Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Жобаны ұсынушы:
Облыс әкімдігінің жер
қатынастары басқармасының
басшысы Б. Көпбосынов
Жамбы облысы әкімдігінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3023 болып тіркелген, 2018 жылдың 18 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3144 болып тіркелген, 2016 жылдың 5 тамызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3795 болып тіркелген, 2018 жылдың 3 мамырында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
- «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3793 болып тіркелген, 2018 жылдың 3 мамырында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 60 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 89 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3857 болып тіркелген, 2018 жылдың 21 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
- «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 61 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 90 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3858 болып тіркелген, 2018 жылдың 21 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4188 болып тіркелген, 2019 жылдың 19 сәуірінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 199 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4191 болып тіркелген, 2019 жылдың 19 сәуірінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген, 2019 жылдың 25 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
- «Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелген, 2019 жылдың 22 қарашасында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).