Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы.

       Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

       1) Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну қағидалары;

       2) Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

       3) Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырылған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы мен жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялау қағидалары;

       4) Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;

       5) Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары;

       6) Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары;

       7) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

       8) Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидалары;

       9) Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары бекітілсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

 

Премьер-Министрі

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген

 Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы  мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара  кепілдік ұсыну қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/ микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ)/микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттері/ микрокредиттері/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкер кредитінің кәсіпкердің мәлімделген қызметімен байланысты әрі салықтық міндеттемелерді, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуге арналмаған нысаналы мақсаты;

       2) арнайы қаржы компаниясы – "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

       3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

       4) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген және жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу функцияларын жүзеге асыратын микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі;

      5) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша алынған кастодиан-банктегі шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

       6) бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы/бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, "Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33681 болып тіркелген);

      7) жоба (бизнес-жоба) – кіріс алуға бағытталған және мемлекеттік қаржылай қолдау ұсынылып отырған қызмет шеңберінде (бір жоба аясында бірнеше банктік кредит алуға/лизинг мәмiлесi жасасуға болады) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимыл мен іс-шаралар жиынтығы;

      8) инвестициялық мақсаттар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу, және (немесе) жаңғырту, және (немесе) реконструкциялау, және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу (осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты ақы төлеу шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/биологиялық/материалдық/материалдық емес активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады);

       9) ислам банкі – осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

       10) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – тауар үшін төлемді ислам банкінің ұсынуымен кәсіпкердің кейінге қалдыруы немесе бөліп төлеуі;

      11) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;

      12) кредиттік шарт – талаптары бойынша ЕДБ/микроқаржы ұйымы кәсіпкерге кредит/микрокредит беретін (кредиттік желі ашу туралы келісім де кредиттік шартқа жатады), ЕДБ/микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      13) кредитті/микрокредитті нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (нысаналы пайдалану кәсіпкердің активке/жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге ақы төлегенін және толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

      16) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді (бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы бөлек шарттар жасасады);

      17) микрокредит – микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен беретін, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша;

      18) микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым – микрокредит беру қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ);

       19) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      20) портфельдік ішінара кепілдік беру – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;

       21) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

       22) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасында жасалатын, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;

       23) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидия беру нысаны.

      Кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі арқылы қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері де субсидияланады. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кредиттерін/микрокредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функциясын осындай кредиттерді/микрокредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген ЕДБ/МҚҰ жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі кәсіпкерлерді арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ-ның бөлінген активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ-ға қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау нысанын көздейді;

      24) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

       25) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар.

  1. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігімен арада жасалатын қаражатты аударуға арналған шарттың негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.
  3. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес жасалатын субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын/осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын қолданыста болған бағдарламалары/осы Қағидалар шеңберінде субсидиялауға бөлінген қаражатты жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдік беруге қаражаттың қажет болу шамасына қарай пайдалануға рұқсат етіледі.

      Субсидиялау үшін бөлінген және бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде жергілікті және/немесе республикалық бюджеттерден аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

       Жобаларға ішінара кепілдік беруге бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі жобаларға ішінара кепілдік беруді облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органынан/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қосымша қаражат алғанға дейін тоқтата тұрады.

       Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны портфельдік ішінара кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды және шығарылған кепілдіктер бойынша төлемақы болып табылады. Портфельдік ішінара кепілдік шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сома жобаларға кейіннен портфельдік ішінара кепілдік беру үшін пайдаланылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты түрлі қаржы құралдарына орналастырады. Шығарылған кепілдіктердің құнынан алынған қаражат кейінге қалдырылған кіріс ретінде есепке алынады және шығарылған кепілдік қолданылатын мерзім бойы ай сайын амортизацияланады.

      Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде кредиттер/ микрокредиттер/қаржыландыру бойынша субсидиялау және кепілдік беру үшін бюджетті бөлу:

      өңдеу өнеркәсібіне – бюджет қаражатының 50 %-ына дейін;

      қызметтер көрсетуге, оның ішінде сауда қызметі саласында – бюджет қаражатының 30 %-ына дейін;

      микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредиттер) – бюджет қаражатының 20 %-ына дейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі, және/немесе қызметтер көрсетуге арналған және сауда қызметі саласындағы, және/немесе микрокәсіпкерлік субъектілеріндегі жобаларды қолдау шеңберінде бөлінген және қаржы жылының 1 қыркүйегіне пайдаланылмаған қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау және/немесе кепілдік беру қажеттігіне қарай солардың арасында қайта бөледі.

  1. Қаржы агенттігі тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау және кепілдік беру бөлігінде іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

 2-тарау. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру тәртібі

 1-параграф. "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау"  бағыты бойынша субсидия мен кепілдік беру шарттары

  1. "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағытына кәсіпкерлер қатысады.

       Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру сауда саласындағы (тамақ өнімдерінің саудасына жол беріледі) қызметті қоспағанда, инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша салалық шектеусіз жүзеге асырылады.

      Жобаларды республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру салалық шектеусіз жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлердің инвестициялық жобалары ЕДБ/МҚҰ шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын кемінде 1 (бір) адамға міндетті түрде көбейтуді көздейді.

  1. Мыналарға "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде субсидия мен кепілдік берілмейді:

       1) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары;

      2) кредиторы ұлттық даму институттары болып табылатын кредиттер/микрокредиттер;

       3) сыйақы мөлшерлемесі осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде арзандатылған ЕДБ/МҚҰ кредиттерін/микрокредиттерін/қаржыландыруын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер/микрокредиттер;

       4) ұйымдардың, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      5) овердрафт түріндегі кредиттер;

      6) мыналарды:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс қызметін жүзеге асыруын растайтын құжат болған жағдайда жаңа және (немесе) жұмыс істеп тұрған объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьютор болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды;

       тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда осындай тауарларды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлғалардан сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі негізгі құралдарды, тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      7) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өтінімдер бойынша 1 (бір) бірлігінің құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), ЭҚЖЖ коды 77.11 "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алу және олардың лизингі" бойынша жеңіл автомобильдерді жалға беруге (2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өтінімдер бойынша 1 (бір) бірлігінің құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      8) мектепке дейінгі білім беру немесе бүлдіршін жастағы балаларға білім беру жағдайларын (ЭҚЖЖ 85.10 "Мектепке дейінгі білім беру" және 88.91 "Балаларға жасалатын күндізгі күтім" кодтары), сондай-ақ нысаналы мақсаты ЕДБ/МҚҰ-ның бірінші шешімі шыққан күннен бастап бір жыл ішінде бизнес-мақсаттарға (апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысының жер учаскелерін жалға/қосалқы жалға беруді қоспағанда) өзгерген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға (апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін сатып алу/жалдау/қосалқы жалға беру) бағытталған кредиттер/микрокредиттер (осы Қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін ЕДБ/МҚҰ-ның шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі);

      9) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдарының және лизинг компанияларының қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      10) бұған дейін қосымша жаңғыртусыз сатып алынатын жобаның 20 %-ынан аз субсидия және/немесе кепілдік алған дайын және пайдалануға берілген/қолданыстағы жобаны сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      11) салықтық міндеттемелерді, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      12) кредит/микрокредит есебінен сатып алынған активті оны сатқан тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/тегін пайдалануға беруді жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе осы тұлғамен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды іске асырған және/немесе болашақта жоспарлап отырған кәсіпкерлер (жобаларды мониторингтеу барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталса, субсидиялау тоқтатылады және бұған дейін төленген субсидиялар қайтарылады);

      13) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатып қойған кәсіпкерлер;

      14) меншік нысаны "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жеке мекеме ретінде тіркелген кәсіпкерлер;

      15) акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды/өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлер.

      "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде электр самокаттарын сатып алуға/жалға беруге бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру субсидияланбайды.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) миллион теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) миллион теңгеден аспайды. Жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде берілетін кредиттік желі түрінде айналым қаражатын толықтыруға кредиттерге/ микрокредиттерге/қаржыландыруға жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) миллион теңгені құрайды. Кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борыш ішінара/толық мерзімінен бұрын өтелетін болса, Қағидаларда белгіленген лимит шегінде қайтадан кредит/микрокредит/қаржыландыру алуға жол беріледі.
  2. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асып кеткен жағдайда, қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
  3. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын, оның 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұған дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

       Жобаларын елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын, оның 7 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұған дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік беру салалық шектеусіз және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын, оның 7 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады.

       Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28 %-дан аспайтын, оның ішінде номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

       Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлеріндегі жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

       Портфельдік ішінара кепілдік беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлеріндегі жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

       Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың қалған сомасын кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ қалауы бойынша өтейді.

