Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен

 кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Орындалуы туралы мәлімет

1

Тараз айналма жолындағы Айша бибі ауылы мен «Шөлдала» алқабына қарасты жол қиылысына  бағдаршам орнату

2025 жыл, қыркүйек айы

Қазіргі таңда «City Road» мекемесімен қалаға батыстан кіреберіс жолды қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. Аталған жобада Айша бибі ауылы мен «Шөлдала» алқабына қарасты жол қиылысына айналмалы қозғалыс (круговое движение) қарастырылған.

 

2

«Шөлдала» алқабында көше жолдарындағы шағал тас астында қалған ауыз су құдықтарын (люктарды)              жол деңгейімен қалпына келтіру

2025 жыл, желтоқсан айы

«Шөлдала» алқабында көше жолдарындағы шағал тас астында қалған ауыз су құдықтарын (люктарды) жол деңгейімен қалпына келтіру жұмыстары мердігер «KATSA» мекемесімен жүргізілді.

 

3

Телецентр және Төңкеріс көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үй аулаларына түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

 

Телецентр және Төңкеріс көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үй аулаларына түнгі жарық шамдарын орнату бойынша жобалау сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсында тұр.

 

4

Рысбек батыр көшесін кеңейту және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

Рысбек батыр көшесін қайта жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылға жоспарланып отыр. Аталған жобада көшені кеңейту және жаяу жүргінші жолын салу қарастырылған.

 

5

Қ.Тұрысов көшесінің жалғасы Әл-Фараби көшесінен «Қарасу» шағын ауданы       №19 көпқабатты тұрғын үйге дейінгі аралықтағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

«Жамбыл облысы Тараз қаласындағы Қаратай Тұрысов көшесін орташа жөндеу» нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер анықталған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады.

 

6.

«Арай» алқабы, Бәйдібек баба және Домалақ ана көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

«Тараз қаласындағы Байдібек баба көшесінің жаяу жүргінші жолын ағымды жөндеу» және «Тараз қаласындағы Домалақ ана көшесінің жаяу жүргінші жолын ағымды жөндеу» нысандары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер анықталған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады.

 

7.

М.Лермонтов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

«Тараз қаласындағы Лермонтов көшесінің (Ы.Дүкенұлы көшесінен С.Сейфуллин көшесіне дейін) жүріс бөлігі мен тротуарын орташа жөндеу» нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер анықталған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады.

 

8.

№55 орта мектептің қасбетін әрлеу мен шатырын жөндеу жұмыстарына  жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу

2025 жыл,

маусым айы

Тараз қаласы білім бөлімі №55 мектептің  қасбетін әрлеу мен шатырын жөндеу, абаттандыру  жұмыстарына 2024 жылы  ЖСҚ  әзірленген. Сомасы - 22 191,0 мың теңге.       2025 жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде   қаражат қарастырылмады. Бюджетті нақтылауда қаражат қарастырылғанда конкурс арқылы шешімін табады.

 

9.

Бір апта мерзімде «Шөлдала» алқабы, Қоғалы көшесіндегі тұрғын үйлердің құжаттарын рәсімдеу, ауыз суға төленетін төлемақы мәселесін анықтап, шешімін беру

2024 жыл,

  желтоқсан айы

Қоғалы көшесінің тұрғындары «Жамбыл су» мекемесі дербес  шот аштырып, қазіргі таңда ауыз сумен толық қамтамасыз етілуде

 

 

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
25 апреля 2025