Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында
айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
1 |
Ауданға инвестиция тарту мәселесі бойынша шетелдік инвесторлармен заңға сәйкес жұмыстарды жүргізіп, олармен тығыз қарым-қатынас орнату |
Тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
2024 жыл қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,0 млрд. теңгені құрап, 143,1%-ға орындалды (2023 ж. 6,3 млрд.теңге). Қазіргі уақытта аудан бойынша жалпы құны 19,5 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылуда. 2024 жылы 4 ірі Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, қомақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылданды. Анықтама үшін: А.ж 19 сәуірде - Қытай Халық Республикасының «Сhi Ling» компаниясымен тері-жүн өңдейтін кәсіпорын ашу бойынша; А.ж. 23 мамырда - жобалық құны 500 млн АҚШ долларды құрайтын күн электр станциясы салу бойынша; А.ж. 2 тамызда - ауданда жүзеге асыруға болатын негізгі 7 бағыт бойынша Қытай Халық Республикасының «Wuhan Top Resources Holdings Co., Ltd» компаниясы, «Ferrum-Vtor» металлургия зауыты, «КазПромЛит» ЖШС-і; А.ж. 10 тамызда –швециялық «VOLVO» арнайы техникаларының баламасын өндіруші Қытайлық «SDLG» компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьютері «Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan» ЖШС-імен ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша; Бүгінгі таңда, Түркия мемлекетінің жаңбырлатып суару технологиясының жабдықтарын құрастыру зауытының өкілдері 20 ақпан күні делегация болып ауданға келуі туралы келіссөздер жүргізілді.
Қайыңды ауылында кірпіш зауытын салу жобасын Қытайлық «Шаньдун Caoxian Hengshun» - компаниясы жүзеге асырмақшы.
|
|
2 |
Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа авто дәлізінде орналасқан көпірдің (Құлан-Луговой ауылының ортасындағы) астына жолаушылардың заңсыз тұруын реттеу және бейне бақылау камерасын орнату бойынша тиісті мекемеге ұсыныс енгізу |
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша) облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
"Батыс Қытай – Батыс Еуропа" авто дәлізінің Құлан-Луговой ауылдарының маңында орналасқан көпірдің астына жолаушылардың заңсыз тұруын реттеу және бейне бақылау камерасын орнату бойынша Жамбыл облысы полиция департаментіне және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалына хаттар жолданды.
|
|
3 |
Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа авто дәлізіндегі Меркі ауданында орналасқан үлкен жүк көліктерін өлшейтін таразыны Луговой ауылына бұрылатын көпір маңына (Қарағанды, Астана бағытына баратын үлкен жүк көліктері сол таразыдан айналып өту үшін Луговой ауылының ішімен өтуде) орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру
|
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша) облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
"Батыс Қытай – Батыс Еуропа" авто дәлізіндегі Меркі ауданында орналасқан үлкен жүк көліктерін өлшейтін таразыны Луговой ауылына бұрылатын көпір маңына (Қарағанды, Астана бағытына баратын үлкен жүк көліктері сол таразыдан айналып өту үшін Луговой ауылының ішімен өтуде) орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша Жамбыл облысы полиция департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі басқармасы, "ҚазАвтоЖол" АҚ Жамбыл облыстық филиалына хат жолданды.
|
|
4 |
Шөңгер, Ақыртөбе, Р.Сабденов ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізсін
|
2025 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Шөңгер ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың 2 тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Ақыртөбе ауылына ауыз сумен қамту бойынша ЖСҚ әзірлеуге 33 млн.теңге қаржы қаралып, жоба әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жоба құны 700 млн.теңгені құрайды. Мемлекеттік сараптамасы алынды, алдағы уақытта республикалық бюджетке бюджеттік өтінім берілетін болады. Р.Сабденов ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қолдау тауып, 210 млн.теңге қарастырылды, биылғы жылы аяқталатын болады.
|
|
5 |
Қайыңды ауылына кіре беріс 5 шақырым жолды жөндеуге ЖСҚ әзірлеу |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудандық маңызы бар "Қайыңды ауылына кіре беріс" 5 шақырымдық автомобиль жолын жөндеу бойынша 2020 жылы ЖСҚ әзірленіп, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі автомобиль жолдары комитетінің 2021 жылы 16 ақпанда №РЗ/Жамбыл-359/2020 сараптама қорытындысы алынып, жоба құны - 119,2 млн. теңгені құраған. 2021-2024 жылдар аралығында Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылып, қолдау таппаған. Сараптама қорытындысы 16.02.2024 жылы мерзімі өтеді. Бүгінгі таңда аталған жолды орташа жөндеу үшін аудандық бюджетке өтінім берілді.
