Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

 

2025 жылы тапсырма - 8

Орындалған - 0

Орындалу үстінде - 8

Орындалмаған - 0

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру

 мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Ауыл және ауылдық округтер аумақтарындағы иесіз қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілсін

2025 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау).

2025 жылдың 3 айында аудан тұрғындарының сұраныстары бойынша жалпы 1020 бас қаңғыбас ит ауланды. Оның ішінде, Сарыкемер ауылдық округі бойынша 457 ит. Аталған жұмыстар жалғасуда.

 

                                          Орындалу үстінде

 

2.

Қосақ ауылындағы көшелерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастырсын

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Қосақ ауылындағы 5 көшеге (Алатау 1, Алатау 2, Нұрлы жол, Қосқұдық, М.Мәметова) орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін                                                          жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 78,3 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталына жариялауға құжаттары рәсімделуде (28.04.2025 ж.).

 

                                          Орындалу үстінде

 

3.

Сарыкемер ауылында кәріз жүйелері қарастырылмаған. Елді мекенде әлеуметтік және бюджеттік нысандардың, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің салынуына байланысты кәріз жүйелері құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін.

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Бүгінгі күнге, облыстық бюджеттен
110,0 млн. теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде (26.04.2025 ж.)

 

                                          Орындалу үстінде

 

4.

Аудан орталығына заманауи талапта балаларға арналған оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге жер телімін анықтап, жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін.

 

2026 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыс әкімдігінің білім, құрылыс басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылының бас жоспарына өзгеріс енгізу кезінде Сарыкемер ауылының батыс бетінен 300 орындық оқушылар сарайының құрылысына қажетті жер телімі қарастырылды. Қазіргі таңда, облыс әкімдігінің білім және құрылыс басқармаларына тиісті хаттар жолданды (25.04.2025 ж.)

                                          Орындалу үстінде

5.

2009-2015 жылдары Байзақ ауданы аумағынан «Интергаз» магистральдік құбырлары жер астымен жүргізілген. Зақымдалған егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдасын.

 

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Бүгінгі күнге облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

 

                                          Орындалу үстінде

6.

Сарыкемер ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруге болатын аумақтарды айқындау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілсін.

 

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруге мүмкіндік жоқ.

Қазіргі таңда, Сарыкемер ауылының бас жоспарына сәйкес тек көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін жер телімдері шаруашылықтардан мемлекет меншігіне қайтарылуда.

                                          Орындалу үстінде

 

7.

Сарыкемер ауылы, Мәмбет батыр көшесінің бұрылысында орналасқан № 37 үй «Интергаз» магистральдік құбырларының қорғау аумағында салынған. Бұл ретте ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау мақсатында мәселенің шешу жолдарын қарастырсын

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Бүгінгі күнге, аудан әкімдігі мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Тараз» магистралды газ құбырлары басқармасы арасында қорғау аймағындағы 1,2 шқ магистралдық газ құбырларының сыныбы мен номиналды диаметрінің техникалық регламенттік талаптарына өзгеріс енгізу мүмкіндігін, яғни диаметрі 530 мм газ құбырларының сыртын қалыңдығы 9-10 мм металмен қаптап бірінші санаттағы магистралды газ құбырлары санатына ауыстыру жұмыстары жоспарға сәйкес                       2025 жылдың 1-ші жарты жылдығында  жүргізілуі қажеттілігі келісілген.

                                          Орындалу үстінде

 

8.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты №7 орта мектеп пен көп қабатты тұрғын үйлерге дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін қарастырсын

2027 жыл

3 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі

Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектеп пен көп қабатты тұрғын үйлерге дейінгі аралықта демеушілер есебінен тас жабындылары (брусчатка) арқылы жалпы ұзындығы 450 метр, ені 120 см-ді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін аяқталатын болады.

                                          Орындалу үстінде

 

 

Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
Дата публикации
25 апреля 2025