Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар

Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Жалпы тапсырма - 13

Орындалған - 7

Орындалу үстінде - 6

Орындалмаған – 0

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

 Жауапты орындаушылар

ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

1.            

Билікөл ауылдық округінде орналасқан 4 елді мекенді (Қарабастау, Дарбаза, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу

 

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарабастау, Жылыбұлақ ауылдарына магистралды газ тарту және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған елді мекендердің  тұрғын үйлеріне газ құбыры және есептегіштер орнатылуда. Ал, Абдықадыр, Дарбаза ауылдарына кварталішілік газ тарту жұмыстары толық аяқталды.

Тапсырма орындалу үстінде

2.            

Б.Момышұлы ауылындағы «Тесік көпір» аталып кеткен өткелдің жанынан екі жолақты жол салуды қарастыру

2024 жылдың

қыркүйек айы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Аталған жоба бойынша ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге мердігер анықталып, тиісті жұмыстар басталды.

Тапсырма орындалу үстінде

 

3.            

Ауданда құрылысы ұзаққа созылған Қайрат ауылындағы мәдениет үйі және Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені құрылыстарының сапалы аяқталуын бақылауға алып, өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған мердігерлерге заң аясында тиісті шаралар қабылдау

2024 жылдың

тамыз айы

Облыс әкімдігінің құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені мен Қайрат ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

 

 Тапсырма орындалды

4.            

«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағытын кеңінен насихаттау жұмыстары ұйымдастырылсын

 

Тұрақты

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша),

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Жуалы ауданында «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша тиісті насихаттау жұмыстары ұйымдастырылып, бүгінгі күнге 575,5 млн. теңгеге 79 жоба жоспарланып, оның «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан
51 кәсіпкерге 430,9 млн. теңге несие беріліп,
27 кәсіпкердің 267,2 млн. теңгені құрайтын құжаттары оң қорытынды алды.

Тапсырма орындалды

5.            

Кадр мәселесін шешу мақсатында ауданға келіп жатқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету

 

Тұрақты

Жуалы ауданының әкімі

Жыл басынан бері 50 маманға аудандық бюджеттен 18,5 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы ретінде төленді (әр маманға 369 200 теңге). Аталған жұмыстар жалғасуда.

Тапсырма орындалды

6.            

Спорт нысандары жоқ елді мекендерде білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануына беруді ұйымдастыру

2024 жылдың

15 ақпанына

дейін

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Білім мекемелерінің спорт залдарында кешкі мезгілде аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін, білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары және аудан әкімдігі арасында 3 жақты келісім жасақталып, тиісті кестелері әзірленді.

Тапсырма орындалды

7.            

Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін реконструкциялау жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру

 

2024 жылдың

қазан айы

Жуалы ауданының әкімі

Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында ЖСҚ әзірленген. Мердігер анықталып, бүгінгі күнге  жұмыстар
80 пайызға аяқталған. Нысанды ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

Жоба 2026 жылға өтпелі.

Тапсырма орындалу үстінде

8.            

Ауданда қыс мезгілінің қатаңдығын ескеріп, шынжырлы трактор (гусеничный) алу бойынша тиісті жұмыстар атқару

2024 жылдың

қазан айы

Жуалы ауданының әкімі

2024 жылы облыстық бюджеттен 1 дана
«КО-823» құрама жол машинасы сатып алынған.

Тапсырма орындалды

9.            

«Билікөл» көлінің суының азаюына байланысты тиісті ғылыми мекемелерді тарта отырып, экологиялық апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы,

Жамбыл облысы бойынша экология департаменті (келісімі бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Қазіргі таңда, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты тарапынан баға ұсынысы негізінде Билікөл көліне тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім жасақталуда.

Тапсырма орындалу үстінде

10.         

«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолды асфальттау бойынша ұсыныс енгізу

2024 жылдың

1 наурызына

дейін

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі  (жинақтау)

«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолға асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда, жолақ сызу және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде

Тапсырма орындалды

11.         

Облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы 45-60 шақырым жол аралығын жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

2024 жылдың

наурыз айы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Бүгінгі күнге облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы  автомобиль жолының (45-60 шақырымы) 7 шақырмының жамылғысын фрезирлеу және жол негізін дайындау бойынша жұмыстары атқарылып, 4 шақырым жолға асфальт жабындысы төселді.

Тапсырма орындалу үстінде

12.         

Ауданда өндірістік кәсіпорындар ашу бойынша тиісті жұмыстар атқару

Тұрақты

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

Ауданда 9 сүт өңдеу цехы, 1 сухари, 1 мақсары майын өңдеуші кәсіпорындар тұрақты жұмыс жасауда. Биыл минералды сусындар шығаратын «Ақсай Жуалы» өндірісі, «МолДаму» сүт өңдеу цехы іске қосылса,
«ALI-KО SUT 2023» сүт өңдеу цехы кеңейту жұмыстарын жүргізіп, қосымша жаңа
құрал-жабдықтар орнатуда.

Аталған жұмыстар жалғасуда.

Тапсырма орындалды  

13.         

Рысбек батыр ауылынан 100 орындық мектеп құрылысын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

2024 жылдың

маусым айы

Облыс әкімдігінің білім, құрылыс, басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Рысбек батыр ауылында
100 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес бұл жобаның құрылысы 2026 жылға жоспарланған. Келесі нақтылау барысында облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілетін болады.

Тапсырма орындалу үстінде

 

Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
30 июля 2025