Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Жалпы ішкі өнім.
2024 жылдың қорытындысымен (алдын-ала мәлімет) облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 236,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 104,5% (2023 жыл – 2 926,0 млрд. теңге, НКИ -102,1%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 647,7 мың теңгені құрады (2023 жыл – 2 397,6 мың теңге).
Облыс бойынша 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 116,8% (ҚР-108,6%) деңгейінде қалыптасты. Өсім экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемі арттыру есебінен қамтамасыз етілді (оның ішінде өнеркәсіп – 122,9%, ауыл шаруашылығы – 101,0%, құрылыс – 134,8%, сауда – 102,8%, көлік – 112,8%, байланыс – 108,5%).
Өнеркәсіп.
2025 жылдың қаңтар-мамырында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 507,0 млрд.теңгені құрап, 2024 жылғы тиісті кезеңге 22,9%-ға өсті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 47,9%-ға (77,4 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 17,1%-ға (322,4 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау 16,1%-ға (103,8 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 7,0%-ға (3,5 млрд. теңге) өсім байқалады.
2025 жылы жалпы құны 33,6 млрд. теңгені құрайтын 4 индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 307 жаңа жұмыс орны құрылады («Есаров» ЖШС – форель өсіретін шаруашылықты ұйымдастыру және консерві цехын салу, құны – 141,5 млн.теңге, қуаттылығы – 67 тн/ жыл, 12 жаңа жұмыс орны (Қордай ауданы);«Максутова» ЖК – балық өндеу цехы, құны – 250 млн. теңге, қуаттылығы – 200 тн/жыл, 10 жаңа жұмыс орны (Мойынқұм ауданы); «Alit Holding» ЖШС – Жамбыл облысында шикізат дайындау учаскесі, шикізат және дайын өнім қоймалары бар сүрлем қоймалары бар құрғақ құрылыс қоспаларын (ҚҚҚ) өндіру бойынша цех салу, құны – 3666 млн. теңге, қуаттылығы – 149 мың тн/жыл, 85 жаңа жұмыс орны (Тараз қ.); «Shagala Mining» ЖШС – Мойынқұм аудандағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу, құны – 29568 млн. теңге, қуаттылығы – 9072 тн/жыл, 200 жаңа жұмыс орны (Мойынқұм ауданы)).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2025 жылы облыстық бюджеттен 32,4 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2025 жылдың 1 маусымына 26,8 млрд.теңге игерілді.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 70,6 млрд. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 100,9%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 69,4 млрд. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 101,0%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,7 млрд. теңге (НКИ-100,0%), мал шаруашылығы – 68,7 млрд. теңге (НКИ – 101,0%).
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 659,9 мың га жерге орналастырылды, оның ішінде дақылдар - 199 мың га (100%), майлы дақылдар – 40,7 мың га (101%), көкөніс дақылдары – 34,9 мың га (100%), картоп – 8,9 мың га (100%), қант қызылшасы – 5,6 мың га алқапқа егілді (89,6%). 20.06.2024 жылғы жағдай бойынша масақты дәнді дақылдар 1,5 мың га немесе егін жинау алаңының 0,04% жиналды, онда өнімділік 12,2 ц/га құрады.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 42,4 мың тоннаны (102,3%), сүт – 78,9 мың тоннаны (101,5%), жұмыртқа – 28,8 млн. дананы (68,7%) өндірілді. МІҚ саны 476,1 мың басты (104,6%), қой – 3 524,6 мың басты (106,6%), жылқы – 188,1 мың басты (107,6%), құс – 2 132,4 мың басты (96,5%) құрады.
Сауда.
2025 жылдың қаңтар-мамырында облыстағы тауар айналымының көлемі 343,6 млрд. теңгеге жетіп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі 201,6 млрд.теңгені құрап, 2,3%-ға өсті, көтерме сауда айналымы 141,1 млрд. теңгені құрады (3,6%-ға).
