптестік бағдарламасын дамытуда (ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес субъектілері арасындағы ынтымақтастық) 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қаратау және Жаңатас қалаларында моноқалалардың ірі компаниялары мен шағын және орта кәсіпорындары арасында сомасы 1997,21 млн.теңгеге келісімшарттар мен келісімдер жасалды.

Ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесулер, семинарлар-көрмелер өткізіледі.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту мониторингі үшін Комиссия құрылыды, 2017 жылы жұмыс комиссиясының 2 отырысы, 2018 жылы – 6 отырысы өткізілді.

Сапа менеджменті жүйесі бойынша халықаралық стандарттар шеңберінде кәсіпорындардың қызметін ынталандыру үшін Таразда жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсы өткізіледі, оған 2018 жылы 78 кәсіпорын қатысты. Жеңімпаздар мен лауреаттар номинациялар бойынша танылды:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» – бірінші дәрежелі дипломмен «Talas Investment Company»  ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен «Roden» ЖШС, үшінші дәрежелі дипломмен «Novacom. Tehnology» ЖШС марапатталды;

«Халыққа арналған үздік тауарлар» – бірінші дәрежелі дипломмен «СБ Плюс» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен – «GOOD ZHEM» ЖШС, үшінші дәрежелі дипломмен – «ELLIN SHOES» ЖШС;

«Үздік азық-түлік тауарлары» –бірінші дәрежелі дипломмен «Әулие-ата Феникс» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен «Козин» ЖК, үшінші дәрежелі дипломмен «Адезбаев» ЖК марапатталды.

Аймақтық конкурс-көрме жеңімпаздары мен лауреаттары «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрмесіне қатысты.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары бойынша сатып алу көлемі 12,6 млрд.теңгені құрады, жергілікті қамту үлесі 52,3% құрады, оның ішінде тауарларды сатып алудағы ЖҚ үлесі – 51,5%, жұмыстар мен қызметтерде – 100,0%.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы сомасы 138,1 млрд. теңгені құрады. ЖҚ үлесі 41,2% құрады, оның ішінде тауарларды сатып алу – 25,4%, жұмыстарды сатып алу – 57,3%, қызметтерді сатып алу – 29,0%.

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мәліметтері бойынша облыстың ұйымдары мен кәсіпорындары бойынша ЖҚ үлесі (мемлекеттік органдар, жүйе құраушы кәсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, тау-кен кешені кәсіпорындары) 41,6%-ды құрады, оның ішінде тауарларды сатып алудағы ЖҚ үлесі – 33,1%, жұмыстар – 55,2%, қызметтер – 30,7%.

Облыстың моноқалаларында Әріптестік бағдарламаны дамыту аясында 2019 жылы Қаратау және Жаңатас қалаларында ірі компаниялар мен моноқалалардың шағын және орта кәсіпорындары арасында сомасы 2,1 млрд. теңгеге келісімшарттар мен келісімдер жасалды.

2019 жылдың мамыр айында Алматы қаласында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы ІІ өңірлік Форум өткізілді, оған Жамбыл облысынан «BolashakEngineering» ЖШС, «Жаңатас ЖЭС» ЖШС, «ХимПарк Тараз АЭА» АҚ, «Рола-7» ЖШС сияқты кәсіпорындар қатысты. Аталған форумда «ХимПарк Тараз АЭА» АҚ өкілдері Эсимбанк өкілімен және «Синьцзянь Ванда» (Қытай) компаниясымен АЭА аумағында жобаларды іске асыру және қаржыландыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

2019 жылдың қыркүйегінде облыс әкімдігі «Бірыңғай есеп күнін» өткізді, онда мемлекеттік-бақылаушы органдардың (құқықтық статистика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік кірістер, техникалық реттеу және метрология, экология, әділет, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, білім беру саласындағы бақылау департаменті) атқарған жұмыстары туралы есептер тыңдалды. Тексеру барысында жиі анықталған бұзушылықтар туралы, оларды нивелирлеу туралы ұсыныстармен, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласындағы заңнамадағы міндетті талаптар, жаңалықтар мен өзгерістер туралы кәсіпкерлердің назарына жеткізілді.

2019 жылдың қараша айында тапсырыстарды арттыру, нарықты сапалы отандық өніммен қанықтыру мақсатында Жамбыл облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.

Қазақстандық қамтуды арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Энергия үнемдеу жөніндегі шараларды іске асыру өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, жаңа инновациялық технологияларды енгізуді ынталандырады. Энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2020 жылға қарай кемінде 25%-ға төмендету міндеті қойылды.

Жамбыл облысында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-IV Заңына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл өңірінің электр тұтыну құрылымы көрсеткендей, 52%-ы өнеркәсіптік секторға, оның ішінде энергетикаға, 1% – көлік секторына, 40% – халыққа, 7% – экономиканың басқа салаларына тиесілі.

Энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушылары өнеркәсіп секторы болып табылады, мәселен, өңірдің 2 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары («Казфосфат» ЖШС және «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС) өнеркәсіптік сектордың 52%-ын энергетикалық ресурстардың 35% тұтынады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында тұрғын үй секторы электр энергиясының 13,5%-ға жуығын және босатылатын жылу энергиясының 78%-ын тұтынады.

Өңірдің тұрғын үй қорының 82,4%-ы тиісті жағдайда, 17,6%-ы жөндеуді қажет етеді.

Жамбыл өңірінің коммуналдық секторындағы инженерлік жүйелердің тозу деңгейі келесідей:

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 340 шқ құрайды, оның 54,2%-ы нормативтік жағдайда және 45,8%-ы жөндеуді қажет етеді.

Электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 17337,9 шқ құрайды, оның 31%-ы нормативтік жағдайда және 69%-ы жөндеуді қажет етеді.

Газбен жабдықтаудың жалпы ұзындығы 5132 шқ құрайды, оның 64%-ы нормативтік жағдайда және 36%-ы жөндеуді қажет етеді.

 

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

·     Тиімді географиялық орналасуы: шекаралық аудандар, транзиттік дәліз;

·      меншікті минералдық-шикізат базасының болуы, табиғи-шаруашылық аймақтардың әртүрлілігі;

·        жоғары қосылған құны бар өнімді алуға мүмкіндік беретін шикізатты тереңдетіп және кешенді өңдейтін өндірісті ұйымдастыру үшін қуатты өндірістік база;

·      шектес салалардың даму қарқыны;

·     дәстүрлі күшті сегменттерді дамыту бөліміндегі перспективті бағыттар;

·      жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үшін маңызды энергетикалық әлеует.

·      Өңірдің ел экономикасындағы төмен үлесі;

·        өнімдердің басым бөлігінің ресурстық және энергия сыйымдылығының жоғарылығы;

·      шикізат жеткізіліміне тәуелділік;

·      инновациялық құрылымдағы саланың төмен үлесі;

·      өнім өңдірісінің өзіндік құнының жоғарылығы;

·      өнімді өңдіруден шығаруға дейінгі жоғары дәрежелі тауар дайындығымен, толық өндіріс топтамасымен шоғырланған кешендердің әлсіз деңгейі;

·  шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

·      электр желілері және станциялары тозуының жоғары деңгейі;

· білікті кадрлардың жеткіліксіздігі

Мүмкіндіктер

Қауіптер

·     ИИД,өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған, Бизнестің жол картасы-2025 Мемлекеттік бағдарламалары аясында мемлекеттік қолдау шаралары;

·     жаңа минералдық-шикізат ресурстарын игеру;

·     өнеркәсіптің технологиялық әлеуетіне сәйкес өнімдер мен функционалдық материалдардың ассортименті мен номенклатурасын кеңейту;

·     инвестициялық тартымдылықты арттыру;

·     мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту;

·     жаңартылатын энергия көздері нысандрын пайдалануға беруді ұлғайту есебінен облыстың энергия тәуелділігін төмендету;

·     еңбек әлеуетін дамыту.

·       Өнеркәсіптің шикізаттық бағытын сақтау қаупі;

·     химия өнімдерінің дүниежүзілік нарықтарында Оңтүстік-Шығыс Азия, әсірісе Қытай, Ресей елдері жағынан жоғары бәсекелестік;

·     еліміздің ДСҰ кіргеннен кейін экономиканың жеке секторларында бәсекелестіктің төмендеуі;

·       импорттың жоғары үлесі;

·       энергетикалық және көлік инфрақұрылымына бағасының ішкі өсімі, бұл шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.

 

Саланың проблемалық мәселелері:

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - шикізатты шығару деңгейінің төмендігі және қайта өңдеудің жеткіліксіздігі, геологиялық барлау жұмыстарына мемлекет қаржыларының жеткіліксіз салынуы, көптеген өнімдердің жоғары ресурстық және энергетикалық шығындылығы.

