ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалы және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2020 жылдың қараша айының 3-4 жұлдыздарында Тараз қаласында «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау процесінің ұйымдастырушылық-құқықтық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында семинар-кеңестер өткізілді.
Семинар-кеңестің мақсаты: 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері және сайлау процесінің ерекшеліктері туралы білім алу арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыру.
Семинар-кеңесті Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, сайлау науқанына дайындықтың негізгі іс-шараларын заң талаптарына сай ұйымдастыруды тапсырды.
Оқыту процесінде Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С.Мадиева, Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А.Асқарбеков., Меркі және Шу аудандық сайлау комиссияларының хатшылары Г.Далиева мен Б.Стыбаев сынды электораттық оқытудың сертификатталған тренерлері дәріс оқып, оқу-практикалық сабақтар жүргізді.
Семинар-кеңес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 қаулысының №2 қосымшасында көрсетілген санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылды.