Облыс әкімінің Тараз қаласы №7 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
1. |
Халық санының көбеюіне байланысты №38 бағытымен жүретін қоғамдық көлік сыйымдылығын үлкейту мәселесін қарастыру |
2023 жылдың аяғына дейін
|
2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап қалалық №38 маршруттағы тозығы жеткен автобустар үлкен сыйымдылықты автобустарға алмастырылды. Бүгінде аталған бағытта қызмет көрсететін тасымалдаушы мекеме «Автобусный парк-2020» ЖШС-гі. Аталған бағыт 10 кестемен (автобус), жүру жиілігі 12-16 минуттан тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
|
|
2. |
Водопьянов көшесіне аялдама орнату мәселесі жергілікті жерге шығып зерделеп, 2024 жылғы жоспарға енгізу |
2023 жылдың аяғына дейін
|
Аталған аумаққа аялдама орнату жұмыстары бойынша жергілікті орынға шығып зерделеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, 2023 жылы аялдаманы орнату жұмыстары үшін қаржы қарастырылған жоқ. Бұл жұмыстар 2024 жыл жоспарына енгізілді.
|
|
3. |
Есей би көшесіндегі арық жүйесіне лоток орнату және газ құбырының орнын ауыстыру мәселесін шешу |
2024 жылғы 1 қыркүйек |
Жергілікті орынға шығып зерделенді, Есей би көшесінің бойын аралау барысында орнын ауыстыруды қажет ететін газ құбыры мен бетон лоток салу қажеттігі орын анықталмады.
|
|
4. |
М.Мәметова мен Балуан Шолақ көшелерінің қиылысына заңнама талаптарына сәйкес бағдаршам орнату |
2024 жылғы 1 сәуір |
Ағымдағы жылы Тараз қаласы Полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы нұсқамаларына сәйкес 5 мекен жайда бағдаршам нысанын орнату жоспарланып отыр. Бұл мекен жайларда Балуан Шолақ - Мәметова көше қиылысына бағдаршам орнату қарастырылмаған. Аталған мекенжайға бағдаршам орнату жұмыстары бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жағдайда қарастырылатын болады.
|
|
5. |
Нахимов көшесінің 1-бұрылысындағы 500 м жолға асфальт жабындасын төсеу жұмыстарын жүргізу |
2024 жылғы 1 маусым |
Қазіргі таңда Нахимов көшесінің 1 бұрылысы жолының орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
|
|
6. |
Нахимов көшесі және Нахимов көшесінің 1-бұрылысына ауыз су құбырын жүргізу |
2023 жылдың соңына дейін |
Нахимов көшесі және Нахимов көшесінің 1-бұрылысына ауыз су құбыры 2023 жылы жүргізіліп толығымен аяқталды.
|
|
7. |
Есей би көшесінің 1-бұрылысындағы тұрғындардың өтініші бойынша нашақорларға тиісті шара қолдану нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу |
2023 жылдың 30 қарашасына дейін
|
Есей би көшесінің 1-бұрылысындағы тұрғындардың өтініші бойынша нашақорларға тиісті шара қолдану нашақорлықтың алдын алу мақсатында Полиция басқармасы тарапынан жұмыстар жүргізілуде.
|
|
8. |
Көне-Тараз тарихи этно-мәдени кешені аумағынан қарияларға арналған шахмат клубын ашу үшін ғимарат қарастыру |
2023 жылғы соңына дейін |
Бүгінгі таңда «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аумағында орналасқан төрт ғимараттың басқармаға қарасты 4 (төрт) мекеме (Облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстық халық шығармашылығы орталығы облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру диреккциясы, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы) орналасқан. Ғимараттардың бөлмелері арнайы мамандарға арналған және әр бөлмеде 3-4 қызметкерлер отырады.Осыған орай, жоғарыда аталған ғимараттарда қарияларға арналған шахмат клубын ашу мүмкіндігі жоқ.