Өңдеу өнеркәсібінде:

- химия өнеркәсібі - өнімнің өзіндік құнындағы энергия ресурстарына шығыстардың және магистральдық теміржол желілеріне шығыстардың жоғары үлесі өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді; күкірт қышқылының, аммиактың жеткеріліміне тәуелділік, инновациялық құрылымдағы саланың төмен үлесі; производство прочей неметаллической минеральной продукции;

- өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі - өндіріске энергияның көп жұмсалуы, өнім өндірісінің жоғары өзіндік құны, сала кәсіпорындарының көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен құнына тәуелділігі;

- машина жасау – жабдықтардың жоғары деңгейде тозуы, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, шектеулі номенклатура және өнімді ішкі тұтынудың төмен үлесі, локомотив депосы кәсіпорындарындағы тапсырыстардың азаюы;

- металлургия өнеркәсібі -  өндіріске ресурстың және еңбектің көп жұмсалуы; энергетика және көлік инфрақұрылымының жоғары шығындылығы; ферросиликомарганец өндірісі бойынша отандық шикізат сатып алудың қиындығы; қарыз қаражытының жоғары бағасы;

- мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі - мұнайдың жеткеріліміне тәуелділік, мұнай құбырлары көлік инфрақұрылымының дамымағандығы;

- жеңіл өнеркәсіп - негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы, технологиялық артта қалушылық; өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі; кәсіпорындардың корпоративтік клиенттерге басымдылық бағыты ақырғы тұтынушыға зақымы (саланың тендерлерге қатысудан тәуелділігін ескере отырып, кәсіпорындар, негізінен, қарулы күштер және ведомстволық құрылымдар үшін киім мен аяқ-киім шығарады, бұл жеңіл өнеркәсіп нарығының отандық субъектілері үшін кәсіпорынды қолдаудың негізгі әдісі болып табылады); халықтың отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерін тұтынуының шамалы үлесі; нарықта контрафактілік өнімнің болуы; ішкі нарықтың жосықсыз импорттан қорғалмауы; шикізат пен фурнитура бойынша импорттан тәуелділік; жеңіл өнеркәсіптегі инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі; жаңғыртуға және қайта жабдықтауға, кредиттік ресурстар алуға айналымдағы қаржының жеткіліксіздігі, екінші деңгейлі банктердегі несиелеудің жоғары ставкалары; дизайн, сапасы мен бағасы бойынша бәсекеге қабілеттіліктің төмендігіне байланысты сала кәсіпорындарындағы өндіріс көлемінің және өнімді өткерудің төмендеуі, тұрақты өткеру рыногының жоқтығы, сондай-ақ отандық нарықтың импорттық тауарлармен молығуы.

- Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау - желілердің, кіші станциялардың тозуы және осымен байланысты электр және жылу энергиясының жоғары шығындылығы, өзіндік электр энергиясының тапшылығы, өзіндік дәстүрлі отын ресурстарының болмауы, энергия ресурстарының жоғары бағасы, қолданыстағы гидростанциялардағы судың аздығы;

- Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда - сумен жабдықтау жүйелерінің тозуы, қалдық суларды тазартуға арналған құрылғылардың жоқтығы.

Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестициялар

2017-2019 жылдары облыстың негізгі капиталына инвестициялар тұрақты өсуде. 2017 жылы инвестициялар 225,8 млрд.теңгені құрап (өткен жылға қарағанда 1,7% - ға өсті), 2018 жылы 264,5 млрд. теңгені (12,4%) құрады.

ҚР  жалпы көлеміндегі облыс инвестицияларының үлесі 2019 жылы 2,4% құрады.2019жылдың қорытындысы бойынша облыс өсу көлемі мен қарқыны бойынша Атырау облысы және Алматы қаласынан басып оза отырып, Қазақстан өңірлерінің арасында тиісінше 14 және 8 орын алды.

2019 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 296,4 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың деңгейінен 10,2%-ға жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың технологиялық құрылымында 64,3% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары, 28,8% - машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, 6,9% - негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар алады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қаржыландыру көзі кәсіпорындардың жеке қаражаттары (49,7%) болып келді. Тартылған қаражаттардың 3,1% банктердің кредиттері, 25,2% бюджет қаражаттары, 22% басқа да қарыз қаражаттары құрады.

 

№ 1 кесте. Инвестициялар көлемінің серпіні

және пайдалану бағыттары бойынша ақпарат

Атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

(1 жартыжылдық)

2019 жылға қарай, %

Облыс бойынша барлығы, млн. теңге

225 862,9

264520,2

296 397,9

139 160,7

106,4

оның ішінде:

 

 

 

 

 

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

17 405,9

23 068

26 104,1

19 085,2

109,4

Өнеркәсіп

102 702,6

109 804,7

133 970,7

41 361,4

67,5

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

14 480,5

15 534,7

9 602,2

10 063,7

161,0

Өңдеу өнеркәсібі

43 611,9

44 458,8

36 840,1

10 702,2

54,4

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

31 708,4

37 451,3

72 964,1

8 954,0

29,1

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

12 901,7

12 359,7

14 564,3

11 641,5

254,0

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді жөндеу

6 232,2

17 195,8

12 161,0

4 370,7

50,8

Көлік және қоймалау

42 721,5

44355,7

51 029,5

23 736,4

189,1

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

25 024,2

32 008,9

40 283,0

35 077,2

173,6

Білім

12 560,6

11 649,6

7 031,6

5 553,2

234,3

Денсаулық сақтау

4 063,3

4 995,3

6 748,9

1 370,9

85,3

 

Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға инвестициялар 11,3-ға өсті, бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, жұмыспен нәтижелі қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек", 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыруға байланысты. Сондай – ақ құрылысқа –6 есеге, қаржыға – 2 есеге, электрмен жабдықтауға 2 есеге инвестициялар көлемдері артқан.

Алайда инвестициялар тау – кен өнеркәсібіне – 39,2%– ға, өңдеу өнеркәсібіне -                  18,5% - ға, тұру және тамақтану жөніндегі қызметтерге - 68,8% - ға, білім беруге - 40,7% - ға төмендеді.

Жан басына шаққандағы инвестициялар 262,8 мың теңгені құрап, 2018 жылға қарай 9,5% - ға өсті. Ішкі инвестициялардың үлесі 205,4 млрд.теңгені және инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес салмағы – 69,3%, сыртқы инвестициялардың үлесі – 91,0 млрд. теңгені (30,7%) құрады.

Аудандар мен қалалар бөлінісінде инвестициялардың ең көп көлемі Тараз (26,1% - ға), Шу (19,2% - ға), Сарысу (10,0% - ға) қалаларына тиесілі.

Индустрияландыру

Индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы – өнеркәсіпті әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы.

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығына сәйкес Жамбыл облысында кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік Картасы әзірленіп, облыс әкімдігінің 2018 жылғы 3 қазандағы №185 Қаулысымен бекітілді.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бұл құжатты дәйекті іске асырудың арқасында өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуі байқалды, ол 2015-2019 жылдары орта есеппен 3,7 пайыздық тармаққа өскен.

Елбасының бағдарламасы экономиканың барлық нақты секторына – жаңа жұмыс орындары, жаңа өндірістер, аралас салаларды дамытуға мультипликативтік әсер берді. Жоғары бөліністі өнім өндіруге көшу болды. Бұрын экспортқа жоғары технологиялық тауарлар шығарылмаған жаңа тауарларды шығару басталды, фармацевтика, электротехникалық машина жасау, химия өнеркәсібінде айтарлықтай өсімге қол жеткізілді.

2010-2014 жылдары 123,3 млрд.теңгеге 33 жаңа, жаңғыртылған цехтар мен зауыттар іске қосылды, оның 66,7%-ы аудандарда іске асырылды. Тұрақты жұмысқа 5,0 мыңға жуық адам ие болды. Көрсеткіш саны: 5 жыл ішінде Индустрияландыру картасының кәсіпорындарымен сомасы 143,1 млрд.теңгеден астам өнім өндірді.

ҮИИДМБ іске асыру тәжірибесін ескере отырып және оның жалғасы бола отырып, Бағдарламаның 2 кезеңі шеңберінде 2015-2019 жылдары инвестиция көлемі 52,0 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жоба іске асырылып, 2,0 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Оның ішінде 2019 жылы 127 жаңа жұмыс орнымен 4,6 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жоба пайдалануға берілді («Кордайский молочный продукт» ЖШС – балмұздақ өндірісі бойынша автоматтандырылған желі; «Super-pharm» ЖШС – бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру бойынша зауыт; «GREENWILL» ЖШС – аквапоника технологиясы негізінде бастапқы өңдеумен салат дақылдары мен балық өндіру; «Кордай Корм»  ЖШС – құрама жем өндірісін кеңейту).

Барлық іске асырылған жобалар тұрақты жұмыс істейуде. Олардың ішінде 10 кәсіпорын бойынша жоспарлы қуатты игеру 100%-ды, 8 кәсіпорын бойынша 80%-дан астамды құрады. 13 жоба бойынша жоспарлы қуаттың орташа игерілуі 70%-ды құрады, өндірістің маусымдық қызметіне байланысты жоспарлы қуатқа шығу 2020 жылдың соңына қарай жоспарлануда.

«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығына, «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №846 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1050 Қаулысымен 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.