  1. Инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды, айналым қаражатын толықтыру субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 2 (екі) жылды құрайды.
  2. Портфельдік ішінара кепілдік беру мерзімі кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімінен аспайды.
  3. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру қаржы агенттігінің басқару органы бекітетін ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іріктелетін ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылады.
  4. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы әрбір ЕДБ/МҚҰ үшін оның өңірлік филиалдары бөлінісінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру лимитін айқындайды.
  5. Қаржы агенттігі төлеген ЕДБ/МҚҰ талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан жағдайда қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді тоқтатады. Мұндай жағдай туындаған кезде жаңа жобаларды қарастыруға жол берілмейді.

      Бұл ретте қаржы агенттігі бұған дейін жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

  1. Кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері субсидияланады. Бұл ретте қаржы агенттігі секьюритилендірілген облигацияларды өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен сатып алады.
  2. Бұған дейін бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар бұған дейін мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың өзге шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Қағидалардың қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

 2-параграф. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне портфельдік субсидия беру шеңберінде ЕДБ/МҚҰ лимитін айқындау

  1. ЕДБ/МҚҰ лимиттерін қаржы агенттігінің уәкілетті органы ЕДБ/МҚҰ-мен алдын ала келісу бойынша жыл сайын бекітеді, сондай-ақ бір жыл ішінде лимит игерілген жағдайда қосымша ұлғайтуға не ЕДБ/МҚҰ қаражатты игеру жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда секвестрлеуге жол беріледі.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шеңберінде ЕДБ/МҚҰ лимиттері кредиттік шарттардың бұрын бекітілген төлемдерді өтеу графигі бойынша қабылданған міндеттемелердің сомасына және ағымдағы қаржы жылында кредиттік шарттарға жаңа төлемдер графигін қабылдау үшін қаражат қажеттігіне сүйене отырып белгіленеді.

       Бұл ретте ағымдағы қаржы жылына арналған кредиттік шарттарға бұған дейін бекітілген төлемдерді өтеу графигі бойынша қабылданған міндеттемелер ЕДБ/МҚҰ лимиті белгіленбей төленеді.

  1. Лимит бөлуге қатысу үшін ЕДБ:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау;

      2) қаржы агенттігінің басқару органы бекітетін ішкі құжаттарына сәйкестігі талаптарына сай келеді.

  1. Лимит бөлуге қатысу үшін МҚҰ:

       1) құжаттар тапсырылған күнге МҚҰ меншікті капиталының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі деңгейден төмен болмауы;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуінің болуы;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау;

       4) қаржы агенттігінің басқару органы бекітетін ішкі құжаттарына сәйкестігі талаптарына сай болады.

  1. Егер ЕДБ/МҚҰ лимитінің игерілу көлемі қаржы агенттігі лимитті айқындаған кезден бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін 30 %-дан кем болса, лимиттерді басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөлуге жол беріледі.
  2. ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында лимит айқындалғаннан кейін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім жасалады, онда:

      1) ЕДБ/МҚҰ лимиттерін игеру мерзімдері;

       2) портфельдік ішінара кепілдікті төлеу тәртібі;

       3) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды төлеу тәртібі;

      4) жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      5) субсидиялау тоқтатылған (қаражатты нысаналы пайдаланбау) жобалар арасында босаған лимиттерді қайта бөлу шарттары көрсетіледі.

  1. Кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борышы ішінара мерзімінен бұрын өтелген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі бар және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) хатын жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік бір ай ішінде кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда қаржы агенттігіне ЕДБ/МҚҰ-ның осындай жағдайлар бойынша біріктірілген кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) ЕДБ/МҚҰ хатын ұсынуына жол беріледі.

 3-параграф. Портфельдік ішінара кепілдік беру

  1. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға кредит/микрокредит/қаржыландыру алуға өтініммен жүгінеді.
  2. Кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша қарыз алушының кепілмен қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі кредит/микрокредит /қаржыландыру сомасының 85 %-ына дейінгі мөлшерде кепілдік беруді қамтамасыз етеді.
  3. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша деректерді;

       2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат береді.

      Бұл ретте деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді.

  1. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде қаржы агенттігі хабарлама хат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ-ға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік міндеттеме жібереді.

       Кепілдік міндеттеме қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік міндеттеменің электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Өтінім автоматтандырылған сервис арқылы қаралған жағдайда қаржы агенттігі кепілдік міндеттемені сервис арқылы жібереді.

  1. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
  2. Өтінім қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисі арқылы қаралған жағдайда ЕДБ/МҚҰ кепілдік міндеттемені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін кәсіпкерге кредит/микрокредит/қаржыландыру берілгені туралы сервис арқылы хабардар етеді.
  3. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі портфельдік ішінара кепілдік беру бойынша лимитті басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөле алады.
  4. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға кепілдік төлеуі ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Егер кәсіпкер кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне талап қоя алады.
  6. Қаржы агенттігі кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша ЕДБ/МҚҰ кепілдіктерін талапты алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.
  7. Кредит/микрокредит/қаржыландыру нысаналы пайдаланылмаған/ішінара нысаналы пайдаланылмаған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады/кепілдік сомасы нысаналы пайдаланылмаған кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасына барабар төмендейді.

      Егер кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орнын кемінде 1 (бір) адамға ұлғайту көрсеткішіне қол жеткізбесе, кепілдік міндеттеме жойылмайды.

  1. Кепілдіктің күшін жою/кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік сомасын төмендету есебінен қаражат босаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ жаңа жобалар бойынша өтінімдерді бөлінген лимит шегінде қарайды.
  2. Мыналарды:

      1) кредиттеу/қаржыландыру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, ЕДБ/МҚҰ кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссия, алым және/немесе өзге де төлем алмайды.

  1. Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер нақтыланғанға дейін қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілетін қаражатты кейіннен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде өтейтін кепілдік шарттарын жасасады.

       Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының бюджетті кезекті нақтылау кезінде қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органын жасалған кепілдік шарттары туралы ай сайын 10-ы күніне дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсетіп хабардар етеді.

       Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде алдымен бұған дейін жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүргізіледі, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.

      Бөлінген қаражат осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұған дейін жасалған кепілдік шарттарын өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

 4-параграф. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне портфельдік субсидия беру тәртібі

  1. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру алуға өтініммен жүгінеді.
  2. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде кредит/микрокредит беру/қаржыландыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша деректерді;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат береді (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді).

  1. Кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер өзіне кредит қаражатын нысаналы пайдалану бойынша міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:

      1) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;

      2) кәсіпкерді қаржыландырудың номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын шарттары қайта қаралады.

  1. ЕДБ субсидия сомасын аудару үшін қаржы агенттігіне ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша субсидия аудару үшін МҚҰ ағымдағы шот ашатын банк-төлем агентін айқындайды.

  1. Кредиттік шарттарға/қаржыландыру шарттарына қол қойылуына қарай ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен төлемдерді осы Қағидалардың 40-тармағын ескере отырып жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын жібереді.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескеріп, ЕДБ/МҚҰ ұсынған кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының төлем графигін назарға алып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агенттігіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып, тиесілі субсидия сомасын өзі есептейді, көрсетілген есеп-қисапты қаржы агенттігі тексермейді.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы ЕДБ/МҚҰ-ны бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада ЕДБ/МҚҰ атауы, өңірі, кәсіпкердің атауы, субсидия сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

  1. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ЕДБ/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржы жағдайы нашарлауының өзге де белгілері болған жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмендеген;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкерлердің кредит бойынша толық төлем (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) жасауы фактісі туралы ЕДБ/МҚҰ-ның хабарламасы негізінде не кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      ЕДБ/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

  1. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидия сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады. ЕДБ/банк-төлем агенті қаражатты шоттардағы жалпы ағымдағы қаражат қалдықтарының есебінен шығара алмайды.

      Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ субсидияларды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлемдер графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген, өзгертілген өтеу графигі бойынша өтейді.

  1. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде ЕДБ/МҚҰ сыйақы төлеуді кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына сәйкес өтеу графигі бойынша жүргізеді.

      Кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін) толық төлеуі фактісі бойынша ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/ қаржыландыруы бойынша кәсіпкер жоспарлы төлемді өтеген күні қаржы агенттігінің шотында қаражат болған;

      2) график бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне есептен шығаруды жүзеге асырады.

  1. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимит бойынша талаптардың сақталуы үшін қарыз алушы туралы ақпарат жіберуге міндетті.
  2. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
  3. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Бұл ретте қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі тиісті өңірлік үйлестірушіден түскен қаражат болған кезде жүзеге асырылады.

      Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін түскен бюджеттен берілетін қаражат болмаған жағдайда, оның ішінде қаржы агенттігі белгілеген субсидиялау лимиті бар болса, қаржы агенттігі тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден қаражат алған кезге дейін ЕДБ/МҚҰ-дан осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдамайды.

  1. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі лимит шеңберінде жаңа жобаларды субсидиялауды тоқтатады.
  2. Кредит/микрокредит/қаржыландыру нысаналы пайдаланылмаған/ішінара нысаналы пайдаланылмаған кезде, жоба және/немесе кәсіпкер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген кезде қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесін/үстеме бағаны субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте субсидиялау кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы сомасына барабар тоқтатылады, оның ішінде қаржы агенттігі нысаналы пайдаланбауды/ішінара нысаналы пайдаланбауды және/немесе жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуін өзі анықтаған кезде де тоқтатылады.
  3. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатуды ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ анықтаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберілген ЕДБ/МҚҰ хабарламасы негізінде және (немесе) қаржы агенттігінің мониторинг туралы есебінің негізінде мынадай жағдайлардың кез келгені орын алған күннен бастап сыйақы/үстемеақы мөлшерлемесін субсидиялауды тоқтатады:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды нысаналы пайдаланбау/ішінара нысаналы пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды нысаналы пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады;

      2) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салыну (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы;

      4) егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар), сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өкімінің, және/немесе өзге де құжатының, және/немесе актісінің негізінде туындаса, кәсіпкердің кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлемдер графигіне сәйкес ЕДБ/МҚҰ алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы.

  1. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландырудың номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын шарттарын қайта қарайды.

      Кәсіпкерге төленген субсидия сомасы қаражатты кейін субсидия төлеу бойынша пайдалану үшін қаржы агенттігіне қайтарылуға тиіс.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауды қайта бастау кәсіпкер осы Қағидалардың 54-тармағының 3)-4) тармақшалары бойынша бұзушылықтарды жойған жағдайда және ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кредит беру/қаржыландыру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссия, алым және/немесе өзге де төлем алмайды.

 3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

  1. Осы Қағидалар шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
  2. Банк/МҚҰ жобаның осы Қағидалардың және ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді, атап айтқанда:

      кредиттік шарт/қаржыландыру/микрокредит шарты жасалған кезден бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиттің/қаржыландырудың/микрокредиттің шартын нысаналы пайдалану мониторингін;

      төлем тәртібінің мониторингін (тұрақты негізде);

      кредиттік шарт/қаржыландыру/микрокредит шарты жасалған кезден бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін мерзімде жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалар мен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді жүргізеді.

  1. Қаржы агенттігі мониторингті:

      1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредиттік шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге мерзімде) орындамаған;

      2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберілген жағдайда осы Қағидалардың 54-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес өзі анықтаған кезде ЕДБ/МҚҰ бойынша кредиттік қаражаттың нысаналы пайдаланылмағаны/жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда жүргізеді.

 

Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялау
және ішінара кепілдік ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

 Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

10

Тамақ өнімдерінің өндірісі

11.06

Уыт өндірісі

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сулар өндірісі

13

Текстиль бұйымдарының өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Былғары және соған жататын өнім өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін тыңдап-көрсету

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарының өндірісі

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

27

Электр жабдықтарының өндірісі

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі

30

Басқа көлік құралдарының өндірісі

31

Жиһаз өндірісі

32

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер игеру

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау

35.11.2

Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою қызметі және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймаға жинау

49.3

 Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймаға жинау және қосалқы көлік қызметі

Тұру және тамақтану бойынша қызметттер көрсету

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне баспана беру***

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызметтер көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.8

Жеке меншік немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару****

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Халыққа тұруын қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет

88

Халыққа тұруын қамтамасыз етпей әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет

Өнер, ойын-сауық және демалыс

93.1

Спорт саласындағы қызмет

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда;

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобаларды және 1 (бір) бірлігінің құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда);

       республикалық маңызы бар қалаларда дизель отынымен жүретін автобустарды (ЭҚЖЖ кодтары 49.31.1 "Автобуспен тасымалдау", 49.31.9 "Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау") қоспағанда;

      *** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда;

      **** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді.

 

Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялау
және ішінара кепілдік ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

 Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

10

Тамақ өнімдерінің өндірісі

11.06

Уыт өндірісі

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сулар өндірісі

13

Текстиль бұйымдарының өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Былғары және соған жататын өнім өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін тыңдап-көрсету

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарының өндірісі

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

27

Электр жабдықтарының өндірісі

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі

30

Басқа көлік құралдарының өндірісі

31

Жиһаз өндірісі

32

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызметтер көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау

35.11.2

Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

45.2

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Көлік және қоймаға жинау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймаға жинау және қосалқы көлік қызметі

53

Пошта және курьер қызметі ***

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне баспана беру****

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызметтер көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.8

Жеке меншік немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару*****

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру қызметі

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Халыққа тұруын қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет

88

Халыққа тұруын қамтамасыз етпей әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет

93

Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет ******

Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Текстиль және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда;

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобаларды және 1 (бір) бірлігінің құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда);

      республикалық маңызы бар қалаларда дизель отынымен жүретін автобустарды (ЭҚЖЖ кодтары 49.31.1 "Автобуспен тасымалдау", 49.31.9 "Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау") қоспағанда;

      *** табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда;

      **** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда;

      ***** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді;

      ****** дискотекалар мен караокені қоспағанда.

 

Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялау
және ішінара кепілдік ұсыну
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

 

"Даму" кәсіпкерлікті

 

дамыту қоры" АҚ-ға

 Хабарлама-хат

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қор) мен ______АҚ (екінші деңгейдегі банктің атауы көрсетіледі) (бұдан әрі – банк) арасында қол қойылған 20__ "___" ________№ ___ Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім шеңберінде банк "_____" дара кәсіпкердің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының/шаруа қожалығының (ДК/ЖШС/АҚ/ШҚ) (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттармен* мақұлдағанын хабарлаймыз:

Банктің қарыз шарты/Қаржыландыру шарты**

 

 

Қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

 

 

Қарыз алушының заңды және нақты (бар болса) мекенжайы

 

 

Тіркелген күні (ДК/ЖШС/АҚ/ШҚ)

 

 

Банктің атауы

 

 

Қарыз алушы шотының нөмірі

 

 

Бенефициар коды (КБЕ)

 

 

Банкке өтініш берілген күн

 

 

Банктің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн

 

 

Қорландыру бағдарламасы

 

 

Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты

 

 

Осы шарт жасалған күнге кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы

 

 

Кредит/микрокредит/қаржыландыру валютасы

 

 

Кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі (аяқталу күнін көрсете отырып, айлармен)

 

 

Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі

 

 

Қаржыландыру саласы

 

 

Кепілдік мөлшері (кредит сомасының %-ын көрсете отырып)

 

 

Кепілдік мерзімі (аяқталу күнін көрсете отырып)

 

 

Кредит бойынша кепілдікті қамтамасыз ету (қордың кепілдігінен басқа); атауы, мекенжайы, нарықтық және кепілдік құны

 

 

Жоба іске асырылатын орын (облыс, қаланы/ауданды міндетті түрде көрсете отырып)

 

 

      * шарттарды кесте нысанында қосуға жол беріледі

      ** көшірмесі қоса беріледі

      Құрметпен,

      ___________ ____________ ____________________________________

        (лауазымы)        (қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялау
және ішінара кепілдік ұсыну
қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

 

Кепілгердің атауы:

 

"Даму" кәсіпкерлікті

 

дамыту қоры" АҚ

 

 Мекенжайы:

 

_________________

 

Кімге: ____________

      (банктің/МҚҰ толық атауы

      және деректемелері)

 № _______ кепілдік міндеттеме

_____________ қаласы

20____ жылғы "____"__________

       Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарын, сондай-ақ _______ "_______________" (бұдан әрі – қарыз алушы) _______АҚ-мен (бұдан әрі – Банк/МҚҰ) мынадай негізгі шарттармен:

      1) кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы ______________________;

      2) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауарға үстеме баға

      __________________________________________________________;

      3) кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі ____________ (айлармен);

      4) кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты

      __________________________________________________________;

      5) қарыз алушының жобасы бойынша экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші _________________; 20__ жылғы "___"______ № ___ кредит шартын/қаржыландырушартын жасасқанын ескере отырып, осы шартпен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өзіне жоғарыда көрсетілген кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша кепілгер болып табылатынын және есептелген сыйақы/үстеме баға, комиссиялар, тұрақсыздық айыппұлы, өсімпұлдар, айыппұл санкциялары, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасылары, қарыз алушының кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ-ның басқа да шығындары сомасын ескермегенде негізгі борыш қалдығына тең соманы Банкке/МҚҰ-ға оның талабы бойынша төлеу міндеттемесін алады.

      Кепілдік қарыз алушы кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалады.

