Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

 Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 21 қазандағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» №29/334 қаулысына сәйкес төмендегіні хабарлаймыз.

          Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы №439 Жарлығымен Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалды. Осы күні барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы да өтетін болады.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну мерзімі 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленген. Ал, партиялық тізімдерін тіркеу мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленді.

Осыған орай, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерді қабылдау жұмысын Тараз қаласы, Төле би даңғылы №66 мекен жайда (Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ғимараты, тел: 34-84-13) ұйымдастыратынын жеткізеді.

Құжаттарды қабылдау жұмыстары облыстық сайлау комиссиясының келесі мүшелерімен атқарылуда:

  1. Жамалов Талғат Салқанұлы (+7 701 701 79 07);
  2. Бекбергенова Жанар Ешеналиевна (+7 707 606 12 32);
  3. Қойшыбаев Саят Нұржанұлы (+7 701 230 72 45).

         

 

Төраға                                                                            С.Айдапкелов

 

 

 

 

Т.Жамалов, тел: 34-84-13.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
11 ноября 2020