2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ негізінде облыс әкімдігінің 2020 жылғы 16 маусымдағы №136 қаулысымен Жамбыл облысының кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы бекітілді, оның шеңберінде инвестиция көлемі 625,5 млрд. теңге болатын 22 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Республикалық Картаға сомасы 426,1 млрд. теңге, 2409 жаңа жұмыс орнын құрылатын 2 жоба енгізілді («ЕвроХим Удобрения» ЖШС – Қаратау қаласында минералды тыңайтқыштар өндіретін химия зауытының құрылысы; «ХИМ-плюс» ЖШС – «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «Глифосат (гербицид) өндірісі» және «Үш хлорлы фосфор өндірісі» біріктірлген химиялық кешені. Аталған жобаларды іске асыру құрылыс кезеңінде шамамен 9880 жұмыс орнын және пайдалануға беру кезеңінде шамамен 6539 жұмыс орнын құруды көздейді.

2020 жылы құны 5,1 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 657 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

  1. «Элнур Адил Групп» ЖШС –Шу ауданында ұн өнімдерін шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру, құны – 1316,2 млн. теңге, қуаттылығы жылына 6,0 мың тн, 64 жаңа жұмыс орны құрылады. Ағымдағы жағдайы: жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
  2. «Вкусная Корзинка» ЖШС – Тараз қаласында ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру, құны – 320,0 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 2160 тонна, 21 жаңа жұмыс орны құрылады.
  3. «Тараз арматура зауыты» ЖШС – Тараз қаласында құрылыс арматурасын өндіру, құны – 2177 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 200 мың тн, 297 жаңа жұмыс орны құрылады. Ағымдағы жағдайы: ғимараттар мен жабдықтардың ҚМЖ 98%-ға, «Даму өнімдерінен» жылдық 6% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау алынды.

4.«Империя» ЖК – Тараз қаласында балмұздақ цехының құрылысы, құны – 800,0 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 200 тн, 123 жаңа жұмыс орны ашылады.

5.«GRAND FOODS PREMIUM» ЖШС – Байзақ ауданындағы жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу цехының құрылысы, құны – 500,0 млн. теңге, қуаттылығы –жылына 2500 тн, 53 жаңа жұмыс орны құрылады.

  1. «Байтұр 2050» ЖШС – Сарысу ауданындағы сүт өнімдерін өндіру бойынша зауыты, құны – 65,1 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 500 тн, 15 жаңа жұмыс орны құрылады.

Облыстың Шу ауданында «Тараз» Химиялық паркі» Арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда инвестиция көлемі 661,3 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру бойынша 7 қатысушы тіркелген.

Бұдан басқа, облыста Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 11,4 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылатын 69 инвестициялық жобаның (2020-2025 жж.) пулы қалыптастырылды, оның ішінде 2020 жылы құны 94,2 млрд. теңгеге 19 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

 

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту облыстың инвестициялық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Облыста 2017-2020 жылдары жалпы құны 10 541,5 млрд.теңгеге66 МЖӘ шарты жасалды, тартылған инвестициялар – 6410,9 млрд. теңге (1 – кесте), мемлекеттік міндеттемелер –8,657 млрд. теңгені құрады.

 

1-кесте.  Жасалған шарттар бойынша

артылған инвестициялар көлемі, млн.теңге.

 

 

 

Өлшем

бірл.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

МЖӘ шарттары бойынша тартылған инвестициялар көлемі

млн. теңге

775,6

899,8

4735,5

 

2017 жылы мемлекеттік міндеттемелердің жалпы көлемі 167 157,0 мың теңгегені құрайтын, дене шынықтыру және спорт саласында Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласында жеке спорт объектісінде жаттығу процесін ұйымдастыру бойынша 1 МЖӘ шартын жасалды.

2018 жылы Жамбыл облысының 29 ауылдық елді мекенін амбулаториялық-емханалық объектілермен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласында мемлекеттік міндеттемелердің жалпы көлемі 1,057 млрд. теңгеге МЖӘ 29 шарты жасалды.

2019 жылы мемлекеттік міндеттемелердің жалпы көлемі 7,191 млрд. теңгеге 24 МЖӘ шартына, энергетика саласында 1 жобаға, Денсаулық сақтау саласында 2 жобаға, білім беру саласында 21 жобаға қол қойылды.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік міндеттемелерді қолданбай білім беру саласында 12 шартқа қол қойылды.

Сондай-ақ, 2020 жылдың соңына дейін мектеп асханаларын сенімгерлік басқаруға беру бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қолданбай білім беру саласында 15 МЖӘ шартын жасасу жоспарлануда.

 

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау

 

Күшті жақтар

Әлсіз жақтар

·                  ИИДМБ аясында өңдеу секторындағы өңірлік инвестициялық ахуалды жақсарту;

·                 Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (ИКҚКО) болуы);

·                 «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі өңірлік « Фронт-офис»;

·         Тікелей шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, инвестициялардың оң динамикасы;

·       Бюджетке жүктемені төмендету.

·                 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеу, іске асыру және басқару бойынша бизнес пен жергілікті мемлекеттік органдарда тәжірибенің жеткіліксіздігі;

·          Облыста индустриялық аймақтардың болмауы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

·        инвестициялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізу шеңберінде Инвестицияларды дамыту үшін жаңа ынталандырулар мен институттарды енгізу;

·                 халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру;

·                 «инвестициялар факторы» есебінен одан әрі экономиканы қалыптастыруға қол жеткізе отырып,жылжымалы «инновациялардың фактормен»шикізат экономикасынан экономиканың өсуіне көшу процесі»;

·                 шикізаттық емес өнімнің экспортына бағдарланған кәсіпорындарды дамыту және қолдау;

·        жеке инвестицияларды қолдаудың мемлекеттік қызметтен басымдығы;

·        ЕАЭО, ДСҰ-ға кіруіне байланысты сыртқы инвесторларды тарту.

·      Әлемдік экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты сыртқы инвесторлардың қалауын өзгерту.

 

 

Салалық проблемалық мәселелері:

- жеткіліксіз дамыған инфрақұрылым;

- недостаточно развитая инфраструктура;

- ірі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлер мен тар мамандықтар қызметкерлерінің төмен біліктілігі;

- МЖӘ жобаларын басқару тәжірибесінің болмауы.

 

1.3. Агроөнеркәсіп кешені  

Өсімдік шаруашлығы, мал және азық-түлік өнеркәсібінен тұратын аграрлық сектор облыс экономикада маңызды рөл атқарады және оның тұрақтылығы –азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылықтың негізі болып табылады.

Жыл сайын мемлекеттік қолдау аясында қаржыландыру көлемі артып келеді, ол 2017 жылы 2019 жылығы 15,8 млрд. теңгемен субсидияламен салыстырғанда 11,9 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының арқасында 2017 жылдан 2019 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің ұлғаюы байқалды. Сала жылына орта есеппен 105,0%-ға, сәйкесінше 251,3-тен 325,7 млрд. теңгеге дейін өсті (1-график).

 

 

 

  1-график. 2017-2019 жылдарғы ауыл шаруашылығының динамикасы, млрд. теңге

 

Облыстың ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2019 жылы 10,3%-ды құрайды, ол облыстағы жұмысқа жарамды халықтың 28,3%-ын құрайды. 2017-2019 жылдары осы саладағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жыл сайынғы көлемі номиналды түрде 1,5 есеге, атап айтқанда 2017 жылы 17,4 млрд теңгеден 2019 жылы 26,1 млрд. теңгеге дейін өсті.

Өңір республикада көшбасшылық орынға ие: сафлор және бақша дақылдарының өндірісі бойынша – 2 орын, көкөністер және жүгері – 3 орын, арпа – 5 орын, қой саны, жүні және терісі –3 орын, ет – 6 орын. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісімен 18500 жұмыс істейтін кәсіпорындар айналысады, оның ішінде 501 ірі кәсіпорын (ЖШС), 16615 орта (ШҚ, ФҚ ФҚ) және 1384 шағын (ЖК, ЖҚШ).

2019 жылы ҚР аймақ облыстың үлесі 6,3%-ды құрады. Аграрлық сектор көлемі және НКИ бойынша Қазақстанның өңірлері арасында сәйкесінше 8-ші және 7-ші орынды иеленеді, НКИ бойынша ҚР 9 өңірінің алдында (2-кесте).

 

2-график. 2019 жылы ҚР өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі мен НКИ салыстыру, млрд. теңге және өткен жылға %-бен

 

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің қатынасы тең үлесті құрайды (1-кесте).

 

1-кесте. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы

Атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

НКИ, %

үлес салмағы, %

НКИ, %

үлес салмағы, %

НКИ, %

үлес салмағы, %

Ауыл шаруашылығының өнімдері

105,4

100,0

105,6

100,0

103,7

100,0

Оның ішіне:

 

 

 

 

 

 

- өсімдік шарушылығы

106,0

53,3

106,4

54,7

104,4

56,3

- мал шаруашылығы

104,6

46,5

104,7

45,0

103,0

43,4

- көрсетілген қызметтер

100,0

0,2

100,0

0,3

100,0

0,3

 

Облыстың жер аумағы 14426,3 мың гектарды құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі – 4589,3 мың га (31,8%), оның ішінде егістік жерлер –772,6мың га (5,4%).

