Жамбыл облыстық полиция департаментінде «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі» өткен кеңестің БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Жамбыл облыстық полиция департаментінде «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі» өткен кеңестің
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

          2020 жылғы 4 қараша күні сағат 11.00-де облыстық полиция департаментінің ғимаратында электоралдық науқанға дайындық шаралары бойынша кеңес өтті. Кеңеске облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, облыстық полиция департаментінің бастығы, облыс прокурорының бірінші орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің өкілдері және полиция департаментінің басқармалары мен аудандық, қалалық полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.

          Кеңес барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Ө.Айдапкелов сайлау науқанында күнтізбелік жоспарға сәйкес атқарылуы тиіс шараларды айтып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сай жауаптар берді.

          Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің басқарма басшысымен облыс прокурорының бірінші орынбасары полиция қызметкерлеріне заң талаптарын түсіндіріп, сайлау науқанында құзырлы органдар мен тұлғалардың құқықты әрекеттері мен жауапкершіліктерін атап өтті.

Жамбыл облыстық полиция департаментінде «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі» өткен кеңестің БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Дата публикации
05 ноября 2020