Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар

Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Жалпы тапсырма - 13

Орындалған - 5

Орындалу үстінде - 8

Орындалмаған - 0

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

 Жауапты орындаушылар

ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

1.           

Билікөл ауылдық округінде орналасқан 4 елді мекенді (Қарабастау, Дарбаза, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу

 

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жылы Билікөл ауылдық округіндегі Қарабастау, Жылыбұлақ ауылдарына кварталішілік газ тарту және магистралды газ тарту желілерінің құрылысы жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы қалған Абдықадыр, Дарбаза  ауылдарына кварталішілік газ тарту жұмыстары басталды.

Тапсырма орындалу үстінде

 

 

2.           

Б.Момышұлы ауылындағы «Тесік көпір» аталып кеткен өткелдің жанынан екі жолақты жол салуды қарастыру

2024 жылдың

қыркүйек айы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боранды (Түлкібас 52 ЖД) станциясының 3441 км ПК
7-де су өткізгіш темірбетон құбырының жанында автокөлік құралдарының өтуіне арналған жасанды құрылыс салуға ЖСҚ әзірленген. Жоба құны  975,8 млн. тенге.

Бүгінгі күнге 200 млн. теңгесі қаралып, мемлекеттік сатып алу порталында мердігер анықталып, жұмыстар мамыр айында басталатын болады.                     

Тапсырма орындалу үстінде

 

 

 

3.           

Ауданда құрылысы ұзаққа созылған Қайрат ауылындағы мәдениет үйі және Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені құрылыстарының сапалы аяқталуын бақылауға алып, өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған мердігерлерге заң аясында тиісті шаралар қабылдау

2024 жылдың

тамыз айы

Облыс әкімдігінің құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені мен Қайрат ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

 

 Тапсырма орындалды

4.           

«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағытын кеңінен насихаттау жұмыстары ұйымдастырылсын

 

Тұрақты

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша),

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Жуалы ауданында «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша тиісті насихаттау жұмыстары ұйымдастырылып,
19 жоба ұсынылды. Бүгінгі күнге оның 10-ы қаржыландырылса, 9-ы қаралуда.

Тапсырма орындалды

5.           

Кадр мәселесін шешу мақсатында ауданға келіп жатқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету

 

Тұрақты

Жуалы ауданының әкімі

2024 жылы аудан бойынша тұрғын үй сатып алу үшін республикалық бюджеттен 28 маманға 223,4 млн. теңгеге бюджеттік кредиттер берілді.

54 маманға аудандық бюджеттен 19,9 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы ретінде төленді. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Тапсырма орындалды

6.           

Спорт нысандары жоқ елді мекендерде білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануына беруді ұйымдастыру

2024 жылдың

15 ақпанына

дейін

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Білім мекемелерінің спорт залдарында кешкі мезгілде аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін, білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары және аудан әкімдігі арасында 3 жақты келісім жасақталып, тиісті кестелері әзірленді.

Тапсырма орындалды

7.           

Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін реконструкциялау жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру

 

2024 жылдың

қазан айы

Жуалы ауданының әкімі

Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында ЖСҚ әзірленді. Жоба құны 966,2 млн. теңгені құраса, бүгінгі күнге
444 млн. теңгесі қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Тапсырма орындалу үстінде

8.           

Ауданда қыс мезгілінің қатаңдығын ескеріп, шынжырлы трактор (гусеничный) алу бойынша тиісті жұмыстар атқару

 

2024 жылдың

қазан айы

Жуалы ауданының әкімі

Аудан әкімдігі тарапынан облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына қыс мезгілінде автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 4 дана техникаға сатып алу үшін сұраныс хат жолданған.

Тапсырма орындалу үстінде

9.           

«Билікөл» көлінің суының азаюына байланысты тиісті ғылыми мекемелерді тарта отырып, экологиялық апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы,

Жамбыл облысы бойынша экология департаменті (келісімі бойынша),

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Қазіргі таңда, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты тарапынан баға ұсынысы негізінде Билікөл көліне шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу бойынша бюджеттік өтінім жасақталуда.

 

Тапсырма орындалу үстінде

10.        

«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолды асфальттау бойынша ұсыныс енгізу

2024 жылдың

1 наурызына

дейін

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі  (жинақтау)

Бүгінге «Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тапсырма орындалу үстінде

11.        

Облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы 45-60 шақырым жол аралығын жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

2024 жылдың

наурыз айы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы  автомобиль жолының 45-60 шақырымдарын орта жөндеуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленген.

Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігері анықталды.

2025 жылдың мамыр айынан бастап тиісті жұмыстар басталатын болады.

Тапсырма орындалу үстінде

12.        

Ауданда өндірістік кәсіпорындар ашу бойынша тиісті жұмыстар атқару

Тұрақты

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

Ауданда 9 сүт өңдеу цехы тұрақты  жұмыс жасауда («Бурный сүт компаниясы» ЖШС, «Ақ мол-2025» ЖШС, «СМТС» ЖШС, «ЛФ команиясы» ЖШС, «ALI-KО SUT 2023» сүт өнімдері ЖШС, «Бурненская сырная компания» АШӨК, «Алатау сүт өнімдері» АШӨК, «Бақдаулет» АШӨК, ЖК «Олжа» АШӨК). 

Сонымен қатар, 2 сүт өңдеу цехын іске қосу жұмыстары жүргізілуде (Қызыларық а/о  «МолДаму» АӨК, Күреңбел а/о  «Асылжан» АӨК).

Аталған жұмыстар жалғасуда.

Тапсырма орындалды  

13.        

Рысбек батыр ауылынан 100 орындық мектеп құрылысын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

2024 жылдың

маусым айы

Облыс әкімдігінің білім, құрылыс, басқармалары,

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Рысбек батыр ауылында
100 орындық орта мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жоба құны
1,6 млрд. теңге. Қазіргі таңда, Республикалық бюджеттен қаржыландыруға тиісті сұраныс берілді.     

                             Тапсырма орындалу үстінде

 

Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
28 апреля 2025