Облыс әкімінің Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Облыс әкімінің Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

 Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.            

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Аса-Тараз» тас жолы бағытындағы «Ас-Ер» мал базарынан Тараз қаласына өткен шекарада жылдамдықты шектеу белгілерін заңнама талаптарына сәйкес орнату

2024 жылдың

мамыр айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша),

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)

Облыстық маңызы бар «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» автомобиль жолының «Ас-ЕР» мал базарынан Тараз қаласына өткен шекарада жылдамдықты шектеу жол белгілері Жамбыл облыстық полиция департаменті тарапынан зерделеніп, жылдамдық белгілері орнатылды.

Орындалды.

2.            

Аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім енгізу

 

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

Аудандық орталық аурухана ғимарты күрделі жөндеу жұмыстары жобалау-сметалық құжаттамалары «ТенгриСтройИнвест» ЖШС әзірленіп, 2023 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптамаға тапсырылып 24.01.2024 жылы теріс қорытынды берілген, кемшіліктер түзетіліп, 26.03.2024 ж. қайта мемлекеттік сараптамаға беріліп, 10.04.2024ж. құжаттардың толық болмауына байланысты толықтыруға қайтарылған. Қазіргі таңда «Экависмут» ЖШС-нің 16.07.2024 жылғы мәліметіне сәйкес сараптамаға 03.06.2024 күні берілген, 04.09.2024 күні мемлекеттік сараптама қорытындысы шығып, оң қорытынды берілді. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған Жамбыл аудандық орталық аурухананы реконструкциялау және ауруханаға жапсаржай салуға 2,6 млрд.теңге ЖСҚ әзірленіп (04.09.2024 жыл №19-0374/24 сараптама қорытындысы). Арнайы мемлекеттік қордан қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды.

  Орындалды.

 

3.            

Ауданда денсаулық мекемесінде балалар эндокринолог маманы жоқтығына байланысты кадр мәселесін шешу бойынша жұмыстар жүргізу

2024 жылдың

мамыр айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

Жамбыл аудандық орталық ауруханасында эндокринолог дәрігері маман сертификаты бойынша 2024 жылдың наурыз айынан бастап, бүгінгі күнге 18 жасқа дейінгі балалар арасында қабылдау жүргізуді бастады. Эндокриндік аурулары бар балалар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.

Орындалды.

4.            

Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдайтын спорттық үйірмелер мен оңалту орталығын ашу

 

2024 жылдың

сәуір айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

(жинақтау)

Аудан көлемінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып спорттық іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілуде, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға спорт нысандары қолжетімді. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттың шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, жүгіру, қол күрес, т.б. түрлеріне қамтылғандары 254 адам. Ауылдық округтерде  қамтылған  мүмкіндігі шектеулі 14-35 жас аралығындағы 743 азаматқа Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 67 мүмкіндігі шектеулі жастармен шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, қол күрес спорттық үйірмелері жоспарға сәйкес өткізілуде.

Орындалды.

 

Оңалту орталығын ашу облыс әкімдігінің әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан ашылады, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі №28 бұйрығы және Аса ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 6 мамырдағы №80 шешіміне сәйкес,  Аса ауылы, Б.Қилыбаев көшесі №5 мекенжайдағы аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміндегі  ғимарат 0,2843 га жер учаскесімен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-не тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы»  филиалы үшін жаңа ғимарат соғуға Жамбыл ауданы, Аса ауылы,Б.Қилыбаев көшесі №5 үйдің 0.29 га жер телімі берілген болатын.Осы мекен мекенжайдағы ескі ғимаратты бұзу және жаңасын соғу үшін, 2024  жылы, маусым айында Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жіберілген, басқарма тарапынан аталған құрылыс бойынша 2027 жылдың жоспарына енгізілген.

5.            

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдайтын әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған инватакси қызметін ретке келтіру

 

2024 жылдың

мамыр айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

 (жинақтау)

Мүгедектігі бар инватакси қызметін пайдаланатын адамдар үшін 2024 жылға «Асан-көмек» корпоративтік қоры қызмет көрсетеді. 2024 жылдың 18 сәуірінде №18 келісімшарт жасалып, 31 желтоқсан аралығына дейін қызмет көрсетті. 2024 жылы 60 мүгедектігі бар адамдар қызмет алуда. Мүгедектігі бар инватакси қызметін пайдаланатын адамдар үшін 2025 жылға  «Мейірім мекені»  мүгедектер қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетуде. Қамтылған мүгедектігі бар адам саны-20.

Орындалды. 

6.            