|
|
6 |
Құлан ауылы, Панфилов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау
|
31.12.2024 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №246 бұйрығының 17 тармағына сәйкес, үй кеңесінің (2021 жылдың қаңтар айында құрылған) шешімімен мердігер компания «BATConsalt» ЖШС-гі таңдалып, 2024 жылдың 15 шілдесінде үш жақты келісім шарт жасалынып, мердігер компания өз қаражаты есебінен көп қабатты тұрғын үйлердің жер төлесін (әктеу, дезифекцмялау, тас төсеу) тазалау, жарық шамдарын орнату, ыстық және суық су жүйелері 2 (екі) үйдің ауыстырылып, қалған 2 (екі) үйдің су жүйелері ауыстырылуда. Республикалық бюджеттен «Облыстық бюджеттерге кредит беру, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу» бағдарламасы бойынша Құлан ауылындағы 4 (төрт) көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына 2024 жылға бюджеттік кредит түрінде 185,7 млн.теңге үстіміздегі жылдың 12 қыркүйегінде қаржы бөлініп, үстіміздегі жылдың 13 қыркүйегінде мердігер компанияға 55,7 млн.теңге көлемінде 30% аванстық және ұсынылған орындалу актісі бойынша 20,8 млн.теңге аударылды. Бүгінгі күнге аталған көп қабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелері толықтай ауыстырылып, орталық жылу жүйесіне қосылды. Сонымен қатар, тұрмысы төмен және көп балалалы отбасылар тұратын төртінші тұрғын үйдің 80 (сексен) пәтер ішіндегі жылу жүйелері демеушілер есебінен ауыстырылды. Жауын шашынның толасыз жаууына байланысты, жөндеу жұмыстарын толыққанды жүргізуді тежеп отыр. Осы орайда, аудан әкімдігінің үйлестіруімен қосымша құрылысшыларды тарта отырып, қысқа уақыт ішінде 4 (төрт) үйдің шатырын жабу жұмыстары атқарылды. Жобалық сметалық құжаттама бойынша атқарылуы тиіс тұрғын үйдің қас бетін бояу, кіреберіс дәлізін әктеу, сырлау жұмыстары және электр желісін щиттарымен қоса ауыстыру жұмыстары 2025 жылдың 2 тоқсанына дейін аяқталады. Операторлық қызмет көрсетуші “Құлан Энерго Жылу” ШЖҚ КМК – ны. Құрылыс жұмыстарына техникалық қадағалаушы «Индустрой Инжиниринг» ЖШС-гі.
|
|
7 |
Абай ауылдық округіне мәдениет үйін және спорт кешенін салу бойынша ұсыныс енгізу
|
2024 жылдың соңына дейін |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Абай ауылдық округі, Көкарық ауылына 140 орындық мәдениет үйі құрылысының ЖСҚ-сы дайын, Сметалық құны – 342 553 млн.тг Сараптама қортындысы №СAPC-0239/22 2022 жылы 16 желтоқсанда алынған. Бюджеттік, өтінім облыстық экономика басқармасына өткізілді. Жамбыл облысының "Даму жоспарына" сәйкес құрылыс жұмыстарын 2027 жылы жүргізу жоспарлануда. Спорт кешенін соғу мақсатында ауыл әкімінің тарапынан жер телімі анықталып қажетті жұмыстар жүргізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023-2027 жылдарға бекітілген бас жоспарына Абай ауылына дене шынықтыру спорт кешенін соғу туралы ұсыныс берілген. Абай ауылы аудан орталығына жақын орналасқанына байланысты және Еңбекші ауылы (спутник) елді мекенінің қатарына кіруіне байланысты спорт кешенін соғуға рұқсат берілмегендігін хабарлайды.
|
|
8 |
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Қызылшаруа ауылын бөлек ауылдық округ ретінде бөлу мәселесін заңға сәйкес қарастырып, жауабын беру
|
01.07.2024 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
«ҚР Әкімшілік –аумақтық құрылысы туралы» ҚР 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес, жергілікті қоғамдастық жиынының шешілетін мәселенің мәніне хаттамасы әзірленді. Жалпы зерделей келе 1600 халқы бар Қызылшаруа ауылын ауылдық округ ретінде бөлуге негіз жоқ.
