Жамбыл облысының әкімі
___________ Е.Қарашөкеев
«____» _________ 2025 жыл
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
«ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалы аудан әкімдігімен бірлесіп, «Шу–Қайнар» автожолындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарын бақылауға алып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау шараларын қамтамасыз етсін. Сонымен қатар, ҚР Көлік министрлігімен бірлесіп, жол жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімнен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыру |
Тұрақты |
«Қазавтожол ҰК» АҚ ЖОФ, (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
|
2. |
Аудан аумағындағы тозығы жеткен магистральді және ішкі жылу желілеріне талдау жүргізіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жоспарға сәйкес ұйымдастыру
|
01.10.2025 жыл |
Шу ауданының әкімі |
|
3. |
Аудан аумағындағы 8 трансформатор мен 35 шақырым электр желілерін иесіз деп танып, аудан меншігіне алу жұмыстарын аяқтау |
2026 жылдың 1-ші тоқсаны |
Шу ауданының әкімі |
|
4. |
Ауданда қараусыз жүрген қаңғыбас иттердің көбею мәселесін оңтайлы шешу және оларды аулау бойынша нақты шаралар қабылдау
|
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы (жинақтау) Шу ауданының әкімі |
|
5. |
Аудан аумағындағы пайдаланылмай жатқан 13 000 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша нақты жұмыстар жүргізу |
Жыл соңына дейін |
ҚР АШМ ЖРБК Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі |
|
6. |
Ағымдағы жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін өтетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жоғары деңгейде ұйымдастыру қамтамасыз етілсін. Жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, ақпараттық-түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізу |
Жыл соңына дейін |
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті (жинақтау) Шу ауданының әкімі |
|
7. |
Төле би ауылындағы С.Шәкіров атындағы және Шоқпар ауылындағы М.Дулатұлы атындағы мектептердің құрылыс жұмыстарын бақылауға алып, олардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, (жинақтау) Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданының әкімі |
|
8. |
Бірлік ауылындағы «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының жабылуына байланысты жағдайды жан-жақты зерделеу. Балабақша жабылған жағдайда, ондағы қызметкерлердің жұмыссыз қалмауын және тәрбиеленуші балалардың басқа балабақшаларға орналастырылуын қамтамасыз ету бойынша оңтайлы шешім қабылдап, нәтижесі туралы баяндау |
15.08.2025 жыл |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, (жинақтау) Шу ауданының әкімі |
|
9. |
Меркі – Шу – Бурылбайтал бағытындағы автожолда жол-көлік оқиғаларының жиі орын алу себептерін анықтап, жол ережесін сақтау мәселелері бойынша тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Тұрақты |
Жамбыл облысының Полиция Департаменті (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі |
|
10. |
Шу қаласы мен Төле би ауылы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жүзеге асырылуына кешенді талдау жүргізіп, оның нәтижесін баяндау |
Тамыз айында зерделеу жүргізу. Тұрақты. |
Облыс әкімінің аппараты, Шу ауданының әкімі |
|
11. |
Шу және Мойынқұм аудандарын жоғары қысымды газбен қамтамасыз ететін Шу ауданы, Қонаев ауылы маңындағы автоматты газ қысымын реттеу станциясының (АГРС) құрылысын мерзімінде аяқтау |
2026 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
|
12. |
Шу ауданының тұрғындарын арзандатылған мал азығымен (шөп, жем және т.б.) қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
15.09.2025 жыл |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
|
|
13. |
Шу ауданында орналасқан Тасөткел су қоймасының қазіргі күнгі нақты су көлемі (сиымдылығы) туралы деректерді анықтау мақсатында арнайы мамандандырылған сараптамалық жұмыстар жүргізу
|
Жыл соңына дейін |
«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалы (жинақтау) Шу ауданының әкімі
|
|
14. |
Шу ауданындағы «Благовещенск», «Чапаев», «Фурманов» гидропосттарын және 85 дренаждық ұңғыманы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Тұрақты |
«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалы (жинақтау) Шу ауданының әкімі
|
|
15. |
Шу ауданы, Алға ауылдық округіне кіре берісіне қосымша мал өткелін салу, тиісті жол белгілерін орнату, сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында мал қоршау жұмыстарын жүргізу |
Жыл соңын дейін
|
«ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облысы полиция департаменті, (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
|
16. |
Шу ауданы аумағында қиыршық тастарды өңдеу, кірпіш зауыттарын салу бойынша жобаларды іске асыру үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізу |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), Шу ауданының әкімі
|
|
17. |
Шу ауданында ауданаралық бейімдеу орталығын ашу мәселесін зерделеп, нәтижесін баяндау