Жамбыл аудандық орталық аурухананың қызмет көрсету сапасына зерделеу жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың

сәуір айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан Жамбыл аудандық орталық ауруханасының                   (әрі қарай-Аурухана) қызмет көрсету сапасына зерделеу жұмыстарын жүргізуге қатысты берілген тапсырманы орындау мақсатында, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2024 жылғы  6 мамырдағы №201-ө бұйрығымен 15 медициналық ұйымдардың                   (о.і:8-мемлекеттік,6-жекеменшік,                     1-сенімгерлік басқаруда) халыққа көрсетіліп отырған медициналық көмек сапасына зерделеу бойынша жұмыс тобы құрылып, мониторинг жүргізілді. А.ж. 22 шілдеде басқарманың Алқа мәжілісінде анықталған кемшіліктер қаралып, қалпына келтіру бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Аталған мәселе басқарманың тұрақты бақылауында. Анықтамасы облыс әкімі аппаратына ұсынылған.

Жамбыл аудандық орталық аурухананың қызмет көрсету сапасына жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде тұрғындарға көрсетілген медициналық көмекке қанағаттану деңгейі амбулаторлық емхана деңгейінде 97,4%, стационарлық деңгейде 97,0 % артты.

Орындалды.

7.            

Спорт нысандары жоқ елді мекендерде білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануына беруін ұйымдастыру

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

 (жинақтау)

Ауыл тұрғындарының спортпен айналасуына қолжетімділігін ұйымдастыру мақсатында білім беру мекемелерінің басшыларымен келісіліп ауыл әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес ауылдарда орналасқан мектептердің спорт залдарында сабақтан тыс уақыттарында волейбол, баскетбол, футбол ойындарымен айналасуына жағдай жасалған. Аудан бойынша спорт нысандары жоқ елді мекендердегі мектеп спорт залдарына кешкі мезгілде ауыл тұрғындары барып спортпен тұрақты түрде шұғылдануы үшін арнайы қолжетімділік кестелері «Шұғыла-Радуга» газетінде жарияланды (24.01.2024 ж. №7).

2025 жылы ауыл тұрғындарының спортпен айналасуына қолжетімділігін ұйымдастыру мақсатында білім беру мекемелерінің басшыларымен келісіліп ауыл әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес ауылдарда орналасқан мектептердің спорт залдарында сабақтан тыс уақыттарында волейбол, баскетбол, футбол ойындарымен айналасуына жағдай жасалған. Аудан бойынша спорт нысандары жоқ елді мекендердегі мектеп спорт залдарына кешкі мезгілде ауыл тұрғындары барып спортпен тұрақты түрде шұғылдануы үшін арнайы қолжетімділік кестелері «Шұғыла-Радуга» газетінде жарияланды (17.01.2025 ж. №4 (6439)).

Орындалды.

 

8.            

Аудан кәсіпкерлерін тарта отырып, «Damubala» жобасы арқылы балалар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге тарту

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,  облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы

Жамбыл ауданының әкімі

 (жинақтау)

Жамбыл ауданындағы елді мекендердегі «Damubala» жобасы арқылы балалар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге тарту бойынша Жалпақтөбе ауылындағы «Мумин» ЖК футболдан 65 бала тіркелген, Айшабибі ауылындағы «Ералы» ШҚ каратэден 38, дзюдодан 148 бала тіркелген, Қарасу ауылдық округі, Ащыбұлақ ауылында «SAMGA» ЖК спорт үйірмесіне 132 бала тіркеліп (шахмат 43, бокс 40, каратэ 49) жаттығуда.

2025 ЖЫЛЫ Жамбыл ауданындағы елді мекендердегі «Damubala» жобасы арқылы балалар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге тарту бойынша Айшабибі ауылындағы «Ералы» ШҚ каратэден 7, дзюдодан 50 бала тіркелген, Қарасу ауылдық округі, Ащыбұлақ ауылында «SAMGA» ЖК спорт үйірмесіне 117 бала тіркеліп (шахмат 42, бокс 28, каратэ 47) жаттығуда.

Орындалды.

9.            

Аса ауылының тұрғыны мен «КазТрансГаз» АҚ филиалы тарапынан тұрғындарға берілген газ түбіртектерінің заңдылығын қарау

2024 жылдың

сәуір айы

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

Облыстық «КазТрансГаз» АҚ филиалы (келісімі бойынша), Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)

Аса ауылы, Абай көшесі, №14А мекенжайындағы өтініш иесі Ж.Жайылғановаға «КазТрансГаз» мекемесіне 3 ай төленбеген берешегі туралы заңға сәйкес түсіндіру жұмысы жүргізілді. Өтініш иесі шағымы жоқтығын айтып, шағымын кері қайтарып алды.

Орындалды.

 

10.         

