Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2025 жылдың ІІ тоқсанында

көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

2025 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО-мен
3 595 006 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    3 565 519 қызмет (99,17%);
  • қағаз түрінде –     146 қызмет (0,02 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   29 341 қызмет (0,81 %). 

Есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 888 (жеке тұлға – 879, заңды тұлға – 9) қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.

2025 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмаған.

Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 088 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері, басқармалар және олардың бағынысты мекемелері әлеуметтік желілерде 987, облыстық және аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 48 мақала жариялады және тұрғындар арасында 53 насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың ІІ тоқсанында ЖАО-ның және оларға бағынысты мекемелердің 75 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Атап айтқанда:

-         Денсаулық сақтау басқармасының бағынысты мекемелері –

29 қызметкер;

-         Білім басқармасының бағынысты мекемелері – 19 қызметкер;

-         Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі – 8 қызметкер;

-         Сарысу ауданы – 7 қызметкер;

-         Қордай ауданының әкімдігі – 5 қызметкер;

-         Талас ауданының әкімдігі – 4 қызметкер;

-         Шу ауданының әкімдігі – 1 қызметкер;

-         Тараз қаласы әкімінің аппараты – 1 қызметкер;

-         Ветеринария басқармасы– 1 қызметкер.

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2025 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары бойынша

қысқаша есебі

 

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген)
37-тармағына сәйкес ішкі бақылау қызметтерімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанында 29 бақылау іс-шарасы (14 жергілікті атқарушы органдарда, 14 ведомстволық бағынысты ұйым мен 1 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғада (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын)) жүргізілді (29 нысан).

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 923 заңбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
12 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.

Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар:

-         заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің

268 фактісі;

-         мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың

15 фактісі;

-         заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 53 фактісі;

-         көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмаудың 1 фактісі;

-         мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауының 19 фактісі;

-         мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдармен (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың, фотоматериалдардың көшірмелері) есептің және талдамалық анықтаманың болмауының 9 фактісі;

-         мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 558 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 46 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
15 июля 2025