|
|
9 |
Луговой ауылындағы темір жол торабында орналасқан вокзалдың айналасын жөндеу, жаңарту және ретке келтіру бойынша тиісті мекемеге ұсыныс енгізу |
01.07.2024 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Луговой ауылындағы темір жол торабында орналасқан вокзалдың айналасын жөндеу, жаңарту және ретке келтіру бойынша демеуші мекеме тарапынан 2024 жылы жасалынған. Алайда жобаның құны жоғары болуына орай қаржысы мақұлданбады. Қазіргі таңда теміржол вокзалы аумағын абаттандыруға жоба әзірленуде. Наурыз айындағы бюджет нақтылауына бюджеттік өтінім өткізу жоспарлануда.
|
|
10 |
Ақыртөбе ауылының ортасына жылдамдық өлшегіш камерасын орнату мүмкіндігін қарастыру |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
"Батыс Қытай – Батыс Еуропа" авто дәлізінің Ақыртөбе ауылынан өтетін 438+434 шақырым аралығына бейне бақылау камерасын орнату бойынша Жамбыл облыстық ПД-не және "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалына хаттар жолданып, жылдамдықты өлшегіш камера орнату 2025 жылға жоспарланды.
|
|
11 |
Бос тұрған бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратын тиімді пайдалану бойынша ұсыныс беру |
01.06.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Құлан ауылында орналасқан бос тұрған бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратын пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленуде
|
|
12 |
К.Бекебаев атындағы орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізу үшін (ЖСҚ әзірленген, 456 млн. теңге) қаражат қарастыру мәселесін пысықтау |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
К.Бекебаев атындағы орталық стадионға күрделі жөндеу (реконструкция) жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 2,5 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды. Жоба құны – 456,5 млн.теңгені құрайды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде а.ж. 5-7 ақпан аралығында Астана қаласына ҚР Ұлттық Экономика министрлігімен жобаны қаржыландыруға ұсыну мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, алдағы республикалық бюджет нақтылауына ұсыныс енгізілді. Қаражат қарастырылуы күтілуде.
|
|
13 |
Сұмқайты елді мекеніне табиғи газ тарту, жол салу үшін қаражат қарастыру мәселесін пысықтау |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкмінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
ЖСҚ құны – 208,0 млн.теңгеге әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды, алдағы наурыз айындағы облыстық бюджеттің нақтылауына ұсынылатын болады
Ал жол құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленді, жалпы құны 128 млн.теңгені құрайды. Қаражат қарастырылды, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
14 |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттен берілетін жеңілдіктердің барлық түрін (агро оқыту, арзандатылған бағада дизель отынын алу, тыңайтқыштарды алу т.с.с.) тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандыру |
Тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округтерді аралап агрооқыту жүргізілген. Шаруалармен кездесу барысында шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен субсидиялау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2023 жылы 1,3 млрд теңгеге 128 техника сатып алынып, АШ техникасының паркі 13 пайызға жаңартылса, 2024 жылдың басынан (2024 жылға жоспар 6,5 %), 1,102 млрд теңгеге 28 бірлік (жоспардың 3,1%) АШ техникалары сатып алынды, жыл соңына дейін 55 дана техника алу жоспары бар. 2023 жылы 5937,4 тонна тыңайтқыштар алынса, 2024 жылға 6785,4 тонна тыңайтқышқа тапсырыс беріліп, бүгінгі күнге 143 АШТӨ-мен 6 374,7 тонна (жоспардың 55,9%) алынып, 25 498,6 гектар алқапқа сіңірілді. Жыл соңына дейін 5 038,8 тонна алу жоспарлануда.
|
|
15 |
Аудандағы ағын судың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, ауыл шаруашылығы мақсатында шаруа қожалықтардың дұрыс әрі тиімді пайдалануын қадағалау |
Вегетациялық кезең аяқталғанға дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі мен «Қазсушар» РМК мамандары тарапынан тәлімді егістік алқаптарына ағын суды қажет ететін дақылдардың орналастырылуына жол бермеу мақсатында және келісім-шартқа тұрмаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суармалы жерлерге су берілмейтіндігі түсіндірілді. Қазіргі уақытта ағын сулары суармалы егістік алқаптарына ғана берілуде.