Сыртқы сауда айналымы.
2025 жылғы қаңтар-сәуірде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 166,6 млн. АҚШ долларын немесе 154,8%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 113,5 млн. АҚШ доллар (4,1 есе), импорт – 53,1 млн. АҚШ доллар (66,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты (60,4 млн. АҚШ доллар).
2025 жылғы қаңтар-сәуірінде облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 51,4%-ға (105,9 млн. АҚШ доллар), оның ішінде экспорт – 50,1%-ға (38,2 млн. АҚШ доллар), импорт – 52,1%-ға (67,7 млн. АҚШ доллар) өсті.
Шағын және орта кәсіпкерлік.
2025 жылы ШОБ дамытуға РБ-тен 21,0 млн. теңге қаражат бөлінді. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қаражат игерілмеген.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1 522,6 млрд. теңге (109,5%), жұмыспен қамтылғандар саны – 166,3 мың адамды (98,9%) құрады.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 118,0 мың бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 105,7 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 89,6%-ды құрайды.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 75,7 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 134,8%-ды құрады.
Тұрғын үй.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 222,1 мың ш.м немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 102,9%-ды құрады.
155,5 мың м2 жеке тұрғын үй (933 бірлік үй), 434 пәтерге арналған 64,7 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (12 үй) және 1,9 мың м2 жатақхана пайдалануға берілді.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылы 14,5 млрд. теңгені (о.і. 11,8 млрд.тг.- құнды қағаз, 2,7 млрд.тг. - ЖБ) құрайтын 2550 пәтерлі 52 тұрғын үй (226,2 мың ш.м.) құрылысын салу жоспарлануда.
Көлік.
2025 жылдың қаңтар-мамырында көлік қызметтері 249,2 млрд.теңгені (112,8%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 18,4 млн. тонна (95,5%), жүк айналымы – 16,4 млрд.ткм (93,8%), жолаушыларды тасымалдау – 35,4 млн. адам (127,0%), жолаушылар айналымы – 776,8 млн. жкм (90,7%) құрады.
Жолдар.
Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі – 1198,5 шқ, облыстық –1739,68 шқ, аудандық – 1401,76 шқ, елді мекендердің көшелері – 5662 шқ.
2025 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 27,9 млрд. теңге бөлінді (РБ-3,4 млрд. теңге, ЖБ-24,5 млрд. теңге). 2025 жылдың 1 маусымына 6,1 млрд. теңге игерілді (РБ - 552,6 млн. теңге, ОБ - 5,5 млрд.теңге)
2025 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 245,5 млрд. теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңіне 57,5%-ға өсті.
Инфляция.
Инфляция деңгейі 2025 жылғы мамырда 2024 жылғы желтоқсанға 105,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,3%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 3,1%-ға, ақылы қызметтерге – 6,9%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,7 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 106,1%).
Азық-түлік тауарлары бойынша 2025 жылғы мамыр айында бағалар пияз - 52,9%-ға, сәбіз - 21,4%-ға, қызылша – 20,1%-ға, картоп – 7,0%-ға, майлар және тоң майлар - 2,3%-ға (о.і. тұздалмаған сары май – 3,0%-ға, өсімдік майы, күнбағыс - 1,6%-ға), жаңа піскен жемістер - 2,0%-ға (о.і. алма - 4,6% - ға), ет - 1,9% (о.і. қой еті - 5,1%, сиыр еті – 2,5%, құс еті - 2,0%, жылқы еті, шошқа еті - 0,1%), нан - 0,9% (о.і. жоғары сортты бидай ұннан жасалған нан - 6,0%), сүт өнімдері - 0,9% (о.і. сүзбе -1,6%-ға, қаймақ - 1,6%, айран майлығы 5-9% - 0,2%), шұжық, балық және теңіз өнімдері - 0,2%, кофе - 0,1%.