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Аса ауылы Жамбыл көшесінде орналасқан лоток жүйесін қоршау

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

«КазСуШар» РМК

Жамбыл ауданының әкімі

 (жинақтау)

 

 

Қуат каналының жағалауына қоршау орнатуға жарияланған мемлекеттік сатып алулардың екі мердігері жұмыстарды орындаудан бас тартуларына байланысты, үшінші рет жарияланған сатып алудың жеңімпазы  жеке кәсіпкер «Оманова» мен әкімдік арасында екі жақты келісім шарт жасалып, жұмыстар аяқталды.

Ақпарат үшін:

«Қуат» каналы Аса ауылдық округінде орналасқан ұзындығы 12,9 шақырым құрайтын 1236,0 га суармалы алқапты ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында 1925 жылдан бері қолданысқа берілген. Аталған канал бүгінгі таңға дейін топырақты канал болып келді, 2019 жылдан бастап ЕБРР бағдарламасы аясында каналды бетондау жұмыстары қолға алынды. «Қуат» каналында бетондау жұмыстары 2023 жылдың қазанында аяқталып, каналға су жіберілді. «Қуат» каналдың ескі арнасын бұзып, сол арнаға бетондау жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы «Қуат» каналы бойынша 37 шаруа қожалығы егістік суаруда. Каналдағы судың көлемі 0,3 м³/с.

Орындалды.

11.         

Аса ауылындағы «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-на мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету

2024 жылдың

маусым айы

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС-ін төмендетілген бағамен ішкі нарықта мұнай алатын компаниялардың тізіліміне енгізу үшін ҚР Энергетика министрлігіне хат жолданып, квоталық тізімге кіргізілді (05.03.2024 ж. шығ. №01-2003). Шілдеден бастап, квоталық бағамен 20 мың тн. мұнай келіп, зауыт толық іске қосылды.

Орындалды.

12.         

«Ауыл аманаты» жобасының                   5-ші бағытына басымдық беріліп, кәсіп ашу шаралары кеңінен насихаттау жұмыстары ұйымдастыру

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы

(келісімі бойынша), Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)

Ауданда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауылдық округтерде бекітілген кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімінің орынбасарының ұйымдастыруымен семинар кеңестер тұрақты өткізілуде. Нәтижесінде 2024 жылға 187 тұрғын кәсібін ашты.

2025 жылы ауданда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауылдық округтерде бекітілген кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімінің орынбасарының ұйымдастыруымен семинар кеңестер тұрақты өткізілуде. Нәтижесінде 2025 жылы жобаның V жеке кәсібін ашу бағыты бойынша  39 жоба қаржыландырылып, 48 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар,  7 жобаның құжаттары «Тараз» ӘКК»-АҚ-на өткізіліп, қаржыландырылуын күтуде.

Орындалды.

13.         

Аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мақсатында өндірістік кәсіпорындар ашу бойынша тиісті жұмыстар атқару

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

 облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

(жинақтау)

2024 жылы 2 ірі жоба орындалып отыр. (1. Айшабибі ауылдық округі аумағында орналасқан  «АЕК АСА» күн сәулелі электр станциясын кеңейту жүргізілді. Құны 4,5 млрд.тг. 2. «Супер-Фарм» ЖШС бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын зауыттың соғылды. Құны 2,5 млрд.тг, жаңа жұмыс орны – 85 адам; )

Қыркүйек айында Айшабибі аулында орналасқан «Супер-Фарм» ЖШС бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын зауыттың 4 және 5-ші корпусы іске қосылды, жаңа тұрақты 150 жұмыс орны ашылды.

      2025 жылы жалпы құны – 24,1 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылуда.

(Құрылатын жұмыс орындары – 226 адам).

Ақпарат үшін

І. Ауыл шаруашылығы саласы - 7 жоба – 7,7 млрд. теңге – 56 жаңа жұмыс орны.

ІІ. Өнеркәсіп саласы - 1 жоба – 14,5 млрд. теңге – 100 жаңа жұмыс орны.

ІІІ. Туризм саласы - 2 жоба – 1,3 млрд. теңге – 60 жаңа жұмыс орны.

ІV. Жасыл экономика – 2 жоба.

Орындалды.

14.         

Көктемгі егіс дала жұмыстарына сапалы тұқым егілуін және ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын  және жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінуін бақылауға алу

 

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

(жинақтау)