2017-2019 жылдары ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының ұлғаюы есебінен өсімдік шаруашылығының өсімі байқалады, оның құрылымында дәнді және бұршақты, сондай-ақ азықтық дақылдарының үлесі басым (кесте 2).

 

.№2 кесте. Ауыл шаруашлығы дақылдардың егістік құрылымы

Атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

мың га

үлесі, %

мың га

үлесі, %

мың га

үлесі, %

Егістік алқап, барлығы

629,3

100,0

662,1

100,0

686,6

100,0

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

- дәнді, бұршақты дақылдар

275,2

43,7

300,7

45,4

352,5

51,3

- майлы дақылдар

89,8

14,3

91,5

13,8

61,0

8,9

- қант қызылшасы

9,5

1,5

8,4

1,3

5,6

0,8

- көкөністер

28,2

4,5

32,0

4,8

36,2

5,3

- бақша дақылдары

11,2

1,8

11,6

1,8

14,0

2,0

- картоп

9

1,4

9,7

1,5

10,2

1,5

- азықтық дақылдар

206,3

32,8

208,2

31,4

207,2

30,2

 

Егістік құрылымды оңтайландыру үшін жыл сайын әртараптандыру бойынша шаралары өткізілуде. Ылғал сақтау технологиясы (нөлдік және минималды) 29,8 мың га алқапқа; су үнемдеу (тамшылатып және жаңбырлатып суару)–20,5 мың га алқапқа енгізілген, оның ішінде 2019 жылы – 2,5 мың га.

Облыста 11 тұқым шаруашылықтары жұмыс істеуде, оның ішінде: элиталық тұқымдарды және 1, 2 және 3 репродукцияларды өндіруші 7 элиталы тұқым шаруашылықтары; жеміс-жидек дақылдарының көшеттері бойынша – 3 элиталық тұқым шаруашылқтары; масақты дақылдар бойынша – 1 тұқым шаруашылығы. 2019 жылы тұқымның жалпы көлеміндегі 1 және 2 санаттағы тұқымдар 92,0% құрады.

Дәнді дақылдардың тазаланғаннан кейнгі салмақтағы жалпы түсімі үш жыл ішінде орта есеппен 1,2 есеге артты, онда өнімділік 2019 жылы 21,3 ц/га құрап, орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге артты.

Көкөніс –1,3 есеге, картоп – 1,1 есеге және бақша дақылдары – 1,3 есеге өсті(кесте 3).                                     

 

3-кесте. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі

Атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

мың тн

2016 жылға %

мың тн

2017 жылға %

мың тн

2018 жылға %

Дәнді және бұршақты дақылдар

672,5

103,2

725,9

107,9

779,9

103,1

Қант қызылшасы

206,1

177,9

192,8

93,6

173,8

83,2

Картоп

204,6

101,5

221,7

108,4

234,7

105,9

Көкөністер

748,9

104,2

847,3

113,1

976,9

115,3

Майлы дақылдар

63,9

122,9

65,9

103,2

48,7

73,9

Бақша дақылдары

298,5

109,0

302,1

101,2

374,6

124,0

 

Өнімділік сәйкесінше 266,9 ц/га, 230,8 ц/га, 268,6 ц/га  құрады.Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділгін арттыру және топырақтың құнарлылығын сақтау үшін 2019 жылы 22,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар қолданылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге және 2017 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге артық.

2017-2019 жылдары облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 14,5 млрд. теңгеге 1,4 мың дана техника сатып алынды.

Мал шаруашылығы 6 қызмет түрімен: ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқылар, түйелер, шошқа мен құс өсірумен айналысады. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларын іске асыру арқасында мал санының өсімі байқалды, ол асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді: ІҚМ 2017 жылы 9,5%-дан 2019 жылы 10,3%-ға дейін, тиісінше қой мен ешкі 12,2%-дан 16,0%-ға, жылқы – 1,6%-дан 1,8%-ға дейін.

2017-2019 жылдары ірі қара мал саны орта есеппен 8,7%, қой мен ешкі – 5,0%, жылқы –7,0%, түйелер –5,5%, құс –23,0% артты (№4 кесте).

 

№ 4 кесте. Мал басының динамикасы, мың бас

Атауы

2017

жыл

2016 жылға %

2018 жыл

2017 жылға %

2019 жыл

2018 жылға %

ІҚМ

359,9

108,9

396,2

110,3

423,1

106,8

Қой мен ешкі

2610,5

105,6

2788,4

106,8

2861,8

102,6

Жылқы

117,0

105,3

128,2

109,5

136,0

106,1

Түйе

6,2

104,9

6,6

107,2

6,9

104,4

Құс

1193,2

127,9

1620,3

135,8

1702,0

105,0

Шошқа

18,6

58,7

13,7

73,8

20,9

152,0

 

Шаруашылықтардың барлық санаттарында тірі салмақтағы ет өндірісі үш жыл аралығында орта есеппен 5,6%-ға, сүт –2,8-ға, жұмыртқа – 7,8%-ға, жүн –2,3%-ға артты (№5 кесте).

 

№5 кесте. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

Атауы

2017 жыл

2016 жылға %

2018 жыл

2017 жылға %

2019 жыл

2018 жылға %

Тірі салмақта ет, мың тн

122,0

107,5

129,0

105,8

133,4

103,4

Сүт, мың тн

306,2

102,9

315,0

102,9

323,6

102,7

Жұмыртқа, млн. дана

120,6

111,5

131,6

109,2

135,1

102,6

Жүн, мың тн

5,6

101,6

5,7

103,3

5,9

102,2

 

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің өндірісі көлеміндегі үй шаруашылықтарының үлесі әліде жоғары екенін атап өту қажет, бұл салада өнім өндірісінің ұсақ тауарлы сипаттылығын анықтайды. Сонымен, 2019 жылы жеке қосалқы шаруашылықтарға ет өндірісінің 56,7%, сүт 75,9%, жұмыртқалар 53,9%,жүн 61% келеді.Облыстың жалпы ауыл шаруашылығы өніміндегі ЖҚШ үлесі 45%-ды құрайды.

Нәтижесінде облыста ЖҚШ қолдау үшін «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру бойынша» жобасы шеңберінде маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізілді. 2019 жылдың басынан бастап облыстың 10 ауданында 11 пилоттық ауылдық округтен бастау ұсынылды (оның ішінде 1 ауылдық округ бойынша 9 ауданда, 2 ауылдық округ Байзақ ауданының пилоттық жобасына қатысады).

Бүгінгі таңда, жобамен 7886 аула шаруашылығы (барлық аулалардың 94%) қамтылды, сомасы 7,2 млрд. теңгеге 2478 өтінім қаржыландырылды.

Құрылған 11 кооперативке 125,9 млн.теңге айналым қаражаты аударылды. Өсімдіктерді қорғау үшін қажетті тұқымдар, тыңайтқыштар және химиялық құралдар сатып алынды, көктемгі егіс жұмыстары жүргізілуде, жалпы алаңы 2,125 га 16 жылыжай құрылысы жүргізілуде. Мал шаруашылығына арналған аулаларды пайдалану үшін сомасы 6,9 млрд.теңгеге 44850 бас мал сатып алынды. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен жабдықтау үшін сомасы 1,736 млрд. теңгеге 192 бірлік әр түрлі техника сатып алынды. Шағын бизнес ашу үшін құны 64,7 млн. теңге болатын 12 жоба қаржыландырылды.

2020 жылдың басынан бастап коронавирустық пандемия, төтенше жағдай режимі, карантин және әлемде енгізілген шектеу шаралары ауыл шаруашылығына айтарлықтай теріс әсер еткен жоқ. Дағдарысқа қарамастан, тұрақты жағдай сақталуда және алты айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2019 жылдың тиістікезеңіне 2,7%-ға (71,5 млрд. теңге) ұлғайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 6,3%-ға (2,4 млрд. теңге), мал шаруашылығы өнімінің көлемі – 2,6%-ға (69,1 млрд. теңге) ұлғайды.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 735,0 мың га алқапқа орналастырылған немесе 2019 жылға қарағанда 48,4 мың га артық (дәнді және бұршақты дақылдар 378,8 мың га, майлы дақылдар 56,5 мың га, қант қызылшасы 4,6 мың га, картоп 11,2 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 69,8 мың га, жемшөп дақылдары 229,7 мың га).

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау басталды.

Мал шаруашылығында шаруашылықтың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 2,2%-ға, сүт – 1,9%-ға, жұмыртқа – 3,6%-ға; ірі қара мал басы – 8,2%-ға, қой –3,2%-ға, жылқы – 11,5%-ға, құс – 4,8%-ға өсті.

2020 жылдың тамыз айынан бастап «алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасы іске асырылуда. Жоба әлеуметтік-азық-түлік тауарларын тұтынушыға тиімді бағамен тікелей жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспар бойынша жергілікті өндірушінің 4621 тонна тауарлары сатылатын болады. Ол үшін тауар сатып алатын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті бюджеттік кредиттер бөлінетін болады. Бюджет қаражаты Үкімет резервінен 1,0 млрд. теңге сомасында көзделген.