      Кепілгердің Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _______________ (________________________) теңге _______ тиын (соманы дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының _____ %-ын құрайды.

       Кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш өтелсе/ішінара өтелсе кепілгердің жауапкершілігі негізгі борыштың өтелген сомасына тең сомаға азайтылады.

       Кепілдік бойынша кепілгер міндеттемелерінің мөлшері кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.

       Кепілдік қарыз алушының кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу міндеттемесін және кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20 __ жылғы "___" __________ № _____ портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімде (бұдан әрі – Келісім) көзделген өзге де құжаттарды орындамағанын/тиісінше орындамағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларымен қоса Банктің/МҚҰ-ның жазбаша төлем талабының түпнұсқасы алынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      Кепілдік Келісімде көзделген барлық талаптар мен шарттар сақталған кезде ғана орындалады.

      Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" __________ қоса алғанда қолданыста болады, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте біз Сіздің жазбаша талабыңызды жоғарыда көрсетілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей алуымыз қажет.

      Кепілгер, Банк/МҚҰ және қарыз алушы (бұдан әрі – тараптар) арасында туындайтын, оның ішінде кепілдік беру және орындау тәртібін, кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқықтарының Банктен/МҚҰ-дан кепілгерге өту тәртібін, кепілдікті тоқтату негіздерін және осы кепілдік міндеттемеге байланысты тараптардың жауапкершілігін қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қағидалармен, Келісіммен реттеледі.

      _______________________________

      (бірінші басшының қолы)

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген

 Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері/лизинг компанияларының қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

      1) кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизинг компаниялары берген кредиттері/микрокредиттері/ қаржылық лизинг шарттары;

       2) кәсіпкерлердің "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

  1. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкер кредитінің кәсіпкердің мәлімделген қызметімен байланысты әрі салықтық міндеттемелерді, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуге арналмаған нысаналы мақсаты;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекетті іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

       3) арнайы қаржы компаниясы – "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылатын, оның пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

      4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      5) банк – қызметін осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      6) банк-агент – синдикаттың құрамына кіретін және/немесе бір мезгілде кредитор-банк болып табылатын, синдикатталған кредиттер бойынша кредиторлар мүдделерінің өкілі ретінде әрекет ететін екінші деңгейдегі банк;

      7) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген және лизингтік жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған компанияның/микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын лизинг компаниясының/микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі;

      8) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – банктік қарыз шартының негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шартымен банк кәсіпкерге беретін ақша сомасы;

       9) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді (кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады);

      10) банктің/лизинг компаниясының өтініші – банктің/лизинг компаниясының қосылу шартына қосу туралы өтініші;

      11) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша алынған кастодиан-банктегі шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

       12) бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы/бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі, "Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33681 болып тіркелген);

      13) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизинг компаниясы;

      14) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қазіргі табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      15) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және "Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – қаулы) "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалар сыныптамасы;

      16) жоба (бизнес-жоба) – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған және мемлекеттік қаржылай қолдау ұсынылып отырған қызмет шеңберінде (бір жоба аясында бірнеше банктік кредит алуға/лизинг мәмілелер жасасуға болады) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимыл мен іс-шаралар жиынтығы;

      17) жобаны іске асыру – кәсіпкер жүзеге асыратын және қаржы агенттігінің шешімімен айқындалған мақсаттар мен шарттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимыл мен іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде шығатын тауардың болуы, қызметтер көрсету, лизинг нысанасын пайдалану; негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) салуға, және (немесе) жаңғыртуға, және (немесе) реконструкциялауға, және (немесе) күрделі жөндеуге мақұлданған жобалар бойынша – қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес пайдалануға беру актісінің болуы және кәсіпкердің мәлімделген қызметті жүзеге асыруы;

      18) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу (осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты ақы төлеу шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/биологиялық /материалдық/материалдық емес активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады);

      19) кәсіпкер – жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие және өз қызметін осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектісі, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      20) кәсіпкердің өтініші – кәсіпкердің қосылу шартына қосу туралы өтініші;

      21) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешенді басқа тұлғаға өтеулі негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      22) кредитті/микрокредитті/қаржылық лизинг шартын нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты/микрокредит шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті/лизингті осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (нысаналы пайдалану тиісті құжаттармен расталады, олар жиынтығында осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес кәсіпкердің активке/жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге толық көлемде ақы төлегенін, оларды алғанын және пайдаланғанын және (немесе) басқа да мақсаттарға қол жеткізгенін растайды);

      23) көпфункционалды ғимараттар (кешендер) – инженерлік, әлеуметтік, функционалдық өзара байланыс жүйелерімен біріктірілген негізгі функцияларды атқаратын, әлеуметтік-мәдени, технологиялық, сәулет және қала құрылысы бойынша заманауи талаптарға сай келетін түрлі мақсаттағы үш және одан көп (балалар келетін үй-жайлары немесе алаңдары бар екі) объектіні орналастыруға арналған бірыңғай архитектуралық топ немесе жеке тұрған ғимараттар;

      24) қайта қаржыландыру – кәсіпкерге бұрын берілген кредиттерді кредит/лизинг қаражаты есебінен алмастыру, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына сыйақыны, айыппұлдарды, өсімпұлдарды және сот тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алуға байланысты өзге төлемдерді есепке алмағанда негізгі борыш қана кіреді;

      25) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      26) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

       27) қаржылық лизинг шарты – лизинг компаниясы/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизинг компаниясы/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      28) қосылу шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және қаржы агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылатын, талаптарын кәсіпкер және банк/лизинг компаниясы ұсынылған шартқа жалпы қосылу арқылы қабылдайтын стандартты нысандағы қосылу шарты түріндегі субсидиялау шарты;

      29) қосылу шарты бойынша төлемдер графигі – осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен келісілген, банк/лизинг компаниясымен қарыз алушы арасындағы банктік қарыз/қаржылық лизинг шарты шеңберінде субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктерге бөле отырып қол қойылатын график;

      30) лизинг компаниясы– қызметін осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизинг мәмілелері қатысушы;

      31) лизинг мәмілесі (лизинг) – азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған, лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимыл жиынтығы;

      32) мемлекеттік даму институттары – экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

       33) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік және жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      34) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредит беру жөніндегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;

       35) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде және тәртiппен қарыз алушыға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

      36) микрокредит бойынша шарт – микрокредит беру туралы шарт, оған сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға микрокредит береді;

      37) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

       38) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді бере отырып қаржыландыру;

      39) синдикат – бірнеше кредитордың кредиті, олар бір-бірімен келісіп, әрбір кредиторға арналған шартта/барлық кредиторлармен жасалған бірыңғай шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде кәсіпкерге кредит беруге немесе беріп тұруға міндеттенеді, ал кәсіпкер кредиторларға олардан алған кредитті қайтаруға, сыйақы төлеуге, сондай-ақ егер кредитор(-лар)мен жасалған шартта/кредиторлармен жасалған бірыңғай шартта көзделген болса, өзге де төлемдерді төлеуге міндеттенеді;

      40) синдикат кредиторы (кредитор-банк) – екінші деңгейдегі банк;

      41) субсидиялар – субсидиялау шарттары негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизинг компаниясына өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін кезеңді төлемдер;

      42) субсидиялау – кәсіпкер банкке/лизинг компаниясына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.

      Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері де субсидияланады. Мұндай жағдайда осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кәсіпкерлердің кредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функцияларын осындай кредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген банк жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігінде: арнайы қаржы компаниясының бөлінген банк активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының банкке қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны көзделген;

       43) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизинг компаниясы мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизинг компаниясы берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      44) сыртқы бағалау ("жасыл" жоба бойынша) – іске асыру межеленген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жобаның "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторлары үшін көзделген шекті мәндердің сақталуы бөлігінде осы кіші секторға сәйкестігін бағалау рәсімі;

      45) сыртқы бағалау провайдері – іске асыру межеленген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асырып, қаралып отырған жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы тиісті қорытынды дайындайтын ұйым;

      46) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

       47) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

      48) шекті мән ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт) – "жасыл" таксономия кіші секторы үшін белгіленген, жобаларды "жасыл", яғни "жасыл" таксономияға сәйкес келетіндер ретінде саралау үшін қол жеткізілуі қажет жобалардың немесе активтердің сандық және сапалық өлшемшарттарының шекті мәндері, кіші сектор бойынша шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау талаптарын ("жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау не жекелеген кіші секторларға қатысты таңбалардың болуы) білдіреді;

      49) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) – экономикалық қызмет түрлерін жіктеу және кодтау тәртібін белгілейтін ұлттық жіктеуіш;

      50) экономикалық орынсыздық – жоспарланған жобадан тиімділіктің болмауы, оның ішінде жұмыс орындарын құру және (немесе) салықтарды ұлғайту жөніндегі өлшемшарттың орындалмауы, жоба мақсатының мәлімделген ЭҚЖЖ-ға сәйкес келмеуі және осы Субсидиялау қағидаларына сәйкес өзге де талаптардың орындалмауы;

      51) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісім негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар;

      52) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған;

      53) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру жөнінде қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

      54) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлға және "жасыл" таксономияның шекті мәндерінің сәйкестігі туралы қорытынды беруге рұқсат құжаттары бар өзге де ұйымдар.