|
|
16 |
Жарлысу ауылындағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешілгенге дейін қатаң бақылауда ұстау |
Тұрақты |
Облыс әкмінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Жарлысу ауылының ауыз суы 2020 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 414,4 млн. теңгеге салынып, жыл соңында пайдалануға берілген. Жамбыл облыстық экономикалық сотына талап арыз беріліп, 2024 жылдың 29 ақпанына сот шешіміне сәйкес, «Жигер-2004» ЖШС –гін кемшіліктерді жойып, елді мекен тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге міндеттелді. Аудан әкімдігі тарапынан жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, мердігер «Жигер-2004» ЖШС өз қаражаты есебінен өзара «Жамбылбурводстрой» ЖШС-мен келісім шарт арқылы бұрынғы қазылған ұңғымаларды жобаға сәйкестендіру, 200 метр тереңдік қазу жұмыстарын 20-шы наурызынан бастады. 2024 жылдың 4 мамырдағы жағдайы бойынша 1 су ұңғымасы 202 м тереңдікке қазылды. Алайда қажетті су көлемі жоқтығы анықталды. Аудан әкімдігі тарапынан мәселені шешу мақсатында, Алматы қаласында орналасқан «Южказнедра» филиалына арнайы хат жолданып, аталған ауылда су көздерін анықтау зерделеу бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының, аудан әкімдігінің, «Геотерм» ЖШС-нің мамандарымен және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен кеңес ұйымдастырылды. Кеңес қорытындысы бойынша су имаратынан тыс жерде орналасқан барлау ұңғымасының гидрогеологиялық параметрлерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, іс-шара жоспарына сәйкес, аудан әкімдігіне барлау ұңғымасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру тапсырылды. «АкваБурПроект» ЖШС-нің барлау ұңғымасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге ұсынған ресурстық сметасы алынып, үстіміздегі жылдың 14 тамызында аудан әкімінің орынбасары атынан Алматы қаласында орналасқан «Южказнедра» филиалының тәуелсіз сарапшыларының қатысуын қамтамасыз ету хат жолданып, нәтижесінде 2024 жылдың 28 тамызында барлау ұңғымасына мемлекеттік, құзырлы және ауыл тұрғындарының қатысуымен бейне каратаж жұмыстары жүргізілді. Бейне каратаж нәтижесінде барлау ұңғымасының ішіне тазарту және су көлемін анықтау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі анықталып, «АкваБурПроект» ЖШС-мен ағымдағы жылдың 10 қыркүйегімен келісім шарт жасалынып, барлау ұңғымасына тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде барлау ұңғымасынан су көзі анықталып, бүгінгі таңда дебет анықтау жұмыстары жүргізілуде.
|
|
17 |
Ақыртөбе ауылында құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйін және Жаңатұрмыс ауылындағы құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалау |
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Ақыртөбе ауылынан 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілді. Мердігер «AKM Group» ЖШС. Келісім шарт құны 315,1 млн.теңгені құрайды. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілді. Жаңатұрмыс ауылына денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізілуде Келісім-шарт құны 294,8 млн.теңгені. 2023 жылы 81,0 млн.теңге бөлініп игерілді. Мердігер «НұрТұрсын» ЖШС. 2024 жылға 204,0 млн тенге бөлінді. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілді.
|
|
18 |
Ауданға қатысты әлеуметтік желідегі сын ескертпелердің барлығына дер кезінде жауап беріп, оларды қысқа мерзімде шешу жолдарын қарастырсын |
Тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Әлеуметтік желілерде сын ескертпелер дер кезінде жауап беріліп, шешу жолдары тұрақты бақылауда.
|
|
19 |
Аудандық мектептердің рейтінгі мәселесі бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру, облыстық 109 анықтама бюросының телефон нөмірлерін мектептерге орналастыру жұмыстарын жүргізу |
01.09.2024 жыл |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 39 мектеп, 14 бөбекжай бақшалары, 5 қосымша білім беру мекемесі, 1 педагогикалық-психологиялық түзету мекемесіне 109 анықтама бюросының телефон номерлерін орналастыру туралы жұмыстар жүргізіліп, орнатылды.