2020 жылы пилоттық жобаны одан әрі іске асыру үшін қосымша 20 ауылдық округ (әр ауданнан 2 округке дейін) іріктелді, қажетті қаражат – 3631 жобаға 11,5 млрд. теңге. Таңдалған округтердегі халықтың жалпы саны 11,1 мың аулада 63,5 мың адамды құрайды.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі

Облыстың ауыл шаруашылық мамандандырылуы және шикізаттық  базасы қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді, бұл облыс экономикасының келешегі басым саласы болып табылады.

Саланың үлесі 2019 жылы облыстың жалпы өндірісінде 12,6% және өңдеусаласында – 17,0% құрайды. Тамақ өнімдері өнірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар 2018 жылға қатынасы 18,7%-ға немесе 7,5 млрд. теңгеге дейін өсті. Сала экономикалық қызметтің 6 түрімен ұсынылады. Облыста 29 етті және сүтті қайта өңдеу кәсіпорындары, 2 қант қызылшасын және шикі қант қамысын қайта өңдеу бойынша зауыттары жұмыс істеуде.

2017-2019 жылдардағы тамақ өнімдерінің өндірісін талдау республиканың өндірісінде айтарлықтай үлеске ие қант өндірісінің өсуі немесе азаюы есебінен оның тұрақсыздығын көрсетеді 3-кесте. 2017 жылы – 77,3%, 2018 жылы – 66,1%, 2019 жылы – 64,0%.

 

 

 

 

 

 

 

 

3-кесте. 2017-2019 жылдары облыстың

тамақ өнімдері өндірісінің динамикасы, млрд. теңге

 

 

Өңдеуші өнеркәсібіндегі тамақ саласының үлесі жылдан жылға қысқаруда. 2017 жылы ол 30,0%, 2018 жылы – 18,0%, 2019 жылы – барлығы 16,8% құрады, бұл қант өндірісінің төмендеуіне байланысты.

2017 жылы НКИ-82,7% құрап, қант көлемі 26%-ға төмендеді. 2018 жылы тамақ өнімдерінің өндіріс көлемі қант өндірісінің 34,9%-ға азаюы есебінен 2017 жылдың деңгейінен 25,1%-ға төмендеді. Соңғы 2 жылда қант өндірісінің төмендеуінің басты себептерінің бірі Тараз және Меркі қант зауыттарында цехтарды қайта құруға және шет елден шикізаттың (қант шикізатының) тұрақсыз жеткізілуіне байланысты тоқтап тұруы болып табылады. 2019 жылы саладағы өсім 3,3%-ды (59,9 млрд. теңге) құрады. Сомасы 28,5 млрд. теңгеге 161,9 мың тонна қант өндірілді немесе 2018 жылға қарағанда 86,5%.

 

4-кесте. 2019 жылы  тамақ өнімдерінің өндірісі құрылымындағы

 қант өндірісінің үлесі, млн. теңге және %

 

№6 кесте. Тамақ өнімдерінің негізгі түрлерін

өндіру динамикасы

Атауы

2017 ж.

2016 жылға %

2018 ж.

2017 жылға %

2019 ж.

2018 жылға %

Ет, тонна

3469

93,5

6168

80,7

6763

109,6

Сүт, тонна

13552

270,1

15450

114,0

12472

70,1

Ұн, тонна

12932

60,8

7190

55,6

8892

132,4

Сары май, тонна

567

108,8

511

90,1

1147

188,7

Қант, мың тонна

287,6

74,2

187,2

65,1

161,9

86,5

 

2020 жылдың 1 жарты жылдығында тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 21,5 млрд. теңгені, НКИ-69,1%-ды құрады. Саладағы төмендеу ет өндірісінің (20,3%-ға), сүт (10,8%-ға), сары май (0,5%-ға), ірімшік және сүзбе (14,7%-ға), ұн (64,0%-ға) және т.б. өндірісінің қысқаруы есебінен. Алайда, негізгі себеп жыл басынан бері екі қант өндірісінің - Тараз және Меркі зауыттарының тоқтап тұруы болып табылады.

2015-2019 жылдары индустрияландыру аясында 13,6 млрд. теңгеден аса инвестиция салынған 16 жоба іске асырылды. Ол – ұзын кеспе өндірісі бойынша экспортқа бағдарланған кәсіпорындар «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС, Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдерісін құру «Октүстік Халал Тағамдары» ЖШС, «GREENWILL» ЖШС аквапоника технологиясы негізінде бастапқы өңдеумен салат дақылдары мен балық өндіру, «Джанабекова С. С.» ЖШС кондитерлік фабрикасының құрылысы 1-кезең және 2-кезең, «Аса-Damu» ЖШС құс фабрикасының құрылысы»және басқалары.

2020 жылы салада инвестиция көлемі 3,0 млрд. теңгеге жуық 5 инвестициялық жоба іске асырылуда («Элнур әділ Групп» ЖШС – ұн өнімдерін шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру, «Вкусная Корзинка» ЖШС – ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру, «Империя» ЖК – балмұздақ цехының құрылысы, «GRAND FOODS PREMIUM» ЖШС – жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу цехының құрылысы, ТОО «Байтұр 2050» – ЖШС – сүт өнімдерін өндіру зауыты).

Облыста ауыл шаруашлығы өнімдерін қайта өңдеумен, негізінен, ыңғайластырылған жайларда орналасқан, пайдалануда болған өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған, тозығы жеткен және сапалық ескірген немесе ауыл шаруашылғы шикізатының тапшылығына байланысты пайдаланылмайтын шағын кәсіпорындар айналысады. Әлсіз техникалық база және тез бұзылатын шикізат пен азық-түлікті сақтау, тасымадау және мұздатып өңдеудің дамыған инфрақұрылымы бастапқы шикізатты кешенді қайта өңдеуге және сақтау үшін оңтайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік бермейді, бұл қосымша шығындарға, қауіпсіздік пен сапаның түмендеуіне әкеледі(7-кесте).

 

№7 кесте. 2017-2019 жылдардағы аудандардың жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің динамикасы және облыстың жалпы көлеміндегі оның үлесі

Атауы

2017

жыл

Облыстың жалпы көлеміндегі ауданның үлесі,%

2018  жыл

Облыстың жалпы көлеміндегі ауданның үлесі,%

2019

жыл

 

Облыстың жалпы көлеміндегі ауданның үлесі,%

Облыс,млрд. теңге

251,3

100,0

268,2

100,0

325,7

100,0

Тараз қ.

7,9

3,2

7,9

2,9

10,5

3,2

Байзақ

30,2

12,0

31,3

11,7

40,0

12,3

Жамбыл

26,9

10,7

29,8

11,1

38,2

11,7

Жуалы

23,2

9,2

25,5

9,5

30,3

9,3

Қордай

44,9

17,9

47,2

17,6

56,7

17,4

Т.Рыскұлова

25,3

10,1

27,2

10,1

32,4

9,9

Меркі

24,0

9,5

24,9

9,3

29,1

8,9

Мойынкұм

4,4

1,8

4,5

1,7

5,4

1,7

Сарысу

10,2

4,1

11,2

4,2

13,0

4,0

Талас

10,6

4,2

11,0

4,1

12,9

4,0

Шу

43,6

17,3

47,8

17,8

57,3

17,6

                                    

Аумақтық бөліністе облыстың ауыл шаруашылығы дамыған өңірлері Шу (17,6%), Қордай (17,4%), Байзақ (12,3%), Жамбыл (11,7%), Т.Рысқұлов (9,9%), Жуалы (9,3%) болып табылады.

Облыстың өсімдік шаруашылығының жалпы көлемінде 81,7% басымдықты Шу (20,3%), Қордай (17,1%), Байзақ және Жамбыл (13,2%-дан), Т.Рысқұлов (9,3%),Меркі (8,6%)аудандары иеленеді.

Мал шаруашылығында Қордай (17,9%), Шу (14,1%), Жуалы (11,4%), Байзақ (11,1%), Т.Рысқұлов (10,8%), Меркі (9,4%) облыста мал шаруашылығының жалпы үлесінің 74,7% құрайды. Ет өндірудің ең жоғары қарқыны Жамбыл (7,9%), Т.Рысқұлов (6,9%), Қордай (5,8%), Сарысу (5,6%) және Мойынқұм (5,1%) аудандарына тиесілі.

Облыстың аграрлық секторы экспорттық өнімдерді өндіру бойынша әлеуеті бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 2017 жылы 2,7-ден 2019 жылы 4,9 млн. АҚШ долларына дейін өсті (8-кесте).

 

8-кесте. 2017-2019 жылдар аралығындағы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының даму динамикасы

Атауы

2017 ж.