Жұмыртқа - 5,0%-ға, күріш - 1,9%-ға, қант - 1,6%-ға, жаңа піскен көкөністер - 0,8%-ға (о.і. ақ қырыққабат - 22,2%-ға, қызанақ - 22,0%-ға, қияр - 21,4%-ға) баға төмендеді.
Ұн, шай, жарма, макарон өнімдері, қатты ірімшік, маргарин бағалары өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша фармацевтикалық тауарлар бағасы - 1,9%-ға, құрылғылар мен жеке тауарлар - 0,9%-ға, сыртқы киімдер - 0,7%-ға, бензин - 0,3%-ға, дизель отыны - 0,2%-ға, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстауға және жөндеуге арналған материалдар, жуу және тазалау құралдары - 0,1%-ға өсті.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы ақылы қызмет көрсету бағасы 5,2%-ға, шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері - 2,3%-ға, көлік қызметтері 0,9%-ға (о.і. әуе жолаушылар көлігі 2,1%-ға, теміржол автомобиль көлігі - 0,9%-ға), сақтандыру - 0,5%-ға, тұрғын үйді нақты жалдау - 0,4%-ға, тұрғын үйді күтіп-ұстау және жөндеу қызметтері - 0,3% өсті.
Салықтар мен бюджет.
Мемлекеттік бюджетке 114,5 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 105,1%, оның ішінде республикалық бюджетке – 26,2 млрд.теңге (84,8%), жергілікті бюджетке – 88,3 млрд.теңге (113,2%).
Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 118,5% - ға өсті.
2025 жылғы 1 маусымына облыс бюджетінің шығындары 300,2 млрд.теңгеге немесе болжамға 96,4%-ға орындалды, оның ішінде әлеуметтік салаға 200,9 млрд.теңге қарастырылды (99,7 %).
2025 жылғы 1 маусымына облыс бюджетінің шығыстары 810,3 млрд. теңгені құрады, тиісті кезеңімен салыстырғанда шығыстар сомасы 63,0 млрд.теңгеге немесе 108,4% - ға өсті (2024 жылдың 1 маусымына 747,3 млрд.теңгені құрады).
Шығындар құрылымындағы ауқымды үлес білім беруге – 49,4%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға – 7,2%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына – 5,4 % денсаулық сақтауға –2,5% келеді.
Сумен қамтамасыз ету және су бұру.
Облыстың 353 ауылдық елді мекенінен 331-і (93,8%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылы АЕМ - де және облыс қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және қайта жаңғыртуға 10,5 млрд. теңгеге (оның ішінде РБ – 6,5 млрд. теңге, ЖБ – 4,0 млрд. теңге) 30 жобаны іске асыру қарастырылды.
2025 жылы қалалар мен ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін 100,0%-ға жеткізу жоспарлануда.
Электрмен, жылумен және газбен қамтамасыз ету.
Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылға 4,8 млрд. теңгеге (РБ – 3,7 млрд. теңге, ЖБ – 1,1 млрд. теңге) 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Экология.
2024 жылы Жамбыл облысындағы стационарлық көздерден ластаушы заттардың нақты жиынтық шығарындылары 52,9 мың тоннаны құрады. Тараз қаласындағы атмосфералық ауаның ластануы «төмен» деңгейде көрінеді, мұнда көлік көп жүретін қиылыстарда күкірт қышқылының орташа тәуліктік деңгейінің жоғарылауы байқалады, бұл автомобиль көлігінің атмосфералық ауаның ластануына айтарлықтай әсерін көрсетеді.
Халық саны.
2025 жылдың 1 мамырына Жамбыл облысы бойынша халық саны 1 220,6 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында 437,4 мың адам, Байзақ ауданында 106,5 мың адам, Жамбыл ауданы – 88,0 мың адам, Жуалы ауданы – 53,5 мың адам, Қордай ауданы – 156,9 мың адам, Т.Рысқұлов ауданы – 66,3 мың адам, Меркі ауданы – 88,1 мың адам, Мойынқұм ауданы - 27,7 мың адам, Сарысу ауданы – 43,3 мың адам, Талас ауданы - 47,7 мың адам, Шу ауданы - 105,2 мың адам.