  1. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша кәсіпкерлер сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
  2. Қаржы агенттігі көрсететін қызметтерге уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
  3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғаларды субсидиялау үшін көзделген қаражатты республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне қаражат аударуға өздерінің араларында жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес жасалатын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шартының негізінде өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне аударады.

      Бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын/осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

       Бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары/осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден, және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген қаражатты жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдік беруге қаражаттың қажет болуына қарай пайдалануға жол беріледі.

      Субсидиялау үшін бөлінген және бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде жергілікті және/немесе республикалық бюджеттерден аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

       Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде кредиттер/лизинг бойынша субсидиялау үшін бюджет:

      бюджет қаражатының 50 %-ына дейін өңдеу өнеркәсібіне;

       бюджет қаражатының 30 %-ына дейін қызметтер көрсету, оның ішінде сауда қызметі саласына;

       бюджет қаражатының 20 %-ы микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредиттер) бөлінеді.

      Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі, және/немесе қызметтер көрсетуге арналған және сауда қызметі саласындағы, және/немесе микрокәсіпкерлік субъектілеріндегі жобаларды қолдау шеңберінде бөлінген және қаржы жылының 1 қыркүйегіне пайдаланылмаған қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау қажеттігіне қарай солардың арасында қайта бөледі.

  1. Өңірлік үйлестірушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын әзірлеу кезінде осы Субсидиялау қағидаларының ережелерін ескереді.
  2. Кәсіпкерге осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде мынадай:

      1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;

      2) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер саласында шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау;

      3) моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдау;

      4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау;

      5) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағыттары бойынша кредиттер/лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі.

  1. Қаржы агенттігі тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының кредиттер/лизинг/исламдық қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бөлігінде іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.
  2. Қаржы агенттігі Қазақстанда және оның өңірлерінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі туралы шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлік және салалық бөліністердегі ағымдағы жай-күйі мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері динамикасының кешенді жалпыреспубликалық талдауы көрсетілетін есептің жыл сайынғы шығарылымын, Қазақстанның әрбір өңірінің шағын және орта кәсіпкерлік секторына жеке-жеке шолуды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты дайындайды.
  3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде:

      1) кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын;

      2) сыйақы мөлшерлемесі осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде арзандатылған банктердің/лизинг компанияларының кредиттерін/лизинг мәмілесілерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      3) ұйымдардың, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;

      6) ломбардтардың, микроқаржылық, факторингтік ұйымдар мен лизинг компанияларының қызметіне бағытталған кредиттер/лизинг мәмілелері субсидияланбайды;

       7) мыналарды:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс қызметтін жүзеге асыруын растайтын құжат болған жағдайда жаңа және (немесе) жұмыс істеп тұрған объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайлар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьютор болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды;

      тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда осындай тауарларды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлғалардан сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі негізгі құралдарды, тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;

      8) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өтінімдер бойынша 1 (бір) бірлігінің құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), ЭҚЖЖ коды 77.11 "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алу және олардың лизингі" бойынша жеңіл автомобильдерді жалға беруге (2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өтінімдер бойынша 1 (бір) бірлігінің құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған кредиттер/лизинг;

       9) мектепке дейінгі білім беру немесе бүлдіршін жастағы балаларға білім беру жағдайларын (ЭҚЖЖ кодтары 85.10 "Мектепке дейінгі білім беру" және 88.91 "Балаларға жасалатын күндізгі күтім" кодтары), сондай-ақ нысаналы мақсаты қаржы агенттігі уәкілетті органының бірінші шешімі шыққан күннен бастап бір жыл ішінде бизнес-мақсаттарға (апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысының жер учаскелерін жалға/қосалқы жалға беруді қоспағанда) өзгерген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға (апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін сатып алу/жалдау/қосалқы жалға беру) бағытталған кредиттер/лизинг (осы Субсидиялау қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі);

      10) бұған дейін қосымша жаңғыртусыз сатып алынатын жобаның 20 %-ынан аз субсидия және/немесе кепілдік алған дайын және пайдалануға берілген/қолданыстағы жобаны сатып алуға бағытталған кредиттер/лизинг;

      11) салықтық міндеттемелерді, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге бағытталған;

      12) экономикалық тұрғыдан орынсыз жобалар;

      13) электр самокаттарды сатып алуға/жалға беруге бағытталған кредиттер/лизинг субсидияланбайды.

  1. Мыналар осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қатысушылар болып табылмайды:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жобаны және карьер игеруді іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі кәсіпкерлер;

      4) меншік нысаны "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жеке мекеме ретінде тіркелген кәсіпкерлер;

       5) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      6) кредит/микрокредит есебінен сатып алынған активті оны сатқан тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/тегін пайдалануға беруді жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе осы тұлғамен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды іске асырған және/немесе болашақта жоспарлап отырған кәсіпкерлер (жобаларды мониторингтеу барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталса, субсидиялау тоқтатылады және бұған дейін төленген субсидиялар қайтарылады);

      7) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатып қойған кәсіпкерлер.

  1. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде алынған кредиттер/лизинг мәмілелері бойынша кәсіпкер өнім берушілермен, мердігерлермен, өзге де контрагенттермен есеп айырысуды қолма-қол ақшасыз төлем нысанында жүргізеді.

      500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомадағы кредиттер бойынша кәсіпкер жобаның іске асырылатын жалпы құнының кемінде 10 % мөлшерінде өз қаражатының (ақшамен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етеді.

  1. Қатысушы лизинг компанияларына қойылатын ең төменгі талаптар, атап айтқанда:

      1) жүгінген кезден бастап айдың күнтізбелік соңғы күнінің соңындағы және субсидиялау лимиті мерзімінің соңына дейінгі жағдай бойынша лизинг компаниясының өз капиталы 1 (бір) миллиард теңгеден төмен емес;

      2) негізгі қызметтің өтінім беретін жылдың алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырылуы.

 2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі

 1-параграф. "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидия беру шарттары

  1. Экономикалық қызметтің басым түрлерінде меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушы болып табылады.

      Кәсіпкердің кредиті/лизинг мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қаулымен бекітілген "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер де "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушы болып табылады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау инвестициялық тиімді жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

       Қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін кәсіпкерлердің жобалары инвестициялық тиімді жаңа жобалар (оның ішінде "жасыл" жобалар), сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар/"жасыл" жобалар деп түсініледі.

      Кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын да растайды.

      Бұл ретте субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді растайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылып жатқан жобаның субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуін көздейтін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен анықтаған себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тауарларды таңбалауға арналған жабдықты сатып алуға бағытталған қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық тиімді жаңа жобаларды (оның ішінде "жасыл" жобаларды), сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды/"жасыл" жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігі шешімінің негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
  2. Банктердің/лизинг компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

       1) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлердің іске асырылатын жобаларын (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      2) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдары мен лизинг компанияларының қызметін қоспағанда, жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілетін банктердің кредиттеріне де қолданылады.

      Өңдеу өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобалар бойынша субсидиялау осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оларды:

      алғашқы 3 жылда 8 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      4-ші жылы 9 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      5-ші жылы 10 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Қызметтер көрсету және өзге де қызмет түрлері саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобалар бойынша субсидиялау осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 9 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде инвестициялауға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі мынадай:

      өңдеу өнеркәсібінде, оның ішінде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жыл;

      көрсетілетін қызметтерді ұсыну және өзге де қызмет түрлерінде, оның ішінде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жыл.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизинг мәмілелерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

  1. Мына:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ бұған дейін жоба қаржы агенттігінің қарауына енгізілгенге дейінгі 12 (он екі) айда банктер/лизинг компаниялары берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, бұған дейін жоба қаржы агенттігінің қарауына енгізілгенге дейінгі 2 (екі) жылда (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизинг компаниялары және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизинг мәмілесілер;

      3) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілген, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын немесе 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер;

      4) бір кәсіпкерге арналған, 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп-қисап жүргізуді және осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды, салықтарды төлеуді қоспағанда) бағытталған 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейінгі кредиттер;

      5) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі);

      6) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын кредиттер субсидияланады.