2017 ж  2016 жылға, %

2018 жыл

2018 жыл  2017 жылға, %

2019 жыл

2019 жыл  2018 жылға, %

Сыртқы сауда айналымы және ЕЭО елдерімен өзара сауда экспортының көлемі, барлығы

753,8

319,0

291,9

38,7

324,5

111,1

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

- өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты

20,6

374,5

40,1

194,7

16,2

40,4

Экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортының үлесі, %

2,7

-

13,7

-

4,9

-

 

Облыстан негізінен картоп, пияз, қант, сүт өнімдері, қой және сиыр еті, бидай, арпа, ұн, макарон өнімдері, қарбыз, соя, мақсары тұқымы, күнбағыс майы, көкөніс шырындары экспортталады, ал облысқа қаңқа бөліктері және субөнімдер, жұмыртқа, пияз, жемістер, қант қызылшасының тұқымы, қант шикізаты, асыл тұқымды ІҚМ, көмір, сүт және консерві өнімдері, кондитерлік өнімдер, өсімдік және күнбағыс майы және т.б импортталады.                                                                      

2019 жылы қайта өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 2018 жылға қарағанда экспортталатын өнімнің картоп 78,2%, қырыққабат – 67,4%, дән – 68,8%, арпа – 56,2% азаюы есебінен қысқарды.

Сонымен қатар, келесі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты ұлғайды: ІҚМ еті – 3,1 есе (2,8 млн. АҚШ доллары), ҰММ еті – 38,3 есе (0,2 млн. АҚШ доллары), сәбіз – 4,7 есе, көкөністер – 1,6 есе, жүгері – 39,5 есе (0,4 млн. АҚШ доллары), сары май – 6,2 есе (0,4 млн. АҚШ доллары), мал азығы – 6,7 есе (1,3 млн. АҚШ доллары) және  басқа да тауарлар.

2016 жылдан бері алғаш рет сиыр еті экспортталды, сонымен үш талдамалық жылда 788,3 тонна ІҚМ, 1743,8 тонна ҰММ, 1197,3 тонна балық еті экспортталды.

2019 жылы 1578 тонна сиыр еті (105,1%), 1010 тонна қой еті (101,0%) экспортталды. Республика бойынша қой етінің экспорт көлемі 2740 тоннаны құрады немесе жалпы көлемнің 38,0%-ы Жамбыл облысының үлесіне тиесілі (ҚР бойынша 1-орын).

  Облыста ІҚМ бордақылау үшін қуаттылығы жылына 2,0 мың тонна сиыр етін құрайтын 27,0 мың басқа арналған 26 бордақылау алаңы құрылды. Малды қолдан ұрықтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2 дистрибьюторлық орталық бар, 32 сүт фермасы жұмыс істеуде, оның 2-і «Ырыс» бағдарламасы бойынша  құрылған. Қымызды жылқы шаруашылғы дамуда, өндіруге және құюға арналған шеберханалар құрылуда.

2019 жылы 263 адамнан тұратын 181 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеді, онда 132 заңды тұлға, 695 шаруа немесе фермер қожалықтары және 563 үй шаруашылықтары бар. 2020 жылғы 1 қаңтарға кооперативтерде ірі қара малдың саны 2497 басты құрады, оның ішінде етті табындағы сиырлар – 1508 бас, қойлар – 1064 бас, жылқылар – 7 бас.

Азық-түлік қауіпсіздігі– бұл адамдардың өмірі мен құқықтық қабілетін сақтау және қолдау, азық-түліктің сыртқы көздерінен толық немесе мүмкіндігінше тәуелсіз болу үшін қажетті мөлшерде және сапада азық-түлік өнімдерінің физикалық және экономикалық қол жетімділігі жағдайында халықты өз өндірісінің негізгі азық-түлік түрлерімен тұрақты қамтамасыз ету.

Негізгі тетік ретінде облыстың тұрақтандыру қорынан тауар интервенцияларын жүргізу бойынша тұрақтандыру шаралары болып табылады. Қорға қажетті 11 тауардың (ұн, нан, қарақұмық, күріш, қырыққабат, қант, күнбағыс майы, сиыр еті, сүт, жұмыртқа) тізбесі бекітілді. Бүгінгі таңда 1790 тонна тауар жиналды: 579,48 тонна қант, 2,16 мың дана тауық жұмыртқасы, 45,32 тонна күріш және 1164,7 тонна ұн. Жыл ішінде қордың ішкі сұраныстың 5%-нан асатын көлемде жинақталуы көзделеді.

Тауарларды өткізу көлемін ұлғайту мақсатында Қор Тараз қаласының ірі 9 супермаркетімен (Смарт, Гаухар, Дәмдес, Халил, Алма, Нұрислам, Санабар, Барчиной, Кристалл) келісімдер жасады. Арнайы әлеуметтік сөрелер ашылды, қосымша 11 дүңгіршек салу орындары анықталды және олардың санын екі есеге ұлғайтылады, нәтижесінде тұрақтандыру қорының ішкі нарықтағы үлесі 5%-ға артады.

Ветеринария

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы,оларға ветеринариялық паспорт беріле отырып, арнайы мәліметтер базасына енгізіледі.

В 2019 году проведена идентификация 1307,9 тыс. голов сельскохозяйственных животных, что составляет 100,0% от плана (таблица 9).

2019 жылы 1307,9 мың бас ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру жүргізілді, бұл жоспардың 100,0% құрайды (9 кесте).

 

№9 кесте. Ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру динамикасы

Мал түрі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

жоспар

нақты

жоспар

факт

план

факт

МІҚ, бас

198 400

198 400

137 318

359 398

152 126

152 126

ҰММ, бас

1689 254

1689 254

1 192 523

1 836 483

1 155 847

1 155 847

Барлығы, бас

1 887 654

1 887 654

1 329 841

2 195 881

1 307 973

1 307 973

 

Ветеринарлық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін облыста 11 дербес ветеринария бөлімдері және 160 ветеринарлық пункттерімен 11 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын құрылды. 160 ауылдық округте 75 ветеринарлық пункт қызметтік үй – жайлармен, 126 елді мекен малға дәрі-дәрмек егу, қан сынамаларын алу алаңдарымен және ірі қара малды эктопаразиттерге қарсы шомылдыруға арналған душтармен қамтамасыз етілді.

Облыстың эпизотикалық салауаттылығы мақсатында жыл сайын жергілікті бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге (2017 жылы – 1235,0 млн. теңге, 2018 жылы – 1334,0 млн. теңге, 2019 жылы – 1562,0 млн. теңге), мал көмінділерін (сібір жарасы көмінділері – 189) және 41 биотермиялық шұңқырларды (2017 жылы – 36,0 млн. теңге, 2018 жылы – 38,0 млн. теңге) қаржы, 2019 – 38,4 млн. теңге) бөлінуде.

Нәтижесінде ауру ошақтарының саны азайды: жануарлардың құтыруы бойынша – 2017 жылғы 12-ден 2019 жылы 6 бірлікке дейін. Жануарлар арасында бруцеллезбен ауыру: ІҚМ 2017 жылғы 353 бастан 2019 жылы 414-ке дейін; ҰММ 2678 бастан тиісінше 1870-ке дейін өсті. Сонымен қатар, 2019 жылы адамдардың бруцеллезбен ауруы 2017 жылмен салыстырғанда 28 адамға азайды.

 

Саланың даму жағдайынаSWOT- талдау

 

Күшті жақтар

Әлсіз жақтар

·      Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін өндірісті дамыту үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар;

·      табиғи шабындықтар мен жайлым жерлердің болуы;

·      облыстағы минералды тыңайтқыштар өндірісінің болуы;

·      ауыл шаруашылығы кластерлерін қалыптастыру үшін АӨК-гі дамыған институционалдық инфрақұрылым;

·      ИИД, өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға  арналған, Бизнестің жол картасы - 2025, 2017­-2021 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары, «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында Мемлекеттік қолдау;

·      инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) болуы);

·       «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі өңірлік «Фронт-офис».

·      Механикаландырудың жеткіліксіз деңгейі және ауыл шаруашылығы техникаларының тозу деңгейінің сақталуы;

·      суару инфрақұрылымының тозығы;

·      ұсақ тауарлық, малдың 80%-ға жуығы жеке қосалқы шаруашылықтарда;

·      кепілдік капиталдың болмауына байланысты екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығын төмен несиелеуі.

 

Мүмкіндіктер

Қауіптер

·    ИИД, Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға  арналған, Бизнестің жол картасы - 2025, 2017-­2021 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларын, «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдау шаралары;

·    БЭК және ДСҰ шеңберіндегі жаңа өткеру нарықтары;

·    экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік беретін, жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру;

·    егіс алқабының құрылымындағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру;

·    ұсақ ауыл шаруашылығы өндірістерін ірілендіру жолымен машина-технологиялық станцияларын құру;

·    ауылдық несиелік серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту.

·    Қолайсыз ауа-райы жағдайының, табиғи апаттардың, аса қауіпті мал аурулары ошағының әсер етуі;

·    БЭК және ДСҰ шеңберінде аграрлық азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі;

·    ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтардың (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды енгізуге кері әсер етеді;

·    нашар кепілдік базаға байланысты ауыл халқын несиелеу проблемалары, халықтың ауылдық кооперациялар және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі.

 

Саланың проблемалық мәселелері:

- Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өсімінің дамуын тежейтін негізгі себеп - шаруашылықтардың ұсақ тауарлығы. Жер алқаптарының көлемі 50 га дейінгі ұсақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайыздық қатынасы 64,4% құрайды. Ұсақ шаруашылықтар өндіріске агротехнологиялар ендіре алмайды, сондай-ақ егістік айналымдарын сақтай алмайды, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару және басқа ылғалды үнемдеу технологиялары сияқты ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ендіруді айтпағанның өзінде өсімдіктерді қорғау жүйесін қолдана алмайды.

- көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде негізгі және айналымдағы қаржылардың жеткіліксіздігі;

- мал басының жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы;

- машина-трактор паркінің жеткіліксіз техникалық жарақтандырылу деңгейі, жаңа прогрессивтік технологиялардың әлсіз енгізілуі;

- ауылда білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;

- еңбекті көп қажетсінетін үрдістердің әлсіз механикаландырылуы; ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейінің жоғарылығы, мал шаруашылығында өнімділігі жоғары генетикалық материалдың және өсімдік шаруашылығында элиталық тұқымдардың төмен үлесі, мал шаруашылығы шикізатын даярлау, сақтау және бастапқы қайта өңдеу, көкөністі сақтау бойынша инфрақұрылымның болмауы;

- суару кезеңінде судың жеткіліксіздігі;

- қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының  толық емес жүктемесі;

- шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сондай-ақ шикізатты даярлау, тасымалдау және сақтау логистикасының дамымауы, бұл қайта өңдеу қуаттарының толық жүктелмеуіне әкеледі.

- сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымауы, бұл азық-түлік нарығында көптеген ұсақ ойыншылардың болуына және өнімнің негізсіз қымбаттауына ықпал етеді;

- отандық ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

- импорттың ауқымды көлемінің болуы себебінен ішкі нарықта отандық тамақ өнімдерін өткерудегі қиындықтар.

 

1.4 Шағын және орта бизнес

 

Облыс экономикасында кәсіпкерліктің танымалдығы артып келеді, алайда Қазақстан өңірлері арасындағы белсенділік қарқыны аз және тек 1,6%-ды құрайды, ал жұмыспен қамтылғандар үлесі өңірлік еңбек нарығының 5,8%-ын құрайды.

2017-2019 жылдар аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен (бұдан әрі-ШОК) құралған жалпы қосылған құн (бұдан әрі - ЖҚҚ) орта есеппен 20,2%-ға,  248,2-ден 354,0 млрд.теңгеге дейін өсті. Алайда ЖҚҚ-ның жыл сайынғы өсуі аясында облыстың ШОК субъектілерінің ҚР экономикасына қосқан үлесі елеусіз. 2019 жылдың жедел деректері бойынша облыс ЖҚҚ бойынша тек Қызылорда облысын оза отырып соңғы орында тұр                     (1-кесте).

 

1-кесте. 2019 жылы ШОК жалпы қосылған құнын

 ҚР өңірлері бөлінісінде салыстыру, млрд. теңге.

 

Шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы қосылған құнының шамамен 21,0%-ын шамамен ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп (оның ішінде өңдеуші өндірістер), құрылыс, көтерме және бөлшек сауда (автокөлік құралдарын, мотоциклдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдалану заттарын жөндеуді қоса алғанда) кәсіпорындары құрады.

Шағын және орта бизнес 2019 жылы жалпы өңірлік өнімнің 20,9%-ын құрады. Алайда, ЖӨӨ-дегі шағын кәсіпкерліктің ЖҚҚ үлесінің 2017 жылғы 15,4%-дан 2019 жылы 16,3%-ға дейін, орта кәсіпкерліктің тиісінше 3,4%-дан 4,7%-ға дейін өсуі есебінен 2017 жылы ЖӨӨ дегі ШОК қосылған құны өндірісінің үлесі 18,8%-ды құрады және 2018 жылы 20,9%-ға дейін ұлғайды.

Өңірлер бөлінісінде облыс ҚР-ның 5 өңірінен оза отырып, 12-ші орынды алуда, ЖӨӨ қалыптастыруда ШОБ-тің ең көп әсері Нұр-Сұлтан (57,9%), Алматы (40,5%) ірі қалаларында және Батыс Қазақстан облысында (36,8%) байқалады (2-кесте).

 

2-кесте. 2019 жылы ЖӨӨ құрылымындағы ШОК-тің жалпы қосылған құнының үлесін

ҚР өңірлері бойынша салыстыру, %

 

Бүгінгі күні 47 орта кәсіпорын қызметін жүзеге асыруда, олармен талдау кезеңінде 2017 жылы 44,4 млрд.теңге, 2018 жылы – 53,6 млрд. теңге, 2019 жылы – 66,2 млрд. теңгенің жалпы қосылған құн өнімі өндірілді(жедел деректер).

Облыстың орта кәсіпкерлік субъектілерінің қосылған құнын өндірудің шағын деңгейіне қарамастан, оның 2019 жылға қарай ЖӨӨ қалыптастырудағы үлесінің құлдырау үрдісі болды(3-кесте).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-кесте. 2017-2019 жылдары ЖӨӨ құрылымындағы орта кәсіпкерліктің

жалпы қосылған құны үлесінің динамикасы, %

 

Шағын және орта кәсіпорындар экономикада тұрақты жағдайға ие емес, өйткені әр түрлі дағдарыстарды бірінші болып сезінеді. Құлдыраудың негізгі себептері шетелдік әріптестермен есеп айырысу жүргізілетін басқа елдердің валюталарына қатысты ұлттық валютаның айырбас бағамының импортына тәуелділік және секірулерге сезімталдық болып табылады.

Осындай әсермен ШОК өсу қарқыны баяулады, алайда қазіргі уақытта оң динамика сақталуда.

Облыс бойынша тіркелген субъектілер саны 2017 жылдан 2019 жылдар аралығында заңды тұлғалар санының 11,2%-ға, жеке кәсіпкерлер санының –8,9%-ға, шаруа (фермерлік) қожалықтарының –13,8%-ға өсуі есебінен 10,2%-ға немесе 7868 бірлікке өсті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері 2019 жылы 63262 бірлікті құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 10,6%-ға артық (63262 бірлік), 2017 жылғы деңгейден 19,2%-ға артық (58692 бірлік).

2017 жылы тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің үлесі 76,3%-ды, 2018 жылы – 79,1%-ды, 2019 жылы–82,6%-ды құрады.

Кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылы 126,7 мың адамды, 2018 жылы – 119,5 мың адамды, 2017 жылы – 120,1 мың адамды құрады. ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы үш жылда 18,7%-ға артып, 511,8 млрд.теңгені, тиісінше 479,5 млрд. теңгені, 431,1 млрд. теңгені құрады.

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны бойынша ШОБ субъектілері өндірген өнімнің ең көп үлесі заңды тұлғаларға келеді (2017-2019 жылдары орташа алғанда – 63,6%). Кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің жалпы көлемінен орташа 25,8% ШФҚ, 10,6% – ЖК өндіреді. 2019 жылы заңды тұлғалармен өндірілген өнім үлесі 59,0%, ШФҚ – 30,9%, ЖК – 10,1% құрады.

Қазақстан Үкіметі ИИД, Бизнестің жол картасы-2025, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларын, «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде шағын және орта бизнестің өсуін ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі шараларды іске асыруда.

2010 жылдан бастап ШОБ несиелеудің белсенді өсуі байқалады. 2019 жылы банктер берген кредиттер саны 2018 жылға 1,4 есеге, 2017 жылға 1,3 есеге артты.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурызда қабылданған «Шағын несиелеуді кеңейту» «Бес әлеуметтік бастамасы» – төртінші бастамасы бойынша 2019 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде қалалар мен моноқалаларда (Тараз, Жаңатас және Қаратау) 699,4 млн.теңге сомасына 59 жоба несиелендірілді және 326,0 млн. теңге сомасына 97 жоба кепілдендірілді.

«БЖК-2020» іске қосылған сәттен бастап өңірде жалпы сомасы 105,4 млрд теңгеге 1764 жобаға қолдау көрсетілді.

2019 жылы «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша 6,9 млрд.теңге сомасына 148 жоба, «Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша –кепілдік сомасы 1410,6 млн. теңгеге 97 жоба, «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша – 429,1 млн. теңге сомасына 10 жоба, «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша – 339,0 млн. теңге сомасына 165 жоба қолдау тапты.

Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде 2445 кәсіпкерлік субъектілеріне 3389 түрлі сервистік қызмет көрсетілді. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 2147 тыңдаушы, «Бастау Бизнес» бойынша – 4800 тыңдаушы оқытылды («Бастау Бизнес» - 3800 адам, «Жас кәсіпкер» - 1000 адам), «Іскерлік байланыстар» бойынша 30 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өтінім берді және барлығы оқытылды.

Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 16,4 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 5,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» Жолдауында Елбасы кәсіпорындарға халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын игеруге көмектесіп, «қарапайым заттар экономикасын» дамытуды тапсырды. Осыған байланысты ҚР Үкіметімен 4 бағыт бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол карталары мақұлданды: салаларды дамыту бойынша 9 маңызды блокты қамтитын жеңіл өнеркәсіпті, жиһаз, құрылыс материалдары өндірісін, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша – бұл шикізат базасымен қамтамасыз ету, тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес, реттелетін сатып алулар, техникалық реттеу, экономикалық ынталандыру, жүйелік қолдау, кадрлық қамтамасыз ету, өнімді жылжыту, инвестициялық жобаларды іске асыру.

