Жуалы ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

БЕКІТЕМІН

Жамбыл облысының әкімі

__________  Е. Қарашөкеев

 2025 жылғы «___»_________

 

 

Жуалы ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша

берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.

Ауданда қыс мезгілінің ерекше
(жиі жауын-шашынды, аязды) өтетінін ескеріп, қар тазалайтын арнайы техника алу бойынша тиісті шараларды қабылдау

2025 жылғы

4 тоқсан

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (экономика және кәсіпкерлік бойынша) Н. Календеров, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

2.

Шу ауданында іске қосылатын тері өңдеу цехына Жуалы ауданынан мал терісін өткізу мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізу

 

2026 жылғы

2 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Облыс әкімінің орынбасары (ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бойынша) А. Тамабек, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

3.

Темір жол өткелінің (тесік көпір) құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтау үшін қажетті қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз ету  

2026 жылғы

2 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (экономика және кәсіпкерлік бойынша) Н.Календеров,  облыс әкімінің орынбасары (құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі)
Қ. Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

4.

Облыстық мәндегі Бауыржан Момышұлы - Қошқарата бағытындағы автожолды қыс мезгілінде қар басып қалу салдарын азайту үшін қар ұстайтын кедергілер қою мәселесін қарастыру

2025 жылғы

4 тоқсан

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (экономика және кәсіпкерлік бойынша) Н. Календеров, облыс әкімінің орынбасары (құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі)
Қ. Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

5.

«Боралдай» көмір кен орнын облыстық жобалар тизеріне енгізіп, инвестор табу мәселесін қарастыру

2026 жылғы

1 тоқсан

(аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу)

Облыс әкімінің бірінші орынбасары (экономика және кәсіпкерлік бойынша) Н. Календеров, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, «Zhambyl Invest» ЖШС, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

6.

Бауыржан Момышұлының ескерткішін Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойына көшіру

2025 жылғы

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары (идеология жөніндегі) С. Сәлемов, облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

7.

Рысбек батыр ауылында
100 орындық мектеп құрылысын бастау үшін тиісті шаралар қабылдау

2025 жылғы

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары (құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі) Қ. Мәдібек, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, облыс әкімдігінің білім басқармасы, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)  

 

 

Жуалы ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
13 августа 2025