|
|
20 |
Балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша (тиым салынған көл-тоғандарға шомылу және т.б.) түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жазғы сауықтыру лагеріне жіберу мәселесін қарастырсын |
01.06.2024 жыл |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Жазғы науқанды ұйымдастыру, сондай-ақ балалардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу және болдырмау мақсатында «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» атты бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» атты жас ерекшеліктері бойынша мектеп оқушыларына гайдбуктер (жадынамалар) таратылды. Осы мақсатта, біз жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі «Жазғы демалыс» қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жадынама әзірлеп, білім мекемелеріне, ата-аналар чаттарына таратылып, әлеуметтік желілерге жарияланды. Сонымен қатар, жазғы маусымда балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында білім бөлімі тарапынан су тоғандарына жақын маңда орналасқан мектептерде кезекшілік кестесі бекітілді. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы «ҚР Оқу ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» атты №581 қаулысының балаларды сауықтыру, демалысын ұйымдастыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында, ағымдағы жылы мектеп жанындағы лагерьлерге 9772-оқушы, қала сыртындағы лагерьлерге 350 оқушы қамтылады.
|
|
21 |
Кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс жүргізу бойынша ювеналды инспекторлардың санын арттыру бағытында жұмыстар жүргізу |
Шешімін тапқанға дейін тұрақты |
Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы (15/1-4-34/1132-И 15.04.2021 ж.) 2023 жылғы 12 айдағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жүктемелерін есептеп, қосымша 102 штат бөлуі туралы ұсыныс ҚР ІІМ-ге жолданған. Алайда, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың штат санын ұлғайтуға, мораторий белгілеп және қатаң үнемдеу режимін 2 жылға енгізуіне байланысты. Жамбыл облысы Полиция департаменті Тұрар Рысқұлов атындағы ауданы полиция бөлімінің штаттық санын ұлғайтуды, мораторийдің күші жойылғаннан кейінге қалдыруға ұсыныс білдіреміз.
|
|
22 |
Малдыбай ауылы тұрғындарының (сот процесі жүріп жатыр) жер мәселесін бақылауға алу (пай үлескерлері туралы) |
Шешімін тапқанға дейін тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Т.Рысқұлов аудандық сотының 2022 жылғы 05 қазандағы Іс №3150-22-00-2/342 шешімімен және атқару парағына сәйкес 31 пай үлескерлерге ауданы 4,0 гектардан 124,0 гектар жер учаскесі бөлініп беру туралы шешім шыққан. Т.Рысқұлов аудандық сотының 2022 жылғы 05 қазандағы шешімін, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 19.12.2022 жылғы №3199-22-00-2а/781 қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап арызыңыз ҚР жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 26.06.2023 жылғы №6001-23-00-3Г/2423(2) санды қаулысымен қараусыз қалдырылған. Сот шешіміне сәйкес 31 жер үлескерлер есебінен ауданы 124,0 га егістік жер учаскесі «Ауыл» шаруа қожалығына (басшысы Ж.Турапов) Т.Рысқұлов аудандық жер қатынастарын реттеу туралы комиссиясының 31.01.2024 жылғы №43 қорытынды хаттамасының негізінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 29.03.2024 жылғы №91 қаулысымен 20 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен рәсімделіп берілген.
|
|
23 |
Мемлекеттен бөлінетін жеңілдетілген дизель отынының лимитін көбейту бойынша және дизель отынын алу мәселесі бойынша шаруаларға түсіндіру және қолдау шараларын жүргізіп, заңға сәйкес таратылуына ықпал ету |
Тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан әкімшілігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округі әкімшіліктері тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шаруаларға жеңілдетілген бағада 2023 жылы күзгі дала жұмыстарына 1579 тонна берілсе, ағымдағы жылдың көктемгі дала жұмыстарына 120 шаруа қожалықтары 2609,9 тонна дизель отынына өтінім беріліп, 2609,9 тоннасы толық таратылған. Таратушы оператор «Wedo Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шаруа қожалықтарына дизель отынын 1 (бір) литр құны 245 теңгеден таратуда. Күзгі далалық жұмыстарына 3346,3 тоннаға тапсырыс беріліп, оның 3346,3 тоннасы толық шаруа қожалықтарына таратылды.