Облыста «қарапайым заттар экономикасы» жобасы жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған. Осылайша, 2019 жылы банктер жалпы сомасы 70,5 млрд. теңгеге қарастырылып жатқан 112 жобаның 20,2 млрд. теңгеге 38 жобасын мақұлдады. Мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 26,3%-ды құрады (жеңіл өнеркәсіп саласында – 12,0%, жиһаз – 21,4%, тамақ – 17,0%, құрылыс материалдары - 27,4%).

Төтенше жағдай режимі мен карантинге байланысты шектеу шаралары облыстың жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санын қысқартуға әсер етті. Осылайша, 2020 жылғы 1 шілдеге облыста 68,7 мың бірлік жұмыс істейді немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 98,3%. 2020 жылғы қаңтар-наурызда ШОБ өнімін шығару көлемі 75,1 млрд.теңгені (97,3%) құрады, оларда жұмыспен қамтылғандар саны – 122,1 мың адам (102,5%).

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бастап қолдаудың барлық қаржы құралдары бойынша сомасы 111,3 млрд. теңгеге 1892 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2020 жылғы қаңтар-маусымда «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралдары бойынша сомасы 4,4 млрд. теңгеге 56 жоба мақұлданды, «Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» сомасы 666,3 млн. теңгеге 44 жоба, «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» – сомасы 190,9 млн. теңгеге 4 жоба, «Гранттық қаржыландыру» – сомасы 500,9 млн. теңгеге 222 жоба.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде екінші деңгейдегі Банктер мен агро-кредиттік корпорация құны 69,9 млрд. теңгеге 140 жобаны мақұлдады, оның ішінде құны 48,8 млрд. теңгеге 121 жоба қаржыландырылды. Бұдан басқа, құны 234,3 млн. теңгеге 6 жоба қаралу сатысында тұр.

Облыста «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» жұмыс істейді. 2019 жылғы 28 қарашада «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі өңірлік «Фронт-офис» ашылды, оның алаңында әкімдік құрылымдары мен инвесторлармен жұмысқа тартылған ұйымдардың қызметкерлері орналасқан. Бұл өтініш берушілердің алғашқы сұрау салу уақытын бір жарым есеге қысқартуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың басынан бастап кәсіпкерлік субъектілерінен 47-ден астам өтініш келіп түсті, инвесторлармен 23-тен астам жеке кездесу өткізілді, 11 жоба сүйемелдеуге алынды. Тұрақты негізде жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді уақтылы анықтау және шешу үшін барлық жобаларға мониторинг жүргізіледі.

Ішкі сауда – өңірдің экономикалық қызметінің ең ірі салаларының бірі. ЖӨӨ құрылымындағы сауда 2019 жылы 23,4% мөлшеріндегі үлесті құрады.

Ішкі сауданың негізгі қызмет түрлері бөлшек және көтерме саудаға бөлінеді, онда   2017-2019 жылдары өсудің оң серпіні байқалады (1-кесте).

 

№1-кесте. 2017-2019 жылдардағы ішкі сауданың даму динамикасы

Атауы

2017 жыл

НКИ, %

2018 жыл

НКИ, %

2019 жыл

НКИ, %

Бөлшек тауар айналымы, млрд. теңге

271,9

103,8

279,3

104,3

323,6

101,1

Көтерме тауар айналымы, млрд. теңге

216,5

93,7

205,8

108,3

251,9

96,8

 

2019 жылы азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,0%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 69,0%-ды құрады. 2018 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларын сату көлемі 8,4%-ға, азық-түлік емес тауарларын – 6,2%-ға артты.

Аумақтар бөлінісінде 2019 жылы бөлшек сауда айналымының облыс орталығында, Қордай ауданы мен шекара маңындағы аудандарда шоғырлануы байқалады. Бөлшек сауданың негізгі көлемі Тараз қаласында (73,7%), Қордай ауданында (11,2%),Байзақ ауданында (3,7%), қалған 7 ауданда (11,4%). Бөлшек тауар айналымы дамуының орташа қарқыны Жамбыл, Меркі, Шу аудандарында байқалады. Қалған аудандардағы төмен көрсеткіштердің себебі – оларда ірі және орта сауда кәсіпорындарының жоқтығы болып табылады.

Көтерме сауданың ең үлкен үлес салмағы Тараз қаласында, Жамбыл,Қордай аудандары мен облыстың шекара маңындағы аудандарында байқалды, 2017-2019 жылдары ол облыс орталығында 78,8%-дан 74,3%-ға, Жамбыл ауданында 8,1%-дан 8,8%-ға,  Қордай ауданында 3,6%-дан 6,7%-ға дейін өзгерді.

Облыста 22665 орынға арналған 41 сауда базары жұмыс істейді. 29 азық-түлік жәрмеңкесі өткізіліп, онда 246,3 млн. теңгенің өнімі сатылды.

Оң динамикаға қарамастан өңір үшін базарлардың жоғары маңыздылығы тән: сатылымдардың негізгі үлесі (58%) базарлардағы және жеке кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалардың саудасына келеді.

ТЖ режимі, коронакризис жаңа қызмет түрлерінің дамуына әсер етті-азық-түлік пен тауарларды жеткізу, интернет арқылы сату. Алайда, жаңа қызметтерді қоса алғанда, ішкі саудада бөлшек тауарларды сату көлемінің төмендеуі байқалады. 2020 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек тауар айналымы 139,1 млрд.теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 96,0% құрады. Көтерме сауда айналымы 1,8%-ға (109,4 млрд.теңге) ұлғаю жағына қалыптасты. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 41,1%-ды, азық-түлік емес тауарлардың үлесі 58,9%-ды құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 3,0%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 5,4%-ға азайды.

Сыртқы сауда.Облыс әлемдік сауданың бірте-бірте белсенді қатысушысы болып келеді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша 2017-2019 жылдардағы сыртқы сауда айналымы 1002,3 млн. АҚШ долларынан 380,4 млн. АҚШ долларына дейін төмендеген. Оның ішінде экспорт 699,3 млн. АҚШ долларынан 219,4 млн. АҚШ долларына, импорт – 303,0 млн. АҚШ долларынан 161,0 млн. АҚШ долларына дейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-кесте. 2017-2019 жылдардағы сыртқы сауданың даму динамикасы, %

 

Алайда, 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға өсімі тіркеліп, ол 380,4 млн. АҚШ долларын құрады. Тауарлар 219,4 млн. АҚШ доллары (121,8%) сомасына экспортталып, 161,0 млн. АҚШ долларына (82,2%) импортталған. Оң сальдо 58,4 млн. АҚШ долларын құрады.

 

№2-кесте. 2017-2019 жылдардағы барлық елдермен

сыртқы сауда айналымы экспортының тауарлық құрылымы

 

Атауы

2017

жыл

Үлесі,

%

2018

жыл

Үлесі,

%

2018 жыл 2017 жылға, %

2019

жыл

Үлесі,

%

2019 жыл 2018 жылға, %

Экспорт– барлығы,

млн. АҚШ долл.

699275,9

100,0

180095,1

100,0

25,7

219420,7

 

100,0

121,8

жалпы көлемнен:

 

 

 

 

 

 

 

 

Өсімдік және жануарлардан алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары

35901,0

5,14

38583,7

21,4

107,5

19099,7

8,7

49,5

Минералды өнімдер, оның ішінде:

10218,6

1,5

13984,0

7,8

136,8

14308,3

6,6

102,3

отын-энергетикалық тауарлар

796,1

-

2021,2

1,1

253,9

3769,1

1,7

186,5

Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі

551899,5

78,93

90844,3

50,4

16,5

177096,5

80,7

194,9

Былғары шикізаты, жүн және одан жасалған бұйымдар

493,9

0,07

1416,2

1,0

286,7

972,9

0,4

68,7

Ағаш, ағаштан жасалған бұйымдар және целлюлоза-қағаз өнімдері

6905,1

0,9

12873,5

7,1

186,4

3483,5

1,6

27,1

Тоқыма және тоқыма бұйымдары

70665,4

10,11

132,3

0,01

0,2

221,8

0,1

167,6

Аяқ киім, бас киімдер және галантереялық тауарлар

-

-

0,04

-

-

1,4

-

35 р

Құрылыс материалдары

17,7

0,01

9,5

-

53,7

4,6

-

48,4

Металдар және олардан жасалынған бұйымдар

22666,6

3,2

22007,9

12,2

97,1

3732,5

1,7

17,0

Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрылғылар мен аппараттар

476,8

0,07

211,8

0,1

44,4

444,4

0,2

209,8

Өзге тауарлар

31,3

0,004

32,0

0,02

102,2

55,2

0,02

172,5

 

Басты экспортталатын тауар – облыс экономикасының бағытын сипаттайтын «Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі» тауарлық тобы болып табылады. Оның үлесі үш жыл ішінде жалпы экспорт көлемінің 78,9%-нан 80,7%-ға дейін өзгерген. 2019 жылы оның көлемі сары фосфор (7,5 есеге) және цианид (2,6 есеге) жеткізілімінің өсуіне байланысты 2018 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге артқан.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Дата публикации
13 ноября 2020