«2025 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«2025 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2025 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

Каулы 047 рус
Дата публикации
13 августа 2025