Көктемгі дала жұмыстарына қажетті                      2 516,6 тонна тұқым көлемі қолда бар, (100%-ды құрап отыр). Оның ішінде:                  I-репродукция–163,0 тонна 6,5%,                               II репродукция–1864,8 тонна 74,2%,                        III репродукция – 422 тонна 16,8%7. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 731 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда. Атап айтсақ, тракторлар 484 дана (100 %), соқалар – 92 дана (100,0%), 58 дәнсепкіштің 58-і (100 %), тырма –180 дана, қопсытқыш – 55 (100 %), тұқым дәрілегіш –13 дана (100,0%). 2024 жылға өздігінен жүретін машиналы-тракторлы паркін 6,5 пайызға (80 бірлік техника) жаңартуға жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы барлығы 55 ауыл шаруашылық техникалары 530 млн. 771 мың.тг алынды, оның ішінде: 29 трактор, 1 қант қызылшасын жинайтын комбайн, 25 басқа қосалқы техника. 2023 жылы ауданда 1136,2 млн. теңгеге негізгі ауыл шаруашылығы техникаларының 147 бірлігі (1 астық  комбайн, 34 трактор, 112 аспалы және тіркемелі бірлік) сатып алынды, жаңару коэффициенті 12,5% (жоспар-12,0%-141 дана) құрады. Оның ішінде: лизинг жүйесімен -556,0 млн. теңгеге 1 бірлік (112,0 млн.тг.) астық комбайны, 13 бірлік (311,0 млн.тг.) трактор, 21 бірлік басқа да (133,0 млн.тг.) қосалқы ауыл шаруашылығы техникалары алынса, өз қаражаты есебінен  285,7 млн.теңгеге 21 бірлік трактор, 294,5 млн.теңгеге 91 бірлік басқа да қосалқы ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін кепілдендірілген дизель отынына Gosagrо.kz ақпараттық жүйесі арқылы Жамбыл ауданынан 224 өтінім қабылданып, ақпан–мамырға жалпы 621 тонна дизель отыны бөлінді. 2024 жылдың көктемгі дала жұмыстарына 621 тонна дизель отынына аудан бойынша 224 өтінімдер берілді, бүгінгі күнге                   71 шаруа қожалық 327,35 тн алды (ақпан 259 тонна, наурыз 130 тонна, сәуір 130 тонна, мамыр 102 тонна) Жамбыл ауданы бойынша оператор болып «Самойл» ЖШС-і белгіленді.

Дизель отынының бағасы 250 теңге болып белгіленді.

2025 жылы көктемгі дала жұмыстарына қажетті 3140 тонна тұқым дайындалды (100,0%).

Оның ішінде: элита – 60 тонна 1,7%, I-репродукция – 460,4 тонна 14,7%, II репродукция – 1532 тонна 48,8%, III репродукция – 1054,4 тонна 33,6% және будан – 33,2 тонна 1,1%-ды -ды құрады.

Биылғы жылы шаруашылықтардың пайдаланып жүрген тракторлар саны 174 дана.

Атап айтсақ, осы тракторлар толық (100,0%) жөнделіп, көктемгі дала жұмыстарына дайын. Тракторлардан басқа бүгінгі күнде шаруашылықтарда 71 соқаның – 71-і (100,0%),

48 дәнсепкіштің – 47-і  (97,9%), 130 тырманың – 130-ы  (100%), 45 қопсытқыштың – 41-і (91,1%), 11 тұқым улағыштың – 11-і  (100%)  жөнделіп көктемгі дала жұмыстарына қатысты.

2025 жылға өздігінен жүретін машиналы-тракторлы паркін 6,5 пайызға (41 бірлік техника) жаңартуға жоспарланып отыр. Екінші тоқсанға 20 дана ауыл шаруашылығы техникасын алуға жоспар қойылған. Бүгінгі күнге 21 дана ауыл шаруашылығы техника түрлері алынды, оның ішінде 1 дана комбайын 70,0 млн.тг. (лизинг жүйесімен), 20 дана трактор  247,92 млн.тг. (10- лизинг жүйесімен 132,5 млн.тг., 10  өз қаражаты есбінен 115,42 млн.тг.) және 41 дана басқа да қосалқы техника 170,5 млн.тг. алынды.

2025 жылға көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына барлығы 1002,8 тонна дизель отынына 248 өтінім берілді. Оның ішінде: көктемгі дала жұмысына 827,9 тонна, егін жинау жұмыстарына 174,9 тонна.

Белгіленген оператор «Самойл» ЖШС-гі арқылы ауданға 715 тонна дизель отыны бөлінді. (наурыз 195 тонна, сәуір 195 тонна, мамыр 195 тонна, маусым 130 тонна)

Дизель отынының бағасы 254 теңге болып белгіленді.

Орындалды.

15.         

Аса ауылының кіреберістегі демалыс орнын (аллея) күтіп ұстау, жарық жүйелерін ретке келтіру

2024 жылдың

мамыр айы

Жамбыл ауданының әкімі

 

Аса ауылының кіреберісінде орналасқан «Бақыт-шаттық» демалыс орнын ағымдағы жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Богенбаева Газиза Молдакуловна» ЖК жеңімпаз атанып,  жұмыстары толық аяқталды.

Орындалды.

 

 

16.         