  1. Мына:

      ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр сауда орталықтарын, заманауи форматтағы сауда объектілерін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді (сауда ойын-сауық орталықтарын қоспағанда) салу, кеңейту;

      ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр сауда орталықтарындағы, сауда ойын-сауық орталықтарындағы сауда алаңдары ретіндегі үй-жайларды реконструкциялау жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі.

       Мынадай экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес кәсіпкерлердің жобаларына қолдау көрсетіледі:

      ЭҚЖЖ 47.11 "Мамандандырылмаған дүкендерде негізінен тамақ өнімдерінің, сусындар мен темекі өнімдерінің бөлшек саудасы";

      астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы жобаларды қоспағанда, ЭҚЖЖ 68.20.4 "Сауда мақсатындағы жеке меншік мақсатындағы жылжымайтын мүлігін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді жалдау және басқару";

       астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы жобаларды қоспағанда, ЭҚЖЖ 68.20.5 "Сауда мақсатындағы жалға алынатын мақсатындағы жылжымайтын мүлікті және сауда қызметінде жалға алынған көпфункционалды кешендерді жалдау (қосалқы жалдау) және басқару".

      Осы тармақтың шарттарына сәйкес келетін жобалар бойынша:

      сауда жабдығын сатып алуға;

      сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден аспайтын бір бизнес-жоба шеңберінде бір өңірде орналасқан екі немесе одан көп объектіні өткізуге жол беріледі. Бұл ретте екі және одан көп жобаны бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан тығыз байланысқан біртұтас ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) қаржыландыруға жол берілмейді.

      Сауда орталықтарының, заманауи форматтағы сауда объектілерінің және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендердің жобалары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 9 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Кредиттерді/лизинг мәмілесілерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

      Ауданы 10000 (он мың) шаршы метрден асатын сауда орталықтарын, заманауи форматтағы сауда объектілерін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді (сауда ойын-сауық орталықтарын қоспағанда) салу, кеңейту жобалары бойынша кредиттерді/лизинг мәмілесілерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды.

      Мыналар сауда орталықтары/заманауи форматтағы сауда объектілері/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендер үшін міндетті шарттар болып табылады:

      ҚР СТ 3836 "Қазақстанда жасалған" таңбалау белгісі". Техникалық талаптар" және ҚР СТ 3837 "Қазақстанда жасалған" таңбалау белгісін қолдану тәртібі. Жалпы ережелер" Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес "Қазақстанда жасалған" таңбасы бар отандық өндірістің азық-түлік емес тауарларын өткізу үшін сауда алаңында және (немесе) жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде жиырма пайызын құрайтын сауда алаңында, және (немесе) сөре кеңістігінде орналастыруды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының СТ 3836 "Қазақстанда жасалған". таңбалау белгісі. Техникалық талаптар" және және ҚР СТ 3837 "Қазақстанда жасалған" белгісін қолдану тәртібі" ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес "Қазақстанда жасалған" деген таңбасы бар отандық өндірістің тамақ өнімдерін сауда алаңында және (немесе) жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде жиырма пайызын құрайтын сауда алаңында, және (немесе) сөре кеңістігінде өткізу үшін қосымша орналастыруды қамтамасыз ету;

      объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарларын өткізу;

      ҚР СТ 3833 "Тауарлар мен қызметтерді сәйкестендіру және оларды кодификациялау тәртібі. Негізгі ережелер" ұлттық стандартына сәйкес тауарлардың ұлттық каталогын қолдану.

      Осы көлемде отандық өндірістің азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары болмаған жағдайда қалған орындар және (немесе) сөре кеңістігі кәсіпкерлердің қалауы бойынша тауарлармен толтырылады.

      Осы тармақта көрсетілген шарттар моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын сауда қызметі саласындағы жобалар бойынша қолдауды шектемейді.

      Бұл тармақ 2025 жылғы 1 шілдеге дейін (қоса алғанда) қолданылады.

  1. Кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттер/лизинг мәмілелері ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін 3 (үш) миллиард теңгеден аспайды, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгені құрайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі ескерілмей есептеледі. Егер бірнеше үлестес/байланысты кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілсе, онда бұл сома 3 (үш) миллиард теңгеден аспайды.

      Бір мезгілде мынадай 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келсе, екі және одан көп жобалардың жиынтығы бір бизнес-жоба деп саналады:

      жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан тығыз байланысқан біртұтас ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылады;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.

      Кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда жол беріледі.

      Сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеген кезде кәсіпкердің жобалары бойынша барлық қазіргі кредиттері ескеріледі) бір кәсіпкер үшін кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша үлестес/байланысты тұлғалар/компаниялар бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады. Осы абзацтың шарттары орындалмаған жағдайда субсидия төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидия сомасын толық көлемде өтейді.

       Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерге жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негіздегі кредиттік желі түрінде жол беріледі.

      Субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/толық/мерзімінен бұрын өтелген кезде осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимит шегінде айналым қаражатын толықтыруға қайтадан кредит алуға жол беріледі.

  1. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі:

      өңдеу өнеркәсібінде, оның ішінде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жыл;

      көрсетілетін қызметтерді ұсыну және өзге де қызмет түрлерінде, оның ішінде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жыл.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизинг мәмілелерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

      Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі қол қойған бірінші субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімінің басынан бастап белгіленеді.

  1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу кейінге қалдырылған және кредит мерзімі кейінге қалдыру мерзіміне ұлғайтылған кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.
  2. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизинг компаниясында бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
  3. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары бойынша басқа банктерде/лизинг компанияларында бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында қайта қаржыландырылуы мүмкін.
  4. Осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде:

      алғашқы 3 жылда 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын;

      4-ші жылы 9 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын;

      5-ші жылы 10 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету және өзге де қызмет түрлері саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 9 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұрын қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда және кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      Кредит/қаржылық лизинг шарты сомасының кемінде 40 %-ы қазақстандық өндірушінің тауарларын сатып алуға бағытталған жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылды құрайды.

      Кәсіпкер тауарларды тауардың шығу тегі туралы "CT-KZ" нысанындағы сертификат және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат негізінде сатып алады.

      Қазақстандық өндірушінің тауарларын сатып алу жөніндегі міндеттеме орындалмаған жағдайда қаржы агенттігі төленген субсидиялар сомасын қазақстандық өндірушінің тауарларын сатып алуға пайдаланылмаған сомаға барабар қайтара отырып, субсидиялауды тоқтатады.

      Бұл ретте жоғары сапада өңдеп жасалған тауарларды өндіру жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген басым тауарлар тізбесіне сәйкес субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын, оның ішінде номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылды құрайды.

  1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.
  2. Мыналарды:

      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты өндіріп алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктер көрсететін қызметтерді өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, банк/лизинг компаниясы кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлем алмайды.

  1. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/лизинг компаниясы кәсіпкерге ағымдағы жылдын басынан ағымдағы жылы қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер кәсіпкерге барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қайтарылуға тиіс.

  1. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидияланады.
  2. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидияланады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

 2-параграф. "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

  1. Осы Субсидиялау қағидаларына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады.

      Кәсіпкердің кредиті/лизинг мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

      Осы бағыт шеңберінде:

      1) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын банктермен/лизинг компанияларымен ерекше қарым-қатынастарда байланысы бар тұлғалар болып табылатын;

      2) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген кәсіпкерлердің жобалары бойынша кредиттер/лизинг мәмілелері субсидияланбайды.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау инвестициялық тиімді жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа және қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

       Мыналар:

       кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы 2 (екі) қаржы жылында салықтық аударымдарының және (немесе) еңбекақы төлеу қорының өсу және (немесе) кірістерінің өсу динамикасы оң кәсіпкерлердің жобалары – бұл өлшемшарт тіркелгеніне 3 (үш) жыл толмаған кәсіпкерлерге қатысы жоқ;

      қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайту көзделген жобалар инвестициялық тиімді жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп түсініледі.

      Кәсіпкер сондай-ақ жұмыс орындарының сақталып, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтып, еңбекақы төлеу қорының қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға өскенің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде растайды.

      Бұл ретте субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді растайды.

      Сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобалары бар шағын кәсіпкерлік субъектісі 3 (үш) қаржы жылы өткеннен кейін Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштерге сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісі санатына көшкенін растайды, осы тармақтың шарты орындалмаған жағдайда субсидия төлеу тоқтатылады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

  1. Инвестициялық тиімді жаңа жобаларды, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын, өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
  2. Мыналар да субсидияланады:

      1) Қаржы агенттігіне жобаны қарауға жіберілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизинг компаниялары бұрын берген жаңа кредиттер/қаржы лизингі шарттары, сондай-ақ кредиттер/қаржы лизингі шарттары;

      2) осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес тізбенің 1-10-тармақтарына сәйкес 100 %-ы агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу саласындағы айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салық төлеуді қоспағанда) бағытталған кредиттер;

      3) осы Субсидиялау қағидаларына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі, электр энергиясымен, газбен, бумен жабдықтау және ауа кондициялау, көрсетілетін қызметтер және тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға кәсіпкердің бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде берілген кредиттер;

      4) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға берілген кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі);

      5) бір кәсіпкер үшін айналым қаражатын толықтыруға, олар онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептелетін, 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын кредиттер.

