Облыс әкімінің Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Облыс әкімінің Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды

іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы

1.           

Қордай аудандық емхана құрылысын салу бойынша жобалық сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамаға берілуін және оң қорытынды алынуын қамтамасыз ету, нәтижесі бойынша уәкілетті орталық мемлекеттік органның қарауына жолдау.

Тұрақты,

тоқсан аралық ақпарат ұсыну

Қордай ауданының әкімі

Қордай ауданы әкімдігінің тарапынан орталық ауруханасының құрылысын жүргізу үшін жер учаскесі анықталған.

Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасына инженерлік инфрақұрылым салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге сатып алу конкурсы жарияланып, мердігері «Интерайнс» ЖШС болып анықталды, келісім шарт соммасы 35,7 млн теңге. Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама оң қорытындысы алынды (№ СAPC-0118/24 16.05.24 ж.). Жоба құны 747,6 млн. теңге (ҚМЖ 707,6 млн. тг.). Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік  өтінім тапсырылды.

Орындалуда

2.           

Ауыл шаруашылығы саласындағы 2025 жылға бекітілген межелерге жету жоспарларын анықтап, ауыл шаруашылығы басқармасына енгізу.

2025 жыл

1 наурыз

Қордай ауданының әкімі

Ауыл шаруашылығы саласындағы 2025 жылға бекітілген межелерге жету жоспарлары анықталып, ауыл шаруашылығы басқармасына келісімге ұсынылды.

ОРЫНДАЛДЫ

3.           

 

Қордай ауданындағы инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін, негізгі капиталға салынатын инвестициялардағы жеке инвестицияның үлесін ұлғайтуды жүзеге асыру.

 

Тұрақты,

тоқсан аралық ақпарат ұсыну

 

Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

2025 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17327,9 млн. теңге (2024ж. 23404,1 млн. теңге), нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңге 72,9 пайызды құрады.

Индикатордың орындалмауының себебі 2024 жылдың тиісті кезеңінде қомақты инвестиция «KORCEM» ЖШС-гі цемент зауыт құрылысына 12,9 млрд. теңге инвестиция тартылған, бүгінгі күні құрылысы аяқталған.

Аудандағы ірі инвестициялық жобалар «Шокпар Гагаринское» ЖШС-гі қазіргі кезде жаңадан құрылыс жұмыстарын жаңадан бастауда және «Mariam Gold Ltd.» жеке компаниясы геологиялық барлау жұмыстарына лицензия жаңадан алынды.

Орындалуда

4.           

Қордай ауданы бойынша кен байыту орындарының тізімін нақтылап, әлеуетті инвестициялық жобалардың тізімін әзірлеу.

2025 жыл

1 наурыз

Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Қордай ауданында тау-кен саласында әлеуетті инвестициялық жобалар:

«Шокпар-Гагаринское» ЖШС-нің «Гагаринское» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы. Бетқайнар ауылдық округі Соғанды ауылында орналасқан. Жоба құны 21,0 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 1000 кг. (алтын өндіру). Іске асыру мерзімі 2021-2027 жылдары. Іске асыру кезінде 400 жұмыс орны ашылу жоспарлануда. Жер қойнауының лицензиясы №4323 20.11.2020 жылдан 2038 жылға дейін берілген. Қазіргі кезде, жер участкесіне                44 шқ. уақытша электр желісі тартылды, геологиялық барлау және зауытты жобалау жұмыстары жүргізілуде. Серіктестік құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айынан бастап кетті. Қордай ауданы әкімдігі тарапынан серіктестікке жалпы 1101,0 га жер телімі бөлініп берілді.

2021 жылы 811,4 млн. теңге., 2022 жылы 3,6 млрд. теңге., 2023 жылы 463,0 млн. теңге., 2024 жылы 45,0 млн. теңге инвестиция тартылды.