|
04.08.2025 жыл |
Облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау) Облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Шу ауданының әкімі
|
|
18. |
Шу қаласы Жайсан мөлтек ауданындағы №5,6,7, 7А тұрғын үйлерінің маңындағы аялдаманы тұрғындарға қолайлы орынға орнату жолдарын қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
«ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ ЖОФ (жинақтау) Шу ауданының әкімі
|
|
19. |
Шу қаласы, Жайсан мөлтек ауданына жаңа футбол алаңшасын орнату және ескі ойын алаңшасын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу
|
Жыл соңына дейін |
Шу ауданының әкімі
|
|
20. |
Тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдеріндегі электр жабдықтары, ауыз су жүйелерінде пайдаланылмаған мүлікті жинақтап, ұрлықтың алдын алу мақсатында қауіпсіз жерде сақтау және қажеттілігіне қарай тиімді пайдалану шараларын қабылдау
|
тұрақты |
Шу ауданының әкімі
|
|
21. |
Шу қаласындағы С.Сейфуллин мен Қ.Сатпаев көшелерінің қиылысында орналасқан жеке кәсіпкердің ғимаратына (дүкен) кіріп-шығуына қолайсыздық тудыратын екі жолақ сызықты алу немесе ауыстыру мүмкіндігін қарастыру |
15.08.2025 жыл |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жамбыл облысының полиция департаменті, Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
|
22. |
Шу ауданында жүріп жатқан «ПУИД-2» жобасының қысқа мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету және құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстау
|
Тұрақты |
«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалы (жинақтау) Шу ауданының әкімі
|
|
23. |
Облыстық маңызы бар Төле би - Шоқпар тас жолы, Шу қаласы С.Сейфуллин көшесі, Жаңажол-Бірлікүстем-Қонаев ауылдары бағытындағы автожолдар арқылы ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу мүмкіндігін қарастыру |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жамбыл облысының полиция департаменті (жинақтау) Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі
|
|
24. |
Шу қаласына облыстық деңгейдегі қала мәртебесін беру мүмкіндігін заңнама талаптарына сәйкес зерделеп, нақты ұсыныс енгізу
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау) Шу ауданының әкімі |
|
25. |
Шу қаласындағы өзекті мәселелердің бірі – жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көпқабатты тұрғын үйлер мен тұрғын массивтерін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жетілдіру. 2026 жылға Шу қаласында атқарылатын бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жоспарлап, нақты ұсыныстар енгізу |
Жыл соңына дейін |
Шу ауданының әкімі
|
|
26. |
Шу ауданында «Арнайы халыққа қызмет көрсету» (СпецЦОН) орталығын ашу мәселесін қарастырып, ұсыныс енгізу
|
20.08.2025 жыл |
«Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі |
|
27. |
Төле би ауылындағы А.Мамбетаев, Д.Қонаев, И.Панфилов көшелері бойында (бұрынғы аэропорт маңы) орналасқан тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарын ауыстыру мүмкіндігін қарастыру |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «ЖамбылЖарықСауда»-2030 ЖШС (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі |
|
28. |
«Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС мекемесінің басшылығын Шу аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуін ұйымдастыру
|
А.ж. қыркүйек айына дейін |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
|
29. |
Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі №199А мекенжайындағы жатақханада анықталған кемшіліктерді келісім-шарттағы кепілдік мерзімі ішінде толық қалпына келтіру |
01.09.2025 жыл |
Шу ауданының әкімі
|
|
30. |
Шатыркөл кен орнына апаратын айналма жолдың техникалық жағдайын жақсартып, қажетті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу |
01.10.2025 жыл |
«Қазавтожол ҰК» АҚ (келісім бойынша), Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), Шу ауданының әкімі |
|
31. |
«Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келіссөздер жүргізіп, Алматы–Астана бағытындағы «Тальго» жолаушылар пойыздарын Шу станциясында тоқтату мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс енгізу |
15.08.2025 жыл |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), «Қазақстан темір жолы» Жүк тасымалдау» АҚ облыстық филиалы, (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі |
|
32. |
Шу қаласының «Қант зауыты» және «Тоғай» мөлтек аудандарында тұратын 13 мыңнан астам тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында ескі Әділет басқармасы ғимаратында жаңа емхана ашу мәселесін қарастырып, ұсыныс енгізу |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Шу ауданының әкімі
|
|
33. |
Шу қаласының «Қант зауыты» мөлтек ауданындағы қараусыз қалған аллеяны қысқа мерзім ішінде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Жыл соңына дейін |
Шу ауданының әкімі
|
Жамбыл облысы әкімі
аппараты басшысының орынбасары Б. Есеев