2025 жылдың 3-айында облыстық жергілікті атқарушы органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша ақпарат

2025 жылдың 3-айында облыстық жергілікті атқарушы органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша ақпарат

 

Жергілікті атқарушы органдарға 2025 жылдың 3 айында 13 859 (2024 жылдың 3-айында – 16 410) өтініш тіркеліп (оның ішінде облыс әкімі аппаратына 1  092 (1 643) өтініш), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға кеміген (2 551).

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес 13 859 (16 410) өтініштің 10 152     (13 234) арыз, 384 (830) шағым, 1 364 (1 087) сұраулар, 1 053 (724) хабарламалар, 892 (525) ұсыныс, 14 (10) үн қосу. Өтініштер ішінде басым бөлігі арыздар 10 152 (72,2%) болып келеді.

Өтініштердің жалпы санынан бөліп қарағанда 2025 жылдың 3 айында өтініштердің басым көпшілігі Тараз қаласына – 4 313 (4 656), Қордай ауданына – 1 062 (612), Шу ауданына – 947 (816), Жамбыл ауданына – 538 (676) түскен.

Сондай-ақ облыс тұрғындары атынан Президент Әкімшілігіне 97 (121), Үкімет Аппаратына 68 (77) өтініш түсіп, оларға белгіленген мерзімінде  тиісті  жауаптары берілген.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратына барлығы 12 кіріс тапсырмалар түсіп, мерзімінде жауаптар берілді.

Анықтама: ҚР Үкімет Аппаратынан – 12.

Талдау көрсеткендей, түскен өтініштердің 18,8% жер, 14,1% білім саласы, 7,4% тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық,  3,7% жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, 2,6% тұрғын үй мәселесі, 2,3% денсаулық сақтау салаларына қатысты. 

Есепті кезеңде 8 250 (7 077) әкімшілік акт қабылданды. Өтініштердің 7 040 (5 960) қолайлы әкімшілік акт, 1 210 (1 117) ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданған, 766 (610) әкімшілік рәсім тоқтатылды, 3 843 (3 598) оңайтылған әкімшілік іс қаралған.

Есептік кезеңде қабылданған қолайлы актінің саны 15,3%-ға артқан,    (2024 жылдың 3-айында 5 960, 2025 жылдың 3-айында 7 040) ал ауыртпалық салатын әкімшілік акт 7,6%-ға (2024 жылдың 3-айында 1 117, 2025 жылдың 3-айында 1 210) артқан.

2025 жылдың 3 айында жалпы облыс әкімдігі басшылығының жеке қабылдауында 197 азамат болып (24 қабылдау) өтініш пен ұсыныс-пікірлер айтылған.

Облыс әкімі 8 қабылдау жүргізіп, 105 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің орынбасарлары - 13 қабылдау жүргізіп, 85 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің аппарат басшысы - 3 қабылдау жүргізіп, 7 азаматты қабылдаған.

Өткізілген жеке қабылдаулардың қорытындысы бойынша нақты орындау мерзімдері көрсетіле отырып хаттамалық тапсырмалары түзіліп, тиісті мемлекеттік мекемелерге орындауға жолданған.

Бүгінгі таңда жалпы берілген 197 тапсырманың 138-і орындалған, оның ішінде 64-і оң шешімді, 74-і заңға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді, қазіргі таңда 59 тапсырма облыс әкімі аппараты тарапынан қатаң бақылауға алынып, орындалу үстінде.

Қабылданған азаматтармен кері байланыс тұрақты түрде жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған жауаптарына қанағаттану бойынша өтініш берушілердің кері байланысы және пікірлеріне «Smart Data Ukimet» талдамалық модулінде мониторинг жүргізді.

2025 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша 413 (2,9%) өтініш бойынша ішінара бағалау түрінде кері байланыс және пікірлер алынды.

Нәтижесінде мемлекеттік органдардың жауаптарына «өте жақсы» -            329 (79,6%), «жақсы» - 25 (6%),  «орташа» - 16 (3,8%), «жаман» - 11 (2,6%) және «өте нашар» - 32 (7,7%) деген бағалаулар берілген.

Жоғарыдағылардың негізінде, жергілікті атқарушы органдарға алдағы уақытта азаматтардың өтініштерін сапалы қарау жөнінде тиісті тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауда екендігін мәлімдейміз.

Дата публикации
05 мая 2025