Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы 4 қызмет көрсетеді:
1. 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысымен бекітілген «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисттері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:
1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000754
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-10-17, 54-36-20.
2. Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша қызметін экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз іске асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.
Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшем шарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:
1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден кем болмайтын;
2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион теңгеден кем болмайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын сомадағы жобалар үшін, сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын;
3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі 30 %-дан кем болмайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады.
Кәсіпкер инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі қамтылған осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді, оған мына құжаттар қоса беріледі:
1) бизнес-жоспар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000754
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-10-17, 54-36-20.
3. "Туристік операторлық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №156 бұйрығымен бекітілген. Лицензиялар ішкі және кірмелі туризм саласына, сондай-ақ шығу туризмі саласына «растайтын құжаттар болған жағдайда» беріледі.
Лицензияны Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (бұдан әрі – ЖАО) береді.
Лицензия алу алгоритмі:
1. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттарды www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына (бұдан әрі-ЖАО) жібереді.
2. ЖАО құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.
3. ЖАО қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ЖАО қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, ЖАО қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігіне қарайды.
6. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде ЖАО қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қойылған ЭЦҚ лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.
Туроператорлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020783
Байланыс телефоны: 8 (7262) 54-21-52.
4. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен бекітілген.
Рұқсат беру Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен (бұдан әрі – ЖАО) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі:
1. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттарды www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына (бұдан әрі-ЖАО) жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
2. ЖАО құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.
3. ЖАО қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ЖАО қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 273 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34798 тіркелген) рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексереді және "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 473 қаулысында көзделген түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісуге сұрау салуды жібереді. Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде сұрау салу жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.
6. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру кезінде төлем - 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035078
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-02-48.