Аудан көлемінде тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу, т.б.) бойынша жұмыстарды жандандырып, беріліп жатқан қолдаулар мен көмектерді кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

Аудан көлемінде тұрғындарға «Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында жоспарға сәйкес 14 ауылдық округте көшпелі мобильді орталықтар түсіндіру жұмыстарына шықты. Сонымен қатар, 17 көшпелі кеңес беру алаңы ұйымдастырылып, Мансап орталығының ресми әлеуметтік парақшаларында да ақпараттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Аудан тұрғындарының назарына 2024 жылға Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 400 АЕК мөлшерінде 110 азаматқа  беру жоспарланып, I-лек               бойынша 55 азаматқа 20-31.05.24 жыл аралығында өтініш беру порталы іске қосылып, 113 азаматтан өтініш түсті. Комиссия  қорытындысымен 55 азаматқа Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттар берілді.

 II-лек 15-26.07.2024 аралығына 55 азаматқа грант алуға өтініш беру порталы іске қосылып,  106 адамнан өтініш түсіп ағымдағы жылдың 06 тамызында комиссия отырысы өткізіліп, 55 азаматқа грант беріліп жоспарлы көрсеткіш толығымен орындалды.

Жұмыссыз жастарға және уақытша бос жүрген (NEET санатындағы) жастарға жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жыл басынан бері 10  «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»өткізілді. Жұмыссыз жастарға және уақытша бос жүрген (NEET санатындағы) жастарға жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жыл басынан бері «Кеңес беру алаңдары -22»,  Жастар ресурстық орталығының басшылық құрамымен қоғамдық қабылдаулар–18, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары өткізілді.

 

2025 жылдың бүгінгі күніне Аудан көлемінде тұрғындарға «Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында жоспарға сәйкес 12 ауылдық округте көшпелі мобильді орталықтар түсіндіру жұмыстарына шықты. Сонымен қатар, 17 көшпелі кеңес беру алаңы ұйымдастырылып, Мансап орталығының ресми әлеуметтік парақшаларында да ақпараттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Аудан тұрғындарының назарына 2025 жылға Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 400 АЕК мөлшерінде 90 азаматқа  беру жоспарланып, I-лек бойынша 45 азаматқа 21.05.-03.06.25 жыл аралығында өтініш беру порталы іске қосылып, 74 азаматтан өтініш түсті. Комиссия  қорытындысымен 45 азаматқа Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттар берілді.

Жұмыссыз жастарға және уақытша бос жүрген (NEET санатындағы) жастарға жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жыл басынан бері 6 «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»өткізілді. Жұмыссыз жастарға және уақытша бос жүрген (NEET санатындағы) жастарға жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жыл басынан бері «Кеңес беру алаңдары-15», Жастар ресурстық орталығының басшылық құрамымен қоғамдық қабылдаулар–10, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары өткізілді.

Орындалды.

17.         

Ауданға инвесторларды тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

 

Ауданның мүмкіншілігіне қарай инвесторларға ұсынылатын 17 жоба әзірленген.

Анықтама үшін: 1. Бие сүтінінің ұнтақ консентрантын өндіру зауыты; 2. Балық өсіру және балық өнімдерін өңдеу зауытын салу; 3. Жол сервистік нысандарын құру; 4. Шыны шығаратын зауытын салу; 5. Теріні терең өңдеу зауытын салу; 6. Сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт зауытын салу. 7. Ұн тарту өнімдерін шығару өндірісін ұйымдастыру. 8. Құрылысқа қажетті әр түрлі бағыттағы метелл өнімдерін өндіру; 9. Тұрмысқа қажетті машина құрастыру (ауыр,жеңіл) зауытын салу; 10. Кондитерлік өнімдерді шығаратын зауыт құрылысы. 11. Бақша дақылдарын, жемістер мен көкөністерді өңдеу цехы. 12. Тұрмыстық қатты қылдықтарды терең өңдеу зауытын салу. 13. Консерві өндірісін ұйымдастыру және көкеніс қоймасын салу.)

Сонымен қатар, инвесторларға аудан аумағынан 37 бос жер телімдерінің картасы әзірленді.

Анықтама үшін: Өнеркәсіп мақсатында – 3, Ауылшарушылық мақсатында – 9, Сауда-саттық және қызмет көрсету мақсатында – 19, Туризм мақсатында – 5, Тұрғын үй құрылысы мақсатында – 1.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 18 инвестермен кездесу өткізілді. Оның ішінде: 2 шетілдік инвесторлар. (Қытай және Пәкістан Республикасынан).

2025 жылға ауданның мүмкіншілігіне қарай инвесторларға ұсынылатын 13 жоба әзірленіп, инвесторларға аудан аумағынан 37 бос жер телімдерінің картасы дайындалды. Өнеркәсіп мақсатында – 3, Ауылшарушылық мақсатында – 9, Сауда-саттық және қызмет көрсету мақсатында – 19, Туризм мақсатында – 5, Тұрғын үй құрылысы мақсатында – 1.