Әлеуметтік қорғау.
2025 жылдың 1 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны - 26152 адам (2024 жылдың көрсеткішінен 1004 адамға аз), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 153716 адам, бұл 2024 жылдың көрсеткішінен 27841 адамға аз, облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 29,8%-ды құрады. 2025 жылдың 1 маусымына жаңадан 18189 жұмыс орны құрылды.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2024 жылы 5,5%-ды немесе 66838 адамды құрады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 17661 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен - 2839 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 415, жастар практикасымен – 642, «Күміс жас» жобасы бойынша - 907, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 1841, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 8131, онлайн оқыту курстарына – 2629 адам жолданды.
Білім.
Бүгінге, 618 мектепке дейінгі ұйымдармен (498 балабақша, 120 шағын орталықтар) 63,5 мың бала немесе 91,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2024 жылдың деңгейінен 0,3 пайыздық тармаққа төмен.
2025 жылы 26 білім беру обьектілерін дамытуға 28,8 млрд.теңге бөлінді.
Оның ішінде: «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы қарастырылды (Қордай ауданында 2 мектеп (600 орындық),Тараз қ. «Ұлы Дала», «Шөлдала» шағын аудандарында 2 мектеп (2600 орындық)).
2025 ж. 1 маусымына Тараз қаласы «Ұлы Дала» шағын ауданындағы 2000 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 2 мектептің (200 орындық), Жамбыл ауданында 3 мектептің (350 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектептің (120 орындық), Шу ауданында 3 мектептің (340 орындық), Тараз қаласында 1 мектептің (600 орындық) құрылыстары қарастырылған (облыс бойынша 12 мектепке жапсарлас, оның ішінде дарынды балаларға арналған ІТ лицей - интернат).
2025 ж. 1 маусымына 350 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.
Облыстағы 450 мектеп Интернет желісіне және «Bilimclass» жүйесіне қосылған. 362 мектепте 1768 интерактивті панельдер орнатылған.
Денсаулық сақтау.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2025 жылы 21,5 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 8,9 млрд. теңгесі немесе 99,8%-ы игерілді.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 5,0 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 2,6 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 11,2 млрд. теңге (РБ - 3,6 млрд.теңге, ЖБ - 7,6 млрд.теңге) бөлініп, есепті мерзімге ЖБ-тен – 3,9 млрд. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 1441,4 млн. теңге (о.і. РБ – 1233,3 млн. теңге, ЖБ - 208,1 млн. теңге) қарастырылды.
Бөлінген қаражатқа 6 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (Қордай мен Талас аудандарында 90 келушіге арналған 2 ДА, Қордай ауданында Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана құрылысы, Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасының ғимаратын қайта жаңғырту (литер А қабылдау бөлімшесі), компьютерлік томографты орнату үшін Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасының ғимаратын қайта жаңғырту, Талас ауданында ДА-ның сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы).
2025 ж. 1 маусымына Қордай ауданында 45 келушіні қабылдайтын ДА пайдалануға берілді.
2025 жылдың қаңтар-мамырында қатерлі ісік, наркологиялық аурулармен, психикалық бұзылу, мерез және қан айналымы жүйесімен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Сонымен қатар туберкулез және қант диабетімен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.
Ана өлімінің 3 жағдайы Мойынқұм ауданы, Тараз және Шу қалаларында тіркелді.
Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 384 медициналық ұйым кіреді, оның ішінде 28 ауруханалық ұйымдар, 141 амбулаториялық емханалық ұйымдар, 4 диспансер, 58 фельдшерлік-акушерлік пункт, 145 медициналық пункт және 8 басқа ұйымдар.