«Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп
тану туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына
АНЫҚТАМА
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді.
Негіз: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 16-бабы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын талаптар» (Ескерту. 16-бап алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен) және 17-бап «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің мазмұнына қойылатын талаптар» (Ескерту. 17-бап алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен).
Қаулы жобасының мақсаты төмендегі нормативтік құқықтық актілердің күшін жою болып табылады:
- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 79 қаулысы.
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 199 қаулысы.
- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 60 қаулысы.
- «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 61 қаулысы.
- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 60 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 89 қаулысы.
- «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 61 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 90 қаулысы.
- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 79 қаулысы.
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 199 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 80 қаулысы.
- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 125 қаулысы.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 256 қаулысы.Қаулы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық салдары жоқ.
Жобаны қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздемейді.
Қаулы жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайды, қорытынды алу үшін жолданады.
Қаулы жобасы қоғамдық кеңестің қарауына ұсынылады.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылып және қоғамдық талдау қорытындысы алынады.
Қаулы қабылданғаннан кейін әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, соған сәйкес әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну қажеттігі бар.
Қаулы жобасы азаматтардың заңда белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзбайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейді.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің қарауына енгізуге ұсынылады.
Басшы Б.Көпбосынов
Заңгер К.Закиров
2020 жылғы «___» _____________