«Central Asia Gold Production» ЖШС-нің құрамында алтын бар кенді өңдеу бойынша өндірістік кешен салу жобасы. Алға ауылдық округі Көгадыр ауылында орналасқан. Іске асыру мерзімі 2024-2029 жылдар, жоба құны 50,0 млрд. теңге. Кәсіпорын 2019 жылдың тамыз айынан технологиясы дұрыс емес болуына байланысты өндірісі төмендеп, жұмысы тоқтаған болатын. Қазіргі таңда, жаңа инвестор тартылып, қайта барлау жұмыстарын бастады. Кен орны толығымен зерттелгеннен кейін, қандай технология енгізу керек екендігі нақтыланып, жаңа зауыт салынатын болады.

Сонымен қатар, Қордай ауданында Қарасай ауылдық округінде «Қырғау» алтын кен орнына барлау жұмыстарын жүргізу үшін  «Mariam Gold Ltd.» ЖШС-гі лицензиясын алды.

Орындалды

5.           

Қордай ауданы бойынша кен орындарын алып, ұзақ жылдар тиісті жұмыс атқармайтын мердігерлерден заң аясында жерлерді қайтаруға қажетті шараларды қабылдап, жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбейтін мердігерлердің тізімін ұсыну.

2025 жыл

 1 наурыз

Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, жер қатынастар басқармасы

Қордай ауданында кен орындарын алып, ұзақ жылдар тиісті жұмыс атқармаған «MONTERRА QASAQSTAN» ЖШС-нің тау-кен металургиялық комбинаты. Жоба 2014 жылы Индустриаландыру картасына енгізілді, 2027 жылы іске қосылуы жоспарланған болатын. Жоба құны 832,0 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 5100 кг. алтын өндіру. Құрылыс кезінде 350, ал іске қосу кезінде 800 тұрақты жұмыс орындар ашылу жоспарланған. ҚР Инфрақұрылымдық даму министрлігімен контракт мерзімі 2016 жылдан 18 қаңтарынан  2022 жылға дейін берілген болатын. 2023 жылдың 12 сәуірінен бастап контракт мерзімі 3 жылға ұзартылды. 2021 жылы 4,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2022 жылы 3,3 млрд. теңге,  2023 жылы 8,0 млрд. теңге, 2024 жылы 5,5 млрд. теңге  инвестиция тарту жоспарланған, бірақ инвестор қаражат бөлмей инвестиция тартылмады.

Мемлекет тарапынан серіктестікке бөлінген 300,5 га жер телімі Қордай ауданы әкімінің 2024 жылдың 15 шілдедегі №308 қаулысымен мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Орындалды

6.           

 Көктемгі дала жұмыстарына шаруашылықтарға қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету.

 

2025 жыл

1 сәуір

 

Қордай ауданының әкімі (жинақтау), ауылшаруашылығы басқармасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы(келісім бойынша)

2025 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Қордай» несие серіктестігі ЖШС-і арқылы «Кең дала» бағдарламасына  15 шаруашылық 134,4 млн.теңгеге өтінім берілді, қаражат  төленді. «Кең дала -2» бағдарламасы бойынша 8 шаруашылық 335,0 млн. теңге алды.

       Орындалды

7.           

«Қордай» бақылау-өткізу бекетінде орнатылған «Q-Gate» автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесінің тиімділігін ескере отырып, облыстың басқа да бақылау-өткізу бекеттерінде орнату бойынша ұсыныс енгізу.

2025 жыл

 1 наурыз

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)

Екі ел шекарасындағы ұзақ-сонар кезек пен кептелісті жою мақсатында «Қордай» бақылау-өткізу бекетінде электронды турникеттер орнатылды. Аталған шара өткізу процесін автоматтандырып, құжаттарды тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Аталмыш шешім тұрғындар мен жүргізушілердің уақытын үнемдеуге, сондай-ақ бекеттегі жұмыс тиімділігін арттыруға септігін тигізуде.

Орындалды

8.           

Қордай аудандық орталық стадионға қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалған жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде  қарастыру.