|
|
9. |
№40, №15, №38 қоғамдық көліктің жүру уақытын 22.00-ге дейін ұзарту |
тұрақты |
Қалалық №40 маршрут кестесі сағат түнгі 23:46 минутқа дейін созылды. Аталған бағыт 10 кестемен қызмет көрсетуде. Қалалық №38 маршрут «Автобусный парк-2020» ЖШС тарапынан жеткізілген жаңа метан отынымен қатынайтын автобустарға алмастырылуда. Қала аумағында метан газ құю станциясы тек 1 жерде болуына және кешкі уақыттағы жолаушылар ағымының болмауына байланысты аталған бағытты сағат 22:00-ге дейін созуға мүмкіншілік жоқ. Қалалық №15 маршрут жүру уақытын созу мәселесі тасымалдаушы мекеме «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС басшылығына тапсырылды.
|
|
10. |
Қала аумағындағы саябақтар мен скверлерге заманауи жылжымалы әжетханалар орнату |
2023 жылдың соңына дейін |
«Жасыл Ел-Тараз» мекемесі тарапынан саябақтар мен скверлерге пилотттық жоба ретінде талаптарға сай заманауи әжетхана бір жерге (Қазыбек би көшесі, Ж.Жабаев ескерткішінің маңына) орнатылды. 2025 жылы қосымша әжетханалар орнату жоспарлануда.
|
|
11. |
Абай көшесі, №170 үй ауласына балалар ойын алаңшасын салу |
2024 жылғы 1 шілдеге дейін |
Абай даңғылы, №170 үй ауласына балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары 2026 жылға жоспарлануда.
|
|
12. |
Қазыбек би көшесі, №108 үйдің ауласын абаттандыру мәселесін жергілікті жерге шығып зерделеп, ұсыныс енгізу |
2023 жылғы 30 қараша |
Қазыбек би көшесі, №108 мекенжайы бойынша жергілікті жерге шығып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мекенжайда ескі балалар ойын алаңшасы орнатылған. Аулаға жаңа алаңша салу бойынша жұмыстар 2026 жылдың жоспарына енгізіліп, бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
|
|
13. |
Абай көшесі, №159 «А» көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөнден өткізу мәселесі бойынша тұрғындармен кездесіп, заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
2023 жылғы 30 қараша |
Абай көшесі №159 «А» көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мәселесі бойынша тұрғындармен заң талаптарына сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
14. |
Байзақ батыр көшесі және Байзақ батыр көшесі 3-бұрылысы қиылысына аумағына жаяу жүргіншілер жолағын (пешеход) салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу |
2023 жылғы 30 қараша |
Аталған жерге жаяу жүргінші жолағын орнату мәселесі Тараз қаласы Полиция басқармасы жол техникалық инспекция бөлімшесімен орынға шығып зерделенді. Нәтижесі бойынша аталған көше қиылысына жақын жерде жаяу жүргінші жолақ болуына байланысты жаңа жолақ салуға нұсқама беруден бас тартылды.
|
|
15. |
Өзбек көшесінің су құбырларын ауыстыру жұмыстарын жүргізу |
2024 жыл |
Өзбек, Наманган көшелеріндегі және №7 округке қарасты көшелерде тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңғырту үшін ағымдағы жылы жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Жобалаушы мекеме - “Прикаспийское управление строительство Шымкент” ЖШС. 19.12.2024 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құны - 3,5 млрд теңге. Жобада 55 шақырым су құбырын жаңғырту қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың қаңтар айында республикалық бюджетке өтінім берілді.
|
|
16. |
№7 аумақтық округінің тұрғындарымен әскерге шақыруды бойынша кездесу ұйымдастырып түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
2023 жылғы 30 қараша |
Аумақ тұрғындарымен әскерге шақыру бойынша кездесу ұйымдастырылып заң шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
17. |
№4 қалалық емхана ауласына жол сызықтары мен автотұрақ салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу |
2023 жылғы 30 қараша |
Тараз қаласы Полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімшесі қызметкерлерімен №4 қалалық емхана ауласына жол сызықтары мен автотұрақ салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізілді. 2024 жылы бюджеттен қаржы бөлініп, конкурс нәтижесі бойынша мердігер анықталған жағдайда мәселесі қарастырылатын болады.
|
|
18. |
Тараз қаласы бойынша бар-кафелерде қорқорға (кальян) тыйым салу мәселесін заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылдау |
2023 жылғы 30 қараша |
Тараз қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 199 бабына сәйкес қала аумағындағы бар-кафелерде қорқорға (кальян) тыйым салу мәселесі бойынша алгоритм әзірленіп, аралау жұмыстары жүргізуде.Тапсырма тұрақты бақылауда.
|