          2025 жылы 7 инвестор қабылданып, кездесулер өтті. Барлық инвесторлармен байланыс орнатылып, ауданның мүмкіншілігіне қарай әзірленген жобалар мен қажетті жер телімдері ұсынылып, инвесторларға жан-жақты көмек көрсетілуде.

Ақпарат үшін:

1.      «БастауСтрой» ЖШС – асфальт-бетон өндіру зауыты;

2.      ЖК «Бегманов» – жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы;

3.      «БАМ Холдинг» ЖШС – көкөніс сақтау қоймасы;

4.      «ГЭСМЫРЗАТАЙ» ЖШС – электр энергиясын өндіру;

5.      ЖК «БЕК-ЫРЫС» – тұз өңдеу зауыты;

6.      «Ализа» ЖШС – көкөніс сақтау қоймасы.

7.      Жеке кәсіпкер Шоқаев Әскербек – Бәйтерек ауылынан жеке спорт кешенін және жатақхана салу.

Орындалды.

18.         

Шайқорық ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысын жүргізуге жер телімі мәселесін түпкілікті шешу

2024 жылдың

сәуір айы

Жамбыл ауданының әкімі

 

Жамбыл облыстық мәслихатының әлеуметтік салалар, жастар ісі, құқықтық тәртіп және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 28 ақпанында Шайқорық ауылында жария тыңдау өткізілді. Шайқорық ауылында «Жайлы мектеп» құрылысына таңдалған Танта ауылының маңындағы жер телімі және Шайқорық ауылы Р.Момбаев көшесі бойындағы жер телімдеріне мемлекеттік актілері әзірленіп, екі жер телімі де ұсынысқа берілген. Зерделеу барысында Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің 04.03.2024 жылғы шығыс №09-210 хатына сәйкес, Танта ауылы маңындағы жер телімі Тараз қаласының бас жоспары бойынша, радиусы 3000 м құрайтын Тараз металлургиялық зауытының санитарлық-қорғаныш аумағында орналасқаны анықталды. Алдағы уақытта Танта ауылы маңынан бас жоспарға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жоспарланбаған.

Нәтижесінде Шайқорық ауылы Р.Момбаев көшесі бойынан таңдалған жер телімі 04.03.2024 жылы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның теңгеріміне рәсімделіп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар талапқа сәйкес кәріз желісіне қосылу қажет болуына байланысты, «KDM Project» ЖШС-мен әзірленген мектептің сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету (газ, электр, су, телефон торабы және кәріз желісі) жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасына қайта түзету енгізілуде.    Қазіргі таңда ЖСҚ түзетіліп, «Сәулеттік бюро» мекемесінен 30.04.2024 ж. №70 хатымен келісім алынып, сараптама қарауына берілді. Сараптама қорытындысы 24.06.2024 жылы №DE-0055/24 алынды. Бүгінгі күнге инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету жобасын қаржыландыруға облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.
            «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның №08-137 01.08.2024 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеровке жазған хатында жайлы мектеп жобасын жобалау барысында Шайқорық ауылынан берілген жер учаскесінің конфигурациясын өзгертіп, 0,43 га қосып беру көрсетілген. Жер учаскесінің конфигурациясын өзгертіп, жер учаскесін қосу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, жобаның «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы тарапынан тоқтатылғанын мәлімдеген. Аудан әкімдігі тарапынан барлық құжаттар заң талаптарына сәйкес ұсынылды.

Орындалды.

19.         

Аса ауылындағы Ақсай көшесіндегі 18 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйлердің жарық жүйесі мен ауыз су тұрақты берілуін қамтамасыз ету

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

 

Аса ауылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жарықтандыру орнатуға мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «АТS-Энергострой» ЖШС-і жеңімпаз атанып, келісімшарт жасалынып, жарықтандыру құрылғылары орнатылып, іске  қосылды.

Аса ауылындағы Ақсай көшесіндегі                     18 пәтерлі  2 көпқабатты тұрғын үйлердің ауыз су жүйесіне қосымша су айдағыш насостары орнатылды.

Орындалды.

 

20.         

