Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары 309 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 23,2%-ын құрайды (1330).
Оның ішінде:
- 286 қызмет (93,5%) – электрондық түрінде;
- 20 қызмет (6,5%) – қағаз түрінде;
- 102 қызмет (33%) – Мемлекеттік корпорация («Азаматтарға арналған үкімет») арқылы ұсынылады.
2024 жылдың 12 айында облыстың жергілікті атқарушы органдарымен
13 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- электронды түрде – 12 797 765 қызмет (98,6 %);
- қағаз түрінде – 931 қызмет (0,01%);
- қағаз түрінде (баламалы) – 181 455 қызмет (1,39%).
Сонымен қатар, сұранысқа ие қызметтерге денсаулық сақтау, ветеринария, білім беру және жұмыспен қамту салаларының қызметтері кіреді («Дәрігердің қабылдауына жазылу» – 10,2 млн., «Жедел медициналық көмек шақырту» – 550 мың, «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» - 276 мың, «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» - 192 мың, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» – 131 мың, «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» - 102 мың, «Ветеринариялық паспорт беру» – 296 мың, «Ветеринариялық анықтама беру» - 74 мың, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» – 49 мың, «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» - 44 мың, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» - 74 мың, «Жұмыссыздарды тіркеу» - 53 мың, «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» - 49 мың қызмет).
2024 жылдың қорытындысы бойынша 33 мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген. Жіберілген бұзушылықтар үшін 13 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 14 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұлдар салынды.
Есепті кезеңде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары бекітілген жоспарларға сәйкес 116 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді (67 ЖАО, 45 ведомстволық бағынысты ұйымдар және 4 ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар қамтылды).
Іс-шаралар қорытындысы бойынша 1 510 бұзушылық анықталды:
- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзудың 6 фактісі;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің
369 фактісі;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 26 фактісі;
- ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етудің
157 фактісі;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
265 фактісі;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 23 фактісі;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 96 фактісі;
- көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмауының 3 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауының 34 фактісі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 531 фактісі .
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 264 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 41 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (38 – «ескерту», 3 – «сөгіс»).
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактілері тіркелген жоқ.
2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Шығыс Қазақстан жастар ақпараттық-аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді.
Қоғамдық мониторинг аясында 70 іріктелген мемлекеттік қызмет түрі бойынша және «электрондық үкімет» порталындағы 364 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша зерттеу жүргізілді.
Жамбыл облысы бойынша 17 қызмет түріне қатысты әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметтердің сапасына, қолжетімділігіне және процестердің ашықтығына қатысты қанағаттану деңгейін бағалау, сондай-ақ проблемалық мәселелерді анықтау болды.
Нәтижесінде, Жамбыл облысы әкімдігінің жалпы көрсеткіші 4,66 баллды құрады. Респонденттердің 77,6%-ы қызмет сапасына толық қанағаттанған.
Анықтама үшін: 2023 жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 4,64 балл) қанағаттану деңгейі 0,02 баллға, ал қанағаттанған азаматтардың үлесі 3,0%-ға артты (2023 ж. – 74,6%).
Бұдан бөлек, Жамбыл облысы бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген қоғамдық мониторингтің нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою және ұсыныстарды іске асыру мақсатында 2025 жылғы 30 сәуірде іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау және ақпараттық сүйемелдеу бойынша 2025 жылғы 30 сәуірде медиа-жоспар бекітіліп, белгіленген мерзімдерге сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
2024 жылдың 12 айында ЖАО-ның және оларға бағынысты мекемелердің 178 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
(2020 ж. – 30, 2021 ж. – 119, 2022 ж – 148, 2023 ж. - 162).
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2024 жылы 4 323 түсіндірме іс-шаралары өткізілді. Атап айтқанда Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері, басқармалар және олардың бағынысты мекемелері медиа жоспарға сәйкес әлеуметтік желілерде
3 358, облыстық және аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 346 мақалалар жариялады және тұрғындар арасында 619 насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.