2025 жыл

ІІ тоқсан

Қордай ауданының әкімі(жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, дене шынықтыру және спорт  басқармасы, құрылыс басқармасы

 Қордай аудандық орталық стадионға қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалған жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жолданды (ЖСҚ құны 479,4 млн. тг.). Алайда қолдауын таппаған. Қазіргі таңда аудандық бюджеттен 79,0 млн. теңге қаражат қарастырылды. Мердігер анықталып, маусым айында жөндеу жұмыстары басталды. Қаражат толық қарастырылмағанына байланысты, алдаға облыстық мәслихат сессиясының бюджетті нақтылауына қайта тапсырылады.

Орындалуда

9.           

Қордай ауданы «Степное» ауылдық округінің атауын «Ақдала» ауылдық округіне, «Степное» аулының атауын «Дінмұхамед Қонаев» аулына қайта атау маселесіне қатысты ұснысты облыстық ономастика отырысында қарау, нәтижесі бойынша заң аясында шешім шығарып, тиісті шараларды қабылдау (оның ішінде Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдау).

2025 жыл

ІІ тоқсан

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Қордай ауданы әкімдігімен,  Степное ауылдық округінің атауын Ақдала ауылдық округіне, Степное ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылына қайта атау туралы 2023 жылдың 04 шілдесінде ауылдық округ тұрғындарының және қоғамдастық мүшелерінің жиналысы өткізіліп, ұсынысты ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қолдады.   2023 жылдың 22 қарашасында бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімі қабылданып, облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді  дамыту басқармасына Степное ауылдық округінің атауын Ақдала ауылдық округіне, Степное ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылына қайта атау туралы 2025 жылдың  20 қаңтарында №4-100 хатымен  құжаттары облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды.

Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Степное» ауылдық округінің атауын «Ақдала» ауылдық округіне, «Степное» ауылының атауын «Дінмұхамед Қонаев» ауылына қайта атау мәселесіне қатысты ұсыныс бойынша төмендегіні хабарлады.

Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын Әдістемелік ұсынымдардың 8.4-тармағына сәйкес «қалаларға, қала үлгісіндегі кенттерге, аудандарға, ауылдарға, ауылдық округтерге «кісі есімдерін беруге жол бермеу» қатаң басшылыққа алу міндеттелген.

Қазіргі таңда атау беру, қайта атау жұмыстары жоғары атқарушы органмен келісілген 2024-2025 жылдарға арналған жол картасы негізінде жүзеге асырылуда. Аталған жол картасында төтенше жағдай кезінде өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция қызметкерлерінің мекенжайды дер кезінде тауып баруын қамтамасыз ету мақсатында ең алдымен атауы жоқ немесе атауы қайталанатын көшелерді ғана өзгертуге басымдық беріліп отыр. Ал, елді мекендер мен объектілерге (мемлекеттік мекемелер және физикалық-географиялық объектілер) атау беру жұмыстары кейінге қалдырылды.

Степное ауылдық округі мен елді мекенін қайта атау бойынша ұсыныс                   2024 жылғы жол картасына енгізілген болатын. Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес Степное ауылын Д. Қонаев ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс қолдау таппады.

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің төрағалығымен ономастика саласы бойынша өткен кеңес хаттамасының (23.01.2025 ж. №25-35-2.1 қбп) 1.2-тармағына сәйкес елді мекендер және мемлекеттің қатысуы бар объектілерге атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстарды қарастыру кейінге қалдырылғандықтан Қордай ауданы Степное ауылдық округінің атауын Ақдала ауылдық округі деп қайта атау бойынша ұсыныс 2026 жылғы жол картасына қайта жолданатын болады.

Орындалды

10.        

Қордай ауылында «Достық үйі» құрылысына арналан жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нактылау кезінде қарастыру.

2025 жыл

ІІ тоқсан

Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мәліметі бойынша Қордай ауылындағы «Достық үйі» құрылысының мемлекеттік сараптамасы дайын болмағандықтан облыстық бюджеттік комиссияның-қарауына ұсынылмаған.