Қаракемер ауылдық округіне қарасты Құмтиын елді мекенін Аса ауылдық округіне қосу мәселесін заңнама талаптарына сәйкес қарау

2024 жылдың

мамыр айы

Жамбыл ауданының әкімі

Жамбыл ауданы аумағынан Тараз қаласы аумағына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері өтіп кемуіне байланысты, ауданда қалған ауылдық округтер мен елді мекендердің жерлеріне жерге орналастыру жобалары мен карталарын әзірлеу жұмыстарына 16,0 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күнге, Мемлекеттік коорпорациямен 05.05.2025 жылы №12 шартқа тұрып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда:

- Ақбастау ауылдық округіне Полатқосшы ауылдық округіне қарасты «Қыршынды» учаскесін;

- Бесағаш ауылдық округіне Қарой ауылдық округіне қарасты «Күйік» учаскесін;

- Қызылқайнар ауылдық округіне Ақбұлым ауылдық округіне қарасты жер учаскелерін;

- Гродеково ауылдық округіне Полатқосшы ауылдық округіне қарасты «Ботамойнақ», «Орталық» және «Алмалы» учаскелерін;

- Айша бибі ауылдық округіне Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бәйтерек елді мекенін;

- Қарасу ауылдық округіне Қаракемер ауылдық округіне қарасты Сеңгірбай елді мекенін;

- Аса ауылдық округіне Қаракемер ауылдық округіне қарасты Құмтиын елді мекені қосылады.

Орындалу үстінде.

21.         

«Дипломмен ауылға» жобасының құралдарын пайдалана отырып, келіп жатқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қағидаларын іске асыру бойынша, ауылдық елді мекендердегі жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға екі бағытта қолдау көрсетіліп келеді. Бірінші бағыт - 100 АЕК (2024 жылы АЕК-3 692 теңге)мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беріледі (369 200 теңге). Екінші бағыт - қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 0,01 пайыздық үстемемен 15 жылға дейін ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын елді мекендерге келген мамандар үшін 2 500 АЕК мөлшерінен аспайтын (9 230 мың тг.), ал ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 000 АЕК мөлшерінен аспайтын (7 384 мың тг.) бюджеттік кредиттер беріледі.

2024 жылы 20 маманға (5 денсаулық сақтау, 8 білім беру, 2 мемлекеттік қызметкер, 2 спорт, 3 агроөнеркәсіп кешені) жалпы сомасы 7 млн 384 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді, және 10 маманға (2 білім беру, 4 денсаулық сақтау, 1 спорт, 2 агроөнеркәсіп кешені, 1 мемлекеттік қызметкер) жалпы сомасы 81 млн 224 мың теңгеге бюджеттік кредит берілді.  

2025 жылы  20 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы беру үшін аудандық бюджеттен 7 млн 384 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда 15 маманға 5 млн 538 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді (оның ішінде: 3 денсаулық сақтау, 4 білім беру,                2  мемлекеттік қызметкер, 4 спорт, 1 агроөнеркәсіп кешені, 1 мәдениет саласы).

Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беру мақсатында 5 маманға республикалық бюджеттен  45 млн 218 бөлінді (3 аудан және 2 ауыл). Қазіргі таңда республикалық бюджеттен қаражат күтілуде.

Орындалды.

22.         

Көктемгі және күзгі көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты бақылауға алу

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

Көктемгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарын ұйымдастыру үшін аудан әкімдігінің  27.02.2024 жылғы №107 қаулысымен Жамбыл ауданы аумағында  тазалық жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру  іс-шаралары жоспарға сәйкес  жүргізілді. Жалпы аудан аумағындағы елді мекендерге кіреберіс автомобиль жолдары бойындағы талдары әктеліп, бұтақтарын балақтап, шөптері шабылып, тырмалап тазаланды.  5000 түп әртүрлі сәндік ағаш көшеттері отырғызылды. 250 ш.м. гүлзарлар, 300 ш.м. көгалдар орналастырылды. 81,4 шақырым арық және каналдар тазаланды. 435 шқ автомобиль жолдарының бойын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. 380 тонна күл-қоқыс орындары шығарылды. Көктемгі санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты бақылауда.

2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдан бастап облыста «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы іске асырылуда.

Іс-шара жоспарына сәйкес, 15 наурызда «Болашақты бірге отырғызамыз», 19 наурызда «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», 22 наурызда «Жер сағаты», 23 наурызда «Тазарту күні»,                27 наурызда «Таза кәсіп - таза аймақ», 5 сәуірде «Таза жағалау» және «Жасыл аула» акциялары өткізіліп, 39 256  көшеттер отырғызылды. Оның ішінде:

- «TazaLike» іс-шарасы аясында 2900 көшет;

- «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 11 569 көшет;

- «Әр ауылдық округке 2000 тал егу» іс-шарасы аясында 13 ауылдық округке 26000 көшет отырғызылды.

Аудан бойынша 2 айлық тазалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан көлемінде 7 рет сенбілік өткізілді. 

Жалпы аудан бойынша елді мекендерге кіреберіс автомобиль жолдары бойындағы құраған ағаш бұталары жиналып, 522 дана ағаш көшеттері отырғызылып, 11 шақырымнан аса арық және каналдар тазаланды, 84 шақырым көшелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп, саябақтарды 11 540 шаршы метр скверлерді тазалау және көріктендіру жұмыстары, 82,6 тонна кездейсоқ күл-қоқыс орындары шығарылды.