  1. Кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын барлық қолданыстағы кредиттер/лизинг мәмілелері ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін 15 (он бес) миллиард теңгеден аспайды, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит сомасы 5 (бес) миллиард теңгені құрайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі ескерілмей есептеледі. Егер бірнеше үлестес/байланысты кәсіпкерлерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілген жағдайда онда бұл сома 15 (он бес) миллиард теңгеден аспайды.

      Бір мезгілде мына 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін:

      жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан тығыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылатын;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылатын екі және одан көп жобалардың жиынтығы бір бизнес-жоба болып саналады.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

  1. Бір кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша (жалпы берешек сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша барлық қазіргі кредиттері ескеріледі) субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады, сондай-ақ сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын кредиттер бойынша субсидиялауға өтінімді қараған кезде қаржы агенттігі тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органнан сұрататын тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.

      Кәсіпкер көрсетілген қорытындыны алғанға дейін банкке/лизинг компаниясына мынадай құжаттарды:

      1) өтініш беруші бекіткен жобаның паспортын (мына ақпаратты қоса алғанда: өтініш берушінің толық атауы; заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы); өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) нөмірі мен күні; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып); 3 (үш) жыл ішінде заттай мәнде шығарылатын өнім номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай мәнде); қуаттардың ағымдағы жүктемесі (пайыз); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам);

      2) өтініш беруші бекіткен жобаның бизнес-жоспарын;

      3) өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-графигін ұсынады.

      Банк/лизинг компаниясы осы тармақта көрсетілген құжаттарды мақұлдаған жағдайда оларды банк/лизинг компаниясы банктің/лизинг компаниясының кредиттік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне жібереді. Банктің/лизинг компаниясының кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір мезгілде жіберіледі.

      Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап орындалмаған жағдайда субсидия төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидия сомасын толық көлемде өтейді.

       Бір кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/ компаниялардың, кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда осы Cубсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес экономикалық қызметтің негізгі (басым) түрлерінің тізбесі бойынша сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша барлық қазіргі кредиттер ескеріледі) субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады. Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап орындалмаған жағдайда субсидия төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидия сомасын толық көлемде өтейді.

  1. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен/лизинг компаниясынан түскен құжаттарды осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Олар шарттарға сәйкес келген жағдайда салалық қорытынды алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жіберіледі.

       Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау салу келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

  1. Қаржы агенттігі жеке кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық көрсеткіштері жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға сұраныстың жоқекенін көрсететін болса (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша легін ескергенде) бір кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда қарыз сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг бойынша субсидиялаудан бас тартады. Жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекітетін ішкі нормативтік құжаттарымен бекітіледі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      Бір кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/ компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда кредиттер сомасы 10 (он) миллиард теңгеден жоғары болса, жоба бойынша кірістіліктің ішкі нормасының көрсеткіші 12 %-дан аспайтын кредиттер субсидияланады. Субсидиялау мерзімі Әдістемеге сәйкес өтелу мерзімінен аспайтын, бірақ осы Субсидиялау қағидаларында көзделген мерзімнен аспайтын мерзімге белгіленеді.

      Бір кәсіпкер үшін субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылдан аспайтын кредит бойынша онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың берешектікті есепке алмағанда сомасы 15 (он бес) миллиард теңгеге дейінгі синдикатталған кредитті субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте инвестициялық жобалар бойынша кредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 15 (он бес) миллиард теңгеден аспайды.

  1. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі:

      өңдеу өнеркәсібінде, электр энергиясымен, газбен, бумен жабдықтауда және ауа кондициялауда осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды;

      көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен тау-кен өндіру өнеркәсібі жөніндегі қызметте осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

       Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

       Осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған негізгі (басым) экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі 7 (жеті) жылдан аспайды.

      Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, жалпы субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қол қойған бірінші субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімінің басынан бастап белгіленеді.

  1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу кейінге қалдырылған және кредит мерзімі кейінге қалдыру мерзіміне ұлғайтылған кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.
  2. ЭҚЖЖ 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектісі бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдыз санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру жобаларына кредит беру кезінде кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды. Бұл шарт осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 55.20 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне баспана беру), 55.30 (кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызметтер көрсетуі) ЭҚЖЖ-да көзделген жобаларына қолданылмайды.
  3. Осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясы, газ, бумен жабдықтау және ауа кондициялау саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде:

      алғашқы 3 жылда 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын;

      4-ші жылы 9 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын;

      5-ші жылы 10 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жоғарыда белгіленген субсидиялау тәртібі осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) қызмет түрлерінің тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау кезінде де қолданылады. Бұл ретте 6-шы және 7-ші жылдары 10 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер және тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 9 % кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

       Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұрын қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда және кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      Кредит/қаржылық лизинг шарты сомасының кемінде 40 %-ы қазақстандық өндірушінің тауарларын сатып алуға бағытталған жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылды құрайды.

      Кәсіпкер тауарларды "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификаттың негізінде сатып алады.

      Қазақстандық өндірушінің тауарларын сатып алу жөніндегі міндеттеме орындалмаған жағдайда қаржы агенттігі сусидиялауды тоқтатып, төленген субсидиялар сомасын қазақстандық өндірушінің тауарларын сатып алуға пайдаланылмаған сомаға барабар қайтарып алады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген басым тауарлар тізбесіне сәйкес жоғары қайта өңдеу тауарларын өндіру жобалары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын, оның ішінде номиналды сыйақы мөлшерлемесі 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылды құрайды.

  1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.
  2. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредиттеу/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуына байланысты өндіріп алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету төлемдерін;

      6) банк-агент көрсететін қызметтерді (синдикатталған кредит бойынша) қоспағанда, банк/лизинг компаниясы/банк-агент/банк-кредитор кредитке/ қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлем алмайды.

  1. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/лизинг компаниясы ағымдағы жылы кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер кәсіпкерге барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қайтарылуға тиіс.

  1. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидияланады.
  2. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидияланады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

 3-параграф. "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидия беру шарттары

  1. Өз жобаларын және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асырылатын жері мен кәсіпкердің тіркелген орны ескеріліп, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно-және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін 100 (жүз) миллион теңгеден аспайтын сомаға сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі, және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды қоспағанда және осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына, салық төлеуіне байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

      Өзінің тұрғын емес үй-жайы немесе сауда үшін жалға берілетін алаңы бар болса сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған 100 (жүз) миллион теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі.

      Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер қайта бастау және/немесе қайта бастамау негізінде кредиттік желі түрінде жол беріледі.

      Субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/толық/мерзімінен бұрын өтелген кезде осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимит шегінде айналым қаражатын толықтыруға кредитті қайталап алуға жол беріледі.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау инвестициялық тиімді жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

       Қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары инвестициялық тиімді жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп түсініледі.

      Кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, 10 %-ға еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын да растайды.

      Бұл ретте субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер жоғарыда аталған көрсеткіштерді растайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттеріне осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылып жатқан жобаның субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуін көздейтін жаңа кредиттер бойынша да жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалауда айқындалған себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық тиімді жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігі шешімінің негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

  1. Мына:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ бұған дейін жоба қаржы агенттігінің қарауына енгізілгенге дейін 12 (он екі) айдың ішінде банктер/лизинг компаниялары берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, бұған дейін жоба қаржы агенттігінің қарауына енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизинг компаниялары және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизинг мәмілелері;

      3) бір кәсіпкерге арналған, 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейінгі кредиттер (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салық төлеуді қоспағанда);

      4) жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті жаңарту мүмкіндігінің шарты қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі);

      5) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын кредиттер де субсидияланады.

  1. Кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы барлық қазіргі кредиттерді/лизинг мәмілелерін ескере отырып, бір кәсіпкер үшін 1,5 миллиард теңгеден аспайды, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгені құрайды және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде елді мекендерде, оның ішінде моно, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін барлық қолданыстағы кредиттер/лизинг мәмілелері ескеріле отырып, кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден аспайды.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      Бір кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады. Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап орындалмаған жағдайда субсидия төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидия сомасын толық көлемде өтейді.

      Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негіздегі кредиттік желі түрінде болады.

      Субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/толық/мерзімінен бұрын өтелген кезде осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимит шегінде айналым қаражатын толықтыруға кредитті қайтадан алуға жол беріледі.

  1. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі қол қойған бірінші субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімінің басынан бастап белгіленеді.
  2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу кейінге қалдырылған және кредит мерзімі кейінге қалдыру мерзіміне ұлғайтылған кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.
  3. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизинг компаниясында бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
  4. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобаларын басқа банктерде/лизинг компанияларында бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында қайта қаржыландыруға жол беріледі.
  5. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде:

      осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаның тізбесіне сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласында, сондай-ақ 7 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша;

      осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаның тізбесіне сәйкес қызметтер көрсету және өзге де қызмет түрлері салаларында 10 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

  1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.
  2. Банк/лизинг компаниясы:

      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредиттеу/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

  1. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/лизинг компаниясы кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер кәсіпкерге барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

  1. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидияланады.
  2. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидияланады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

 4-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

  1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жоба тіркелген және іске асырылатын жері ескерілмей жүзеге асырылады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/лизинг компанияларының жаңа кредиттері/лизинг мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.
  3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, бұған дейін жоба қаржы агенттігінің қарауына енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/лизинг компаниялары берген кредиттерді/лизинг мәмілелерін қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизинг мәмілелері де субсидияланады.

      Субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын басқа банктерде/лизинг компанияларында бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында қайта қаржыландыруға болады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігі шешімінің негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

  1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде мына мақсаттарға:

      инвестициялауға (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге/лизинг мәмілелерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) берілетін кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады.

  1. Қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде бұрын банктер/лизинг компаниялары берген кредиттер/лизинг мәмілелері де жаңа кредиттерге/лизинг мәмілелерге жатады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын барлық қолданыстағы кредиттер/лизинг мәмілелері ескеріле отырып, кредит/лизинг сомасы бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін 1,5 миллиард теңгеден аспайды, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгені құрайды және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешек есепке алынбай есептеледі. Бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді және кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағы 11) тармақшасына сәйкес салық төлеуді қоспағанда) кредит сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.

      Бір кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша барлық қазіргі кредиттер ескеріледі) субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады.

      Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап орындалмаған жағдайда субсидия төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидия сомасын толық көлемде өтейді.

       Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негіздегі кредиттік желі түрінде болады.

       Субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/толық/мерзімінен бұрын өтелген кезде осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимит шегінде айналым қаражатын толықтыруға қайтадан кредит алуға жол беріледі.

  1. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 7 %-ын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
  2. Кредиттер/лизинг мәмілелері бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизинг мәмілелерді субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, жалпы субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қол қойған бірінші субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімінің басынан белгіленеді.
  3. Банк/лизинг компаниясы:

      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредиттеу/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

       5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

      Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/лизинг компаниясы кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер кәсіпкерге барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

 5-параграф. "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағыты бойынша субсидия беру шарттары

  1. "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" (бұдан әрі – өңірлік бағдарлама) бағыты шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін қаражат бөлу жергілікті бюджеттің аралас қаражаты/қаржы агенттігінің қаражаты/өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүргізіледі.

       Өңірлік бағдарлама шеңберінде субсидиялау төтенше жағдай/төтенше ахуал енгізілген кезеңде немесе өзге де жағдайларда жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келісуі бойынша жүзеге асырылады.

  1. Субсидиялау шарттарын жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша түрде келіседі. Жергілікті атқарушы орган субсидиялау шарттарын "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – ӘКК) алдын ала келіседі.
  2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

       Республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында, сондай-ақ Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары өңірлік бағдарламаға қатысушылар болып табылмайды.

  1. Сыйақы мөлшерлемесін өңірлік бағдарлама шеңберінде мына мақсаттарға:

      инвестициялауға (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту);

       айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге/микрокредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді және кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) берілетін кредиттер/микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады.

  1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банк/МҚҰ тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін ұлғайтуды немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп түсініледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттеріне/микрокредиттеріне осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.

      Бұл ретте субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер жоғарыда аталған көрсеткіштерді растайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі ӘКК шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін ӘКК шешімінің негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

  1. Жоба ӘКК-ге енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/МҚҰ бұрын берген кредиттер/микрокредиттер де жаңа кредиттерге/микрокредиттерге жатады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің сомасы ӘКК мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі үшін 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.

      МҚҰ үшін бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісін қаржыландырудың ең жоғары лимиті 8000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

  1. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8,5 %-дан аспайтын кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың айырмасын ӘКК мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейтін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 1 %-дан кем болмауға тиіс.
  2. Кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/микрокредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі ӘКК бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
  3. Өңірлік бағдарлама шеңберінде банк/МҚҰ:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бастама жасайтын кредиттеу/микрокредиттеу талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты өндіріп алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

  1. ӘКК қолданыстағы кредитті/микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/МҚҰ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап ӘКК ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

 6-параграф. Субсидия беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасуы

  1. Кәсіпкер банкке/МҚҰ-ға/лизинг компаниясына:

      1) жаңа кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына сәйкес келетін шарттарда банктің/МҚҰ-ның/лизинг компаниясының ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша кредит/микрокредит/лизинг беруге арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

  1. Банк/МҚҰ/лизинг компаниясы жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/микрокредит/лизинг беру немесе кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда қаржы агенттігіне хабарлай отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.
  2. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында жобаны қарау кезінде оны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызу жобаның мәлімделген мақсатына және жобаны іске асыру жоспарланып отырған экономикалық қызмет түріне сәйкес жүргізіледі. "Жасыл" таксономияның тиісті кіші секторы бойынша межелі шектеулер болмаған жағдайда қаралып отырған жобаны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызуды банк өзі жүргізеді. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қарыз алушыға қаржылық қолдау алуға жәрдемдесу мақсатында банк қарыз алушыны қаржы агенттігіне жібереді және осы қолдауды алу шарттарын түсіндіреді, оның ішінде қаржы агенттігіне қаралатын жобаның "жасыл" таксономияның межелі шектеуіне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсыну қажет болуы мүмкін екенін хабарлайды.

      "Жасыл" таксономияда қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша межелі шектеу көзделген жағдайларда өтініш берушінің қаржы агенттігіне сыртқы бағалау провайдерінің/энергия-аудиторлық ұйымның іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы қорытындысын ұсынуы осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржылай қолдау алудың міндетті шарты болып табылады.

      Сыртқы бағалау провайдерлерінің жобалардың "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі санаттары бойынша жекелеген ережелері, олар дайындайтын қорытындылардың форматы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Субсидиялау қағидаларының 10-параграфында белгіленеді. "Жасыл" таксономияны қолдану қаулымен бекітілген "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Сертификаттау/таңбалау ("жасыл" таксономияда көрсетілген "жасыл" құрылыс, энергия тиімділігі, органикалық өнім өндіру, көлік саласындағы стандарттар мен таңбалаудың талаптарына сәйкестікті растау) шекті өлшемшарт болған жағдайларда растау үшін (сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысына балама) тиісті сертификаттарды/таңбалауды ұсыну жеткілікті. Cыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын алу көзделіп отырған жоба бойынша стандарттарға, таңбалауға және талаптарға жоспарлы сәйкестік мәлімделетін жағдайларда ғана талап етіледі. Кейіннен осы стандарттарға, таңбалауға және талаптарға сәйкестікті куәландыратын сертификаттар мен құжаттардың көшірмелері қаржыландырудың нысаналы пайдаланылуын растайды.

  1. Банктің/МҚҰ-ның/лизинг компаниясының оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірмесі), кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама;

      2) мыналарды:

      қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту кезеңдері (осы абзацтың талабы "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайларға қолданылады);

      қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу және жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту кезеңдері (осы абзацтың талабы "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайларға қолданылады);

       сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберіндегі жобалар бойынша 3 (үш) жыл өткеннен кейін кәсіпкердің – шағын кәсіпкерлік субъектісінің Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштерге сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісі санатына ауысуы;

      "Моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша: қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту кезеңдері;

      "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау", "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау", "Моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдау", "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру", әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттары шеңберінде инвестициялық жобаларды 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімде іске асыру шарты көрсетілген кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары;

      3) тауарлардың бір Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан екінші Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      4) сыртқы бағалау провайдерінің "жасыл" жоба бойынша қорытындысы/сертификат ("жасыл" таксономияда қаралып отырған жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша межелі шектеу көзделген жағдайда "жасыл" жобаны іске асыру мақсатында кредит алуға өтініш берілген кезде) қоса беріледі.

      Кәсіпкер өңірлік/жергілікті үйлестірушіге өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгінеді.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы
Дата публикации
08 мая 2025