|
|
24 |
Д.Қонаев ауылындағы электр желісі бағандарының жағдайына зерделеу жүргізіп, нәтижесін баяндау |
01.06.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Д.Қонаев ауылындағы электр желісі бағандарының жағдайына зерделеу жүргізілді. Зерделеу нәтижесіне сәйкес электр желісі мен бағандарын ауыстыру қажеттігі анықталды. Ол бойынша Жамбыл электр желісін тарату мекемесі тарапынан жоспарланған тізімге сәйкес 2025 жылғы инвест жобаға енгізілген.
|
|
25 |
Аудан аумағында орналасқан оңалту орталығындағы балаларды тасымалдау үшін қосымша көлік (инватакси) қарастыру бойынша ұсыныс беру |
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі
|
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-не 2023 жылы қыркүйек айында мүгедектігі бар балаларды тасымалдауға арналған 7 орындық Газель-NEXT инва такси арнаулы көлігі алынды. 2024 жылдың наурыз айында өткен облыстық мәжіліс депутаттарының кезекті отырысының шешімімен мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған автобусты алу мақсатында облыстық бюджеттен 35 000 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, сатып алынды.
|
|
26 |
Бала күнінен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 жасқа толғаннан кейін де (мүгедектікті қайта-қайта өтпеу үшін) мүгедектікті өмір бойы беру мәселесін қарастыру бойынша ұсыныс беру |
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №260 бұйрығында бала күннен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 жасқа толғаннан кейін де мүгедектікті өмір бойына беру мәселесі қарастырылмаған.
|
|
27 |
Құлан ауылы Арай тұрғын үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйді беру жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу |
01.08.2024 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Құлан ауылы Арай тұрғын үй алқабындағы көпқабатты 2 тұрғын үйдің 180 пәтердің 176-сы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес беріліп, қалған 4 пәтер беру бойынша кезекте тұрған адамдардың құжаттары жиналуда.
|
|
28 |
Құлан агротехникалық жоғарғы колледжіне Қазақстан Республикасының «Еңбек ері» С.Дөненбаевтың есімін беру мүмкіндігін заңға сәй кес қарастыру |
2024 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінде орналасқан Құлан ауылшаруашылық жоғары колледжіне Дөненбаев Сайранбайдың есімін беру үшін: «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 25-5-бабы, яғни Ономастика жұмысының критерийлері басшылыққа алынады: Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері: 1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру; 2) әдеби тіл нормаларына сәйкестік; 3) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру; 4) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту; 5) қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың жеке есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру болып табылады. Сайранбай Дөненбаев есімін жоғарыда аталған нысандарға беру үшін көрсетілген критерийдің 5-тармағына сәйкес Сайранбай Дөненбаев есімімен нысанды, көшені атау үшін жоғарыда көрсетілгендей қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң есімін беруге мүмкіндік туады.
|
|
29 |
Қорағаты ауылдық округі, Қорағаты стансасын газдандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Қорағаты ауылдық округі, Қорағаты стансасын газдандыру бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаржы қаралып, жоба әзірлеу жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны 121 млн.теңгені құрайды.
|
|
30 |
Көгершін ауылына қосымша дәрігерлік амбулатория салу немесе ұлғайту бойынша ұсыныс әзірлеу және тиісті мекемеге енгізу
|
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Көгершін ауылына қосымша 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу 2025 жылы Даму жоспарына енген. ЖСҚ құны 200,0 млн.теңге.
|
|
31 |
Аудандық емхананы қайта жаңғырту және жаңа құрылыс жүргізу үшін қаражат қарастыру |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің құрлысы басқармасы, денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудандық аурухананың 260 келушіге арналған аудандық емхана бөлімі бейімделген ғимаратта орналасқан, осы ғимаратты типтендіру мақсатында қосымша құрылыс жүргізуге құны 3,8 млрд.теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжат дайындалып мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Аудандық емхананың қосымша құрылысы (500,0 млн теңге), 2026 жылға өтпелі (673,0 млн теңге), жобалық- сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптама алынған. Бюджеттің 1 жарты жылдық нақтылау жұмыстары жүргізулуде. Құрылыс жоспарына енгізілді.
|
|
32 |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстарды заңға сәйкес жүргізу |
2024 жылдың соңына дейін |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
2024 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару жоспары Жамбыл облысы жер қатынастары басқармасымен 6 000 гектар болып бекітілді. Бүгінгі күнге 3 045 гектар жер телімдері қайтарды. Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сот №3115-24-00-2/101 шешімімен «Қайнар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 45000,0 гектар жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
|