Орындалды.

 

 

23.         

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді назарға алып, кері байланыс орнату арқылы оларды ретке келтіру бойынша шаралар қабылдау

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

 

БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін қаражат бөлінген. Нәтижесінде республикалық газеттерде 37, облыстық газеттерде 69, «Аймақ 08 info» ақпараттық сайтында 13,  республикалық телеарналарда                                 5, облыстық телеарналарда 212 бейнесюжет көрсетілген. Аудан әкімінің, Ақбұлым, Айшабибі, Қызылқайнар ауылдық округі әкімдерімен Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз  конференциясы өткізілген. Аудан әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде ресми парақшаларында 17018 оқырманға 20321 жариялым ұсынылған.

 Жамбыл ауданы тұрғындары тарапынан жыл басынан бүгінгі күнге дейін әлеуметтік желіде 285 сауал түсіп, алгортимге сәйкес уақытылы жауап берілген.

Оның ішінде: облыс әкімінің жаңалықтарындағы пікірлер айдары мен жеке парақшасына  25 сауал, облыс әкімдігіне 12 сауал, аудан әкімінің жеке парақшасы  мен аудан әкімдігіне 32 сауал, әлеуметтік пабликтер, блогерлер, жеке азаматтар тарапынан

216 сауал түскен. Сауалдардың басымкөпшілігі көше жарығы, жол жөндеу, ит аулауға қатысты.

Қоғаммен байланыс орнату кезіндегі 285 сауалдың 212-іне Жамбыл ауданы әкімдігі тарапынан жауабы берілсе, 73 сауалға сұрағы қатысты округтердің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы байланыс орнатылған.

Аудан әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде ресми парақшаларында 17700 оқырманға 23200 жариялым ұсынылған.

 Жамбыл ауданы тұрғындары тарапынан 2025 жылдың қаңтар-маусым айында әлеуметтік желіде 107 сауал түсіп, алгортимге сәйкес уақытылы жауап берілген.

Оның ішінде: облыс әкімінің жаңалықтарындағы пікірлер айдары мен жеке парақшасына  19  сауал, облыс әкімдігіне 5 сауал, аудан әкімінің жеке парақшасы  мен аудан әкімдігіне 35 сауал, әлеуметтік пабликтер, блогерлер, жеке азаматтар тарапынан 59 сауал түскен. Сауалдардың басым көпшілігі көше жарығы, жол жөндеу, ауыз су, ит аулауға қатысты.

Қоғаммен байланыс орнату кезіндегі 107 сауалдың  80-іне Жамбыл ауданы әкімдігі тарапынан жауабы берілсе, 27 сауалға сұрағы қатысты округтердің, бөлім-мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы байланыс орнатылған.

Орындалды.

24.         

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында күнделікті бақылауға алу

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы                    5 наурыздағы №137 қаулысы негізінде Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жасау бойынша комиссия құрылды. Аталған комиссия ағымдағы жылдың сәуірінде комиссия құрамымен аудан аумағындағы сауда дүкендеріне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде  2 сауда дүкеніне акт толтырылып, Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ұжымдық  арыз жолданды. Тұрақты бақылауда.

2025 жылы баға тұрақтылығын сақтауға және бақылауға әсер ететін келесідей жұмыстар прокуратура органдарының ұсынымы (представление) негізінде жүзеге асырылмауда.

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қоғамдық бақылау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы аудан әкімдігінің өкімі прокуратура органдарың ұсынымы негізінде күшін жойды;

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік таураларын өткізу кезінде жергілікті өндірушілер мен сауда дүкендері арасында сауда үстемісін 10-15% асырмау жөніндегі меморандумдарды 2025 жылға қайта жасауға прокуратура органдарың ұсынымы негізінде шектеу қойылды;

- аудан әкімдіктерінің апта сайынғы жергілікті базар сауда дүкендердегі бағаларға және сауда үстемесінің сақтауы бойынша мониторинг жүргізуге прокуратура органдарың ұсынымы негізінде шектеу қойылды;

- Прокуратура органдарының ұсынымнан үзінді:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізуге қатысты

«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 7-бабы 15-7 тармағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу уәкілетті органның, яғни сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің құзыры екені көрсетілген.

            Қазіргі таңда аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізссіз қымбаттауының алдын алу мақсатында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15% белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыруы жеке тұлғаларға  шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны ескертіліп, әлеуметтік тауарлар бағасына аса мән беру қажеттілігі туралы ескертіліп, жаднамалар таратылуда. Бүгінгі күні аудан көлемінде 80 тарта түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерге ақпараттар жариялануда.

Орындалды.

 

 

 

 

Облыс әкімінің Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
30 июля 2025