2020 жылы Қордай ауданындағы Масаншы оқиғасынан кейін ауданда Достық үйінің құрылысы жоспарланып, аудан әкімдігі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жобалаушы мекеме «Кантри-М» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Жоба құны      2,5 млрд. теңгені құрайды. ЖСҚ әзірлеу жұмыстары толық аяқталды, сараптама оң қорытындысы 2025 жылдың тамыз айында алынады. Аталған жоба іске асқан жағдайда, ауданда бір қатар күрделі мәселелер шешімін табады. Мысалы:М.Төлебаев атындағы өнер мектебі ғимараты мәселесі шешілсе, аудандық мәдениет үйінің бір бүйірінде орналасқан орталықтандырылған кітапхана жүйесі,сондай ақ тозығы жеткен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, Қордай аудандық тарихи өлкетану музей ғимараты шешімін табады. Ал аудан тұрғындары көптен күткен неке сарайы ауданның ең көрікті ғимаратына сән бермек. Осылай Достық үйі тек этно-мәдени бірлестік өкілдерінің ғана емес, жастар мен өнер сүйер қауымның, бір сөзбен айтқанда көпшіліктің бас қосатын орнына айналмақ. Осы мәселелерді шешу үшін 2020 жылдан бастама алған Достық үйінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу барысында, аталған мекемелерге қажетті алаң көлемі енгізілді, жалпы ғимаратының көлемі 4 мыңнан аса шаршы метрді құрайды.

Орындалуда

11.        

Қордай ауылшаруашылық колледжінің оқу және жатакхана ғимараттарына күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жобаны қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізу.

2025 жыл

ІІ тоқсан

Білім басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі

Қордай ауылшаруашылық колледжінің оқу және жатақхана ғимараттарына күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жсқ колдауын таппағандықтан түзету жұмыстарын әзірлеу үшін қаражат қарастыру қажет. Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары 2028-2029 жылдары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Орындалуда

12.        

«Жамбыл облысы, Қордай ауданы КН-KR-1, «Қаракемер-Керу» аудандык автомобиль жолынын 0-18,1 шк орташа жөндеу» бойынша дайындалған жобаны қаржыландыруға бюджеттік

өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру.

2025 жыл

ІІ тоқсан

Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, құрылыс басқармасы

Жамбыл облысы, Қордай ауданы КН-КR-1, «Қаракемер-Керу» аудандық автомобиль жолының 0-18,1шқ орташа жөндеу» бойынша дайындалған жобасына 2025 жылға нақтылау кезінде аудандық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мердігер анықтау үшін құжаттар рәсімделуде. Жоба 2026 жылға өтпелі.  

Орындалуда

13.        

Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесінің жолын кеңейту және көпір құрылысын салуға дайындалған жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру.

2025 жыл

ІІ тоқсан

Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, құрылыс басқармасы

Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесінің жолын кеңейту және көпір құрылысын салуға ЖСҚ әзірленген. Алайда сараптама қорытындысы жекеменшік болуына байланысты, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға тапсырылды.

Мемлекеттік сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында алу жоспарлануда. 

Орындалуда

14.        

Қордай ауданының инвестициялык жобалар

пулын қалыптастырып, 4 ірі инвестициялық жобаның (оның ішінде 1-2 кең байыту

фабрикасының) іске асырылуын қамтамасыз ету.

2025 жыл соңына дейін

Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Қордай ауданының инвестициялык жобалар пулы қалыптастырып, 4 инвестициялық жоба іске асырылуда оның ішінде 2 ірі кең байыту фабрикасын салу инвестициялық жобалар іске асырылуда «Шокпар Гагаринское» ЖШС-гі қазіргі кезде жаңадан құрылыс жұмыстарын бастауда және «Mariam Gold Ltd.» жеке компаниясы геологиялық барлау жұмыстарына лицензия алды.

Орындалуда

 

Облыс әкімінің Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
30 июля 2025