Сіздердің назарларыңызға Жамбыл облысының 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджет ұсынылып отыр. Онда өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, облыстық бюджеттің негізгі параметрлері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Бұл құжат келесі бөлімдерден тұрады:
- облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері;
- бюджеттің түсімдері мен шығыстары;
- бюджеттің тапшылығы (профициті).
Азаматтық бюджет Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 15 бұйрығына сәйкес әзірленген.