Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

 

 

2025 жылы тапсырма - 8

Орындалған - 1

Орындалу үстінде - 7

Орындалмаған - 0

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру

 мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Ауыл және ауылдық округтер аумақтарындағы иесіз қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілсін

2025 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау).

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан тұрғындарының өтініштері негізінде барлығы 1 773 бас қаңғыбас ит ауланды. Оның ішінде Сарыкемер ауылдық округі бойынша 573 бас ит ауланған. Қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.

                                          Орындалу үстінде

2.

Қосақ ауылындағы көшелерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастырсын

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Қосақ ауылындағы 5 көшеге (Алатау 1, Алатау 2, Нұрлы жол, Қосқұдық, М.Мәметова) орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тиісті қаражат қарастырылып, мердігер анықталды. Аталған жұмыстар
2025 жылдың қазан айына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.
                    

Орындалу үстінде

3.

Сарыкемер ауылында кәріз жүйелері қарастырылмаған. Елді мекенде әлеуметтік және бюджеттік нысандардың, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің салынуына байланысты кәріз жүйелері құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің біпінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Нәтижесінде, облыстық бюджеттен
110,0 млн. теңге қарастырылып, мердігер анықталды.

Қазіргі таңда, ЖСҚ әзірлеу бойынша  тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жоба - 2026 жылдың ІIІ тоқсанына өтпелі болып табылады.

                                          Орындалу үстінде

4.

Аудан орталығына заманауи талапта балаларға арналған оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге жер телімін анықтап, жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін

2026 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыс әкімдігінің білім, құрылыс басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылының бас жоспарына өзгеріс енгізу барысында ауылдың батыс бөлігінен 300 орындық Оқушылар сарайының құрылысына қажетті жер телімі қарастырылды.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің білім басқармасы тарапынан салалық қорытынды әзірленуде. Кейіннен облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін облыстық бюджетке тиісті өтінім ұсынылатын болады.                                           

                                          Орындалу үстінде                                         

5.

2009-2015 жылдары Байзақ ауданы аумағынан «Интергаз» магистральдік құбырлары жер астымен жүргізілген. Зақымдалған егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдасын

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Аталған мәселе бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдігі мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ арасында тиісті келіссөздер жүргізілуде.

                                          Орындалу үстінде

6.

Сарыкемер ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруге болатын аумақтарды айқындау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілсін

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Бүгінгі күнге Сарыкемер ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан, Сарыкемер ауылының бас жоспарына сәйкес тек көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін жер телімдері шаруашылықтардан мемлекет меншігіне қайтарылуда.                                            

                                          Орындалу үстінде

7.

Сарыкемер ауылы, Мәмбет батыр көшесінің бұрылысында орналасқан № 37 үй «Интергаз» магистральдік құбырларының қорғау аумағында салынған. Бұл ретте ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау мақсатында мәселенің шешу жолдарын қарастырсын

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылдық округі аумағындағы «Интергаз» магистральдік құбырларының қорғау аймағына кіріп кеткен 37 ауланы заңдастыру мақсатында 2024 жылы аудан әкімдігі мен «Интергаз Орталық Азия»
АҚ-ның «Тараз» магистралды газ құбырлары басқармасы арасында тиісті келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қорғау аймағындағы 1,2 шақырымдық газ құбырларының техникалық регламент талаптарына өзгерістер енгізіліп, диаметрі 530 мм құбырлардың сырты 9–10 мм қалыңдықтағы металмен қапталып, олар бірінші санаттағы магистралдық газ құбырлары қатарына ауыстырылатын болды. Бұл жұмыстарды 2025 жылдың үшінші тоқсанында жүргізу жоспарланған.                                               

                                          Орындалу үстінде

8.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты №7 орта мектеп пен көп қабатты тұрғын үйлерге дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін қарастырсын

2027 жыл

3 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі

Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектеп пен көпқабатты тұрғын үйлерге дейінгі аралықта демеушілердің қолдауымен ұзындығы 450 метр, ені 120 см болатын жаяу жүргіншілер жолы тас жабындылары (брусчатка) төселу арқылы салынды. Жұмыстар 2025 жылдың сәуір айында толық аяқталды.                                                       

                                  Тапсырма орындалды

 

Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
Дата публикации
30 июля 2025